Ұлы ойдың адамы ( Шоқан Уәлиханов )



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Шоқанның ұшқан бір ұясы
2. Ұлы ойдың Адамы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта қазақ халқы ұлттық жаңғыруға, егемен мемлекет ретінде қалыптасуға бағыт ұстап және Қазақстан республикасының бүкіл дүниежүзілік тарихи процесте алатын орны дайындалып жатқан кезде оның өткен тарихын, зерделі азаматтарын оқып үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде.
Зерттеп отырған жұмысым Шоқан Уалихановтың қоғамдық- ғылыми көзқарасы.
Тақырыптың өзектілігі. Шоқан Уалихановтың ғылыми мұрасы өзінің әртектгімен,әлеуметтік – танымдық тағлымының мейлінше молдығымен кімді де болса риясыз тәнті етер жақ!
Шоқан публицист, интернационалист, депломат, геолог, зеолог, заң білгірі, демогроф, археолог, атеист, суретші, тарихшы және қазақтың ғұлама ойшылы. Шоқанның сәулелі ойлары әлемнің түкпір – түкпіріне тарап кетті. Шоқанның ғылыми еңбектері, ойлары өз мәнін жоғалтқан жоқ және ол оқырман қауымға әлі де өзекті деп сенемін. Осыған орай көптеген сұрақтар туындайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақ СССР энциклопедиясы. 3 том. Алматы, 1988.
Ысқақов Б. Ұмытылмас есімдер. Алматы, 1994

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Ғылым және Білім Министрлігі

Реферат
Тақырыбы: Ш.Уалиханов

Жоспар

Кіріспе
1. Шоқанның ұшқан бір ұясы
2. Ұлы ойдың Адамы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазіргі уақытта қазақ халқы ұлттық жаңғыруға, егемен мемлекет
ретінде қалыптасуға бағыт ұстап және Қазақстан республикасының бүкіл
дүниежүзілік тарихи процесте алатын орны дайындалып жатқан кезде оның
өткен тарихын, зерделі азаматтарын оқып үйрену мен зерттеудің
қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде.
Зерттеп отырған жұмысым Шоқан Уалихановтың қоғамдық- ғылыми
көзқарасы.
Тақырыптың өзектілігі. Шоқан Уалихановтың ғылыми мұрасы өзінің
әртектгімен,әлеуметтік – танымдық тағлымының мейлінше молдығымен кімді
де болса риясыз тәнті етер жақ!
Шоқан публицист, интернационалист, депломат, геолог, зеолог, заң
білгірі, демогроф, археолог, атеист, суретші, тарихшы және қазақтың
ғұлама ойшылы. Шоқанның сәулелі ойлары әлемнің түкпір – түкпіріне тарап
кетті. Шоқанның ғылыми еңбектері, ойлары өз мәнін жоғалтқан жоқ және ол
оқырман қауымға әлі де өзекті деп сенемін. Осыған орай көптеген сұрақтар
туындайды.

1. Шоқанның ұшқан бір ұясы

Шоқан Уалиханов не бары отыз – ақ жыл өмір сүріп дүниеден қайтты.
Алайда, оның ұлы тұлғасы мен өшпес мұрасы туған халқының ғана емес,
түркі халықтарының әлемдік тарихта біртуар жарық жұлдыз ретінде қалып
отыр. Ұлы адамдар ғасырларға қызмет етеді дейді. Шоқан сол ойдың жарқын
дәлелі.
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (дұрыс есімі – Мұхаммед – Қанафия, ал
Шоқан – апасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылы қараша айында Қостанай
облысының Құсмұрын бекетінде туған. Бұл деректің растығын Ш. Уалихановты
орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайларда толтырылған
анкеталық мәліметі дәлелдейді.
Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлихановтың ата – бабалары ескі сұлтандар
әулиетінен шыққан. Оның атасы, Орта жүздің ханы Абылайдың үлкен баласы
Уәлихан. Шоқан осы туған атасы Уәлидің есімін алып, өзін Уалиханов деп
атайды.
Бала Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле берілуіне
әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Шоқанның әжесі Айғаным көкірегі ояу,
арабша, парсы, шағатай тілдерін, әуелі орысша білім алудың маңызын терең
түсінген ақылды адам болған. Білімнің қажеттілігін Айғаным тумысынан
сезімтал, дарынды балаға халық даналығының сарқырамас білім бұлағы
болды. Ол Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп
әңгімелеп, күні кеше өз басында болған оқиғаларды еске алып отырған.
Халқының озық дәстүрлері мен салты бойынша сіңірген әжесінің жарқын
бейнесін Шоқан өмірінің соғы минутына дейін ұмытпай, есінде сақтайды.
Шоқанның анасы Зейнеп белгілі Шорман бидің тұңғыш қызы, қазақша –
арабша хат таныған, өз заманының көзқарақты қыз – келіншектерінің бірі
болған.Ал әкесі Шыңғыс орысша оқыған, әскери шені бар, өнерге құмар
адамдардың бірі еді.
Шоқан Құсмұрындағы мектепте тек шағатай тіліндегі орта ғасырлық
әдебиет мұраларын оқумен, араб және парсы тілінде сөйлеп жаттығу және
шығыс ақындарының өледерін тақпақтап жатқа айтумен айналысқан. Дәстүр
бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни жеті
жұрттың тілін білу парыз болған. Бұлдәстүр ол кезде әлі ескірген жоқ
еді, сондықтан Шоқан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс
тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы
меңгерген.Шоқанның әдебиетке құштарлығымен қоса, сурет өнеріне де
қабілеті бар бала болып өсті. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі
Уалихановтардың үиінде ұзақ тұрған орыстың суретші – топографтары мен
геодезистерінен үиренеді.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет
ұзаққа сапар шегіп,әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің
орыс достарының көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны
саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді.
Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңада ғана келген
зерделі балаға күшті әсер етеді.
Шоқанның кадет корпусына кірген жылдары Николай реакциясының
кәріне мініп және сонымен қатар феодалдық - крепостниктік құрылысқа
қарсы қоғамдық-саяси күрестің өріс алған кезеңі еді. Ресей бұл кезде өте
зор тарихи оқиғалардың қарсаңында тұрған болатын. Царизмге қарсы азаттық
күрестің жаңғырығы мен петрашевскийшілдер жайлы хабар және
самодержавиеге қарсы күреске шақырған батыл үні бар күшімен естілген
Белинскийдің мен Герценнің идеялары Сібір мен қиян алыс Қазақстанға да,
сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетеді.
Сібір кадет корпусы 1845 жылы Сібір линиялық казактарының әскери
училищесі негізінде құрылған және сол кездегі ең жақсы оқу орындарының
бірі деп саналған. Декабрист И.Завалишиннің берген бағасы бойынша ол
ағарту ісі мен патриотизм ордасы болған.
Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан,
Монғолия мен Орта Азиясы зерттеуші Г.Н.Потанин оқыды.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он сегіз жасында бітіріп, армиялық
атты әскерлердің көрнет деген офицерлік атақ алып шығады.
Батыс және шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген. Шоқан
шығармашылық еңбек етуді аңсады. 1955 жылы ол генерал Г.Х.Гасфорттың
сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады, Іле
Алатауы өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды жинай жүрді. 1956 ж. ол
Ыстықкөлдің көлемін топографиялық суретке түсірді. Кей маршруттарда ол
көрнекті ғалым, географ П.П.Семенов-Тянь Шанскиймен бірге болып, достығы
жалғаса түсті. 1956 ж. күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Ол Қытай
мен екі арадағы сауда байланысын жақсартуға өз үлесін қосып, Қытай
ұлықтарымен келіссөз жүргізеді.
1958-1959 ж. Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашғар саясатына барып
қайтты. Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған
Шоқан еді.

2. Ұлы ойдың адамы

Жас Шоқан буржуазиялық қоғамды шыншылдықпен бейнелеген
философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зертеп оқиды.
Белинский мен Герценнің әшкерлеуші мақалалары мен Гогольдің зәрлі сықағы
Шоқанның көңілінен шығады және ол қоғамдық кеселдермен, өмірдегі ұят
арсыздықтармен бетпе-бет келгенде әрдайым соларға жүгінеді. Шоқан
негізінен орыстың ұлы ойшылдары Белинскийдің, Герценнің кейінірек
Чернышевский мен Добролюбовтың шығармаларынан өзінің философиялық
танымдарын қалыптастырады.
Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға зор әсер етті. Шоқан
Батыс Еуропа жазушыларынан Руссоның, Диккенстің, Теккерейдің, кейінірек
материалист-философтардың еңбектерін зор дейін қойып оқыды.
Уәлиханов Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен
танысады. Шоқан өз мақалалары мен жазбаларында кейде соларға сүйенеді.
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік философиялық көзқарастары
тарихи аса бір күрделі кезеңде қалыптасты. Өткен ғасырдың ортасында
крепостниктік кризиске байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес
шиеленісе түсті. Халық бұқараларының күресі күшейе түсуіне байланысты.
Ресейде крепостниктік жүйені жойып, демократиялық бағыт алу мәселесі күн
тәртібіне қойылды. Осындай саяси жағдайдың шиеленісе түсуі Шоқанның
көзқарасына әсер етпей өте алмады. Сондықтанда да оның шығармаларында
қазақ халқы өмірінің ең жанды мәселелері сөз болады, ол халық тауқыметін
жеңілдетудің жолын іздейді. Ол қазақ халқының тағдырына тебіренеді.
Ш.Уәлиханов шығармаларында қазақ қауымының бұдан бұрынғы тарихи
өркендеу жолы туралы ойлары жібек арқау болып тартылып отырады. Ол қазақ
аристократиясының саясаты елін Ресейден айыруға бағытталған және қазақ
халқын күйретуге әкеп тірейді, сөйтіп ортағасырлық мешеулікті сақтап
қалады, ақыр соңында қазақ халқын прогреске әкелуге аса зор кедергі
келтіреді деп түсінді. Сондықтан да Шоқан жас кезінің өзінде-ақ қазақ
халқының экономикалық, саяси және мәдени прогреске орыстың мәдениетін
үйрену арқылы ғана қолы жетеді деген қорытындыға келген болатын.
Қазақстандағы мешеулік пен мәдени артта қалушылықтан құтылуда
Ресейдің шешеуші ролі дегенде ол мұны қазақ халқының ұлттық дербестігін
жою деп түсінбеген. Ол өз ұлтының дарындылығы мен қабілетін бағалай
білген.
Ядринцев ол туралы Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ, ол
еуропалық ағартушылықпен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды
армандады, - деп жазды.
Шоқан патша үкіметінің Қазақстандағы жүгенсіз қиянатшылығы қазақ
халқында Ресейге деген сенімсіздік тудыратынын және күні өткен
әлеуметтік дәстүрлерді сақтап қалатынын түсінді. Орыс басшыларының
әрбір әрекетінен, - деп жазды Уәлиханов – қырғыздар басына қырсық,
еркіне тежеу салынады деп түсінеді. Онысы түсінікті де, өйткені жер-
жердегі заседательдердің әрекеті орыс басшылары осындай деген ой
туғызады
Осылай дей тұрғанымен Ш.Уәлиханов қоғамды түпкілікті қайта құру
үшін радикальды шаралардың қажет екенін түсіну деңгейіне көтеріле
алмады. Ол қырсықтың бәрі отарлық жүйеде емес, патша әкімшілігінің
жекелігін өкілдерінде деп қате ұғынды.
Шоқан қоғамдық процестерді түсінуде идеалистік бағыт ұстағанымен
реалистік тенденция көрсеткен жаңа ой-пікір оның шығармаларында баршылық
еді. Әсіресе сот реформасы жайында деген еңбегі ерекше көзге түседі.
Онда ол реформалық таптық сипатын дәлелдей отырып, байлар мен
кедейлердің мүддесі біріне-бірі қарама-қарсы деген пікір айтады.
Дегенмен Ш.Уәлиханов қоғамды баймен кедей деп бөлуден әрі аса алмады.
Ол революциялық әрекет етуге бармайды ағартушы халықтың ауыр халін
баяндау мен тынады, еңбекші бұқараның халін жақсартуда оқу-ағарту,
білім таратудан басқа да әрекеттер барын көріп-біле алмады.
Алайда қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде ол идеалистік бағытта
болғанымен кей мәселелерде өз дәуірінің шындығын материалистік тұрғыдан
түсіне білді.
Шоқан Уәлихановтың философиялық көз қарстары, әсіресе адамдар
арасында діннің таралуы туралы ой-пікірлері назар аударлық Дін білім
таратумен прогресс жолын кес-кестейтін кедергі екенін әділ түсініп, ол
оның реакциялық мәнін ашуға әрекеттекнді.
Діни сенімнің, атап айтқанда, қазақтың шамандығы негізін
түсіндіруіне қарағанда Ш.Уәлиханов негізгі философиялық мәселені –
материя мен сананың ара қатынасын – материалистік тұрғыдан шешкен.
Болмысты қоршап тұрған табиғат адам санасына тәуелді емес деп түсінеді.
Сондай-ақ ол әлемнің басы да, аяғы да жоқ. Ол мәңгілік деп білген.
Сонымен қатар адамдардың діни сенімі табиғат күшінің адамға еткен
өктемдігінің әсерінен, адамның оның алдында әлсіздігінен пайда болған
деп дәлелдейді. Қырғыздарда шамандықтың қалдықтары деген мақаласында:
Табиғат пен адам өмірі мен өлім әрқашанда ақыл жетпес құпия сыр болып
келеді. Табиғат пен Адам Табиғат пен адамнан асқан керемет пен құпия сыр
болуы мүмкінбе, айтыңызшы Әлемді және оның ғажайып ғаламаттарын өмір
мен өлімнің сырын, адамның табиғатқа деген қарым-қатынасының құпиясын
білу сияқты қажеттіліктерден келіп әлем мен табиғат, өлген адамдарды
құдай тұтып қастерлеу-шаман дінін туғызды. Сөйтіп сәбилік дәрежедегі
адам күнге, ай мен жұлдыздарға және біздің табиғат немесе әлем атап
жүрген шетсіз-шексіз мәңгілікке, бәріне табынатын болды.
Шоқанның мұндай ғылыми, философиялық ұшқыр ойлары уақыт өткен
сайын ғылымның парқын білетіндерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Қазақ ағартушыларының философиясы
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
XIX ғасыр әдебиеті
Шоқанның саясат тұрғасандағы ой – пікірлері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басындағы тұлғалар
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Пәндер