Қаржылық менеджмент түсінігі мен құрылымы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қаржылық менеджмент түсінігі мен құрылымы
Тексерген: Курманбекова Г. А
Орындаған: Закариянов М. С.
Семей 2015
Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады. Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатты және субъектілерге өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.
Менеджмент дегеніміз - белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.
Ақша қаражаттарының нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші кезендерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.
Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.
Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңіңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы - бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.
Қаржылық менеджменттің ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы - бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал - кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы
Қаржылық менеджмент - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.
Менеджменттің негізгі принциптері - деп басқарудың практикалық міндеттерін қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым - қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын түсіндіреді.
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:
- Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
- Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
- Басқаруды демократизациялау;
Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:
- барлық өндіріс процесін,
ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
- жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
- шикізаттарды,
материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
- өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, соның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды. «Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Швецияда, Францияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т. б. аттармен жарияланды.
Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады.
Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.
Сондықтан қаржы менеджменті бірқатар сұрақтарға жауап қайтару қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.
Бірінші сұрақ былай қойылады: «Фирманың перспективті дамуы үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?». Керек кезде толық немесе бөлек мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады.
Мысалы, сенімділікпен антуға болатын жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары өткізу көлеміне байланысты болатындығы туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.
Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың күрес жолын таңдаса, онда сапаның жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.
Шығарылатын өнім өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шараларды ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.
Қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді.
Мұндай қайнар көздердің үш түрін бөлуге болады:
- жеке;
- кірістірілген;
- қарызға алынған.
Кәсіпорынға жеке ақша құралдары ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет. Олар:
- жинау үшін кірістің болуы
- уақыттың болуы.
Негізінде коммерциялық жобаны іске асыруда бұның біреуі болмайды. Әдетте коммерциялық жобаны іске асыратын адамда қаражат болмайды, ал қаражат кімде бар сол адам оны өзі жалғыз бұл жұмысты атқарғысы келмейді.
Жеке ақша құралдарын қолдану тек ірі компаниялар қолында. Бірақ та олар үшін бизнес жоспар мен қаржы бөлімі еш қызықтырмайды.
Кірістірілген қаражат көздері ішінде бірінші орынды акционерлер қаражаттары жатады. Акциялардың қосымша эмиссиясы немесе фирма басшылығымен жасалған бақылау пакет акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады.
Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.
Ұсақ инвесторды жақсы құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет етеді.
Сондықтан да акционер капиталын өзіне қарату үшін екі негізгі шартты ұстану қажет:
- ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;
- олардың бағасы түспейтіндігі туралы жөнінде көндіруге тырысу керек.
Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.
Еңбекақыны төлеуде қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz