Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы



Қазіргі кезеңде жабық тұқымдылар жер шарының тропиктік белдеулерінен бастап,арктикалық және антарктикалық белдеулерге дейін,яғни барлық аймақтарында таралған.Бұл жабық тұқымдылар,гүлділер,магнолялар немесе аналық гүлділер деп әр түрлі атаулармен аталады.Жоғары дамыған өсімдіктердің бұл бөліміне 350- ден астам тұқымдасқа жататын 13 мың туыс,240 мыңға жуық түр біріктірілген.
Автотрофты гүлді өсімдіктер биосфераның ең маңызды компоненттерінің бірі болып саналады.Биосферадағы жүретін барлық зат алмасу процестерінен бастап,атмосферадағы газ құрамы,климат,жер бетіндегі ылғал,топырақтың түзілу процестері жалпы өсімдіктердің,әсіресе гүлді өсімдіктердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты.Жер бетінде гүлді өсімдіктер,өсімдіктер жамылғысында басымдылық көрсетеді.Тек кейбір өсімдіктер бірлестіктерінде,мысалы қылқанды ормандарда-жалаңаш тұқымдылар,тундралардың батпақты жерлерінде- сфагналық мүк тәрізділер басымдылық көрсеткенімен,қалған аймақтарда жабық тұқымды өсімдіктер алуан түрлі және саны жағынан басым болып келеді.Жабық тұқымдылардың ең басты ерекшеліктерінің бірі-гүлдің пайда болуы.Гүл мүшелеріне саны бойынша бір,бірнеше немесе көп аталық жиынтығынан тұратын-андроцей, саны бойынша бір, бірнеше немесе көп жеміс жапырақшаларынан түзілген аналық -гинецей жатады.Жеміс жапырақшалары бос болуы мүмкін,бұл жағдай бұлардың әрқайсысыжиектерімен кірігіп өсіп аналық түзеді.Бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігіп өсуі нәтижесінде ценокарпті гинецей түзіледі.Мұнда аналық әрқашан біреу болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.

Орындаған:Каримова.Н.А
Тексерген: Жилкыбаева.С.Ж Тобы:БЛ-409

Семей 2015

Жабық тұқымды немесе Гүлді өсімдіктер (Angiospermae,Anthopyta немесе Magnoliophyta)бөлімі

Қазіргі кезеңде жабық тұқымдылар жер шарының тропиктік белдеулерінен бастап,арктикалық және антарктикалық белдеулерге дейін,яғни барлық аймақтарында таралған.Бұл жабық тұқымдылар,гүлділер,магнолялар немесе аналық гүлділер деп әр түрлі атаулармен аталады.Жоғары дамыған өсімдіктердің бұл бөліміне 350- ден астам тұқымдасқа жататын 13 мың туыс,240 мыңға жуық түр біріктірілген.
Автотрофты гүлді өсімдіктер биосфераның ең маңызды компоненттерінің бірі болып саналады.Биосферадағы жүретін барлық зат алмасу процестерінен бастап,атмосферадағы газ құрамы,климат,жер бетіндегі ылғал,топырақтың түзілу процестері жалпы өсімдіктердің,әсіресе гүлді өсімдіктердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты.Жер бетінде гүлді өсімдіктер,өсімдіктер жамылғысында басымдылық көрсетеді.Тек кейбір өсімдіктер бірлестіктерінде,мысалы қылқанды ормандарда-жалаңаш тұқымдылар,тундралардың батпақты жерлерінде- сфагналық мүк тәрізділер басымдылық көрсеткенімен,қалған аймақтарда жабық тұқымды өсімдіктер алуан түрлі және саны жағынан басым болып келеді.Жабық тұқымдылардың ең басты ерекшеліктерінің бірі-гүлдің пайда болуы.Гүл мүшелеріне саны бойынша бір,бірнеше немесе көп аталық жиынтығынан тұратын-андроцей, саны бойынша бір, бірнеше немесе көп жеміс жапырақшаларынан түзілген аналық -гинецей жатады.Жеміс жапырақшалары бос болуы мүмкін,бұл жағдай бұлардың әрқайсысыжиектерімен кірігіп өсіп аналық түзеді.Бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігіп өсуі нәтижесінде ценокарпті гинецей түзіледі.Мұнда аналық әрқашан біреу болады.
Аналықтың маңызды бөліктерінің бірі-жатын.Тұйық келген жатын қуысында түзілген тұқымбүршігі жабық тұқымдылардың ең маңызды белгілерінің бірі болып табылады.Көбінесе жатын тұқымбүршігін жақсы қорғайды депесептеледі.Бірақ,жұқа және нәзік келген жатын қабырғалары қоңыздардың шайнағыш жақтары мен жұлдызқұрттардың кеміргіш аппараттары тәрізді өсімдіктермен қоректенетін жәндіктер мен жануарларға төтеп бере алмайды.Сол сияқты,жатын тұқымбүршігін сыртқы орта жағдайларынан,әсіресе сыртқы температура өзгерістерінен толық қорғамаса да,белгілі бір дәрежеде әсері бары даусыз.Ең бастысы,жатын қуысы тұқымбүршігінің белгілі кезеңдерінде оның дамуына қажетті ылғады орта түзеді.Сонымен,гүлді өсімдіктерде жатынның пайда болуы жер бетіне жеке тұқымдар арқылы ғана емес,ауанын түрлі жануарлар аркылы тарауға бейімделген жемістердің түзілуін туғызды. Жалаңаш тұқымдылар тәрізді гүлді өсімдіктердің спермялары жұмыртқа клеткасына тозаң түтігі арқылы жеткізіледі. Тозан түтігі спермиялардың ұрық қалтасына жоғыры дәлдікпен
түсуін қамтамасыз етеді. Бірақ,тұқымбүршігі жатынның ішінде орналасуына байланысты тозаң бірден микропилеге түсе алмайды,бұл арада тозаңды қстауға арнаулы механизм қажет. Жабдық тұқымдыларда осындай тозан ды ұстауға арналған аппарат ретінде мойында орналасқан аналық ауызы қызмет етеді. Аналық ауызының түзілуі ерекше құбылыс болып есептеледі.
Барлық архегониялы өсімдіктердің жынысты ұрпақ алмасу циклдері редукцияланған. Гүлді өсімдіктердің аналық гаметофиті -7 клеткалы ұрық қалтасынан, ал аталық гаметофиті - 2 спермиялы тозаннан тұрады.
Жабық тұқымды өсімдіктердің тағы бір басты ерекшелігі-қосарынан ұрықтану.Түзілген бір спермия жұмыртқа клеткасымен қосылып ұрық түзеді,ал екңншң спермия ұрық клеткасындағы орталық ядромен қосылып,триплоидті эндоспермнің бастамасын береді.Қосарлы ұрықтанудың бір салдары ретінде-ерекше қоректік ұлпа-полиплоидті эндоспермнің түзілуі жатады(жалаңаш тұқымдылардың аналық гаметофиті түріндегі гаплоидті эндоспермнен өзгеше).Жабық тұқымды өсімдіктер басқа барлық өсімдіктерден оқшау тұрады.Ең негізгі ерекшеліктері көбею органдарының,яғни жыныс органдарының құрылысымен жыныс процесінің өтуімен байланысты.
Сонымен,барлық жабық тұқымды өсімдіктерге тұқымбүршігі тән.Тұқымбүршігінде бір ғана мегаспорангий болады.Мегаспорангий құрылысы жағынан да,физиология жағынан да өзгерістерге ұшыраған,оны көбінесе нуцеллус,немесе ұрық бүршігінің ядросы деп те атайды.Нуцеллустің мегаспорангийден айырмашылығы,онда қорғаныш қызметін атқаратын ерекше жабын- интегумент болады.
Жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктерде гаметофиттерінің құрылыстарында ғана емес,сол сияқты жыныс процестерінің өтуінде және ұрықтарының дамуларына байланысты келесі айырмашылықтар байқалады:

1-кесте
Жабық тұқымдылар
Жалаңаш тұқымдылар
1.Тұқбүршігі жеміс жапырақшаларының қойнауында орналасады.
1.Тұқымбүршігі тұқымдық қабыршақтың үстіңгі жағында ашық орналасады.
2.Аналық гаметофит 7 ядролы ұрық қалтасы түрінде болады.
2.Аналық гаметофит екі,немесе одан да көп архегониялық эндоспермнен тұрады.
3.Аталық гаметофит - тозаң вегетативтік және антеридиалды клеткалардан тұрады.
3.Аталық гаметофит - тозаң бірнеше проталлиалдық клеткалардан,генеративтік клеткадан және түтік клеткаларынан тұрады.
4.Қосарлы ұрықтану нәтижесінде бір спермия жұмыртқа клеткасымен қосылады,екіншісі - орталық клетканың ядросымен қосылады.
4.Түзілген спермияның біреуі архегонийдегі бір жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.
5.Ұрықтың және тұқымның дамуы аз уақытта өтеді,әсіресе шөптесін өсімдіктерде(3-4 апта,немесе бір вегетациялық кезең).
5.Ұрық пен тұқымның дамуы өте баяу өтеді (қарағайда 18 ай),оның ішінде тозаңдану мен ұрықтану арасы ұзақ уақытқа созылады(қарағайда ұрықтану 13 айдан кейін жүреді).
6.Эндосперм триплоидті(3п)
6.Эндосперм гаплоидты(п)
7.Тұқым жемістің ішінде орналасады.
7.Тұқым тұқымдық қабыршақтарында ашық орналасады.

Жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің арасында көптеген айырмашылықтар бар,екінші жағынан бұл өсімдіктердің ұқсас белгілері мен құрылыс ерекшеліктері шығу тектерінің бірлігін,туыстығын аңғартады.Көптеген жағдайларда ұқсастықтар конвергенция түрінде болады,басқаша айтқанда,жақын туыстықтарына дәлел бола алмайды.
Кейінгі кездері ашылған жаңа ғылыми әдістер зерттеліп отырған өсімдік топтарының бір-біріне қаншалықты жақын туыстас екенін анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы,А.Яценко - Хмелевский және басқалар ұсынған сүрек элементтерінің гистологиялық әдісі.Бұл зерттеулердің нәтижесінде орталық цилиндрдің және өткізгіш элементтердің құрылысы жағынан жабық тұқымдылар саговниктерге қарағанда папоротниктерге жақын екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, жабық тұқымдылар мен қарапайым усасыр немесе папоротниктердің спорангийлерінің түзілу жолдары бірдей.
Басқа өсімдіктерден ерекшелігі жабық тұқымдылардың гүлдерінен түзілетін жемісі болады. Түзілген жеміс тұқымды қорғайды, және олардың жер бетінде таралуын қамтамасыз етеді.
Жабық тұқымдылардың саны толық анықталмаған, мөлшермен 300 мыңға жуық деп саналса, ал кейбір деректерде одан да артық болып есептеледі. Сонымен, жабық тұқымдылар өсімдік патшалығында саны жағынан ең көп және ең кең таралған өсімдіктер болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердін әр түрлі тіршілік орталарына бейімделгіштігі, олардың дүниежүзінің барлық аймақтарына таралуына мүмкіндік туғызады. Бұл өсімдіктердін табиғатттағы, адамзат тіршілігіндегі алатын орны ерекше. Жабық тұқымды өсімдіктер жер бетінде таралған жануарлардың тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Олар жануарлар дүниесінің қоректік ортасын түзеді. Сол сияқты, адамның да жер бетінде пайда болуы мен тіршілік қарекеті жабық тұқымды өсімдіктерге тәуелді.

Жабық тұқымдылардың шығу тегі

Жабық тұқымдылардың шығу тегі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде терең зертттеле бастады, себебі осы кезеңдерде көптеген ғылымға белгісіз өсімдіктердін түрлері ашылды. Сонымен қатар, палеонтологиялық ғылымның жетістіктері қажетті материалдардың қорын толықтырды. Тек кейінгі жарты ғасырдың өзінде 30-ға тақау жабық тұқымдылардың жүйелері жасалады.
Алғашқы жүйелер жасанды, немесе табиғи жүйелер болып табылса, кейінгі кезде ғылыми негізде жасалған филогенетикалық жүйелер құрастырылды.
Жабық тұқымдылардың ата-тектері ретінде жалаңаш тұқымдылардың, сол сияқты жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердін әр түрлі систематикалық топтары ұсынылады. Соған байлнысты ғылымда көптеген теориялар қалыптасты. Мысалы, жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің плаун тәрізділер бөліміне жататын изоэталардың шыққандығы жөніндегі теорияны жатқызуға болады.
Қазіргі кезде Бесси, Галлир, Гроссгейм, Буш және т.б. Стробилярлық теориясы кеңінен қолданылады. Стробилярлық теория триас, бор дәуірлерінде пайда болып, юра дәуірлерінде кең таралған беннеттиттердің палеонтологиялық қалдықтарының негізінде қалыптасқан.Бұл теория қарапайым жабық тұқымдыларыдың гүл құрылысының беннеттиттер стробиласына ұқсастығын ескереді.Беннеттиттердің стробиласы қос жынысты болып келеді,әрі көп жағдайларда,ұрықсыз стерильді қабықпен қаптаулы болады.Көптеген филогенист-систематиктер және морфологтар жабық тұқымдылардың гүлдері қос жынысты бүрдің,немесе жалаңаш тұқымдылар стробиласының түр өзгерісі болып табылады деп есептейді.Гүл эволюциясының негізгі этаптары:
1)Мегаспорофиллдердің жиырылып,жиектерінің бірігіп өсуі нәтижесінде аналық түзіледі.Атап айтқанда,жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллдерінде ашық орналасқан тұқымбүршігі жабық тұқымдыларда жаттынның ішінде орналасады,ал мегастробилалар өзгерістерге ұшырап,жеміс түзуге қатысады.
2)Микроспорофиллдер де метаморфозга ұшырайды.Олардың пішіндері жапырақша тәріздес болып өзгереді,ал микроспорангийлер саны 4-ке дейін кемиді және қос-қостан кірігеді.Осының нәтижесінде 4 ұялы - тозаңқап пайда болады.Жапырақ тәрізді микроспорофилл аталық жіпшесі мен дәнекерге аналады.
3)Жабық тұқымдыларда гаметалардың түзілуі,жыныстық процестің табиғаты және ұрықтың дамуы жалаңаш тұқымдылардан өзгеше өтеді.Бірақ,алғашқы даму кезеңдерінде жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктердің ұрықтарының айтарлықтай айырмашылықтары жоқ.
Негізгі айырмашылықтар аналық гаметофиттің дамуы кезеңде,тозаңтану және ұрықтану барысында байқалады.
Ғылыми әдебиетте гүлді өсімдіктердің борға дейінгі кезеңде тіршілік еткендегі жайлы кейбір деректер де жарияланып отырады.Бірақ,бұл деректер дәлелсіз еді.Ең ескі гүл қалдықтары төменгі бор кезеңінде,яғни осыдан 130 млн жыл бұрынғы шөгінділерден табылған.Ең алғашқы гүлдердің тозаң дәндері бір бөлікті,жапырақтары ретсіз жүйкеленген,яғни қарапайым құрылысты болып келген.
Д.Аксельрод,Н.Хьюз,Дж.Дойл мен Л.Хикки және басқалары гүлді өсімдіктердің борға дейінгі кезеңде тіршілік еткендігі жөніндегі пікірлерді жоққа шығарады.Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес,бордың бастапқы кезеңдерінде өсімдіктер өте сирек өскен және айтарлықтай маңызды роль атқара алмаған.Бірақ,осыдан 100 миллион жыл бұрын өсімдіктердің қысқа геологиялық уақыт кесіндісінде құрлыққа кеңінен таралуы басталады.
Жабық тұқымдылардың жер бетінде кең таралуының негізгі себептерінің бірі - эволюциялық өзгергіштігі.Гүлді өсімдіктер ортаның әр түрлі факторларының әсерлеріне бейімделе отырып,жер шарының оңтүстігінен солтүстігіне дейін кең тарала бастайды.Екінші бір себебі,жәндіктер мен жануарлардың шығуы,жәндіктердің тозаңдандырғыш қызметі,құстардың өсімдік тұқымдары мен жемістерін тарату қызметі гүлді өсімдіктердің эволюциясын жеделдетті.
Қазіргі уақытта гүлді өсімдіктер ылғалды тропиктік аймақтардан шықты деп саналады.Кейбір ғалымдардың тұжырымдауы бойынша,жабық тұқымдылардың отаны болып мұхит түбіне батып кеткен Панфик құрылығы саналады.М.Голонкин жабық тұқымдылардың отаны деп Оңтүстік Ангарида мен Океанианы,ал И.Бейли гипотетикалық Гондвана материгін есептеген.Қазіргі кездегі қарапайым жабық тұқымдылардың таралуы жөніндегі статистикалық анализдерге сүйене отырып,А.Тахтаджян жабық тұқымды өсімдіктердің бесігі ретінде Оңтүстік - Шығыс Азиядағы ежелгі Катазия материгін нұсқайды.Жабық тұқымдылардың бастапқы тіршілік формасы болып саналатын ағаштардың түрлік құрамының басымдылығы бұған дәлел болады.Тропиктік аймақтарда ағаш және бұталы өсімдіктердің 120 мыңға жуық түрлері кездеседі,оның ішінде басым көпшілігі сүректі өсімдіктер болып табылады.
Жабық тұқымдылардың алғашқы моделі ретінде көп жемістілерді алуымызға болады.Бірақ,бұл өсімдіктер біркелкі топ құрамайды,яғни әр түрлі систематикалық топтарға жатады.
Көпшілік ғалымдар көп жемістілердің ішінде магнолиялықтарды жалаңаш тұқымдыларға ең жақын тұрған өсімдіктер деп санайды.
Жабық тұқымдылардың эволюциялық даму көрсеткіштерінің бірі ретінде,олардың гүлдерінің әр түрлі агенттерге қатынасы тұрғысынан қарастырады.Осыған орай,ең алдымен тозаңданудың қай түрі алғашқы екендігін анықтау қажет болған.Мысалы,жалаңаш тұқымдылардың жел арқылы,немесе қалған өсімдіктердің жануарлар арқылы тозаңдануы,яғни тозаңданудың қай түрі алғашқы болып саналады.Зоофилияның келесі түрлері болады: энтомофилия - жәндіктердің көмегімен тозаңдануы,орнитофолия - құстардың көмегімен тозаңдануы және т.б.Меттфоельж бастапқыда тек өздігінен тозаңдану болған деп санайды.Ал басқа ғалымдардың тұжырымдары бойынша,көп жемістілердің тұқымдастары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консорция. түрлік консорция. популяциялық эндоконсорттар. эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы. биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану
Консорция. Түрлік консорция туралы ақпарат
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Экология ғылымы туралы түсінік
Бірлестік экологиясы–синэкология
Популяция сипаттамалары
Этнос
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Эволюциялық ілім негіздері
Пәндер