Тәрбиесі қиын оқушыларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тәрбиесі қиын оқушыларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс

Орындаған: Мухамедканова М. Т.

Тексерген: Оспанова К. Ш

Семей - 2015 жыл

Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері

Психопрофилактика - бұл психикалық аурулардың және олардың нәтижесінде болатын асқынулардан сақтандырумен (ескертумен) айналысатын психиатрияның бір бөлігі.

Аурулардан сақтандыруға бағытталған жалпы профилактиканың бір бөлігі ретінде психопрофилактика нақты психикалық бұзылыстарға негізделген. Жалпы профилактикалық көптеген мәселелерді шешу Психопрофилактикаға қосқан үлес болып табылады. Мысалы: сифилистің бастапқы формаларын толық тауып, оған ерте ем қолданғану біздің елде прогрессивті паралич және ми сифилисі сияқты психикалық аурулардың жойылуына себеп болды; көптеген инфекциялық аурулардың алдын алуға байланысты сәйкес инфекциялық психоздар да жойылды. Психопрофилактикалық жұмыс организм үшін қиын жағдайларда мысалы, соматикалық және инфекциялық аурулардың дамыған сатысында солардың әсерінен болатын психикалық бұзылыстардан сақтандыруға көзделген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша психопрофилактика біріншілік, екіншілік және үшіншілік болып бөлінеді. Біріншілік психопрофилактикада психикасы дұрыс адамдарды психикалық аурулардан сақтандыру жұмысы жүргізіледі. Екіншілік психопрофилактика басталған психикалық ауруды ерте анықтап, оның асқынған түрлерін болдырмау үшін және оның созылмалы және қайталамалы түріне ауыспауына қарсы жұмыс, ауруды бастапқы сатысында тоқтату жұмысын жүргізеді. Үшіншілік психопрофилактика психикалық науқастың мүгедектігіне жол бермеуге бағытталған жұмыстар болып табылады.

Біріншілік психопрофилактика өте жоғары сапада қызмет жүргізілуін қамтамасыз етеді және тек медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және жалпы ұйымдық мамандардың қатысуымен жүргізіледі. Екіншілік және үшіншілік психопрофилактика қызметі ауру басталып, зақым келгеннен кейін жүргізілетін болғандықтан оның жұмысының нәтижесі біріншілік психопрофилактикамен салыстырғанда толымсыз болады. Сәйкес жағдайларда психопрофилактика мазмұны диагностикалық, емдік, консультативтік, педагогикалық және басқада арнайы мамандардың - психиатрлардың, психологтардың, дефектологтардың, социологтардың жұмысы болып табылады. Тиімділігі аурудың түріне, көріністеріне, ұзақтығына, өткірлігіне, даму қарқынына, қалдырған ақаудың ауырлығына, организмнің компенсаторлық мүмкіндіктеріне, науқасты жүргізу ерекшелігіне, оған жүргізілген емге және де басқа аурумен қатар жүретін жағдайларға байланысты болады. Күнделікті практикада қай уақытта дертті жағдайды емдеу, қай жерде мүгедектікке алып келетін салдардың алдын алу жүргізілуі арасына шекара қою қиынға соғады. Жедел ағымындағы емнің сапасы әдетте, болашақта болуы мүмкін асқынулардың жиілігі мен сипатын анықтайды.

Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы

Біріншілік психопрофилактика шараларын жоспарлау және жүргізу кезінде сау тұрғындардың арасынан психикалық бұзылыстарға байланысты жоғары қаупі бар контингенттерді бөліп алу керек. Бұл жұмысты жүргізу үшін психикалық бұзылыстардың пайда болу себебін, аурудың даму механизмін түсініп, психопатологиялық сиптомдардың қалыптасуын білу керек. Отандық психиатрия психикалық бұзылыстардың шығу тегінде шешуші мәнді адам өмір сүретін және қызмет ететін, адамның жеке басына, оның организміне оң немесе теріс әсер ететін қоршаған орта әсеріне береді. Сондықтан психопрофилактикалық қызмет психикалық сфераға және ОЖЖ - не әсер ететін зияндылықтармен күресу болып табылады.

Негізгі назарда өндірістік жағдайда болатын зияндылықтар тұр. Физикалық, химиялық, биологиялық және психологиялық сипаттағы шектен тыс жүктемемен жұмыс істейтін адамның, осындай кәсіби жұмысқа қатысы жоқ адамға қарағанда дертке шалдығу қаупі өте жоғары болады. Осы жағдайда психикалық бұзылыстардың пайда болу қаупі жоғары контингентке жайсыз жағдайларда адамның психикалық сферасына зиянын тигізетін өндірісте қызмет ететін адамдарды жатқызуға болады.

Соматикалық қолайсыз жағдайлар ми қызметіне теріс әсер көрсетеді, оны әлсіретіп, бүкіл организм фукцияларын біріктіріп және координациялайтын қызметін бұзады. Церебральды жетіспеушіліктің белгілері болып, жалпы соматикалық немесе инфекциялық аурулардың симптомы болатын психикалық феномендер болып табылады. Сонымен қатар, соматикалық ауырлық жағдайларында психикалық аурулардың - эндогенді, психогенді және басқа аурулардың дамуы жеңілдейді. Ауыр түрдегі соматикалық дертке шалдыққандар психикалық бұзылыстар пайда болу қаупі жоғары топқа жатады.

Психика дамуы кезеңінде жетілмеген және нәзік болып психикалық процестер саналады. Психикалық қызметке қажет материалдық субстраттың дамуы ми дамуы және оның әрі қарай ұрықта дифференцацияланумен байланысты ана құрсағында жатқанда басталады. Ана организмінің ішкі ортасының кез-келген бұзылысы ұрыққа қауіпті болып саналады, ол аномалияның пайда болуына немесе оның есейгенде пайда болуына соқтыруы мүмкін. Босану механизмнінің өзі нәресте өміріне қауіпті, босану кезінде нәресте миы асфиксияға ұшырауы және жарақат алуы мүмкін, ал бұл нәрестенің алдағы психикалық дамуына әсер етеді. Психопрофилактиканың ең маңызды құрамы жасөспірімдер мен балалардың физиологиялық және психикалық дамуын жүйелі түрде бақылау, бала мен ананың қажеттіліктерін максималді қамтамасыз ету болып табылады.

Психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингенке үлкен жастағы адамдарды да қосуға болады. Психопрофилактика жүйесін құрастырған кезде көрініс берген айқын психикалық патологияны қарттыққа тән деп айтуға болмайды.

Алкоголизация тұрғындар арасында жүйкелік - психикалық аурулар кездесуін жоғарылатады. Алкоголизм спецификалық алкогольді психоздарға әкеліп соқтырады, басқа аурулардың психопатологиялық симптоматикасын туындатады және ауырлатады, тұлға деградациясына ұшыратады, социальды адаптацияны бұзады. Ата-ана алкоголизациясы физикалық және психикалық толымсыз балалардың дүниеге келуіне әкеліп соғады. Осылайша маскүнемдік жүйкелік-психикалық аурулардың қаупін жоғарылатады, сондықтан психопрофилактиканың бірден-бір міндеті болып маскүнемдікпен және зиянды әдеттермен күрес болып табылады.

Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері

Адамның психикалық саулығының негізі ерте балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан бала өмірге келгеннен бастап оның тәрбиесі мен дамуын қадағалап отыру керек. Баланың психикалық жағдайына дұрыс көңіл бөлу керек, себебі 16 жасқа дейінгі кезеңде психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары болады. ОЖЖ дамуының жетіспеушілігімен, оның жауап беру жеткіліксіздігі балалардың қалыпты жағдайда және патология кезінде де жүйкелік - психикалық реакциялары өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Невроздар мен психоздардың ағымы және нәтижелері ересек адамдармен салыстырғанда өзгеше.

Ересектерге қарағанда балалар сыртқы ортаның әсеріне көбірек тәуелді болады. Бала организмі тек өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар өседі, дамиды, психикалық процестері қайта құрылып отырады. Мұның өзі адаптациялық механизм күшін керек ететін үлкен жүк болып табылады. Типті психикалық дамуында ауытқулары бар, даму ерекшеліктері өзгерген балалар аса қиын жағдайға түседі.

Жалпы ауруларға байланысты (соматикалық, инфекциялық), микросоциальды ортаның жағымсыз әсерлеріне байланысты кейде өсу тежеледі, жеке психикалық функцияларға қатысты жалпы немесе жеке психикалық даму тежеледі. Жалпы психикалық жетіспеушілік кейде ақыл аздық немесе олигофрения - кемақылдық түрінде көрінеді немесе квалификацияланады. Басқа бір жағдайларда психикалық даму жетіспеушілігі әлсіз байқалады және ересектерде балалық, аңқаулық ретінде көрініс береді-психикалық инфантилизм түрінде бағаланады. Әдетте психикалық инфантилизмге физикалық инфантилизм сәйкес келеді. Бұндай адамдарда 25-30 жаста жасөспірімдік бейнесі сақталады, дене салмағының, бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар дамыған болады. Ой-пікірінің жетік дамымауы себебінен мұндай адамдар өзгелердің ықпалына түсіп кетеді, күшті және авторитетті кісілердің пікіріне бағынады, өзгенің еркін орындайтын пассивті орындаушы болады. Инфантилизммен қыз балалар мен жігіттер асоциальды ортаға түскенде олар осы ортаға сәйкес өмір стилін жеңіл қабылдайды. Олар спирттік ішімдіктерді қолдануға үйірленеді. Қылмыстық әрекеттер жасаулары мүмкін.

Жеке психикалық функциялар дамуының тежелуі психикалық дамудың жалпы теңсіздігіне - асинхронияға әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда сақталған психикалық функциялар, осындай жетіспеушілік болған жағдайда соның орнын толтыру үшін қарқынды дами бастайды, кейде ол бір жақты дарындылық түрінде көрінеді, психикалық теңсіздіктің айқындылығын көрсетеді.

Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жүйелер мен мүшелердің әдеттегіден күшті жетілу нәтижесінде де болады.

Бұл құбылыс акселерация деп аталады. Акселерат жасөспірімдер мен жастардың бойлары ата-анасынан ұзын, сүйек-бұлшықет жүйесі жақсы жетілген; олар жыныстық қатынаста да және өздерінің физикалық белгілері бойынша ерте дамуларына, басқа жынысқа деген қызығушылықтарының ерте дамуына байланысты олар ерте үйленіп, балалы болуларына болар еді. Бірақ берік социальды жағдайдың болмауы, материалдық және моральды дербестіктің болмауы, ең бастысы психологиялық дайындықтың болмауы оларға өз жанұясын құруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі өмір жағдайына байланысты, қарым-қатынас және ақпарат құралдарының қолжетімділігіне (газет, журнал, радио, телевизия, кино) байланысты көптеген балалар өткенмен салыстырғанда жылдам, интелектуальды түрде дамиды. Нәтижесінде тұлғалық ерекше маңыздылығын сезіну, өзінің құрдастары қатарында басымдылығы жөнінде иллюзия, қызығушылықтарының жасына сәйкес еместігі кейде-консерватизмге және ересектердің біржақтылығына қарсы (ата-ананың оқытушылардың) наразылық тудырады. Өмірлік тәжірибесі болмай тұра өзін танытуға ұмтылу, ситуацияларға ересек көзқарастың болмауы конфликтке әкеліп соқтырады - нәтижесінде, барлығынан түңілу, депрессивті реакциялар түрінде жасөспірімнің өзі зардап шегеді. Балаларда психикалық дерттің басталуы жастық криздік кезеңдермен ұштасады.

Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы

Адам өмірінің бағдарламасы белгілі бір уақыт аралығында күрделенеді, және оның табиғи аяқталуы тіршілік функцияларының біртіндеп сөнуі, олардың толық тоқтауымен көрініс беруі керек. Өмірдің мұндай соңы қазір жиі кездеседі, себебі қазіргі медицина жетістіктері өмірді ерте қиятын көптеген қауіпті жағдайлармен сәтті күресуді қамтамасыз етіп отыр.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы

Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Статистика:

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді . . .

Жыл мезгілі

Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

Суицид алдындағы синдром: білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.

Суицидке кімдер бейім

Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:

· Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған) . Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды

· Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын

· Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)

· Отбасында болған суицид

· Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25-30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары - 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.

· Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.

· Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)

· Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;

· Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде

· Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.

Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.

Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ

· Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

· Өзін тым қатты сынауға алатындар;

· Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

· Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы

· Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар

Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:

· Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;

· Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;

· Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;

· Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;

· Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;

· Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу

· Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі

· Өлім туралы ойларға берілу

· Болашаққа жоспар жасамау

· Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу

Сыртқы белгілері

· бет-бейнесі мұңлы

· гипомимия

· амимия

· даусы ақырын бірсарынды

· сөзі баяу

· қысқа жауап қайыру

· жауап қайтармау

· шапшаң тоқтамай сөйлеу

· дауыс ырғағы өзгерген

· бұрқылдау

· жылауға бейім

· жалпы қозғалысының тежелуі

· әрекетсіздік, адинамия

· қозғалыстың қозуы

Сыртқы белгілері:

Эмоционалдық бұзылыстар

· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· іш пысу

· мұңаю

· уайымшылдық

· салы суға кету

· түсі суық, қабағы қатыңқы

· жауласу

· ызақор

· бұрқылдап ұрсысу

· ызыңдап сөйлеу

· айналасындағылармен жағымсыз, өштік қарым-қатынас

· айналасындағылардың игілігіне жеккөрушілік сезіммен қарау

· өзінің дене бітіміне көңілі толмау

· өзіне, айналасындағыларға селқос қатынас

· сезімінің жоғалуы

· мазасыздану

· қорқыныш

· бұрынғыны аңсау

· шарасыздықтан ашыну

· айналасындағы қуанышты оқиғаларға қатулы көңілмен қарау

Сыртқы белгілері:

Психикалық аурулар

· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· депрессия

· себепсіз қорқыныш, ішкі қысым және мазасыздануды сипаттайтын невроздар

· маниакалды-депрессивті психоз

· шизофрения

Сыртқы белгілері:

Өз өмірін бағалау

· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· өзінің өткен өмірін пессимистік бағалау

· бұрынғы жағымсыз оқиғаларды таңдап еске түсіру

· өзінің қазіргі жағдайын пессимистік бағалау

· болашақ жоспардың болмауы

Сыртқы белгілері:

Айналасындағылармен қарым-қатынас

· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· кісікиіктік, араласудан қашу

· айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылу, тілектестікті іздеу, дәрігерден көмек іздеп шағымдану

· жылауға бейімділік

· кінәмшілдік

· өзінің азабына эгоцентристік бағытталу

Сыртқы белгілері:

Вегетативтік бұзылыстар

· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· көзінің жасаурауы

· қарашығының ұлғаюы

· аузы кебу

· тахикардия

· артерия қысымының жоғарлауы

· дем алысының тарылғанын, ауа жетіспеушілікті сезіну

· тамағында түйір сезіну

· бас аурулары

· ұйқысыздық

· ұйқыбастық

· ұйқы ырғағының бұзылуы

· ұйқыны сезінудің жоғалуы

· кеудеде ауырлықты, жан ауруын сезіну

· іш қату

· дене салмағының төмендеуі

· дене салмағының ауырлауы

· тәбеттің төмендеуі

· тамақты дәмсіз сезіну

· жыныстық құштарлықтың төмендеуі

· етеккірдің бұзылуы

Сыртқы белгілері: Тәулік ішіндегі жағдайының динамикасы
· бет-бейнесі мұңлы· гипомимия· амимия· даусы ақырын бірсарынды· сөзі баяу· қысқа жауап қайыру· жауап қайтармау· шапшаң тоқтамай сөйлеу· дауыс ырғағы өзгерген· бұрқылдау· жылауға бейім· жалпы қозғалысының тежелуі· әрекетсіздік, адинамия· қозғалыстың қозуы:

· кешке қарай жақсаруы

· кешке қарай құлдырауы

Депрессия

Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу, сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады. Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.

Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.

Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:

· бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;

· қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;

· денсаулығы нашарлап кеткен;

· дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;

· қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;

· өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.

Суицидтік әрекетті болдырмау

· психологиялық қозу күшін бәсеңдету;

· суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

· әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

· өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

Түзету

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологтың құқықтары
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Қазақстан Республикасы Білім Беру Ұйымдарындағы Психологиялық Қызмет Ережесі
Мектеп психологынын іс-кагаздары. Психодиагностикалық жұмыстар
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Тәрбиесі қиын оқушыларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс туралы
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz