Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Орындаған: Сериков А.
Тобы: УА-405
Тексерген: Қуантқан Б.
2015
Экономиканы IS-LM үлгісі көмегімен талдаудың негізгі мақсаты - игіліктер және ақша нарықтарын біртұтас жүйеге келтіру. Қысқа мерзімді кезеңде, экономика ресурстар толық қамтылмаған жағдайда болғанда жиынтық табыс пен пайыздық мөлшерлеме деңгейі өзгермелі, баға деңгейі тұрақты, сондықтан барлық айнымалылардың атаулы және нақты мәндері бірдей болады.
Ұзақ мерзімді кезеңде экономикада ресурстар толық қамтылады, баға деңгейі өзгермелі, бұл уақытта ақша ұсынысы атаулы, ал қалған барлық айнымалылар нақты өлшемде болады.
IS-LM үлгісін біріктіргенде нарықтық пайыздық мөлшерлеме ішкі айнымалыға айналады және оның тепе-теңдік мөлшері ақша және тауар нарықтарындағы экономикалық үдерістердің серпінін бейнелейді.
IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинау, өтімділікті қалау - ақша) - жиынтық сұраныстың функциясын анықтайтын экономикалық факторларды анықтауға мүмкіндік беретін, тауар-ақша нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдіктің үлгісі.
Бұл үлгі R нарықтық пайыздық мөлшерлеме және Ү табыстың, тауарлар мен ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік орнайтындай үйлесімді мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақты көрінісі болып табылады.
Бұл үлгіде тепе-теңдік IS және LM қисығының қиылысу нүктесінде орнайды. (1-сурет)
1-сурет. IS-LM үлгісі
Е нүктесінде игіліктер нарығы да, ақша нарығы да тепе-теңдікте болады. Сәйкесінше нақты ақша ұсынысы мен қазынашылық саясаттың өлшемдері кезінде пайыздың теңдік мөлшерлемесі , ал табыстың теңдік деңгейі болып табылады. Тауарларға сұраныс IS қисығындағы өндіріс көлеміне тең, ал ақша мен облигацияларға сұраныс LM қисығындағы ақша мен облигациялар ұсынысына тең болады., яғни фирмалар жоспарланған өнімді шығарады, ал жеке тұлғалар қажетті қаржы қорларын иеленеді.
IS қисығы немесе LM қисығы жылжыған кезде табыстар мен пайыз мөлшерлемесінің теңдік деңгейі өзгеріп отырады.
Мысалы, 2-сурет арқылы автономды инвестициялар деңгейінің өсімінің табыс пен пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік деңгейіне қалай ықпал ететінін қарастырсақ, мұндай өсім автономды шығындарды арттыралы да, IS қисығын оңға жылжытады. Бұл өзгеріс табыс мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін өсіреді де, тепе-теңдік жаңа нүктесінде орнайды.
2-сурет
Бірақ табыстың тепе-теңдік мөлшерінің өзгерісі IS қисығы жылжыған мөлшерден аз болады. Өйткені табыстың өсімі ақшаға сұранысты арттырады. Өскен ақша сұранысы мен оның бекітілген ұсынысының теңдігін қамтамасыз ету үшін пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы инвестициялық шығындарды қысқартады, сондықтан тепе-теңдік табыс аз өзгереді.
Жалпы жаңа тепе-теңдікке өту табыстың және пайыз мөлшерлемесінің өзгеруін талап етеді. Олардың өзгерісін бағалау үшін екі жорамал енгіземіз:
Тауарларға артық сұраныс болған сайын өндіріс көлемі артады және керісінше, тауарлардың ұсынысы артық болған сайын өндіріс көлемі төмендейді. Бұл жорамал фирмалардың керексіз қысқартулар мен қорлардың жинақталуына жауабын бейнелейді.
Ақшаға артық сұраныс болған сайын пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды, ал ақша ұсынысы артық болған сайын пайыз мөлшерлемесі кемиді. Өйткені ақшаға сұраныстың артуы басқа активтердің ұсынысын ұлғайтады. Тұрғындар көп ақша алу мақсатында қолдарындағы облигацияларын сата бастайды, бұл облигациялардың бағасын арзандатып, сәйкесінше оларға нақты пайыздық мөлшерлемені жоғарылатады.
М/Р ақша ұсынысын ұлғайту немесе баға деңгейінің Р төмендеуі LM қисығын оңға жылжытады. Егер Р баға деңгейі тұрақты болса, онда тепе-теңдік мәні жалғыз болады. І пайыздық мөлшерлеменің тепе-теңдік мәні Ү табыстың мәнін ІS немесе LM қисығының теңдеуіне қойып, шешу арқылы табылады.
AD және IS-LM өзара әрекеті . AD және IS-LM үлгілері арасында өзара байланыс болады. Жиынтық сұраныс қисығы игіліктер нарығы мен активтер нарығы бір мезгілде тепе-теңдік жағдайында болатын баға деңгейі мен өнім өндіру деңгейінің үйлесімдерін көрсетеді.
3-сурет
3-суреттегі жоғарғы графикте IS-LM үлгісі берілген. IS қазынашылық саясатқа байланысты орналасқан. LM қисығы нақты ақша жиынының мөлшеріне сәйкес бейнеленген. Пайыздық мөлшерлеменің тепе-теңдік мөлшері , ал табыстар мен шығындардың тепе-теңдік көлемі тең болады.
Тепе-теңдік Е нүктесінде орнайды. 3-суреттің төменгі графигінде баға деңгейі кезінде табыстар мен шығындардың тепе-теңдік деңгейі тең болатынын көрсетеміз.
Баға деңгейі бойынша төмен, мысалы, болған кезде ақша жиыны ұлғаяды. Бұл жағдайда ақша нарығын тепе-теңдікке келтіру үшін пайыз мөлшерлемесін төмендету керек немесе өндіріс көлемін ұлғайтып, ақшаға трансакциялық сұранымды арттыру керек, сәйкесінше LM қисығы жағдайына, төмен оңға қарай ауысады.
Ақша нарығындағы және игіліктер нарығындағы жаңа тепе-теңдік нүктесінде орнайды, теңдік табыс мөлшері төменгі баға деңгейіне сәйкес
нүктесіне келеді.
Сәйкесінше төменгі графикте нүктесінде баға деңгейінің және оған сәйкес келетін табыстар мен шығындардың тепе-теңдік деңгейінің үйлесімі бейнеленеді. Бағалардың әртүрлі деңгейлерін қарастыра отырып және Е мен сияқты қорытынды нүктелерді біріктіру арқылы AD жиынтық сұраныс қисығын саламыз. Бұл қисық берілген атаулы ақша жиыны және қазынашылық саясат кезіндегі бағаның әрбір деңгейіндегі шығындардың тепе-теңдік деңгейін көрсетеді.
AD қисығының көлбеуі активтер нарығы мен игіліктер нарығын ескере отырып, нақты баланстардың өзгерісінің шығындардың тепе-теңдік деңгейін қаншалықты өзгертетіндігін бейнелейді.
Ақшаның берілген атаулы ұсынысы кезінде баға деңгейінің төмендеуі нақты ақша қалдықтарының өсуіне әкеледі. Ал нақты қалдықтардың ұлғаюы пайыз мөлшерлемесін төмендетеді, инвестициялық сұранысты ұлғайтады, сәйкесінше жиынтық шығындардың ұлғаюына ықпал етеді. Осылайша баға деңгейі төмендеген кезде жиынтық шығындар деңгейі артады, сондықтан AD қисығы теріс көбеу түрінде болады.
AD қисығының орналасуына ақша жиынының өзгерісін анықтайтын факторлар әсер етеді. Ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы төмен, ал инвестициялық сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы жоғары болған сайын, AD қисығы барынша жатық болады.
Сонымен қатар, мультипликатор мөлшері жоғары, ал ақшаға сұраныстың табыс өзгерісіне сезімталдығы төмен болған кезде де AD қисығы барынша жатық болады.
Экономикаға ақша-несие саясатының және қазынашылық (бюджет-салық) саясатының әсерін қарастырғанда екі жағдайға баса назар аудару керек. Біріншісі - «өтімділік қақпаны» деп аталатын құбылыстың болуы. (4-сурет)
4-сурет. Өтімділік қақпаны
«Өтімділік қақпаны» жағдайы тұрғындардың пайыз мөлшерлемесінің қанша екенін біле отырып, өздеріне ұсынылған ақшаның кез келген мөлшерін алып қалуға дайындығын білдіреді. Яғни, LM қисығы жатық болады, ақша санындағы өзгерістер, ақша ұсынымының ұлғаюы бұл қисықтың орналасуын өзгертпейді. Бұл жағдайда ашық нарықтағы операциялар арқылы жүргізілетін ақша саясаты пайыз мөлшерлемесіне де, табыс деңгейіне де еш әсер етпейді.
«Өтімділік қақпаны» нолдік пайыздық мөлшерлеме кезінде пайда болады. Пайыздық мөлшерлеме нолге тең болғанда, жеке тұлғалар облигация ұстауға қызықпайды, керісінше ақша ұстауға тырысады. Өйткені бұл жағдайда ақша да облигация сияқты ешқандай пайыз әкелмейді, бірақ оның келісімдерге қолдануда басымдылығы бар. Ақша ұсынысын ұлғайту пайыз немесе табыс мөлшеріне ешқандай әсер етпегендіктен, экономика «өтімділік қақпанында» қалады. Бұл мәселені Джон Мейнар Кейнс өзінің «Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде кеңінен қарастырған. Бұл құбылыстың маңыздылығы: ол ақша-несие саясатының қандай жағдайда пайыз мөлшерлемесі мен нақты табыс деңгейіне ықпал ететіндігін сипаттайды.
Керісінше, егер экономика өтімділік қақпанында болса, яғни LM қисығы жатық орналасса, онда мемлекеттік шығындардың ұлғаюы табыстың тепе-теңдік деңгейіне толық көбейткіш әсер етеді. Мемлекеттік шығындардың ұлғаюы пайыз мөлшерлемесін өзгертпейді, сәйкесінше инвестициялық шығындар да өзгермейді. Яғни, өтімділік қақпаны кезінде қазынашылық саясаттың тиімділігі жоғарылайды.
Егер ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне өте сезімталдығы болса, онда қазынашылық саясаттың өндіріс деңгейіне ықпалы салыстырмалы түрде күшейеді. Сол сияқты ақша ұсынысының пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы жоғары болса да, осындай әсер етеді.
Екіншісі - LM қисығының тік орналасуы. Тік орналасқан LM қисығы классикалық теория жағдайы деп аталады. Бұл жағдайда ақшаға сұраныс табыс деңгейіне байланысты, ал пайыз мөлшерлемесі деңгейіне сезімталдығы мүлде төмен болады. LM қисығының кез келген өзгерісі табыс деңгейіне ең жоғары мөлшерде әсер етеді. Бұл ақшаның классикалық сандық теориясымен де сәйкес келеді, яғни атаулы табыс ақша мөлшерімен анықталады. Егер IS-LM үлгісінде LM қисығы тік сызық болса, онда мемлекеттік шығындардың ұлғаюы табыстың тепе-теңдік деңгейіне ешқандай әсер етпейді, тек қана пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауына әкеледі, ал монетарлық саясаттың тиімділігі өте жоғары болады.
Бұл екі қарама-қайшы жағдайлар: өтімділік қақпаны мен классикалық теория, өндіріс көлеміне әсер ету кезінде, ақша-несие саясатының тиімділігін анықтауда, LM қисығының орналасуы, ал қазынашылық саясаттың тиімділігін анықтауда, IS қисығының орналасуы басты рол атқаратындығын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz