Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау Дарындылық мәселесіне теориялық сипаттама.
1.1 Қабілеттілік, дарындылық ұғымдарына анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Адам қабілеттері жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Тума дарындылық тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Қиял дарын компоненттерінің бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ тарау Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері.
2.1 Дарынды балалардың типтері, психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... .18
2.2 Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы отандық
және дүниежүзілік жұмыс тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Дарынды балаларды оқытудағы мұғалімнің атқаратын рөлі ... ... ... ... ..24
2.4 Әлеуметтік педагог және оның дарынды балалармен жұмысы ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Тақырыптың өзектілігі: Қазір қоғамымызда сапалы өзгерістер болып жатыр. Егеменді тізгініміз бен ұлттық рух қасиетімізді қастерлейтін, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, яғни шығармашылық ойлау қабілеті бар, өндіріс және әлеуметтік өмірімізге жаңа идеялар, ойлар тудыра алатын, болашаққа үлес қосып, мақсатқа жетуде қиыншылықтарға төзе алатын адамдар ауадай қажет болып отыр. Олай болатын болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақыл-ойлы оқушы жастарымыздың шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындады. Осы жағдайды ескере отырып Елбасымыз дарынды балалар мәселесіне Республика бойынша ерекше көңіл бөлуін қадағалады.
1. Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы
2. Әбіш Кекілбаев Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры.
//Тәрбие құралы №1-2, 2002.; 3-бет.
3. Мүрсәлімова Маржан Дарынды балалармен жұмыс.
//Қазақстан мектебі №6, 2004.; 34-36 беттер.
4. Айгүл Айтбаева «Дарынды бала» мәселелері.
//Ұлағат №3, 2005.; 90-95 беттер
5. Дұрымбаева Гүлнұр Мектеп гимназиядағы тәрбие бағыттары.
//Тәрбие құралы №3, 2005.; 12-13 беттер.
6. Р.Омарова Дарынды бала және әлеуметтік орта.
//Тәрбие құралы №5, 2005.; 11-12 беттер.
7. Б.Мұқанова Сыныптағы дарынды оқушыны таңдау, олармен
жүргізілетін жұмыстың түрлері.
//Открытая школа №5, 2005.; 37-38 беттер.
8. Қ.Жарықбаев Психология. Алматы, 1996.;
9. Айгүл Қадысқызы Дарынды бала – киелі бала
//Қазақстан мектебі №4, 2004.; 58-60 беттер.
10. Бап-Баба Сәбет Жалпы психология Алматы, Дарын 2003.
11. Одаренные дети. / Сборник. Перевод с англ. М., 1991.
12. Моляко В. А. Проблемы психологии творчества и разработка подхода к изучению одаренности. // Вопросы психологии, № 5, 1994.
13. Юнг К.Г. Конфликты детской души. М.: Канон 1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау Дарындылық мәселесіне теориялық сипаттама.
1.1 Қабілеттілік, дарындылық ұғымдарына
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.2 Адам қабілеттері жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері

ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.3 Тума дарындылық
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4

1.4 Қиял дарын компоненттерінің
бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ІІ тарау Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері.

2.1 Дарынды балалардың типтері, психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... .18

2.2 Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы отандық

және дүниежүзілік жұмыс
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..23

2.3 Дарынды балаларды оқытудағы мұғалімнің атқаратын
рөлі ... ... ... ... ..24

2.4 Әлеуметтік педагог және оның дарынды балалармен
жұмысы ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.35

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазір қоғамымызда сапалы өзгерістер болып
жатыр. Егеменді тізгініміз бен ұлттық рух қасиетімізді қастерлейтін, жаңа
технологиялармен жұмыс істей алатын, яғни шығармашылық ойлау қабілеті
бар, өндіріс және әлеуметтік өмірімізге жаңа идеялар, ойлар тудыра алатын,
болашаққа үлес қосып, мақсатқа жетуде қиыншылықтарға төзе алатын адамдар
ауадай қажет болып отыр. Олай болатын болса, алға қойылған мақсаттарды
орындау үшін еліміздегі ақыл-ойлы оқушы жастарымыздың шығармашылық
потенциалын жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындады. Осы жағдайды
ескере отырып Елбасымыз дарынды балалар мәселесіне Республика бойынша
ерекше көңіл бөлуін қадағалады. Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарға жолдауында Ғасырдағы
экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күші - адамдар,
олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі деген. Елбасымыздың 1996 жылы 24
мамырда Дарынды балаларға арнаулы мектептер ашу, оларды дамыту және оларға
мемлекеттік көмек көрсету қаулысы бойынша Білім беру, Денсаулық және
Мәдениет Министрлігі дарынды балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесін
қадағалау, ғылыми методикалық зерттеу бағдарламасы жасалды. 1998 жылы
Елбасының №236 Дарынды балаларды қолдау және арнайы мектеп ашу қаулысы
бойынша Республикалық ғылыми-практикалық Дарын орталығы ашылды және
мемлекетіміздің Білім Беру Заңы мен Елбасымыздың 2030 бағдарламасында да
бұл мәселені қолдап дамытуға ерекше мән берілген. [1]
Жоғарыда атап өтілген елбасымыздың қаулылары өз күшіне енген күннен
бастап, мемлекетімізде дарынды балалармен жұмыс істеуде ұйымдастырушы-
педагогикалық тәжірибе біршама қалыптасты деуімізге болады. Қазақстан
Республикасының жаңа Білім туралы заңы 1999 жылдан бастап іс жүзіне аса
бастады. Осы заңға ең алғаш рет мемлекеттік саясат негізіне Жеке адамның
білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту керектілігі көрсетілген
және сол сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Білім беру заңының 18-ші
бабына сәйкес Дарын мектебінің оқушыларын қолдауды мақсат еткен
мемлекеттік бағдарлама жасалған еді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
екі кезең бойынша өту керектігін атап көрсетілген. Біріншісі -1998-2000
жылдар, екіншісі - 2001-2005 жылдар аралығы. Осыған байланысты көп жылдар
бойы мемлекеттік мектеп-интернаттар, физикалық-математикалық сыныптар мен
мектептер, әртүрлі лицейлер, гимназиялар, тағы басқа көптеген оқыту
комплекстері өз жұмыстарын табысты атқаруда. Олардың ішінде Дарын мектебі
өз жұмысын тиянақты қадағалауда. Жалпы бұл бағдарламаның мақсаты: Дарынды
балаларды анықтау, тәрбиелеу жүйесін бір қалыпқа келтіру; Талантты жастар
мен дарынды балалардың аяққа нық тұруына әлеуметтік-мәдени жәрдем жасау;
елдің интеллектуалды потенциалын әрі қарай күшейтіп дамыту және оны
үздіксіз бір процеске келтіру. Бұл бағдарламаның басты міндеттеріне
келетін болсақ: дарынды балаларды анықтап, оларды тәрбиелеу ісін қадағалау
үшін белгілі бір құқықтық орталық және бұл істі дамытуды көздейтін
ұйымдастырушылық орталық құру керектігі; әлеуметтік-психологиялық
педагогикалық жәрдем жасауда әртүрлі ғылыми-әдістемелік нұсқаулар енгізу;
дарынды, талантты балалармен жұмыс істейтін арнайы мұғалімдер даярлау;
білім беруге жаңа технологиялар енгізу (internet, telekom, видео-аудио
жабдықтар т.б.) әртүрлі олимпиадалар, спорт жарыстары, ғылыми практикалық
конференциялар, фестиваль мен конкурстар т.б. жасап, солардың нәтижесінде
дарынды балалар мен жастарды анықтап, таңдауға арнайы бір технология құру;
Дарынды балалар мәселесі бойынша әртүрлі елдермен информация алмасу
бағдарламасын құру қажеттілігі туып отыр.
Өкінішке орай, қазір бұл салада оқулықтар, әдістемелер өте аз,
әсіресе қазақ тілінде . Мектепте дарынды балаларды диагностикалап, оқытатын
тәжірибелі мұғалімдер де аз. Мұғалімдер үшін арнайы дайындықтар
ұйымдастырылмайды.
Күнделікті өмір пікірінде дарынды балалар үлкендердің көмегін, басты
көңілі мен басшылығын қажет етпейді. Бірақ жеке ерекшеліктерге байланысты
мұндай балалар тәртіп пен ойлау қабілеттілік қызметінің бағасына сезімтал,
олар сенсор стимулдарға қабылдағыш және байланыс пен қатынасты жақсы
түсінеді. Дарынды бала тек өзін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны да
сынайды. Сондықтан дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздар, сынға
шыдамды болуға тиісті. Талантты балалар өзіне арналған байқауларды,
қоршаған ортаның қабылдаудың жағымсыз түрінде түсінеді. Сондай бала
алаңдатушы, орынықсыз ретінде көрінеді. Олар стандартты талаптарды
қабылдамайды (бәрі тегіс бірдей), оларға конформис болу қиын, әсіресе егер
нормалар мен ережелер олардың назарымен сай келмесе және мәнсіз көрінеді.
Дарынды балалар үшін, осылай қабылданған, дәлелмен келмейді.
Дарынды балалар өздеріне өте қатал, өздерінің алдына жиі сол кезде
іске аспай қалатын мақсаттарды қояды да эмоционалдық бұзушылыққа келеді.
Мұндай балалар қабілеттілік даму жоспарынан төмен тұрған балаларға
шыдамсыздықпен қарайды. Осындай және басқа ерекшеліктер, олар
мақұлданбаған жағдайда қалғанда, олардың әлеуметтік статусына әсер
етеді,. Осыған байланысты міндетті түрде сол позицияларды өзгертуге ұмтылу
керек, ол ең алдымен педагогтардың дайындауымен байланысты.
Қазіргі әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген мақалалар мен
жариялаулар шығуда. Қазіргі кезде ақпараттардың әрбір бес жылдықта ауысып
жатқан кезде , олар, шынында, мұғалімдер мен дарынды балалардың ата-
аналарында пайда болып жатқан психологиялық мәселелер теңізінде бір-ақ
тамшы. Қазіргі оқушылардың өз естеріне кішкене тосқауыл жасамаса, олардың
жас психикасы мұндай ауыртпалықтарды көтере алмайды. Осыдан барып
эмоционалдық олқылықтар, жабыраңқылық пайда болады. Ұқыпшылық пен
ойландыратын қарым-қатынасты талап ететін шығармашылық потенциалының дамуы
жөнінде бұл жерде енді сөз айту керек емес, білімнің саны мен сапасына
үзілмейтін жарыс жүріп жатады.
Осыған байланысты белгілі психолог, психология ғылымының докторы
Н.Лейтестің жұмыстарын атап айтуға болады. Оның дарынды балалардың
психикасын зерттеу жұмыстары орыс психологиясында ерекше орын алады.
Поддьяков Н.Н., Узнадзе Д.Н., А.В.Запорожец, А.Матюшкин кіші сыныптағы
балалардың шығармашылық дамудың көптеген психологиялық принциптерін
қозғады.
В.А.Моляко теоретик ретінде үлкен жұмысты атқарды. Ол психологияның
шығармашылық мәселелерін терең зерттеді. Әсіресе оның дарындыны зерттеуге
арналған өндеуі өте бағалы, онда ол осы психологиялық құбылысты толық
жүйелендірді.
Батыс психологтармен де Дж.Гилфорд, Э.Де Боно, Дж.Галлаир,
Дж.Рензулли, П.Торренс көптеген психологиялық модельдері жетілдірілді.
Дегенмен осы авторлардың еңбектерін пайдалануға мүмкіншілік шектеулі.
Сондықтан осы сұрақты зерттегенде Б.М.Теплов, С.Л.Рубенштейн сияқты орыс,
кеңес психологтарына сүйенуге келеді.
Дарынды, данышпан адамдардың физиология облысында қызықты зерттеулерін
биология ғылымының докторы, профессор В.П.Эфроимсон өткізді. Кез-келген
құбылыстың механикасын білу оның көріністері туралы нақты жоруға болады.
Екі ізбен бір жол салайық демекші өз халқымыздың асыл қасиеттерімен
біріктіре шетел ғалымдарының іс-тәжірибелері бір жүйеге келтіріп дарынды
балалар туралы өз пікірлерін ортаға салып жүрген аға-апаларымыз да
жетерлік. Мысалы: Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, С.Қалиев,
С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев, Республикалық ғылыми-практикалық Дарын
орталығының директоры Үміт Жексенбаева т.б.
Ақыр аяғында, психология ғылымының докторы Ю.З.Гильбухтың тамаша
зерттеу жұмысын да атап айтуға болады. Ғалымдармен бірге ол, баланың жеке
көріністерін ашуға мүмкіндік беретін, дифференциалданған оқыту жүйесін
жетілдірді.
Зерттеудің мақсаты: Дарынды балалармен жұмыстың стратегиялық жоспарын
анықтау;
Зерттеу міндеттері:
• Дарынды балалармен оқытуды ұйымдастырудың формалары, мәні, мазмұны
және түрлері;
• Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған
ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету
• Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу нысаны: Тәрбиелеуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін
ескере отырып тәрбие үрдісі;
Зерттеу әдістері:
- педагогикалық зерделеу;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық талдау, салыстыру;
- Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау.

1 Дарындылық мәселесінің теориялық мінездемесі.
1.1 Қабілеттілік, дарындылық ұғымдардың анықтамасы.
Қабілеттілік пен дарындылықтың даму мәселелері біз салған мазмұнымен
анықталады.
Қабілеттілік пен дарындылық ұғымдары айқындауда маңызды қиындықтар,
осы терминдердің көпшілік қабылданған, тұрмыстық түсінуімен байланысты.
Егер біз түсіндірме сөздіктерге назар аударсақ, онда қабілетті,
дарынды, талантты терминдер өте жиі синонимдер ретінде қолданылады.
Бірақ тағы маңызды айтып кететін жайт талантты ұғымымен адамның табиғи
көрсеткіштері анықталады. Дәл осылай, В.Дальдың түсіндірме сөздігінде
қабілетті термині бірдемеге жарамды немесе бейімді, епті, жарамды,
ыңғайлы деп анықталады.
Талант түсінігін анықтауында оның туа біткен сипаты көрсетіледі.
Талант бірдемеге дарынды, ал дарындылық құдаймен берілген қабілет ретінде
анықталады. Басқаша айтқанда, талант - бұл құдаймен берілген, тіршілікте
үлкен жетістіктерге жетуіне қамтамасыз ететін, туа біткен қабілеттіліктер.
Шетел сөздігінде талант (гр.talanton) – аса туа біткен сапа, ерекше
табиғи қабілет деп делінген. Дарындылық таланттың жағдайы, талант
дәрежесінің білдіруі ретінде қарастырылады. Дарындылық, жекелеген түсінік
ретінде, В.Даль мен С.И.Ожеговтың сөздіктерінде, Кеңестік энциклопедиялық
сөздігінде және шетел түсіндірме сөздігінде кездеспейді.
Айтылғаннан қорытынды жасауға болады, қабілеттілік, бір жағынан,
дарындылық және талант, басқа жағынан әртүрлі негіздермен ерекшелінеді.
Қабілеттілік туралы айта келе, адамның не істеу керек мүмкіндігі
көрсетіледі, ал талант туралы айта келе (дарындылық) адамның туа біткен
мінезіне берілген қасиеті (қабілеттілік) көрсетіледі. Сонымен қатар,
дарындылық та, қабілеттілік те сәтті істерінде айқындалады.
Кеңестік психологияда, алдымен С.Л.Рубенштейн және Б.М.Теплов
еңбектерімен қабілеттілік, дарындылық және талант түсініктерін
біріңғай негізбен іс-әрекеттің сәттіліктерімен сұрыптау беріп байқап
көрілді. Қабілеттіліктер, қызметтің табыс мүмкіншілігі тәуелді болатын,
бір адамды басқа адамнан айыратын, жеке психологиялық ерекшеліктер ретінде,
ал дарындылық – сапалы өзіндік қабілеттіліктер, мұның да қызметтің табыс
мүмкіншілігі тәуелді болатын, үйлесімі ретінде қарастырылады.
Кейде қабілеттіліктерді туа біткен, табиғатпен берілген деп
есептейді. Дегенмен ғылыми анализдің көрсетуінше, дарын белгілері ғана туа
біткен болуы мүмкін, ал қабілеттіліктер дарын белгілерінің даму
қорытындысы болып табылады.
Дарын нышандары - бұл организмнің туа біткен анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері. Оларға ең алдымен организмнің туғанынан үлестірілген
ерекшеліктері, бас миының құрылысы, сезім және қозғалыс органдары, жүйке
жүйесінің қасиеттері жатады. Дарын нышандары өзара мүмкіндіктері мен
қабілеттіліктердің алғы шарттарын ұсынады, бірақ сол немесе басқа
қабілеттіліктерінің дамуы және пайда болуына кепілдік бермейді, алдын ала
белгілемейді. Дарын нышандары нәтижесінде туындайтын қабілеттіліктер
адамнан белгілі қабілеттерді талап ететін қызмет ықпалының процесінде
дамиды. Қызметтен тыс ешқандай қабілеттіліктер дамуы мүмкін емес. Ешбір
адам, қандай да дарын нышандарға ие болса да, ол талантты музыкант,
математик немесе суретші бола алмайды, егер ол тиісті қызметімен көп және
табанды еңбек етпесе. Бұған, дарын нышандары көп маңызды екендігі, қосу
керек..
Дарын нышандары өздері жетіліп, жаңа қасиет алады. Сондықтан, адамның
анатомиялық-физиологиялық қабілеттілік негізіне жай дарын нышандары ғана
емес, нышандардың дамуы, организмнің табиғи ерекшеліктері ғана емес,
тіршілік процесінде алған – рефлекс жүйелері негіз болады. [2]
Қабілеттіліктердің дамуына жоғары нерв қызметінің ерекшеліктері
ықпал етеді. Білімнің шапшаңдығынан және шартты рефлекс төзімділігінен
білімнің, дағдының жылдамдығы және беріктігі байланысты; ұқсас
тітіркендіргіштерге дифференциалдық тежеулердің тез қалыптасуынан –
тақырыптардың арасындағы түрлілігі мен ұқсастығы немесе өз ерекшеліктерін
шебер аулау мүмкіндігі; білімнің жеңілдігі мен шапшаңдығынан және
динамикалық стереотипті қайта жасау – жаңа жағдайларға машықтану және
қызметті орындау тәсілін бірден басқаға тез өту дайындығы дамиды.

1.2 Адам қабілеттері жеке тұлғаның психологиялық
қасиеттері ретінде.
Адам қабілеттері жеке тұлғаның психологиялық қасиеттеріне тікелей
көшейік.
Қабілеттіліктер сапасы, кеңдігі, олардың үйлестірудің өзгешелігімен
және даму дәрежесімен ерекшелінеді.
Қабілеттілік сапасы болып табылатын сәтті орындалу жағдай қызметімен
айқындалады. Адам туралы, ол қабілетті деп ғана емес, оның
қабілеттіліктерінің сапасын көрсетіп айтады. Қабілеттіліктер сапасы жағынан
математикалық, техникалық, көркем өнерлі, әдеби, музыкалық,
ұйымдастырушылық, спорттық және т.б. болып бөлінеді.
Кеңдігі бойынша жалпы және арнайы қабілеттіліктер болып ерекшелінеді.
Арнайы қабілеттіліктер қызметтің нақты бір түрін сәтті орындау үшін
қажетті. Оларға, мысалы, музыкалық есту қабілеті, музыкалық жад және
музыканттың ырғақ сезімі, суретшінің пропорциялық бағасы, мұғалімнің
педагогикалық такты болып табылады және т.б. Жалпы қабілеттіліктер
қызметтің әртүрлі түрлерін орындау үшін қажетті. Мысалы, байқағыштық
сияқты қабілеттілік, суретшіге де, жазушыға да, дәрігерге де, мұғалімге
де керек; ұйымдастырушылық қабілеттіліктер, ақыл тереңдігі мен сындығы,
жақсы көру қабілеті , шығармашылық елестету көптеген мамандықтардың
адамдарына тиісті тән болу керек. Сондықтан бұл қабілеттіліктерді жалпы деп
атауға қабылданған. Адамның ең жалпы және ең негізгі қабілеттілік
аналитико-синтетикалық қабілет болып табылады. Осының арқасында адам бөлек
заттарды немесе құбылыстарды айырып, ең негізгісін белгілейді, құбылыстың
мәнін анықтап алады, жаңа кешенде бөлінген кезеңдерді біріктіреді және
жаңадан, оригиналдық бірдеңені құрастырады.
Ешқандай жеке қабілеттілік қызметтің сәтті орындалуына жеткілікті
болмайды. Адамда, ұнамды үйлесімде болатын көптеген қабілеттіліктер болуы
керек. Қандай болмасын қызметтің табысты орындалуына қажетті
қабілеттіліктердің сапалы өзіне тән үйлестіруі дарындылық деп аталады. [3]
Әрбір қызметтің түрі үшін жетекші болып, қайнары болып табылатын
қабілеттіліктер туралы сұрақты тексеру өте маңызды. Бұл адамға
қабілеттіліктер қалыптастырудың ең айрықша әсерлі әдістерін табуға және
жалпы мәдениетін көтеруге және нәтижелі еңбек табуға көмектеседі.
Әр адамның әр түрлі шығармашылығы үшін оның жекешелігі және
ерекшелігі тән. Мұнсыз шығармашылық прогресс мүмкін емес. Сондықтан баланы
тәрбиелеу және оқыту кезінде қалыптасып келе жатқан өзіндік қабілеттеріне
және дарындылығына көз жаппай керісінше, түрлі әсер ету әдістерін қолданып,
дамыту.
Көп жылдық шығармашылық қызметтің зерттеулері, әсіресе, дарындылық
құрылымдары, белгілі авторлардың жұмыстары да, шығармашылық процесін
ұйымдастыруда және динамикасының кейбір жаңа теоретикалық жағдайларын құру
әрекеті үшін белгіленген негіздер береді.
Дарындылық – адамның белгілі бір істі орындауға бейімділігі мен
ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік.
Дарындылықтың санасы – зейінділік.
Дарындылық – сананың белгілі бір нысанға бағытталып, сол нәрсеге
шоғырлануы.
Дарындылық – қуат пен серпін беретін сиқырлы күш.
Дарындылық – даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшелену.
Дарындылық - бұл адамның генетикалық және тәжірибелі алдын ала
анықталған мүмкіншіліктерінің өмірге бейімделуі. Дарындылықтың негізгі
функциялары - әлемге, айналаға барынша бейімделуі, барлық жағдайларда
жаңа, күтпеген мәселелердің шығармашылық үйлесімді талап ететін шешімдерді
табу. [4]
Арнайы дарындылық субъект қызметінде білінген мүмкіндіктерге – пікір,
әдет, тез және нақты білімнің жүзеге асуына, мәселелерді шешу мен жоспарлау
стратегиясының іс-әрекеті арқылы байқалуымен сипатталады.
Дарындылықты мына компоненттер кіретін жүйе ретінде қарастыруға
болады :
1. Биофизиологиялық, анатомиялық - физиологиялық дарын белгілері;
2. Жоғарғы сезімталдық сипаты бар сенсорлы - перцептивті одақтар;
3. Жаңа жағдайларды бағалау және жаңа мәселелерді шешуге мүмкіндік
беретін интеллектуалдық және ойшыл мүмкіндіктері;
4. Ұзақ доминанттық бағдарларды және олардың жасанды сүйемелдеуін
анықтайтын эмоционалдық және ерік құрылымдары;
5. Жаңа бейнелерді, қиялдарды, көз алдына елестету және басқалардың толық
қатарын жасаудың жоғарғы деңгейі.
А.М.Матюшкин шығармашылық дарындылықтың келесі синтетикалық құрылымын
шығарды, оған қоса :
1) Тану дәлелінің биік рөлі;
2) Жаңаны табуда, мәселені шешудегі, шығармашылық зерттеу белсенділігі;
3) Өзіндік шешімдердің жету мүмкіншіліктері;
4) Болжау және таңдау мүмкіншіліктері;
5) Жоғарғы этикалық, адамгершілік, интеллектуалдық бағаларды қамтамасыз
ететін ізгі эталондарды жасау қабілеттіліктері;
Осымен қатар, А.М.Матюшкин шығармашылықтың пайда болуына,
шығармашылық адамның қызмет етуіне, дарындылықты, таланттылықты
шығармашылық қызмет мүмкіндіктермен міндетті түрде байланыстыруды
белгілеу деп есептейді :
Мүдделер, олардың бағыты, олардың пайда болу жүйелілігі мен жиіленуі;
Білуге құмарлық, жаңаны жасауға ұмтылу, мәселелерді іздеуге және оларды
шешуге бейімділігі;
Жаңа ақпарат меңгеруде жылдамдық, ассоциатитік массив құру;
Тұрақты салыстыруларға бейімділігі, келесі жиын үшін эталондар дайындау;
Жалпы парасаттылықтың пайда болуы – қағып алу, түсіну, бағалау тездігі мен
шешу жолын таңдау, әрекеттердің адекваттылығы;
Бөлек процесстердің эмоционалды қызуы, эмоционалды қатынасы,
субъективтік бағалауға, таңдауға сезімнің ықпал етуі;
Табандылық, мақсатқа ұмтылушылық, батылдық, еңбекқорлық, жұмыста
жүйелілік, шешімдердің батыл қабыл алуы ;
Интуитивизм-өте тез бағалауға, шешімдерге, болжаударға бейімділік;
Іскерлікпен, дағдылармен, тәсілдермен, еңбек техникасын, қолөнер шеберлігін
жылдам меңгеруі;
Жалпы және арнайы жаңа мәселелерді, міндеттерді, қиындықтан шығуды іздеу,
стандарттық емес, төтенше жағдайларды шешу кезінде жеке стратегия мен
тактика дайындау қабілеттері.
Дарындылықтың көрінісін кішкене басқаша ұсынуға болады :
1. Қызығушылықтардың және себептердің негіз болуы;
2. Қызметке эмоционалды тиелу;
3. Табысты шешіуге еріктігі ;
4. Процестен және қызмет жемісінен жалпы және эстетикалық қанағат алуы;
5. Мәселенің, міндеттің, жағдайдың мәнін түсіну;
6. Санасыз, интуитивті мәселенің шешімі (" внелогическое ");
7. Ителлектуалдық тәртіптің стратегиясы;
8. Шешімдердің көпнұсқалылығы;
9. Шешімді, бағаны, болжамды тездету;
10. Тауып алу, таңдап алу өнері( ойлап тапқыштық , тапқырлық ).
Шығармашылық іздеудің көрінісін келесі белгілермен ұсынуға болады:
реконструктивтік шығармашылық; комбинаторлық шығармашылық ; аналогия
арқылы шығармашылық.
Парасаттылықтың көрінісін : ақпараттың түсінуімен және құрылымымен;
мақсатты орнатып қоюымен; шешімдерді іздеу мен құрастыруымен; шешімдердің
болжауымен; болжамымен байқатуға болады.
Жетістіктердің деңгейін, субъект өз алдына қойған мақсаттары бойынша,
немесе жеткен жемістері бойынша, анықтауға болады, мұнда үш шартты
белгілеуге болады:
I. Жеткен жемістерден асып түсу ниеті (сделать лучше чем есть);
II. Жоғарғы класс нәтижесіне жету ;
III. Қиын міндетті іске асыру (максимум-бағдарламасын) - қиял
шекараларында.
Қызметті орындалуындағы эмоционалдық сезу жоспарында, әуестіліктің үш
түрін белгілеуге болады : шабытты (кейде эйфориялық ); сенімді ; күмәндану
.
Сонымен қатар, ұсынылған құрылым дарындылықтың әртүрлі түрлерін
суреттейді. Жалпы шығармашылық дарындылыққа жататындардың, арнайы
дарындылықтың әртүрлі түрлеріне де ғылыми, техникалық, педагогикалық
және т.с.с. тікелей қатынасы бар. [5]

1.3. Тума дарындылық тұжырымдамасы.
В.В.Клименкомен ұсынылған тума дарындылық тұжырымдамасы қызықты. Оның
айтуынша дарын нышандары (адмның сезімталдығы) қоршаған ортамен 10млрд.
сенсор каналдарының біржақты байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай
сезімталдық адам денесінің ерекше жабдықтауына жетеді: денесінен де,
сыртынан да қуатты және ақпаратты қабылдайтын рецептор; қабылдағандықты
өткізуші – кондуктор; оларды сана ақиқатына айналуын іске асыратын (немесе
іске асырмайтын - жай сақталатын) ми бөлшегі. Сонымен, адамның ішкі жан
дүниесімен қоршаған ортаның байланыс каналдары қанша, сонша адамның дарын
нышандарынан істеу қабілеттері жасалынады. Бірақ, нақты қарағанда,
қабілеттер саны, адамның оқуды және қызметті ұйымдастыруынан байланысты
болады. Мынандай жай мысалмен суреттеуге болады, адамда құлақтармен қозғай
алатын бұлшық еттер бар, бірақ бұлай мыңнан біреуі ғана істей алады,
басқаларда бұндай дарын нышаны іске асырылмаған қабілеттілік. Көбі жоғарғы
дыбыс қабілеттің жоқтығынан азап шегеді және т.б.
Сонымен, қабілеттіліктер – психиканың атқару органдарын және
табиғаттың сезімталдық моторикасын және заттық құрылымына бейнеленген
мағынасын іске асыру процесі.
Сезімталдық өнімдерінің іске асыруы үш түрлі қабілеттіліктерден
тұрады:
Өзіңді сыртқы әлемнің ішіндегі табиғаттың ойлайтын бөлшегі ретінде бейнелеу
қабілеттілігі; ( біз естиміз, көреміз, иіскейміз және т.с.с. - барлық
сезімдердің органдары осы процеске жұмыс істейді );
Сыртқы ортаны, сонымен қатар өзіңді де жобалауға қабілеттілігі(ойда,
қиялмен өзге табиғатты жасау, болжам жасау - ертең ананы, мынаны істеу);
Өз қызметінде ұмтылыстарды және адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын
заттарды жасау қабілеттілігі және үйлесім өлшеулерімен ішінен өзінді өңдеу
(ниеттердің орындалуы, нақты әрекеттерді нақты заттармен және нәрсемен
жүзеге асыруы).
Адам құрылғылардың, машиналардың, құралдардың үлкен жиындары көмегімен
бейнелеу қабілетін күшейтуді үйренді: жай көзілдіріктен бастап ғарыштық
станцияларына дейін. Бірақ та жасауға қабілеттілігі, әсіресе
шығармашылыққа әзірше ештеңемен күшеймей тұр. Психологияда сезімталдық пен
қабілеттілік адам психикасының, сананың, қызметінің дербес элементтері
ретінде зерттелінеді.
Сонымен, психологияда аналитикалық беталысқа басқа құндылықты қою
қажеттілігі туып отыр. Адамда барлығы өзара байланысты және табиғаттан
үйлесімді екендігіне келуге болады. Кез-келген қызметтің және оның
технологиясының біртұтастылығы – адам, ондағы сезімталдық, қабілеттіліктер
және механизмдер бөлінбейді. Механизм бар жерде бұл өзара мықты
байланыстағы қабілеттіліктердің бірлестігі. [6]
Адамдық психика және психомоторикасы механизмдерді құрудың санжетпес
мүмкіндіктеріне ие. Олар – белгілі сезім органына, не белгілі қабілетке
бекітілмеген жаңа құрылымдар: бұл – біртұтастылықты құрайтын бір де бір
қасиетті қабілеттер жүйесі. Бұл бір мезгілде іс қимылды атқаратын және
танитын жаңа құрылым: іс-қимыл жасай отырып адам – таниды, ал тани отырып
– іс қимылды жасайды. Механизмдер саны өте көп болуы мүмкін. Адамның жұмыс
жағдайын өзгерте отырып, біз сонымен бірге жаңа механизмдерді, жаңа әрекет
тәсілдерін құраймыз. Осындай механизмдердің бірі әрине талант(дарындылық)
болып табылады. Таланттың негізі әрекетке қабілеттілігінен тұрады, оны
мидың ерекшелігінде, дене құрылымдарында, басқа да қабілеттіліктерінде
іздеу керек жоқ. Талант – бұл бәріне белгілі міндеттерді өзінше шешетін
адам. [7]
1.4 Қиял дарын компоненттерінің бірі ретінде.
Бұл жұмыста таланттың барлық процестер мен элементтерін қамтуға
болмайды. Сондықтан біз ең қызықтысына тоқталамыз – қиялға.
Қиял – бұл мақсатсыз қиялдау қабілеті емес, параметрлердің мәнін
олардың табиғи логикасын көру қабілеті. Ол белгісіздің бейнесін белгілі
сияқты етіп оны заттық көрініске айналдырады. Сондықтан қиял - сезім мен
ойдың айнасы, ал қиялдың механизмы оларды біріктіреді, сезімдерді ойға
айналдырады, соның нәтижесінде жаңа бейне немесе белгісіз туралы белгілі
пікір пайда болады. Осының барлығы нақты емес ойда.
Адамның қиялы - оның алдағыны ойлау қабілеті және жаңа затты болашақ
күйінде қарау.
Сондықтан өткен шақ адамның әрбір өмірінің кезеңінде болашаққа деген
мақсатты бағытталуына сәйкес болуы тиіс. Егер ес (ақыл) тәжірибе
жинақтайтын орын емес, белсенділікке талаптанса, ол әрқашан болашаққа, өз
қабілеттеріне бағытталуы тиіс. Бұндай қиял әрқашан жұмыс істейді : адам
заттар мен шикізатты қиялда өзгертуге ғана емес, қиял арқылы көңілдегі
затқа қол жеткізеді. Қиялдың жұмыс істеу активизациясында таң қалу үлкен
рөл атқарады. Таң қалуды өз кезегінде : бірдеңенің жаңалығы, оны бұрын
зерттелмеген, қызықты ретінде тану, қиялдау мен ойлау сапасын, назарды
аударатын, адамның сезімдерін және оны тұтастай жаулап алатын импульс
шақырады.
Қиял сезгіштікпен бірге болашақ заттың бейнесін ғана емес, сонымен
бірге оның табиғи мөлшерін - оның құрылыс логикасын да жасай алады. Ол
жаңалықтар ашуға бастау береді, техника мен технологиялардың дамуына жаңа
жолдарын табады, адам алдындағы туатын міндеттер мен мәселелерді шешетін
жаңа тәсілдерін табады.
Қиялдың бастапқы қалпы, ақыл-ойдың белгілік-символдық функцияның
дамуымен және сюжеттік рольдік ойынның дамуымен байланысты, ерте балалық
шақтың соңында пайда болады. Бала нақты заттар мен қиялдағы жағдайларды
ауыстыруға үйренеді, ойдағы жаңа бейнелерді құрастырады. Қиялдың одан әрі
дамуы мынадай бағыттарда жүреді.
Қайта жасаушы елестету операцияларының толық жетілдіру сызығымен. Бала
бар сипаттамалар, мәтіндер мен ертегілер негізінде қиын бейнелер мен
олардың жүйелерін біртіндеп құра бастайды. Бұл бейнелердің мазмұндары
дамып, баиды. Бейнелерге жеке басының көз қарасы енгізіледі, олар жарқын,
бояулы, көтеріңкі болып сипатталады.
Бала кейбір мәнерлік тәсілдерін түсініп қана қоймай, оларды өз бетімен
қолданса, шығармашылық қиял дамиды.
Қиял жанама және қасақана түрде болады. Бала алдын ала берілген
жоспар бойынша, алдына қойылған мақсатқа және белгілі талаптарға сай
бейнелерді құрастыра бастайды, қойылған мақсаттың нәтижесінің сәйкестік
дәрежесін бақылайды. [8]
2 Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері.
2.1.Дарынды балалардың типтері, психологиялық ерекшеліктері.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз
болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі
мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы
жатады.
Біз балаға қабілетті деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан.
Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің
ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті
еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның
әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын
байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның
нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез
бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте
баяу қимылдап, сапасыз орындайды. Бұл мысалдар да бірінші адамның іске
қабілеттілігі екіншішіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде
күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың
тең емес екенін дәлелдейді. Теңдік деген адамдардың қабілеттерінің теңдігі
немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігі деп түсінеміз.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық
нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке
жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі
қабілеттің көрінуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
Пәндер