Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым



Қазақ елінің тәуелсіздігі – қазақ халқының тарихи ата¬мекенінде өзінің мемлекеттілігін құруға деген заңды құқы¬ғы. Қазақ халқы¬ ұлттық мәдениеті мен тарихын, ұлттық қадір-қасие¬тін жаңғыртуға деген табиғи ұмтылысы мемлекеттік тәуелсіздіктің орнығуы мен дамуына негіз болуы тиіс.
Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық ел¬дердің біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, этносаралық және дінаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін қалыптастыру саясатының нәтижесінде жетті.
Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты.
Модель ұғымы белгілі бір құбылыстың немесе процестің үлгісі, схемасы дегенді білдіреді. Соған сәйкес ұлтаралық қатынастар моделі полиэтникалық қоғамдағы этносаралық келісімге келу мен оны дамытудың үлгісі болып табылады.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

БӨЖ №3
Тақырыбы: Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы
ұғым.

Орындаған: Сыгбатоллаев Е.М.
Тексерген:Кошкимбаева Р.Х.

Топ : Т - 411

СЕМЕЙ,2015ЖЫЛ

Қазақ елінің тәуелсіздігі – қазақ халқының тарихи атамекенінде
өзінің мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Қазақ халқы ұлттық
мәдениеті мен тарихын, ұлттық қадір-қасиетін жаңғыртуға деген табиғи
ұмтылысы мемлекеттік тәуелсіздіктің орнығуы мен дамуына негіз болуы тиіс.
Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып
келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің біріне айналды. Бұл
жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты
қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, этносаралық және дінаралық
қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін қалыптастыру саясатының
нәтижесінде жетті.
Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына
жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін
құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені,
ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы.
Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік,
тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты.
Модель ұғымы белгілі бір құбылыстың немесе процестің үлгісі, схемасы
дегенді білдіреді. Соған сәйкес ұлтаралық қатынастар моделі полиэтникалық
қоғамдағы этносаралық келісімге келу мен оны дамытудың үлгісі болып
табылады.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Президент Н. Назарбаев
ұстанған ұлттық саясат мүмкін болар қателіктердің алдын алуға негіз болды.
Сонымен бірге, ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттарын нақты айқындауға
мүмкіндік берді. Оның ішінде, әсіресе қоғамдағы тұрақтылық, азаматтық
келісім мен этносаралық татулық мәселелері ерекше назарға алынды.
Ұлтаралық қатынастар моделі ең алдымен елдегі ұлттық саясат арқылы
айқындалады. Жалпы алғанда ол мемлекеттің саяси бағытына сәйкес келеді. Кез
келген полиэтникалық мемлекет өзінің ұлтаралық қатынастар моделін теориялық
тұрғыда негіздеп, оны іс жүзіне асырады, қоғам өміріне енгізеді. Бұл модель
сол елдің тарихы, дәстүрі, менталитеті негізінде, ал ең алдымен елдің
дамуының басты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл өмірдің
талабы мен объективті қажеттіліктен туындайды. Өйткені, бұл қоғамда өмір
сүріп отырған адамдар үшін осы қоғамдағы өзінің жағдайы мен болашағын,
этносаралық қатынастар сипатын терең түсінуі өте маңызды.
Қазақстандық ұлтаралық қатынастар моделі қоғамдағы мынандай
ерекшеліктерді назарға алуы қажет еді:
– Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді;
– мемлекетқұрушы және мемлекет атауына ие ұлт - қазақтар;
– мемлекет унитарлы, қоғамды топтастыратын ұлт – қазақтар;
– мемлекет полиэтникалық сипатымен ерекшеленеді;
– Қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу,
депортациялау саясатының нәтижесінде қоныстанған;
– мемлекеттік тіл – қазақ тілі;
– қоғамның басым бөлігі орыс тілінде сөйледі. Іс жүзінде орыс тілі
ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады;
– Қазақстандағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген
ұмтылысына шек қойылмайды;
– халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар);
– қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың дәстүрі
қалыптасқан, оның тамыры терең. Мұндай қасиет ең алдымен, қазақ халқының
менталитетіне тән және толеранттылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары
ортақ құндылық ретінде қабылдайды;
– қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық
қатынастар, идеологиялық плюрализм;
– Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып,
әлемдік қауымдастыққа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары
жөніндегі кеңесін, ЕурАзЭҚ - евразиялық интеграция идеясын ұсынды. Ұжымдық
қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ)
ұйымдастырып, қалыптастыруда белсенді рөл атқарды, ЕҚЫҰ төрағалық етті.
Қазақстандық ұлтаралық қатынас моделінің күрделілігі мен өзіндік
қолтаңбасы жоғарыда аталған ерекшеліктерді үйлесімді жағдайға келтіруінде-
тін.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап Елбасы ұлттық саясаттың
концептуалдық, идеологиялық мызғымас негізін қалады. Оның төмендегідей
басты бағыттары жүзеге асырылып келеді.
Бірінші – қазақ халқының ұлт ретінде қайта өрлеуі және ұлттық
тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, тарихы мен тілінің, мәдениеті мен салт-
дәстүрінің дамуы. Бұл Қазақстан қоғамы мен оны ұйыстырудың берік негізі.
Екінші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заңда атап көрсетілгендей, қазақ халқымен тарихи тағдыры
біріктірген Республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын
құрайды және ұлтына қарамай барлығы тең құқықтарға ие болады.
Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының ең басты қағидасы
ретінде негізделген.
Сонымен, республиканың тұрақты дамуы мен басталған реформалардың дұрыс
жүзеге асырылуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Этностық өзіндік сананың дамуы
Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің орны
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Пәндер