Xix ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы : XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Орындаған: Құмарова Ғ. М. , Қ-213
Тексерген: Сәмекбаева Э. М.
Семей, 2015 жыл
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі - тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М. Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И. Ю. Скалигер (1540 - 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г. В. Лейбниц, М. В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф. И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал - Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л. Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 - 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В. Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф. Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я. Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А. Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады. Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф. Диц, Ф. Миглошич, А. А. Потебня, Г. Пауль, К. Бругман, Б. Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т. б. еңбектері негізінде дамыды. И. К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У. Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф. Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды. 20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А. Мейе, А. А. Шахматов, т. б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т. б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М. Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә. Құрышжанұлы, Ә. Ибатов, А. Аманжолов, Б. Сағындықұлы, Е. Қажыбеков, М. Оразов, т. б. ғалымдар еңбектері жарық көрген.
Август Шлейхер (19 ақпан 1821 - 6 желтоқсан 1868) - неміс тілі тілтанушы. Мейнингендегі дәрігердің отбасында дүниеге келген. Он алты жасынан бастап Кобургтегі гимназияға оқуға түседі. Ғалым онда латын, грек, еврей тілдерін қоспағанда ботаникамен де айналысты. Шлейхер сол кезеңнен бастап қытай және санскрит тілдеріне қызыға бастаған еді. Гимназиядағы алты жылдық біліміне қарамастан, Шлейхер ол оқуды тастап, Лейбциг университетіне түсу үшін емтихандарға дайындалды. Нәтижесінде ғалым Лейбциг университетінің діни факультетіне түсіп, діни ғылымдармен қатар Флейшердің араб тілі курсы бойынша жүргізген дәрістерін тыңдады. Бірінші семестрден кейін Тюбингенге ауысып, сонда Баур және ғылымға белгілі ориенталист Эвальдтың дәрістерін тыңдады.
1843 жылы ғалым Бонндағы философиялық факультетке ауысты. Сол кезеңдерде университетте Фр. Велькер және Фр. Ричль дәріс жүргізген болатын. Екі ғалымнан да Шлейхер классикалық филология бойынша негізгі білім алып, Дицтан герман филологиясын, Лассен мен Гильдемейстерден санскрит, араб тілдерін үйренді. Шлейхер білімін Лассен, Диц атты лингвисттерден кәсіптік тұрғыдан үйренсе, Ричльден әдістерді үйренді. Боннда 6 семестр оқып шығып, Шлейхер 1846 жылы римдік грамматист Марк Теренций Варронның еңбектеріне қатысты ойлары, зерттеулері үшін доктор дәрежесін алды. Ғалымның диссертациясынан болашақ салыстырмалы әдіскердің ойлары білінді. Осы жылы Шлейхер Боннда салыстырмалы тіл білімінің доценті ретінде таныла бастады. Алайда, көп ұзамай Бельгия, Париж қалаларына саяхатқа аттанды. Өзінің тұрмыстық жағдайын қалыпты ұстау үшін Шлейхер неміс газеттерінде жұмыс жасады.
1848-1849 жылдың қысында ғалым чех тілі] ] н зерттеу мақсатында Прагаға аттанды. Бұл жағдайға себепкер болған атақты Лессен болды. Ол Шлейхерге славян тілдерін зерттеуге кеңес берді. Ғалым чех тілін қысқа мерзімде үйреніп шықты. Бірақ тез арада Прагадан кетуге мәжбүр болды. Себебі ол кезеңде Австриялық полицейлерінің көзіне түскен еді. Ғалым Праганы тастап, өзінің жинаған білімін қайта жаңғырту үшін Боннға оралды.
Салыстырмалы тіл білімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz