Зияткерлік меншік: құқықтық негіздер, нысандары және патенттеу талаптары


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ИТФ

СӨЖ

Тақырыбы: Зияткерлік меншік объектілері

ОрындағанБерік А.

Тобы: СМ-305

Тексерген: Құндызбаев Ж. К

2015ж.

Зияткерлі меншік - азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік - материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Зияткерлік меншік нысандарына:

өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырма ұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚ пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптік үлгілерге‚ т. б. берілген патенттерден туындайтын құқықтар;

ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарының кітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚ музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т. б. түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтар;

фонограммалар жасаумен‚ орындаушылықпен‚ телерадиоэфир арқылы хабарлар берумен‚ клиптермен‚ т. б. байланысты сабақтас құқықтар;

заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру құралдарына (фирмалық атаулар‚ логотиптер‚ тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері‚ тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар;

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын құқықтар; ноу-хауға берілген құқықтар;

зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық нұсқаулар‚ ережелер‚ т. б. ) құқықтар жатады.

Заңдарда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында пайдаланылады және материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Материалдық емес құндылықтар туралы мәмілелер нәтижесінде алынған табысқа жалпы белгіленген тәртіппен салық салынады.

Меншіктің үш түрі кездеседі:

- жылжыйтын заттардан тұратын меншік (тоңазытқыш, сағат, көлік және басқалары) ;

- жылжымайтын меншік (үйлер, ғимараттар, жер және басқалары) ;

- санаткерлік меншік;

Санаткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымын (ДЗМҮ) құру туралы Конвенцияның екінші бабына сәйкес санаткерлік меншікке келесілерге қатысты құқықтар кіреді:

- әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға;

- артистердің орындаушылық қызметіне, дауыс жазуға, радио - теледидар бағдарламаларына;

- адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстарға;

- ғылыми ашылуларға;

- өнеркәсіптік үлгілерге;

- тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен коммерциялық белгіленулерге;

- әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем сурет облыстарындағы санаткерлік қызметке қатысты барлық басқа құқықтар.

Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарына жатады:

1) санаткерлік қызмет нәтижелері;

2) таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдары;

3) санаткерлік қызметтің және таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдарының басқа, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен және басқа да заң актілерімен қарастырылатын нәтижелері.

2 Өнеркәсіптік меншік нысандарына өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер жатады.

Қазақстандық патенттік заңдылыққа байланысты өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі келесі жағдайларда:

  • егер бұл өнертабыс жаңа болса;
  • егер оның өнер табушылық деңгейі болса;
  • егер оны өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға болса.

Өнертабыс жаңа болып саналады, егер ол техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Өнертабыс өнер табушылық деңгейге ие болады, егер ол мамандық үшін техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Техника деңгейінің мәліметтеріне өнертабыстың басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ барлық мәліметтер жатады.

Өнертабыстың жаңалығын орнатқан кезде техника деңгейінің мәліметтеріне бұрын өнертабыстарға және пайдалы моделдерге басқа авторлардың берген өтінімдері және Қазақстанда патенттелген өнертабыстары мен пайдалы моделдері жатады. Жаңалықтың абсолютті сипаттамасы болады.

Өнертабыс өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға жарамды деп саналады, егер ол өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында қолданылса ғана.

Өнертабыс объектілеріне келесілер жатады:

  • қондырғылар;
  • әдістер (биотехнологиялық әдістер, емдеу әдістері, диагностика және сауықтандыру әдістері) ;
  • заттар (химиялық, емдеу) ;
  • микроағзалар штаммдары, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдары;
  • бұрыннан белгілі қондырғыларды, әдістерді, заттарды, штаммдарды жаңа мақсатпен қолдану.

Өнеркәсіптік үлгі деп сыртқы түрін анықтайтын өнімнің көркемді-конструкторлық шешімін айтады, оның қазіргі заңдылыққа сай құқықтық қорғауы бар. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, айырықша және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса.

Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп саналады, егер өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін қамтитын барлық белгілердің жиынтығы үлгілердің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтерде берілмесе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық реттеу, патенттеу және бағалау мәселелері
Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік және Қазақстан Республикасындағы оның құқықтық қорғауы
Әділет органдары, зияткерлік меншік және ҚР Үкіметінің құқықтық құзыреті
Селекция мен өсімдіктерді патенттеу және интеллектуалдық меншік: тарихи және құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық-құқықтық бағыттары
Зияткерлік меншік: халықаралық негіздері мен Қазақстандағы соттық-құқықтық қорғау
Қазақстан мысалында зияткерлік меншік ретінде сауда белгілерінің халықаралық құқықтық аспектілері
Меншік құқығы: негізгі қағидалар, нысандары және азаматтық-құқықтық қорғау
Мәмілелер, меншік және зияткерлік меншік құқығы: ұғымы, түрлері және жарамдылық шарттары
Қазақстанда зияткерлік меншік объектілері: тұжырымдама, түрлері, кедендік тізілім, тіркеу және құқықтық қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz