Шоттар жүйесі және екіжақты жазу


Тақырыбы: Шоттар жүйесі және екіжақты жазу
Жоспары:
- Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
- Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы
- Жинақтамалы және талдамалы есеп
Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысында қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот - бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.
Шоттардың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі - кредит деп аталады. Әрбір шотқа айдың басындағы және соңыдағы қалдықтың ( сальдоның ) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т. с. с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамымен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, « Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақшалар » шоты, « Шикізат пен материалдар » шоты, « Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар » шоты және т. б.
Активтік шоттардағы қалдықтар ( сальдо ) тек дебеттік болады.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, « Банктердің несиелері » шоты, « Резервтік капитал » шоты және т. б. Пассивтік шоттағы қалдықтар ( сальдо ) тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынандай түрге ие болады.
Активтік шот
Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебет жағы бойынша - операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша - қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.
Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынандай түрге ие болады.
Пассивтік шот
Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:
шоттың кредиттік жағы бойынша - операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.
Бухгатерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы
Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет ( екіжақты жазу әдісімен ) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әртүрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу ( бухгалтерлік жазба ) деп, ал шоттар деп аталынады.
Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана қатысады.
Алайда практика көрсеткендей, қаржы - шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен жазу қарапайым деп аталынады.
Мысалы, жеткізушіден 3 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік « Шикізат пен материалдар » шотындағы сомалар артады, сондықтан « Шикізат пен материалдар » шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан « Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу » шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынандай түрге ие болады: « Шикізат пен материалдар » шотының дебеті, « Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу » шотының кредиті - 3 теңге.
Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.
Мысалы, 5 теңге жалақы есептелген, соның ішінде негізгі өндірістің жүмысшыларына - 2 теңге.
Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:
Д-т « Негізгі өндіріс » шоты - 3 теңге
« Көмекші өндіріс » шоты - 2 теңге
К-т « Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу » шоты - 5 теңге
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.
Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда ( шоттар схемасында ) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес ( № 1 Журнал - ордер,
« Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар » шоты бойынша № 1 ведомость, № 2 журнал - ордер », « Есепке айырысу шотындағы қолма - қол ақшалар » шоты бойынша № 2 ведомость ) .
Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар көбейеді, ал екінші жағынан - оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма - қол ақшаға сатып алынған ба әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылады ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.
Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылысымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша(баланс активі) ;
Осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша ( баланс пассиві ) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.
Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.
Жинақтамалы және талдамалы есеп
Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.
Жинақтамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай екенін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы - шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т. с. с. бойынша егжей - тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.
Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.
Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.
Субшоттар тиісті жинақтамалы шоттың шегінде талдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар I реттегі шоттар, субшоттар - II реттегі шоттар, талдамалы шоттар - III, IV және т. б. реттегі шоттар болып табылады. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.
Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара байланысты, өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көздері, шаруашылық операциялары талдамалы шоттарда көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі. Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректері тиісті жинақтамалы шоттың жиынтық деректеріне тең болуға тиіс. Мысалы, « Шикізат пен материалдар » жинақтамалы шоты « Негізгі материалдар », « Көмекші материалдар » және т. с. с. талдамалы шоттарға жіктелінуі мүмкін.
Одан кейін « Негізгі материалдар » деген талдамалы шотта көрсетілген деректер жіктелініп, оған талдамалы шоттар ашылады: « Қара металдар », « Түсті металдар », « Орман материалдары » және т. с. с. Сөйтіп, кәсіпорындағы талдамалы есеп бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қажырлы еңбекті талап ететін жұмысқа жатады. Есептік деректердің жазуының дұрыстығы мен толықтығын тексеру үшін айналым ведомостері жасалады.
Айналым ведомосі - бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетілген есептік - ақпаратты жинақтаудың тәсілі. Айналым ведомосі айдың басындағы және соңындағы қалдықтар ( сальдо ) және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz