Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбек ақыны талдау


Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбек ақыны талдау.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған. Ол азық-түлікті және азық-түліктік емес бөліктерге бөлінеді. Сонымен бірге көптеген елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50 %-ға дейін тиеді. Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді. Қазақстанда 2005 жылға дейін өмір сүрген ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөлігі - 70-тің 30 %-ға ара салмағы - халық шығыстарының нақты құрылымына жауап бермеді. Халықтың әр алуан топтарына арналған тағамдық негізгі азық-түліктерді тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдауға табанды қажеттік қалыптасты. Бұл тамақтық азық-түліктерді тұтыну экономика дамуының дағдарыстық мезгілінің өзгеше ерекшеліктеріне көп нәрседе сәйкес келген қолданыстағы ең төменгі нормаларының салауатты тамақтану туралы қазіргі түсінікке, экономика дамуының қазіргі реалдарына, демографиялық жағдаяттың белгіленген үдерістеріне және негізгі тамақтық азық- түліктерімен елдің азық-түлік рыногының толықтылығы деңгейіне жауап бермейтіндігіне байланысты болып отыр. Ең төменгі күнкөрістегі азық-түліктік және азық-түліктік емес бөліктердің арасындағы ара салмақ 2006 жылдан бастап 60-тың 40%-ға ара салмағына өзгерді. Екінші өзгеріс азық-түлік себетінің құрамына қатысты болып отыр, ол толық құнды және баланстанған тамақтану жөніндегі Дүниежүзілік денсаулықты ұйымдастыру ұйымының ұсыныстарын ескере отырып кеңейтілуде. Ең алдымен азық-түліктік себеттің ассортименттік жиынтығымен, ол 20 атаудың орнына предметтердің 43 атауын кіріктіреді. Бұл тамақтанудың сөткелік тағам мөлшерін (рационды) алуан етіп түрлендіруге, айқын пайдалы қасиеттері бар жұғымды заттардың түсуін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл үшін отбасылық бюджетті айтарлықтай көбейтудің қажеті жоқ мамандар жұғымды микроэлементтер бойынша теңгерімділікке қол жетеді деп санайды. Статистика агенттігінің тамыз айындағы мәліметі бойынша, тұрғындардың азық-түлік тауарларын сатып алу шығынының құрылымы мынадай бөлініске түскен (пайыз есебімен) : ет және балық - 18, 5; сүт, майлы тағамдар мен жұмыртқа - 14, 2; жеміс-жидек пен көкөніс - 16, 8; нан өнімдері мен жарма өнімдері - 7, 9%; қант, шәй және дәмдеуіштер - 2, 6. Осы бөліністі одан әрі жалғастырып, күнкөріс минимумының мөлшерін тұрғындардың әртүрлі жас-жыныстық топтарына қарай бөлшектеп көрсетсек, ол мынадай көрініске ие болады (теңге есебімен) : 0-13 жастардағы балалар - 12 908; 14-17 жастардағы жасөспірімдер (ұлдар) - 18 177; 14-17 жастардағы жасөспірімдер (қыздар) - 13 880; жастары 18-ден жоғары еңбекке жарамды тұрғындар (ерлер) - 17 139; жастары 18-ден жоғары еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер) - 13 594; зейнеткерлер мен егде жастағы кісілер - 13 442. Бұдан шығатын қорытынды: біздің елімізде еңбек ететін жастағы кісілерден гөрі жасөспірімдер, әйелдерден гөрі ер кісілер күнкөріске көбірек шығынды алатын көрінеді. Осы жерде күнкөріс минимумының жылдан-жылға, айдан-айға ұлғайып келе жатқанын да айтуымыз керек. Республикада 2000 жылы оның мөлшері жан басына шаққанда 4 945 теңге болған екен. Келесі 2001 жылы 5 655 теңгеге көтерілді. Содан кейінгі 2002-2004 жылдары ол 6 мың теңгенің (6 003, 6 457, 6 785) ауқымынан шыға алмай қойды. Алайда, аздап болса да өсім бар екені байқалды. Ал 2005 жылы 7 618 теңге болып, келесі мыңдықтың белесінен асқан мөлшер 2006 жылы 8 410 теңгеге табан тіреді. Содан соңғы 2007 жылы минимум мезіреті 9 653 теңгеге тұрақтады. Сосын келесі 2008 жылы бірден 3 мың теңгеге жуық өсім жасалды да, ол сол деңгейде екі жылдай тұрып қалды. Әдепкіде 12 364 теңге болған көрсеткіш 2009 жылы болар-болмас қана үлес алып, 12 660 теңге тарапынан аса алмады. Сондықтан биылғы өсімді тағы бір сілкініс ретінде қабылдауға әбден болады. Әлбетте, дәл қазіргі 14 587 теңге мөлшері де бірден бола салған жоқ. Бұл үшін биылғы 2010 жылдың басында, қаңтар айында күнкөріс минимумының 12 141 теңге болып тұрғанын айтсақ та жеткілікті. Сол тұста тіпті соның алдындағы жылдан төмен қарай құлдырап кету үрдісі де байқалған еді. Тек ақпан айында ғана 12 438 мың теңгеге қайта көтеріліп, 2008 жылдың деңгейінен аса алдық. Ал наурызда 12 713 теңгемен былтырғы мөлшерден озуға айналдық. Расында бұл өрлеудің басы болды. Соның нәтижесінде сәуір айында - 12 891, мамырда - 13 073, маусымда 13 965 теңге өлшемдерінен өттік. Бірақ шілде айы тағы төмен түсудің түрін танытты - бұл кезде көрсеткіш 13 743 теңге болып шыға келді.
Әдетте күнкөріс минимумын анықтау үш мақсат үшін жасалады. Ол арқылы біз, біріншіден, тіршілік ету жағдайының бағасын біліп, кедейліктің соңғы шегін анықтаймыз, екіншіден, әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындап алып, тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырамыз, үшіншіден, бекітілетін ең төменгі айлық жалақының, зейнетақының, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерін негіздеп аламыз. Ал ең төменгі айлық жалақы мен ең төменгі зейнетақының көлемі жыл сайын оларды күнкөріс минимумының мөлшеріне дейін сатылап жеткізу ұстанымы ескеріле келе, сол кездегі күнкөріс минимумының негізінде заң актілерімен бекітіліп отырады.
Мұның арғы жағында ең төменгі тұтыным қоржынының мөлшері де анықталып шығады. Еліміздің 1999 жылғы 16 қарашада қабылданған “Күнкөріс минимумы туралы” заңы Қазақстандағы ең төменгі тұтыным қоржынын белгілеу мен пайдаланудың құқықтық базасын бекітіп береді. Ең төменгі тұтыным қоржыны (кейде “себет” деп де айтылады) күнкөріс минимумының мөлшерін белгілеу үшін тағайындалады. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет түрлеріне кететін шығындардан құралады. Ал азық-түлік себетінің құнын және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет шығындарын анықтау тәртібін “Күнкөріс минимумының мөлшерін есептеу ережелері” белгілейді. Азық-түлік қоржынын денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы физиологиялық нормасын анықтап берген азық-түлік тағамдарының ғылыми негіздемесі бойынша статистикалық орган есептеп шығарады. Ол тұрғындардың әртүрлі жас-жыныстық топтары үшін белгіленген азық-түлік қоржынына кіретін азық-түліктік тұтыным тағамдарының ғылыми негізделген физиологиялық нормасын ағымдағы айдың ортасында республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстар мен аудандар орталықтарындағы бөлшек сауда жүйесінің көрнекті нысандарында тіркелген орта бағаға көбейту арқылы жасалады. Ал азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер шығындарының құны ең төменгі азық-түлік себетінің құнын Үкімет белгілеп берген тәртіппен алынған азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерінің ең төменгі шығындар үлесіне ұлғайту жолымен анықталады.
Осы ретте Статистика агенттігі есептеп шығарған еліміз тұрғындарының негізгі азық-түлік тағамдарының ең төменгі тұтыным нормаларына да көз жүгіртіп өткеннің артықтығы болмас. Бұл тізімге қарасақ, республиканың азық-түлік қоржынының дәл қазіргі жылға есептелген құрылымы алдан шығады. Онда бізде ең төменгі мөлшер бойынша тұрғындардың жылына 13 кило ұн, 70, 07 кило бидай ұнымен байытылған нан, 4, 4 кило макарон өнімдерін, 8, 5 кило күріш, 2 кило қарақұмық, 95 кило картоп, 25 кило ақ жапырақты капуста, 20 кило сәбіз, 20 кило пияз, 10 кило бақша өнімдерін (қарбыз), 25 кило алма, 4, 5 кило жүзім, 18 кило қант, 15 кило сиыр еті, 6, 3 кило қой еті, 5 кило құс еті, 3, 2 жылқы еті, сары май 4, 4 кило, 7 литр күнбағыс майы, 84, 5 литр сүт тұтынатыны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жалақы қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына қарай төленедi, сондай-ақ ол өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді қамтиды.
Сонымен қатар, Кодексте қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер көзделген, олар:
• айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
• Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн;
• еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;
• үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;
• мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;
• түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;
• жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;
• жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;
• жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz