Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымы. бесік тәрбиесі



Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Ежелден-ақ қазақ баласы бесікте өскен. Сонымен қатар, ырымға, салт-дәстүрге толы болып келеді. Атап өтетін болсақ: жаңа туған нәрестені күтімге алу, оны қырқынан шығару, ат қою, одан кейін бесік тойын жасап, баланы бесікке салу, сол күннен бастап оған «Бесік жырын» айтып тербеп ұйықтату, осылар арқылы барлық жақсылықты, көркем мінезді бойына сіңіру, т.б. Осы салт-дәстүрлердің мән-мазмұны: баланың жақсы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мұның барлығы тікелей ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып келеді.
Біздің ардақты аналарымыз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» ғой. Осымен қатар, қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие– тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін «Туған жерім– алтын бесігім» деп атайды. Бесік тұрмыстық бұйым ғана емес,сонымен қатар, дені сау,саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы. Халқымыз қастерлеген бесіктің, ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы зор. Өзінде арнайы орнатылған түбек пен шүмек баланың үлкен, кіші дәретін төсегіне, денесіне жайылдырып жібермей, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қолайлы екені түсінікті. Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымай құрғақ болады. Бұл, ең біріншіден,денсаулыққа жақсы. Бесік күн ыстықта салқын болса, күн суықта жылы болады. Бесікте баланың аяғы, кеудесі қатты байланады. Бұл нәрестенің көп қозғалмай тыныш жатуы,дәретіне былғанбауы, дене мүшелерінің бір қалыпты өсіп, жетілуі үшін өте қажет.
1. Алтынсарин Ы. «Бастауыш мектеп журналы». А; 2000 жыл.
2. Оразова А. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Пәниден бақиға дейін». 1995 жыл.
3. Елік баев Н. «Ұлттық психология». Алматы, 1991 жыл.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

CӨЖ
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымы. Бесік тәрбиесі.

Тексерген: Серикова Н.У.
Орындаған: Асаубаева А.
Тобы: Е-419

2015ж.
Бесік - өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Ежелден-ақ қазақ баласы бесікте өскен. Сонымен қатар, ырымға, салт-дәстүрге толы болып келеді. Атап өтетін болсақ: жаңа туған нәрестені күтімге алу, оны қырқынан шығару, ат қою, одан кейін бесік тойын жасап, баланы бесікке салу, сол күннен бастап оған Бесік жырын айтып тербеп ұйықтату, осылар арқылы барлық жақсылықты, көркем мінезді бойына сіңіру, т.б. Осы салт-дәстүрлердің мән-мазмұны: баланың жақсы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мұның барлығы тікелей ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып келеді.
Біздің ардақты аналарымыз Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді ғой. Осымен қатар, қазақ халқында Бесіксіз үйде береке жоқ деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың Ел боламын десең, бесігіңді түзе, Тәрбие - тал бесіктен басталады деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін Туған жерім - алтын бесігім деп атайды. Бесік тұрмыстық бұйым ғана емес,сонымен қатар, дені сау,саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы. Халқымыз қастерлеген бесіктің, ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы зор. Өзінде арнайы орнатылған түбек пен шүмек баланың үлкен, кіші дәретін төсегіне, денесіне жайылдырып жібермей, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қолайлы екені түсінікті. Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымай құрғақ болады. Бұл, ең біріншіден,денсаулыққа жақсы. Бесік күн ыстықта салқын болса, күн суықта жылы болады. Бесікте баланың аяғы, кеудесі қатты байланады. Бұл нәрестенің көп қозғалмай тыныш жатуы,дәретіне былғанбауы, дене мүшелерінің бір қалыпты өсіп, жетілуі үшін өте қажет.
Қазір көптеген ата аналар бесіктің орнына заманауи жөргекті пайдаланады. Бұл әрине, бесікпен салыстыруға келмейді. Ол балаға өте зиянды. Сонымен қатар,баланың тазалығына нұсқан келтіреді, тыныш жатқан баланың ұйқысын бұзады, жиі оянады. Ал, ұйқысы тыныш болмаған бала, әлбетте мазасыз болады. Мұны, медициналық жағынан қарағанда, баланың дұрыс демалмауы жүйке жүйесіне әсер етіп, толық жетілмей қалуына ықпал етуі мүмкін. Бұл жөргекті біраз уақытқа қолданады, оны негізі, сәбиге екі сағаттан артық қолдануға болмайды. Бұл мүлдем, бесікпен салыстыруға келмейтін дүние деп есептеймін. Бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетіледі. Бұл баланың жүйке жүйесінің бір жүйеге, тәртіпке түсуіне ықпал етеді. Ал, бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды деп ойлаймын. Бесіктің осыншама пайдасын көре тұра, кейбір ата аналарымыздың одан жерінуінің сырын түсіне алмаймын. Бұл аналарымыздың сәбилерін бесікке бөлеуден бас тартуымен ең алдыменен салт дәстүрімізге кері әсер етеді. Бесіктің жас бала үшін өте пайдалы,қолайлы екенін көптеген ғалымдар, дәрігерлер де мойындаған.
Көбінесе, қазақтар бесікті қарағай, қайыңнан, тіпті, талдан да иіп жасаған. Осылай жасалған бесіктер әрі жеңіл, әрі берік,көшіп қонуға өте қолайлы болған. Ата- бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Бесікті кез келген жерге тастамаған. Егерде бала бөленбеген жағдайда, оны биіктеу жерге алып қойған. Сонымен қатар, халқымыз бесікті бос тербетпеген. Бос бесіктің бетін ашық қалдырмаған. Ата- бабаларымыз нәрестені тіл көзден, кесір пәлекеттен сақтасын деп, ырымдап бесіктің басына, арқалығына үкі, тұмар, бүркіт тұяғын, боялған асық сияқты заттар тағып қойған.
Қазіргі кезде мұны көптеген ата- аналар біле бермейді. Негізінде, қалыптасқан дәстүр бойынша қызы ұзатылып, келін болып түсіп, жүкті болысымен оның ата анасы нәрестеге Бесік алып бару салтын орындауға кіріседі. Ол бесікті арнайы жасатса да, базардан немесе дүкеннен алуға да болады.Осымен қоса, жасауын да өзі жасайды. Және осы бесікті де, оның жасауын да қыздың анасы жасап, күйеу баласының шаңырағына алып барады. Бесік алып бару салты бойынша, қыздың анасы бесік, оның жасауымен бірге китін, Бесік тойы дастарханына қойылатын тәттілерді, т.б алып баруға тиісті. Ол китке тоғыз түрлі заттар салынады. Бұл тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттарға дейін кіреді. Бесік туралы айтқанда, қазақ халқының бесікке салу ырымы жайлы айтпай кетуге болмайды. Себебі, ата-бабаларымызға кез келген салт-дәстүр мағыналы болған. Бесік тойда көрші-көлем, туған-туыстар жиналып бесікке салу дәстүрін орындайды. Құдағилар алып келген бесігін ортаға қояды, жиналғандарға оны өздерінің әкелгендіктерін айтады. Беті жабық тұрған бесікті ашар алдында сол үйдегі келіндер көрімдік сұрап, бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Осы тойға жиналғандар оған байғазыларын ұстатады, кит үйлестіреді. Үй иелері бесік әкелген құдағиларына сый-сияпат жасайды. Алып келген тәттілер, ұсақ ақшалай сыйлықтар тыштырма ырымын жасау үшін араластырылып, арнайы ыдысқа салынады. Міне, осылай Бесік тойы басталады.
Қазақ халқында баланы бесікке бөлеу үлкен той, қуаныш болып есептеліп, ырымдарға толы болады. Негізі, Бесікке салу ырымы бала дүниеге келгеніне жеті сегіз күн өткен соң барып жасалады. Бесік саларға шақырылған көрші-көлемнің, туған-туыстың әйелдері өздерінің шашуға деген кәделерін әкелуге тиісті. Баланы бесікке салу кез келген әйелге жүктелмейді. О л сол ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге немесе әйелдерге тапсырылады. Олар, ең алдымен бесіктің жабдықтарын түгелдеп алады. Олар: бесік көрпе, жөргек, қолбау, құсжастық, құстөсек, тізе бау, тізе жастықша, түбек мейет .Бесік жабдықтарын түгелдеп алысымен, оны орын-орнына қойып шығады. Одан кейін, бесікті отпен аластайды. Бесіктің жабдығын түгендеп алған кейін, оны орын-орнымен қойып шығады. Яғни, бұл дәстүр бесіктен бәле-жале, жын-шайтан, дерт қашып, жанына жоламайтын болды деген мағынада. Бесікке бөлейтін үлкен кісілер тышты ма? ырымын жасайды. Алдын- ала баланы күміс теңгеге салынған шілде суға түсіріп бала-шағалы сый-сияпатты әйел адамға бесікке бөлетеді. Шүмек салуға арналған түбектің айналасын ақ шүберекпен жауып, бесікке бөлеуші әйел тышты ма? деп сұрайды. Бала - шаға тышты деп шуласып, бесік түбіне алдын-ала салынған тәтті тағамдарды үлестіріп алып, риза болады. Содан кейін ғана сәбиді бесікке бөлейді. Сәбиді бесікке бөлеген кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақта Баланы жастан
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Пәндер