19-ғасырдағы қазақ музыкасы. 20-ғасырдағы қазақ музыкасы

Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
СӨЖ

Тақырыбы: 19-ғасырдағы қазақ музыкасы. 20-ғасырдағы қазақ музыкас
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орындаған:Закерхан.С
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тексерген:Сейтқазы.О.Ж
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Топ:МО-401

Семей2015
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақ халық музыкасының тарихы

Қорқыт ата
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы - эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 - 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер - 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр - алғашқы, лирикалық әндер - соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында - эпос, Жетісуда - терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.

Құрманғазы
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағыҚорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы" күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 - 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі - синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері, екіншісі - күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі - Ықылас,Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі - Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 - 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі - кең ауқымды төкпе, екіншісі - сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің Евгений Онегин поэмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған Татьянаның қырдағы әні қалың елдің сүйікті әніне айналды.Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды
Қазақтың музыкалық мәдениеті
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққажеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді.

Алматы мұражайындағы жеті шекті жетіген аспабы
Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар - жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық - тұрмыстық эпостар қатарында "Қобыланды", "Алпамыс", "Ер - Тарғын", "Қамбар", "Қыз-Жібек", "Қозы - Көрпеш - Баян сұлу", "Еңлік және Кебек" жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді.

Құрманғазыға ескерткіш, Алматы қаласы
Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің - эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие - Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шаман, "күй атасы" және қыл - қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра - қобыздық күйлер - "Қорқыт", "Желмая", "Тарғыл тана", "Елімай", "Ұшардың ұлуы" сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Қазақ халық музыкасының тарихы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Әдебиеті және музыкасы
Халықтың музыкалық творчествосы
Балалар композиторлары
ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы
Вокалдық өнер саласы
Пәндер