Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық Факультеті «Ветеринарлық Медицина» Кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау

Орындаған: Ахмадиева А. Ж.

Тексерген: Жайлаубаева А. Р.

Тобы: ВМ - 401.

Семей, 2015 жыл.

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Эндемиялық аурулар немесе жергілікті аурулар - шектеулі аумақта көп уақыт тұратын, сол жердің табиғи және әлеуметтік жағдайларына байланысты адамдарда байқалатын ауру түрі. Жергілікті ауру тұрақты жергілікті жұқпалы ауру көздерімен, яғни жергілікті табиғи ауру ошақтарымен (оба, т. б) немесе жұқпалы емес ауру көздерімен - эндемиялық зоб (ішетін суда, тамақта йодтың жетіспеуінен), флюороз (топырақта, суда фтордың артық болуы), тіс кариесі (суда, тамақта фтордың жетіспеуінен), т. б. байланысты.

Малдың эндемиялық ауруы-малдәрігерлік және экологиялық күрделі мәселе. Бүл геохимиялық энзоотияны мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз бұрыннан аңғарып білген, ал оның ғылыми тұжырымы кейінгі елу жылда айқындалып келеді. Олар сыртқы ортадағы агробиоценозбен ландшафтағы геохимиялық жағдайлардың тепе-теңдігінің бұзылуынан, химиялық элементтердің биотикалық айналымының бұзылуынан туады. Бұл құбылысын зерттейтін ғылымды биогеохимия деп атайды.

Эндемия (грек. endon - ішкі және demos - аумақ, ел) - тиісті әлеуметтік және табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақтағы адамдар арасында жұқпалы аурудың қалыптасқан тұрақты түрі. Эндемияиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш (микроб) пен ие (адамдар мен жануарлар) арасындағы әрекеттестік көптеген сыртқы көріністермен сипатталады; процестің саны мен сапасының өзгеруіне ішкі реттелу механизмінің тікелей ықпалымен қатар, әлеуметтік-табиғи факторлар әсер етеді. Олар осы процестің білінуін, сандық тұрғыдан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, жылдық, т. б. ) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Экологиялық - аумағы шектелген жердегі тұрғындар арасында ұзақ уақыт бойы тіркеліп отыратын, бірден бұрқ етіп көбеймейтін жұқпалы аурулардың таралуы болып табылады. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зооноздық (малдардан жұғатын) инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың (адамдардан жұғатын) таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі (мыс., тырысқақ) . Ал безгек індеті көбінесе осы аурудың қоздырғышын адамдарды шаққанда жұқтыратын маса түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы климаты бар жерлерде жиі кездесетіні белгілі. Эндемилық ауруларға қарсы тиісті шаралар дер кезінде жүргізілмесе, көптеген елді мекендерді қамтитын эпидемияға (қ. Індет) айналып кетуі мүмкін.

Негізгі бөлім.

Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау.

Эндемиялық (гректің еndemos - жергілікті) аурулар геохимиялық лық энзоотияға жатады. Олар аумақтық биогеохимиялық ерекшелігіне сәйкес мал басын шалдықтырады.

Өсімдіктің (эпифитогия), малдың (эпизоотия) және адамның (эпидемия) эндемикалық ауруы биогеохимиялық көректік тізбекке тікелей байланысты. Геохимиялық эпифитомия, эпизоотия жөне эпидемия жер шарында кеңінен тараған, ол қоршаған ортадағы химиялық элементтердің мөлшерінің жетіспеуіне немесе шектен тыс болуынан туындайды. Сол ерекшелігіне байланысты түрлі биогеохимиялық аймақтарды ерекшелендіреді.

Малдың эндемиялық ауруы-малдәрігерлік және экологиялық күрделі мәселе. Бүл геохимиялық энзоотияны мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз бұрыннан аңғарып білген, ал оның ғылыми тұжырымы кейінгі елу жылда айқындалып келеді. Олар сыртқы ортадағы агробиоценозбен ландшафтағы геохимиялық жағдайлардың тепе-теңдігінің бұзылуынан, химиялық элементтердің биотикалық айналымының бұзылуынан туады. Бұл құбылысын зерттейтін ғылымды биогеохимия деп атайды.

Биогеохимия-табиғаттағы жанды және жансыз дүние арасындағы химиялық байланысты, макро-микроэлементтердің биогендік алмасуын, олардың мөлшері мен таралуын зерттейтін ғылым.

Қоршаған ортада макро-микроэлементтер жетіспесе немесе шектен тыс көп болса онда малдың өнімділігі, өсіп-өнуі, сыртқы күшке қарсы түру қабілеті төмендейді. Демек, олар орғанизмге зат алмасуына жәйлі шек аралығында болуы тиіс, шектен шығып, оған кедергі туғызатын деңгейін мәліметті фактор дейді.

Лимитті фактор дегеніміз организмге кері әсерін тигізбейтін қоршаған орталық құрамдас бөлігінің шегі. Егер организмге кезекті элемент шектен тыс аз болса, онда оның жетіспеуі, ал шектен тыс көп болса, онда оның артықшылығы. Бүгінгі күнде мал организмінде 80-нен астам минералды элементтер анықталған, олар әр түрлі мөлшерде жиналған, оның ішінде денсаулыққа күшті ықпал ететін биогенді микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, йод, марганец, кобальт, молибден, селен, никель, қалайы, фтор, ванадий, сифонций, хром т. б. жатады.

Олар организмдегі барлық ағзалар мен ұлпалардың құрамында болады, ал оның ішінде бауыр, көк бауыр (талақ) сүйек, бүйрек, тері ұйқы безінде көп шоғырланады. Биогенді микроэлементтер, ферментгер, витаминдер, гормондар құрамында торша қан лимфа, ұлпа сүйықтарының құрамында болады.

Жаңа туған қозыдардағы зоб ауруы. 8 айлық бұзаудағы зоб ауруы.

Мал организміне микроэлементтер негізінен өсімдік және азықпен енеді. Су арқылы кей элементтің 1-10% дейіні қанағаттандырылады. Мал азығы құрамындағы микроэлементтердің мөлшері жергілікті жердің геохимиялық жағдайына және азықтың түрі мен санына, сапасына тікелей байланысты. Микроэлементтердің белгілі бір мөлшері мал ағзаларында қор болып сақталып, шектен тыс артығы зәр, нәжіс, өнім арқылы сыртқа бөлініп отырады.

Иттегі зоб ауруы.

Микроэлементтердің белгілі бір мөлшері мал организміне биогендік әсер етеді, ал жетіспесе немесе шектен тыс артық болса, оңда малдың өсімталдығы, өніп-өсіп жетілуі, ауруға қарсы тұру қабілеті нашарлап, әр элементке тән ауруға шалдығады, яғни эндемиялық аурумен ауырады.

Демек эндемиялық аурулар, биогеохимиялық жағдайдың, экологиялық жүйенің, биогециоздың бұзылуының салдары ретінде қаралуға тиіс. Ол жергілікті топырақ, ауаның, өсімдіктермен жануарлардың минералдық алмасуына әсерін анықталды.

Табиғи геохимиялық анатомия эндемиялық аурудың болуына себепкер, яғни биосфераның геохимиясы әр түрлі, ол жер кыртысына, өсімдігіне байланысты.

Топырақтың түріне қарай химиялық элементтердің мөлшері бірнеше есе өзгереді, орман, тоғай, нулы, құрғақ және шөлді аймақтардың топырағы мен өсімдігінің кұрамы әртүрлі әр қилы болады. Биосфераның геохимиялық ерекшелігіне аңдар, кұстар мен жануарлар бейімделіп өседі. Бір-ақ соның ішінде белгілі бір тобы немесе түрлі эидемиялық ауруға шалдыққыш болады, оған соңғы кезде антропологиялық яғни, адам қатынасымен туындаған жағдайлар күшті ықпал етеді. Оны антроаномия немесе неоаномия, яғни адамның әсер етуінен макро-микроэлементердің биотикалық алмасуынын бұзылуынан туындайтын геохимиялық аномалия дейді.

Антропогенді геохимиялық аномалия пайда болуы және осыған байланысты эндемиялық аурулардың шыығуы азот, фосфор, калий, йод, мыс және басқа микроэлементтердің айналуының бұзылуының салдарынан.

Егер азот құрамдас химиялық заттың алмасу айналымы бұзылса ақ заттың алмасуы бұзылып, малдың өсіп-өнуі, өсімталдығы, өнімділігі төмендейді. Сондай-ақ жүректің соғысы әлсіреп, баяулайды, жүрек сазып, тыныс алу, үлкен қарынның жиырылуы және рефлекстер әлсіреп, олардың қызметі бұзылады.

Фосфордың алмасып, айналуының бұзылуынан, яғни ол жетіспесе, малдың афосфороды остеодистрофия, остеомаляция, остеопороз, остеолиз, ал фосфор шектен тыс көп болса, онда ацидозды (гиперфосфорлы) остеодистрофия байқалады.

Топырақгың құрамындағы макро-микроэлементтер өсімдіктер арқылы сыртқы ортаға көп беріледі де өзіне ол толығымен қатынайды, содан соң жерден көп өнім алу үшін азот, калий, фосфор тыңайтқыштарын шектен тыс беруінен микроэлементтер күрделі тұз түзіп, айналымға түспейді, осылардан барып, малдың арасында эндемиялық аурулар яғни акобальтоз, гипонуйремия, энзоотикалық алқым безінің ісуі (бақа тамақ) және басқа аурулар көптеп кездеседі.

Қоршаған ортаның химиялық затпен ластануының екі түрі бар, бірі-табиғи, екіншісі-антропогенді, яғни адам тіршілігіне байланысты.

Топырақ, су, ауа химиялық заттармен ластанса, осы төңіректе улану салдарынан эндемиялық аурулар пайда болады. Мысалы: флюороз, қорғасын, молибден, никель, калий және баска химиялық заттармен улану.

Биогеоценоз жағдайының өзгеруінен пайда болатын малдың жаппай ауруы зерттелініп тексеріледі, олар биогеоценоздың және оның құрамдас бөліктерінің бұзылуынан туындайды. Биогеохимиялық энзоотияны, оның ішінде эндемиялық ауруларды, биогеоценотикалық тәсілмен анықтау үшін:

  • малға, оның ағзалары, ұлпалары, торшалары, субторшалық құрамдарына;
  • популяцияға (үйір, отар, табын) ;
  • биогеоценозға (экологиялық, жүйе, ланшафт) баға беруіміз керек. Эндемиялық аурулардың симптоматологиясы әр алуан болады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемиялық аурулардың белгілері әдетте жалпылама келеді, қондылығының, өнімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар. Оларды биохимиялық зерттеудегі мағлұматтармен толықтыра отырып ауруларды жіктей аламыз. Қалыпты жағдайдағы мал организмінің биохимиялық көрсеткішгері жануарлардың орта жағдайларына, түрлік ерекшелеіктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Қорытынды. Қорытындылай келе, эндемиялық аурулар, биогеохимиялық жағдайдың, экологиялық жүйенің, биогециоздың бұзылуының салдары ретінде қаралуға тиіс. Ол жергілікті топырақ, ауаның, өсімдіктермен жануарлардың минералдық алмасуына әсерін анықталды. Қоршаған ортада макро-микроэлементтер жетіспесе немесе шектен тыс көп болса онда малдың өнімділігі, өсіп-өнуі, сыртқы күшке қарсы тұру қабілеті төмендейді. Демек, олар орғанизмге зат алмасуына жәйлі шек аралығында болуы тиіс, шектен шығып, оған кедергі туғызатын деңгейін мәліметті фактор дейді. Лимитті фактор дегеніміз организмге кері әсерін тигізбейтін қоршаған орталық құрамдас бөлігінің шегі. Егер организмге кезекті элемент шектен тыс аз болса, онда оның жетіспеуі, ал шектен тыс көп болса, онда оның артықшылығы. Бүгінгі күнде мал организмінде 80-нен астам минералды элементтер анықталған, олар әр түрлі мөлшерде жиналған, оның ішінде денсаулыққа күшті ықпал ететін биогенді микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, йод, марганец, кобальт, молибден, селен, никель, қалайы, фтор, ванадий, сифонций, хром т. б. жатады. Эндемиялық аурулардың симптоматологиясы әр алуан болады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемиялық аурулардың белгілері әдетте жалпылама келеді, қондылығының, өнімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар. Пайдаланылған әдебиеттер:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Биология концепциясының деңгейлері
Жұқпалы ауруларды анықтаудың және алдын-алудың жалпы принципі
Оба тектес қоздырғышы
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Йод тапшылығы мәселесінде мейіргерлердің кәсіби маңыздылығын анықтау
Диффузды зоб - біртекті құрылымы бар қалқанша безінің кеңеюі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz