Балалардың жас және дара ерекшеліктерін оларды тәрбиелеу үрдісінде есепке алу


Балалардың жас және дара ерекшеліктерін оларды тәрбиелеу үрдісінде есепке алу
Мазмұны
Кіріспе. . . 3
1 ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ7
1. 1 Тәрбие мендамытудың теориялық және әдіснамалықнегіздері7
1. 2 Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері17
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІГІН ЕСКЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН, ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ25
2. 1 Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері25
2. 2 Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың маңызы30
2. 3Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін бағалау әдістері мен тәсілдері37
Қорытынды43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырда, жаңа мыңжылдыққа өткен құндылықтар туралы айтты: «Біз өзіміздің болашағымызды және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Міне сондықтан еліміздің даму бағыты айқындалған уақытта білім берудің маңыздылығы мен оның мәнділігіне көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуде нақты міндеттер қойылып, болашақтағы атқарылар іс-шаралар айшықталуы қажет. Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды»-деген болатын.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу - мақсаттың бірі болып отыр. [1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.
Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде :
- Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.
- Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңарту
- Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру
- Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет.
Сабақ-оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы - бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру сапасын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұңдай дәстүрсіз түрлсрі көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компыотерлік сабақтарын жатқызуға болады. [2]
Бірақ, жоғарыда аталғап сабақтың дәстүрлі емес түрлсрі - оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданалатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) -сабақтың элементтерінен қарау керек.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторийлер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, консультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін "Өздігінен білім алу мектебі" т. б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы және т. б. осы аталған сабақтардың әрқайсысын тиімді пайдалану арқылы оқушыларға тәрбие беруге болады.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибешіл мұғалімдердің осы талаптарға сай әр-түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалыктарын іс-тәжірибесінен байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде. [4]
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде, әсіресе «Қазақстан мектебі» журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. И. Ильин т. б. ) белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмысқа тарата және қызықтыра білетін педагогикалық құралы-балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді. [2]
Зерттеудің мақсаты : Тәрбиелеуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды ұйымдастырудың формаларын пайдалану әдістемесіне талдама жасау;
Зерттеу міндеттері:
- оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері;
- Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктерін анықтау;
- оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін анықтаудағы педагогикалық бағалау түрлері;
- оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып оқушылардың білімін тексеру мен бағалау;
- оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескеру арқылы білімін бағалау әдістері мен тәсілдерін зерттеу;
Зерттеу нысаны : Тәрбиелеуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие үрдісі;
Зерттеу әдістері:
- педагогикалық зерделеу;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық талдау, салыстыру;
- мұғалімдермен әңгімелесу;
- оқушылармен пікірлесу;
- ата-аналармен кеңесу;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
1 ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Тәрбие мен дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К. Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я. А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И. Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К. Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
П. П. Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А. С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В. А. Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы. Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні - еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М. Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден . ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі.
Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т. б. ) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т. б. ) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады. Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.
Тәрбиенің принциптпері
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz