Картопты құрамалы өңдеу: крахмал мен этил спирт өндірісінің технологиясы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу

Орындаған: Мухамеджанова А. С.

Тобы: БТ-307

Тексерген: Мирашева Г. О.

Семей 2015 ж

Мазмұны

Кіріспе

1 Крахмал

2 Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Полисахаридтер , гликандар - молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтердің молек. массасы бірнеше мыңнан (ламинарин, инулин) бірнеше млн-ға дейін (гиалурон қышқылы, гликоген) жетеді. Полисахаридтерге моносахаридтердің бір ғана түрінен немесе әр түрінен құралатын целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар, гликопротеиндер, гепарин, т. б. жатады. Полисахаридтер сілтіге төзімді, қышқылда диполимерленеді, суда жақсы ериді. П-дің биологиялық маңызы әр алуан. [1]

Полисахаридтер табиғи жоғары молекулалы қосылыстар. Полисахаридтердің жалпы формуласы (С 6 Н 10 О 5 ) n , көптеген моносахарид молекуласының қалдықтарынан тұрады. Макромолекуладағы моносахаридтер қалдықтары полисахаридтерде де оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан:

R - О - R - О - R

Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен фотосинтез нәтижесінде түзілген моносахарид молекулалары поликонденсацияланып, полисахаридтер түзіледі:

6СО 2 + 6Н 2 О → С 6 Н 12 О 6 + 6О 2

n С 6 Н 12 О 6 → (С 6 Н 10 О 5 ) n + n H 2 O

Полисахаридтердің маңызды өкілі - крахмал мен целлюлоза.

Крахмал (С 6 Н 10 О 5 ) n табиғатта кең тараған полисахарид. Күріште 80%-ке дейін, бидай мен жүгеріде 70-75%, картоп түйіндерінде 20% крахмал болады.

Крахмал - өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы; глюкоза қалдықтарынан түзілетін екі полисахаридтен (амилоза менамилопектин) тұрады. Ұн тәрізді ақ ұнтақ; көптеген өсімдіктерден алынады. Аспаздық пен кондитер фабрикаларында көбінесе картоп, бидай және жүгері крахмалын пайдаланады. Кисель, жеміс ботқаларын қоюлатуға, сондай-ақ кондитер бұйымдарына қосылады.

1 Крахмал

Крахмал құрылысы. Крахмал - табиғи полимер. Ол екі полисахаридтен: амилоза мен аминопектиннен тұрады. Полимерлену дәрежесі - n -нің мәні крахмалдың әр түрлі молекуласында шамамен 200-ден 2000-ға дейін болады. Крахмалдың молекулалық массасы бірнеше жүз мыңнан (амилоза) миллионға дейін (амилопектин) жетеді. Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады. Крахмал түзілу процесінің сызбанұсқасы:

Яғни, крахмалдың қарапайым буыны, - C6H10O5-

Крахмалды алу. Өндірісте крахмалды картоптан немесе жүгеріден алады. Картоптан крахмал алу үшін оны ұнтақтап турап, сүзгіге салып, сумен шаяды. Сумен шайылған крахмалды ыдыстарда тұнғаннан кейін бөліп алып кептіреді.

Крахмалдың қасиеттері. Крахмал салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді - клейстер түзеді. Крахмалдың маңызды химиялық қасиеттерінің бірі - йодпен әрекеттескенде көк түстің пайда болуы. Оны картоптың немесе ақ нанның кесіндісіне, крахмал клейстріне йод ерітіндісін тамызып көруге болады. Бұл реакцияны тағам өнімдерінде крахмалдың бар-жоғын анықтау үшін қолданады. Крахмал минерал қышқылдың (H2SО4) немесе ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глюкоза түзеді:

(С6Н10О5) n+nH2O → C6H12O6

Реакция жағдайына байланысты әр түрлі аралық өнімдер түзіліп, гидролиз сатылап жүруі мүмкін:

(С6Н10О5) n→ (C6Н10О5) m →xС12Н22O11→nС6Н12O6

Макромолекуланың ыдырауы біртіндеп іске асады, әуелі ірі молекулалы қосылыс декстрин, содан кейін дисахарид мальтоза және гидролиздің соңғы өнімі глюкоза түзіледі.

Крахмалдың маңызы мен қолданылуы. Крахмал - негізгі азығымыздың бірі. Бірақ оны ағза бірден сіңіре алмайды. Тағамның құрамындағы крахмал майлар сияқты әуелі гидролизге ұшырайды. Гидролиздену процесі тамақты шайнағанда сілекеймен бөлінетін ферменттердің әсерінен ауызда басталады. Гидролиздену одан әрі асқазан мен ішекте жалғасады. Түзілген глюкоза ішектен қанға сіңіп, одан бүкіл ағзаға тарайды. Глюкозаның артық мөлшері гликогенге "жануар крахмалына" айналып, бауырда қор болып жиналады. Оның құрамы крахмал сияқты (С6Н10О5) n бірақ құрылысы крахмалдан тармақты және молекулалық массасы да үлкен болады. Организмнің гликоген жинауы шектеулі. Адам салмағының 1 килограмына 50-60 г гликоген жиналған соң, одан артық мөлшері майға айналып, адам толысып кетуі мүмкін. Гликоген қажеттілікке байланысты глюкозаға айналып, биохимиялық процестерге қатысады. Крахмал гидролизінің аралық өнімдері декстрин мен мальтозаны ағза оңай сіңіреді. Тамақ дайындаған кезде крахмал декстринге айналады. Нан өнімдерін және картопты пісірген кезде крахмалдың аздап гидролизденуінен декстрин түзіледі. Өнеркәсіпте крахмалды гидролиздеп, . Ол үшін крахмалға сұйылтылған күкірт қышқылын қосып қыздырады. Күкірт қышқылының артық мөлшерін бормен бейтараптап, кальций сульфатына айналдырып бөліп тастайды. Егер гидролизді соңына дейін жүргізбесе, декстрин мен глюкозаның қоспасы сірне алынады. Сірнеден кондитер тағамдарын, кәмпиттер, мармелад, джем, тосап жасайды. Декстрин желім ретінде пайдаланылады. Крахмал мата өнеркәсібінде қолданылады. Ыстық үтіктің әсерінен крахмал декстринге айналып, жұқа қабықша түзеді. Ол матаға әр береді және тез кірлеуден сақтайды. Крахмалдан химия өнеркәсібінде глюкоза, этил спиртін, ацетон және лимон қышқылын алады. Крахмал қағаз және картон өндірісінде қолданылады.

2 Спиртке картопты құрамалы өңдеу.

Картоп - спирт өндiрiсiнiң таралған шикiзаты. Картоп спирт заводтарының қатарында спирт және крахмалды құрамалы өңдеулерге ұшырайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картопты құрамалы өңдеу: крахмал және этил спирті өндірісінің технологиясы
Картопты крахмал мен этил спиртіне кешенді өңдеу технологиясы
Картопты крахмалға және этил спиртіне кешенді өңдеу технологиясы
Картоптан крахмал алу және одан этил спиртін өндіру технологиясы
Этил спирті өндірісінің технологиясы мен микробиологиясы: шикізат, кезеңді және үздіксіз әдістер, қалдықтарды өңдеу
Этил спирті өндірісінің технологиясы: шикізат, микроорганизмдер, кезеңді және үздіксіз әдістер, қалдықтарды өңдеу
Спирт өндірісінің крахмал шикізатын қанттандыру сатысына арналған амилолитикалық ферменттердің өндіріс технологиясын жетілдіру және технико-экономикалық негіздемесі
Ашыту өндірісі: сыра, шарап, спирт және коньяқ өндірісінің технологиясы
Крахмал мен крахмал өнімдері: уыт пен талқан өндірісінің технологиялық негіздері
Крахмал (картоп) шикізатынан этил спиртін алу өндірісін жобалау және қайнату-қанттандыру технологиясын жаңарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz