Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары



Кіріспе

Негізгі бөлім

Сүтті. етті бағытта өсірілетін ірі қара мал тұқымдары

Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал тұқымдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ірі қара экономикалық және табиғи жағдайларға қарай әр түрлі бағытта өсіріледі. Егер халыққа сүт және сүт өнімдері барынша қажет болса, онда сол аудандарда (ірі қалалар, өнеркәсібі өркендеген қыстақтар, облыс және аудан орталықтарының маңы) сүтті бағыттаға мал өсіріледі. Бұл аймақтағы шаруашылықтардың ірі қара табынында сиырдың өзіндік үлесі үлкен, сүттілігі де жоғары болады. Сүт өндіретін шаруашылықтар сатылатын сүттен пайда табады. Сүтті бағыттағы сиырлар өсіру етті бағыттағы сиырларға қарағанда интенсивті жүргізіледі. Сондыұтан да азықпен, қора жаймен барынша жақсы қамтамасыз етіледі.
Сүт өндіретін шарушалықтарда ірі қараға арнайы қора салынып оларды механикаландыру, электрлендіру жағы талапқа сай жүргізіледі. Жайылымы шүйгін, суы мол аудандарда етті бағыттағы сиырлар өсіріледі. Етті бағыттағы малдан алынатын ең басты өнім – ет.
Етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтардың табынындағы сиырдың өзіндік үлесі 30% айналасында болады. Бұл аудандарда мал көбінесе табиғи азықтар мен егістік қалдықтарын пайдаланады.
Сонымен қатар, кейбір сүтті бағыттағы мал өсіретін аудандарда да ет өндіруді арттыру үшін етті бағыттағы тұқым бұқалары мен сүті аз сиырлар будандастырылады.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан табиғи, экономикалық және зоотехникалық жағдайлар негіз болады. Осылардың ішінен ең маңыздысы – сол аймақта қалыптасқан экономикалық жағдайлар.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан тигізетін әсері аз. Ірі қараның адам шығарған сүтті түұымдары азық жеткілікті және күтімі жақсы болса қай жерде де өсе береді. Сондықтан ауа райы олардың таралуына шешуші әсер ете алмадйды.
Зоотехникалық жағдайларға келетін болсақ, жерсіндіруге әкелінген малдың сол жердегі жергілікті малды жақсартуға әсері тисе және әкелінген мал жергілікті малды жақсартуға ұзақ уақыт пайдаланылса, оны сол ауданға жоспарлы тұқым деп есептеген жөн. Тек қана әкелінген мал сол аймаққа қалыптасқан, экономикалық жағдайларға және сүт сауу технологиясына төзе ме, жоқ па соны ойлау керек.
Мал саны зоотехникалық жұмыс үшін жеткілікті болуға тиіс. Өйткені жоспарлы тұқым малы неғұрлым көп болған сайын, оны сұрыптап, тезірек жетілдіруге жағдай да туады.
1. Қ.Ш. Нұрғазы. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум: Оқу құралы – Алматы, 2008.
2. Б.Б Ысқақбаев. Сиырды қолда өсіру оқу құралы- Алматы, Қайнар, 1987-114 бет

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ


СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары

Орындаған: Оразгалиев А.Б
Тексерген: Татенов А.Б

Семей 2015

Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

Сүтті- етті бағытта өсірілетін ірі қара мал тұқымдары

Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал тұқымдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ірі қара тұқымдарын өнім бағытына қарай аудандастырыу принциптері.
Ірі қара экономикалық және табиғи жағдайларға қарай әр түрлі бағытта өсіріледі. Егер халыққа сүт және сүт өнімдері барынша қажет болса, онда сол аудандарда (ірі қалалар, өнеркәсібі өркендеген қыстақтар, облыс және аудан орталықтарының маңы) сүтті бағыттаға мал өсіріледі. Бұл аймақтағы шаруашылықтардың ірі қара табынында сиырдың өзіндік үлесі үлкен, сүттілігі де жоғары болады. Сүт өндіретін шаруашылықтар сатылатын сүттен пайда табады. Сүтті бағыттағы сиырлар өсіру етті бағыттағы сиырларға қарағанда интенсивті жүргізіледі. Сондыұтан да азықпен, қора жаймен барынша жақсы қамтамасыз етіледі.
Сүт өндіретін шарушалықтарда ірі қараға арнайы қора салынып оларды механикаландыру, электрлендіру жағы талапқа сай жүргізіледі. Жайылымы шүйгін, суы мол аудандарда етті бағыттағы сиырлар өсіріледі. Етті бағыттағы малдан алынатын ең басты өнім - ет.
Етті бағыттағы мал өсіретін шаруашылықтардың табынындағы сиырдың өзіндік үлесі 30% айналасында болады. Бұл аудандарда мал көбінесе табиғи азықтар мен егістік қалдықтарын пайдаланады.
Сонымен қатар, кейбір сүтті бағыттағы мал өсіретін аудандарда да ет өндіруді арттыру үшін етті бағыттағы тұқым бұқалары мен сүті аз сиырлар будандастырылады.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан табиғи, экономикалық және зоотехникалық жағдайлар негіз болады. Осылардың ішінен ең маңыздысы - сол аймақта қалыптасқан экономикалық жағдайлар.
Ірі қараны аудандастыруға ертеден қалыптасқан тигізетін әсері аз. Ірі қараның адам шығарған сүтті түұымдары азық жеткілікті және күтімі жақсы болса қай жерде де өсе береді. Сондықтан ауа райы олардың таралуына шешуші әсер ете алмадйды.
Зоотехникалық жағдайларға келетін болсақ, жерсіндіруге әкелінген малдың сол жердегі жергілікті малды жақсартуға әсері тисе және әкелінген мал жергілікті малды жақсартуға ұзақ уақыт пайдаланылса, оны сол ауданға жоспарлы тұқым деп есептеген жөн. Тек қана әкелінген мал сол аймаққа қалыптасқан, экономикалық жағдайларға және сүт сауу технологиясына төзе ме, жоқ па соны ойлау керек.
Мал саны зоотехникалық жұмыс үшін жеткілікті болуға тиіс. Өйткені жоспарлы тұқым малы неғұрлым көп болған сайын, оны сұрыптап, тезірек жетілдіруге жағдай да туады.
Бірақ, бір тұқым үстіне екінші тұқым әкеліп жерснідірудің немесе мал санын арттырудың қажеті жоқ. Мысалы, әулиеата тұқымы өсіріліетін өңірге қырдың қызыл сиырын әкелууге болмайды.
Әкелінсе де әулиеата тұқымына туыстық қатысы жоқ болғандықтан және санының аздығына байланыста сол өңірдегі малды жақсартатын тұқым деп тануға болмайды. Сондықтан, өсіретін тұқымды таңдау үшін алдымен оқымыстылармен, мамандармен ақылдасқан жөн.
Ірі қара тұқымдары
Қазіргі кезде елімізде өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын негізінен, 4 топқа топтастырылады. Олар: ірі қараның қара ала, қызыл, қоңыр, сары ала тұқымдары. Сүттібағыттағы ірі қара қатарына келтірілген топтарға кірмейтін айршир, джерсей және басқа да тұқымдар жатады.
Біз сүтті, етті немесе қос бағыттағы ірі қара тұқымдары ішінен тек қана Қазақстанда шығарылып, кеңінен тараған немесе әр түрлі мақсатпен өсірілетін, әйтпесе будандастыруға әкелінген тұқымдар жөніндн айтпақпыз.
Етті бағыттағы ірі қара шығу тегіне қарай ьоптастырылады. Олар: Англияда шыққан тұқымдар (герефорд, абердин-ангус, галловей); Франция-Италияда шыққан (шароле, лимузин,киан) тұқымдары; АҚШ-та (санта-гертруда) және бұрыңғы Кеңес Одағында шығарылған тұқымдар (қазақтың ақ бас тұқымы, қалмақ тұқымы).
Ірі қараның сүтті бағыттыағы тұқымдары
Қара ала тұқым тобы
Қара ала тұқым. Қазан революциясына дейін қара ала тұқым тек Балтық бойы республикаларында және Саратов губернияларында өсірілген.
Қара ала тұқымының ірі қара ішіндегі орны үлкен. 1925 жылы қара ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. 1930 жылдан бастап Германиядан, Нидерландиядан, Эстониядан, Швециядан әкеліне бастады. Содан былай жыл сайын мал басы көбейіп, әсіресе будандарының саны өсті. Мысалы, 1935 жылы 35475 бас болса, 1936 жылы 316400, 1951 жылы-1182000, 1965 жылы 216709, ал 1974 жылы 1196000 басқа жетті. Немесе 1974 жылдың өзінде жоспардағы тұқым малы ішіндегі үлесі 19% шамасында болды.
Қара ала тұқым малын жетілдіруді 3 кезеңге бөледі. 1 кезенде (1930-1940 жылдар) қара ала тұқым малын өсіруге бөлінген аймақта жергілікті малды қара ала тұқым бұқаларымен сіңіре будандастырды. Мысалы, Ресейдің орталық аудандарында өсірілетін холмогор, симментал тұқымдарын, Сібірде жергілікті ірі қараны, оралда тагил тұқымын сіңіре будандастырды.
Бұқалармен бірге әкелінген сиырлар арнайы құрылған шаруашылықтарда өз ішінде өсіріледі.
Шығыс Пруссия тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде Молочное, Назарьево совхоздары, ал Эстония тармағын өсіретін шаруашылықтар ішінде Брачева горки, Напецино, Орешково, Борска ферма, Красный маяк, тұқыммал совхоздары белгілі. Осы мезгіл ішінде Луковицкий, Барабинский, Дунаевский рассадниктері құрылды. 2 кезеңде (1940-1945 жылдар), яғни 1940 жылдың аяғында Ресейге 24 остфризлянд тұқымы бұқалары әкелінді де, олар Омский, Октябрьский, Первомай совхоздарында топтастырылды. Бұл бұқалар Пруссия және Эстония тармағы бұқаларының қаны бар сиырларға пайдаланылды. (1930-1938).
Осы алғашқы 2 кезеңде асылдандыру жұмысы мал сүтін көтеруге, сыртқы пішінін, тұқымдық қасиетін жақсарта түсуге бағытталды. Бірақ сиыр сүтінің майлылығының өсуіне көңіл бөлінбеді.
Голланд тұқымы. Әлемде ең кең тараған ірі қара тұқымы. Ол 30-дан астам елде өсіріледі. Саны жағынан қай тұқыммен салыстырғанда да көп.
Голланд жерінен бастау алған бұл тұқымның шығуына елдің географиялық ыңғайлы орналасуы, теңізге шыға алатындығы, сауда жасауғы ыңғайлылығы және ірімшік пен сары майға деген сұраныстың артуы әсер етті. Сондай- ақ ауа райының жұмсақтығы, жауын- шашының көп болуы, қыс маусымының қысқалығы, теңіз жағалауындағы көк майса жайылым да жағдай жасады.
Голандияда қара ала, қызыл ала және гронинген деп аталатын үш ірі қара тұқымы өсіріледі. Солардың арасында ең сүттісі қара ала тұқым өте көп тараған.
Голланд тұқымы Англияда, Францияда, ТМД-да, Жапония, АҚШ, Канадада және тағы басқа елдерде өсіріледі. Бұл тұқым таза өсірілген елдерде ол фриз немесе голштино- фриз деп аталады.
Кезінде , көп уақытқа дейін голланд сиырының сүтін ғана дамытып, оның денсаулығына, сүтінің майлылығына көп көңіл бөлінеді. Соның салдарынан XIX ғасырдың бірінші жартысында бұл тұқым сүтінің майлылығы төмендеп, дене бітімі босаңсып, мал туберкулезге шалдыға бастады. Осыдан соң мал тұқымын асылдандыру жұмысын қайта қарау керек болды.
Қазіргі кездегі голланд тұқымы малының дене бітімі, сүттілігі, сүтінің сапасы өткен ғасырдың бірінші жартысында өсірілген малдан мүлде өзгеше. Малдың тұрқы қысқалау, жұмыр. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Сиырдың дене өлшемдері: шоқтығынан биіктігі 132-135 см, сауырынан биіктігі - 132-133 см, кеудесінің салыңқылығы 72-74 см, кеудесінің кеңдігі - 44-46 см, денесінің қиғаш ұзындығы 156-156 см.
Сақа сиырының салмағы 550-580 кг. Ең ірі сиырының салмағы 800 кг. Бұқасының салмағы 800-1200 кг. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 38 кг, ұрғашы бұзауының салмағы 35 кг.
Голштин тұқымы. АҚШ пен Канадада және Нидерландыда голланд қара ала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына қарай сұрыптау жүргізіледі. Бұл елдерде бұзау өсіру технологиясы, сиырды азықтандыру және күту де бөлек болды. Соның қорытындысында АҚШ пен Канадада сүті де, салмағы да, сырт пішіні де, желіні де, сиымдылығы да өзгеше қара ала тұқым малы өсірілді.
Голштин тұқымы сиырларының салмағы 670-700 кг. Ішінара 1000 кг да тартады. Бұқаларының салмағы 900-1200 кг. Қайсыбірінің салмағы 1250 кг жетеді. Еркек бұзауының туғандағы салмағы 44-47 кг, ұрғашы бұзауы 38-42 кг тартады. Голштин тұқымының түсі қара ала болғанымен, кейбіреуінің бауырында, сирағында, құйрығының ұшында ақ қылшық жүн кездеседі. Қызыл ала түсінің де кездесуі де мүмкін. Сиырының шоқтығының биіктігі 143-145 см, бұқасының шоқтығының биіктігі 158-160 см, кеудесінің салыңқылығы 96 см, кеудесінің еңдігі 65 см бөксесі ұзын, кең, дене.
Эстон қара ала тұқымы. Эстонияның солтүстігінде өндірісі өркендеген аудандарда шығарылған. 1930 жылдары эстон тұқымы малын ұстайтын шаруалар сүтінің майлылығы жоғары голланд тұқымы сиырлары пайдалана бастады. Осы жұмыстың қорытындысында сүттің майлылығы едәуір көтерілді. Эстон тұқымы малының тұқыммал кітабы 1885 жылдан басталды. 1951 жылы жеке тұқым болып бекітілді. Эстон қара малы сүтті бағыттағы тұқым. Дене бітімі ықшам, мығым, сүйегі мықты, басы жеңіл, кеудесі орташа, жотасы түзу, бөксесі ұзын, түзу, кең. Сирақтары қысқа, дұрыс басылған. Бұлшық еттері орташа. Шоқтығының биіктігі 120-130 см, кеудесінің салыңқылығы 69-70, кеңдігі 42,8-43,4, кеудесінің қиғаш ұзындығы 155-157 см, кеуде орамы 198 см, жіліншік орамы 19-19,3см.
Даттың қызыл тұқымы. Бұл ірі қараның әлемде ең көп тараған тұқымының бірі. Жергілікті сиырларды ангельн, солтүстік шлезвич, баллум тұқымдары малымен будандастыру нәтижесінде шығарылған. Бұл тұқымның шығуына 1895 жылдары ұйымдасқан бақылау одағы да әсер етті. 1945 жылы бұқаларды ұрпағының сапасына қарай тексеретін станциялар ашылды. Сиырларды ірі, дене бітімі мықты, кеудесі салыңқы, денесі ұзын, сирақтары қысқалау, денесіне сай, бөксесі кең, желіні үлкен, жақсы дамыған, тегене тәріздес. Бұлшық еттері, сүйектері жақсы дамыған.
Сақа сиырының сүттілігі 5800кг. Мал тез жетілгіш, 12 айлық бұқаларының салмағы 420 кг, 15 айында 500 кг, 18 айында 600 кг, сойыс шығымы 57-60.
Латыштың қоңыр қызыл тұқымы. Азықтандыру жағдайын және күтімін жақсарта отырып, латыштың жергілікті сиырын ангельн және даттың қызыл тұқымы бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы және оған туыстас Эстонияның, Литваның қызыл сиырын шығаруға 1892 жылы малдың сүттілігін есепке алатын бақылау одағының құрылуы, 1885 жылдан бастап тұқыммал кітабы мен таза қанды малды тіркеу кітабының шығуы, ауық - ауық өтетін көрме, таза қанды бұқаларды топтастыратын пунктердің орналасуы әсер етті. Латыштың қоңыр қызыл тұқымы малының сырт пішіні көрнекті. Дене бітімі ықшам, сүтті сиырларға тән, мықты. Биіктігі орташа, сиырының шоқтығының бміктігі 125-127 см, қиғаш ұзындығы 156-157 см.
Қырдың қызыл сиыры. Бұл сүтті бағыттағы сиыр. Украинаның оңтүстігіне тән қуаң да континенталды жер жағдайы мен ауа райына жақсы бейімделген. Бұл тұқым малы оңтүстіктің қапырық ыстығыныа да, ерте қурап, қатқылданатын шөбі сирек жайылымына да төзімді. Жерсінуге бейім және төзімділігінің нәтижесінде қырдың қызыл сиыры тек Украинада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал етіне қойылатын талаптар Сиыр және бұзау еті
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Симментал тұқымды малына сипаттама
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
Пәндер