Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Дидактикалық ойындар - оқыту құралы


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Педагогика - психология кафедрасы
СРО
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары Дидактикалық ойындар - оқыту құралы
Орындаған: Жуаспаева А.
Тексерген: Кулмышева Н. А
Семей 2015 ж
Жоспар:
1. Балалар ойнынң түрлері
2. Дидактикалық ойындар
Мақсаты: Киімдерді шешу ретін есте сақтап қалу, оларды ұқыпты жинап және бүктеуге үйрету, киімдердің аттарын сөйлемдерде қолдануға үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші қуыршақты бөлмеге алып кіріп «Қуыршақ серуеннен келді, қазір ол шешінеді» дейді. Балалар тәрбиешімен бірге қуыршаққа дұрыс шешінуге үйретеді.
«Бізге кім келгенің тауып ал»
Мақсаты: Айтылу мен есту жағынанан бірдей сөздерді айыра білуге, дауыс ырғағын қадағалай білуге дағдыландыру. Кебір заттардың аттарын бекіту.
Ойын барысы: « Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан Аслан?» дейді тәрбиеші. «Мяу, мяу Айгерім саған кіліп тұрған не?» «Айдынға біреу келді де пи-пи деді. Ол не?» «Ал, қазір Нұрай одан не тығылып тұрғанынын айтады. » Тәрбиеші өз дауыс ырғағын өзертіп, үлкен әлде кішкентай тышқанның даусы шықта ма деп сұрайды. Ойын осылайшы жалғаса береді.
«Қай жерде шырылдады?»
Мақсаты: Дыбыстың қай жерден шыққанын анықтау. Алдын-ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны дайындайды.
Ойын барысы: Балалардың ішінен жүргізушіні тағайындайды. Балалар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші ортаға шығып көзін жұмады. Тәрбиеші бір балаға қоңыраушаны береді, бала көзін ашпай қай жақтан шыққанын қолымен нұқсайды. Егер бала дұрыс таппаса, онда екінші рет ойнап отырады. Сосын келесі бала шығады.
«Құстар фабрикасы»
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.
Ойын барысы: Тәрбиеші 3-4 рет ойыншықтарды көрсетіп, олардың шығаратын даусын клтіреді, кеін ойыншықтарды алып қояды. «Балалар құстар фабрикасына барайық. Алдымыздан тауық шықты, ол бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі қарай барайық алдымыздан қаз шықты, ол қалай амандасады:га-га-га»Кейін тәрбиеші қалған ойыншықтарды көрсетеді, ал балалар дауыстайды.
«Кім шапшаң?»
Мақсаты:Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.
Ойын барысы: «Бақа аюдың үйіне секіріп келіп терезенің алдында тұрып бақылдайды бақ-бақ мен саған қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп пи-пи-пи тәтті иіс шығып жатыр. Қаз га-га-га дән шоқуға келдім. Сиыр мө-мө-мө сум ішуге келдім. Бір кезде аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда, барлығы қашып кетеді. Қорқақтар неге қашып кеттіңдер мен сендерге қош келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер, төрлетіндер!»
«Қауырсынды тауып ал!»
Мақсаты: Балаларды қызыл, жасыл, сары түстерді дұрыс атауға және ажыратуға үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді қайталауға баулу.
Ойын барысы: Балалардың назарын тәрбиеші әтештің ашық түсті үлпілдек құйрығына аударады да түсіндіреді: екінші әтеш те әдемі құйрықты қалайтынын және оны сыйға тартуын өтінеді. Балаларды түстерді атап, әр түрлі әтешке сыйлайды. Егер дұрыс болмаса әтеш «Ку-ка-ре-ку! Мен басқа қауырсынды қалаймын » дейді.
«Алыста ма жақында ма?»
Мақсыты: затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па. Қажет сөздерді қолдана білу.
Ойын барысы: «Балалар қарандар, біздің иттер біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары пингвинге (үйрекке, бақаға, т. Ба ойыншыққа ауады. ) »
Бір пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ, денесі қара көргілерін келе ме? Онда жақынырақ келсін деп айтындар. «Жақынырақ келші»Пингвин келе жатып тоқтап қалады. Енді пингвинді орындықтарында отырып алып көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге? Өйткені алыста тұр. Онда алыста тұрсын деп айтындар! т. с. с.
«Сиқырлы қап»
Мақсаты:Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен дейді. Кәне көрейік! Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды шешуге болады.
Саусақтар ойындары.
Еріншектер:
Тық-тық, тық-тық,
Тұр орыннан бас бармақ,
Балаң үйрек сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр,
Шылдыр шүмек сен де тұр,
Титтей бөбек қане тұр,
Саусақтарым, ал жүгір.
Үстел үстінде жасалатын жаттығу . Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстіне «жүгіртеміз. »
Туған күн.
Туған күнге, туған күнге
Қонақтарды шақырдым,
Мерекенің құрметіне,
Бас май шам мен жақтым.
Күшті салып, үрлеп едім.
Біреуің әрен сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншіс ін сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім,
Дем шығараып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім мен
Кішісін де сөндірдім,
Кезек-кезек, кезек-кезек,
Шамдарды мен өшірдім.
Шамның шамның бәрі сөніп қалды.
Міне, мен беске келдім.
Тасбақа.
Тасбақаға қарандаршы
Тас жидесін киіп ап,
Тауға мінді, суға жүзді,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тамақ ішіп алып,
Қарнын ол тойдырды.
Енді қайда барады.
Жата қалып демлады.
Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тасбақаға еліктеу. Саусақтарды үстел үстіне жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа түю.
Орманда.
Саусақтар-ау, саусақтар!
Сендер қайда бардындар?
Орманға бардық!
Кімді онда кезіктірдіңдер?
-Аюды, қасқырды, қоянды, түлкіні, тиынды!
Бәріне сәлем бердік!
Бәріне сыйлық бердік!
Бәрі де алғыс айтты.
Алақанды еркін ашып-жұму. Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру.
Секіргіштер.
Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы,
Біздің қыздар секірді,
Оң аяқпен секірді,
Сол аяқпен секірді,
Алға қарай секірді,
Артқа қарай секірді,
Айналдыра секірді,
Айналдыра секіргішті
Биікке де секірді.
Екі саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға-оңға секіріп, үстел үстінде орындалатын жаттығу.
Мысық пен тышқан.
Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық-тышқан ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды.
Мысықты алдайды,
Құйрығымен мысықты.
Тышқан түртіп, зып етті,
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр.
Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау.
Кіші шармен жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын,
Оң қолым мықты болсын!
Сол қолым мықты болсын,
Қолдырым менің күшті болсын!
Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп, жаттығу жасау.
Қаз.
Қаз қанатын жиып алды,
Қауырсының жуып алды,
Оңға қарап, солға қарап,
Жерден дәнді тауып алып,
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су мен жемге тойып алды.
Саусақтармен сөздерді бейнелеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz