Шоқан уәлиханов жайлы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрінген қазақ зиялыларының бірі – үлкен қоғам қайраткері, ғалым, ойшыл, Ресей Географиялық қоғамының толық мүшесі Шоқан (шын есімі - Мұхаммедқанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Оның қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен алатын орны айрықша бөлек.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау уезіне қарасты Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізген. Күрмеуге келмейтін қысқа, бірақ барынша мағыналы өмірін ғылым жолына бағыштаған Шоқан 1865 жылдың көктемінде (сәуір айы) қазіргі Талдықорған облысына қарасты Алтын Емел жотасының баурайында қайтыс болған.
Шоқан – Абылайдың немересі. Абылайдың бірнеше әйелі болған. Қалмақтан алған әйелінен Қасым, одан Кенесары, Наурызбай, қарақалпақ қызы Сайманнан Уәли, одан Шоқанның әкесі Шыңғыс туады.
1780 жылы Абылай Ташкент маңында дүние салған соң, патша өкіметі Уәлиді Орта жүзге хан етіп бекітеді. Уәлидің үлкен әйелінен Ғұбайдолла (Абдолла) туған. 1819 жылы оны Көкшетау қазақтары хан сайлайды. Бірақ патша өкіметінің Көкшетау қамалын салуына қарсылық білдіргені үшін Березовкаға жер аударылған. Одан соңғы тағдыры бізге белгісіз. Кейбір деректерде еліне қайтып оралды делінсе, енді бір деректерде сол жақта өлді деп көрсетіледі.
Уәлидің екінші баласы Шыңғыс жас кезінен бастап амалсыз Ресейдің дегенінде болды. Оның Зейнеп деген әйелінен Жақып, Махмұт, Мақы, Қоқым және Нүрида деген қыз туған. Зейнеп – Баянауылдағы атақты Шорманның қызы. Нүриданы Мұсаның баласы Сәдуақас алған. Мұса – Шорманның баласы.
Шоқанның өз әкесі Шыңғыс орысша білім алған, полковник, екі рет петербургке патша алдына барған. Осындай отбасында өскен Шоқан да жасынан білім жолын қуады. Алғашқы білімді Құсмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітіріп шығады. Одан соң Омбы генерал-губернаторына қызмет істейді. 1857-1858 жылдары Қашқарияға саяхат жасап, Қытайдың алты шаһарының тарихын жазады. Осы еңбегі үшін Шоқан үлкен ғылыми атаққа ие болады. Қашқария сапарынан оралған соң, 1860 жылы Петербург университетінің шығыс факультетінде оқиды. Орыс халқының алдыңғы қатарлы зиялыларымен танысады. Бірақ Қашқария сапарынан ауырып оралғандықтан, сол жылы Көкшетаудағы еліне оралып, аға сұлтан болуға Бағаналы Ерденмен таласқа түседі. Шоқанның демократиялық көзқарасын білетін патша өкіметі оны мемлекет ісіне араластыруға қорқады. 1864 жылы Шоқан Черняев әскерімен Шымкент, Әулиеатаға дейін келіп, Алтын Емелдегі Тезек төренің аулына барады. Бұл Абылайдың Әділ деген баласының тұқымы болатын. Тезек – Ұлы жүздің аға сұлтаны. Осы Тезектің қарындасына үйленген Шоқан сол жерде құрт ауруынан өледі. Мәйіті Қоянкөз деген жерге қойылған. 1871 жылы Ташкент генералы Фон Кауфман, 1881 жылы Омбы генералы Колпаковский Шоқанның бейітіне арнайы барып, жазулы тас қойған.
Шоқан Марко Полодан соңғы Қашқарияны алғаш ашушылардың бірі, қазақтың тұңғыш ойшылы, ғалымы, ағартушы-демократы.
Дүниетанымы. Шоқан жасынан еуропалық білім алған. Кадет корпусында оқып жүрген жылдары оған Белинский ізіндегі әдебиетші Н.Ф.Костылецкий, И.В.Ждан-Пушкин, тарихшы Гонсевский, К.К.Гутковский, С.Я.Капустин сияқты оқымысталардың зор ықпалы болған. Гонсевский француз революциясын қолдаған адам. 1854 жылы Шоқан крепостнойлық тәртіпке қарсы болғаны үшін Сібірге жер айдалып барған Дуров, Достоевскийлермен

Шоқан Уәлиханов
(1835 - 1865)
ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрінген қазақ зиялыларының бірі –
үлкен қоғам қайраткері, ғалым, ойшыл, Ресей Географиялық қоғамының толық
мүшесі Шоқан (шын есімі - Мұхаммедқанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Оның
қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен алатын орны айрықша бөлек.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау уезіне қарасты Құсмұрын
бекінісінде дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізген. Күрмеуге
келмейтін қысқа, бірақ барынша мағыналы өмірін ғылым жолына бағыштаған
Шоқан 1865 жылдың көктемінде (сәуір айы) қазіргі Талдықорған облысына
қарасты Алтын Емел жотасының баурайында қайтыс болған.
Шоқан – Абылайдың немересі. Абылайдың бірнеше әйелі болған. Қалмақтан
алған әйелінен Қасым, одан Кенесары, Наурызбай, қарақалпақ қызы Сайманнан
Уәли, одан Шоқанның әкесі Шыңғыс туады.
1780 жылы Абылай Ташкент маңында дүние салған соң, патша өкіметі
Уәлиді Орта жүзге хан етіп бекітеді. Уәлидің үлкен әйелінен Ғұбайдолла
(Абдолла) туған. 1819 жылы оны Көкшетау қазақтары хан сайлайды. Бірақ патша
өкіметінің Көкшетау қамалын салуына қарсылық білдіргені үшін Березовкаға
жер аударылған. Одан соңғы тағдыры бізге белгісіз. Кейбір деректерде еліне
қайтып оралды делінсе, енді бір деректерде сол жақта өлді деп көрсетіледі.
Уәлидің екінші баласы Шыңғыс жас кезінен бастап амалсыз Ресейдің
дегенінде болды. Оның Зейнеп деген әйелінен Жақып, Махмұт, Мақы, Қоқым және
Нүрида деген қыз туған. Зейнеп – Баянауылдағы атақты Шорманның қызы.
Нүриданы Мұсаның баласы Сәдуақас алған. Мұса – Шорманның баласы.
Шоқанның өз әкесі Шыңғыс орысша білім алған, полковник, екі рет
петербургке патша алдына барған. Осындай отбасында өскен Шоқан да жасынан
білім жолын қуады. Алғашқы білімді Құсмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы
кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітіріп шығады. Одан соң Омбы генерал-
губернаторына қызмет істейді. 1857-1858 жылдары Қашқарияға саяхат жасап,
Қытайдың алты шаһарының тарихын жазады. Осы еңбегі үшін Шоқан үлкен ғылыми
атаққа ие болады. Қашқария сапарынан оралған соң, 1860 жылы Петербург
университетінің шығыс факультетінде оқиды. Орыс халқының алдыңғы қатарлы
зиялыларымен танысады. Бірақ Қашқария сапарынан ауырып оралғандықтан, сол
жылы Көкшетаудағы еліне оралып, аға сұлтан болуға Бағаналы Ерденмен таласқа
түседі. Шоқанның демократиялық көзқарасын білетін патша өкіметі оны
мемлекет ісіне араластыруға қорқады. 1864 жылы Шоқан Черняев әскерімен
Шымкент, Әулиеатаға дейін келіп, Алтын Емелдегі Тезек төренің аулына
барады. Бұл Абылайдың Әділ деген баласының тұқымы болатын. Тезек – Ұлы
жүздің аға сұлтаны. Осы Тезектің қарындасына үйленген Шоқан сол жерде құрт
ауруынан өледі. Мәйіті Қоянкөз деген жерге қойылған. 1871 жылы Ташкент
генералы Фон Кауфман, 1881 жылы Омбы генералы Колпаковский Шоқанның
бейітіне арнайы барып, жазулы тас қойған.
Шоқан Марко Полодан соңғы Қашқарияны алғаш ашушылардың бірі, қазақтың
тұңғыш ойшылы, ғалымы, ағартушы-демократы.
Дүниетанымы. Шоқан жасынан еуропалық білім алған. Кадет корпусында оқып
жүрген жылдары оған Белинский ізіндегі әдебиетші Н.Ф.Костылецкий, И.В.Ждан-
Пушкин, тарихшы Гонсевский, К.К.Гутковский, С.Я.Капустин сияқты
оқымысталардың зор ықпалы болған. Гонсевский француз революциясын қолдаған
адам. 1854 жылы Шоқан крепостнойлық тәртіпке қарсы болғаны үшін Сібірге жер
айдалып барған Дуров, Достоевскийлермен танысады. Шоқанның Ф.М.Достевский,
А.Н.Майков, К.К.Гутковский, Г.А. Колпаковскийлерге жазған хаттары орыс және
қазақ халқының арасындағы тарихи байланыстың жарқын бір белгісі болып
қалмақ. Сонымен қатар, Шоқанның атақты географ П.П.Семенов-Тян-Шанский,
этнограф-ғалым Г.Н.Потанинмен де достығы күшті болған. 1860 жылы
Петербургке барғанда Шоқан Чернышевский, Добролюбов пікірлерімен танысады.
Некрасовпен жүздесіп, пікір алысып отырған.
Шоқанның орыс зиялыларымен болған осындай байланысын әркім әртүрлі
толғап келеді. Мысалы, 1936 жылы жарыққа шыққан Прошлое Казахстана в
источниках и материалах деген кітапта Шоқан орыстың либералды-буржуазиялық
қозғалысына бейім тұрған адам ретінде бағаланған-ды. Оның авторы орыстың
либерал буржуазиясы 1861 жылғы реформа үшін күресіп еді дейді. Мұнымен
келісу қиын. 1861 жылғы реформа тұсында орыс либерал буржуазиясы помещик,
патша жағында болды. Революциялық қозғалыстың қуаты оны үнемі
контрреволюциялық жолға салды. Мұны тарихтың өзі көрсетіп берді. Орыс
буржуазиясы мен қазақ байлары сол 60-жылдан бастап патшамен бірлесіп,
бұқара халық пен жұмысшы табына қарсы әрекетте болды. Басқаша айтар болсақ,
1861 жылғы реформа капитализмге помещиктердің көзқарасымен бейімделу еді.
Бір кездері қазақ ғалымы Х.Әділгереев те Шоқанды демократ-либерал
деген болатын. Бұл да тым ұшқары пікір. Өйткені Шоқан 1860 жылы әлеуметтік
өзгерістің әсерінен орыстың революционер-демократтарының жолында болып,
солардан үйренеді. Оның көзқарасы Чернышевский пікірлерімен өте жақын.
Ресей жағдайында орыс шаруаларының мүддесін тек орыстың революцияшыл күші
ғана жақтап шықса, Шоқан да езілген қара шаруа, халық мүддесін көздеді.
Шоқанның осы қызметі туралы Н.М.Ядринцев: Шоқан өз айналасындағыларға орыс
жұртшылығының пайдасын түсіне білді және өз халқын Еуропа мәдениетіне
жеткізу мақсатында орыс қауымымен туыстасуға өте ықыласты болды. Оның
арманы Еуропа мәдениетін өз халқының тілегіне қабыстырып, өз елін сақтап
қалу болды.-деп жазған-ды.
Орыс, қазақ халқының достығын, прогресс, азаттық, адамгершілік
идеясын, бұқара халықтың көзі ашылып, жаңаша өмір сүруіне, ешкімнің
қанауынан тәуелсіз болуын көздеу – Шоқанның басты идеясы, негізгі нысанасы.
1863 жылы Струве қазақ даласын аралап, қазақ шаруалары орыс
казактарын сүймейді, жек көреді деген. Сонда Шоқан оған қарсы уәж айтып:
Бұл дұрыс емес. Қазақтар орыс казактарының жақсы адамына еш уақытта қарсы
емес, дос деп, соның белгісі ретінде Г.Н. Потанимен құшақ айқастырған.
Кейін Потанин де Шоқанның өз халқы үшін қызмет істегенін еске алады.
В.Бартольд пен Н.Ядринцев Шоқанның қазақ аулына барып өлуін сыңаржақ
түсініп, оны ғалымның үлкен драмасы ретінде ұғынды. Тіпті мұны мәдениеттен
торығушылық, кертартпалық белгісі дейді. Бұл пікірмен келісу де қиын.
Өйткені Шоқанның әлеуметтік көзқарасы, пікірі және ісінде мәдениеттен
торығу болған емес. Ол орыс халқының мәдениетінен қашқан жоқ, патша
өкіметінің бұқара халықты отарлап жатқандығын сынады. Өзінің Г.Н. Потанинге
айтқан сөзінде Шоқан Қазақ аулында екі түрлі партия бар деген. Оның бірі
орыс халқымен жақындасуды көздеді. Екіншісі – Ақ Арқа партиясы. Бұлар
исламға, ескі тәртіпке бейім болған.
Г.Н.Потанин Шоқанның демократиялық пікірлерін ашып айтады. Бір мереке
тұсында жас князь ақ киіммен Омбыдағы парадқа шығады. Ақ киімділер
ортасында бір қара киімді кездескен. Сонда әлгі князь бұл жаман
шекпенділерді неге тазартпайды? деген. Сонда Шоқан: Мырза, сіз Разиннің
жұртты қалай тазартқанын білмейді екенсіз, - деп жауап береді. Бұл –
демократиялық ой еді. Шоқанның тілі өткір болған. Сол себепті оны Омбыда
алмас деп атаған.
Шоқанның өмір сүрген дәуірі ХІХ ғасырдың 60-жылдары. Ол 1861 жылғы
реформаны көрді. Бұл реформадан соң капиталистік қарым-қатынас жылдам
дамып, ақша шығып, ауылда тап жігі арандай түседі. Кедейленген шаруалар
қалаға, өндіріске ағылады. Қонысты алғандықтан мал азайып, отырықшы
егіншілік кәсібі туады. Бұл қазақ даласын отарлаудың аяқталу кезеңі еді.
1822 жылы Сібір қазақтары жайындағы низам қазақ даласын жеке
хандықтар арқылы билеуді жойып, төтелей дуанбасыға (управительге) бағындыру
тәртібін енгізді. Бірақ 1868 жылы реформа бойынша дуанбасылар жойылып,
уездный начальник, земский начальник, болыс, старшын, билер, онбасы,
елубасылар шығады. Олар көбіне жаңа байлардан қойылған. 1854 жылы ел билеу
жұмысын бір ізге түсіру үшін сот реформасын жүргізеді. Мұның бәрі қазақ
халқының тәуелсіздігі бітіп, патша өкіметінің қазақ даласын төтелей билеп-
төстегенінің нәтижесі еді. 1868 жылы қазақ даласы жайындағы низам 1861
реформаның екінші бір көрінісі болып, капитализмге жол ашты. Бұл реформа
туралы орыс тарихшысы Румянцев: Дала низамының енгізілу мерзімімен біз
қырғыз (қазақ) халқының тарихын баяндауды аяқтаймыз, өйткені одан әрі қазақ
халқының тарихы жоқ та, Сібір және орта-азиялық аймақтардың ауылдағы
бұратана халқының тарихы мен өмірі бар, деп жазады.
1868 жылдан кейін қазақ даласы тікелей Ресей аймағына айналады. Шоқан
1862-1868 жылдар арасындағы осы аға сұлтандардың (дуанбасылардың) билігі
тұсында өмір сүрген. 1863 жылы өзі де Көкшетауға дуанбасы боламын деп,
Ерденмен айтысқан. Бұл Ресейде демократиялық ойдың дамып, әлеуметтік
өзгерістердің өмірге терең еніп, бұқара халық тілегінің күшейген кезі еді.
Шоқанның көзқарасы өмір құбылысындағы осы жаңалықтар мен орыстың
революцияшыл демократтарының жүйесі негізінде қалыптасты.
Шоқанның еңбектері. Ш.Уәлиханов ғылымның түрлі саласында еңбек еткен.
Алайда оның шығармалары негізінен екі салаға жіктеледі: 1) Қазақтың
өткендегі әдет-ғұрпы, салты, ауыз әдебиеті, тарихы, Қытайдың алты шаһары
(Нан-лу) жайындағы ғылыми-географиялық мәні бар еңбектері. Соңғы еңбегі
арқылы Шоқан орыстың Географиялық қоғамына жиырма жасында мүше болған. 2)
Шоқанның демократиялық көзқарастарын көрсететін саяси-әлеуметтік мәні бар
еңбектері. Олар: Сот реформасы жайындағы хат, бірінші және екінші
запискалары, Ф.М.Достоевский, А.Н. Майков, К.К. Гутковский,
Г.А.Колпаковскийлерге жазған хаттары. Бұл еңбектерінде Шоқанның
демократиялық пікірлері айқын әрі күштірек айтылған. Тарихи-ғылыми мәні зор
Абылай (1860) атты мақаласында Шоқан Абылайды қазақ халқының
тәуелсіздігін көздеген күшті ханы дей келіп, ол жайындағы ел аузындағы
әңгімелерді халық тәуелсіздігіне құрал етуді көздейді. Ғалымның бұл
еңбектерінің тарихи мәні аса зор. Осы мақаласында Шоқан Абылай батырлары
жайындағы ертегілер қазақтың эпостық жырларына негіз болды деген пікірді де
айтады.
Ұзақ уақыт шаман дінін үрдіс еткен қазақ елі табиғат аясында өсіп,
өзінің ежелгі наным-сенімі мен салт-санасын жақсы сақтаған. Поэзия жанрының
өте күшті дамуы соның бір айғағы. Қазақтардың ерте кездегі сенген құдіреті
– Көк тәңірі болған. Кейін ол алла, құдай болып ислам ұғымына көшкен.
Тәңір жарылқасын, көк соққан, көк соққыр, дейтін ұғымдар осыны
білдіреді. Сонымен қабат қазақ халқы Күнге, Айға, жұлдызға табынған. Отқа
табыну – зороастризм культі де болған. Мұны ескі зороастра дінінің әсері
дейді Шоқан. Ол қазақтың ескі нанымы – табиғат діні, ол көкті, жерді, суды
қасиет тұтудан туған деп, мәселені материалистік тұрғыдан сөз етеді.
Қазақтың сыйынатын жеті атасының бірі - өлген әруақ, екіншісі – тірі
әруақ (бақсы). Адам бойындағы қасиеттер: кие, жақсы ырым, ақ бата, тіл тию,
көз ету, кесір, ақ сүт – мұның бәрі әруаққа сыйынудың жемісі. Тірі
әруақтарды (шаман) киелі санаған. Олар ақын, әнші, балгер болған дейді.
Шоқанның бір дінді артық, бірін кем бағалауы орынды болмаса да, қазақтың
ескі нанымын (дінін) ашуы айта қаларлықтай құбылыс еді. Ол құрбандық шалу
ислам дінінен бұрын бар. Ислам діні бойынша адамның жазасы о дүниеде, шаман
діні бойынша жарық дүниеде беріледі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz