Педагогикалық шеберлік туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе

а) Білім ордасы - мектеп, мектептің жаны - мұғалім.

б) Мұғалім - қоғам айнасы.

в) Мұғалімге қойылатын талаптар.

д) Мұғалімдік қабілет талаптары.

в) Шеберлік дегеніміз не?

2. Негізгі бөлім

а) Педагогикалық шеберлігі туралы жалпы түсінік.

б) Педагогикалық шеберлік негізі.

в) Мұғалімнің шеберлігі туралы жалпы түсінік.

г) Мұғалім таланты, шеберлігі, бейімділігі.

д) Қазақстан Республикасының мұғалімдердің шеберлігін дамыту әдістері.

е) Жеке іс-тәжірибемнен сабақ жоспарлары .

3. Қорытынды.

4. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

  1. Білім ордасы - мектеп, мектептің жаны - мұғалім.

Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны - мұғалім екені баршаға мәлім.

А. Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде «…. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып

шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» делінген.

Ұстаз адам тағдыры, болашақ ел тағдыры үшін жауапты. Ол өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Жас ұрпақты бүгінгі күн жаңалығынан сырт қалдырмай ізденіске ұмтылдырыпрып, заман талабына сай жаңа білім, жаңа тәрбие беру керек. Сондықтан, мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен өз кәсібін қадірлеу қажет. Осы қасиеттері арқылы ұстаз педагогикалық үрдісте әрбір оқу- тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапасы - педагогикалық әдебі мен мәртебесін биік ғмда қажетті де осындай ұстаздар, өйткені тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытатын - ғылымы мен білімі десек, Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Мектеп - әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Үкімет пен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайының өзі жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігін арттырып, мұғалім кәсібі мен

педагогикалық әдебінің әлеуметтік маңызының зор екенін

дәлелдейді.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп - қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең байлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуың бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондыктан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады", деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я. А. Коменский: "Мүғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне нұр құятьн тынымсыз жалын иесі", - деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын атаған жас бала ертеңгі ел түтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-күлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналар-мен байытуға, қазақ халқының әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңгы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оку үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мүғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру максатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны үйымдастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін муғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-кимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік -экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттык, сана-сезімін тәрбиелеуді көздейді.
Бұл міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс -тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.
Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан -жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Туптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Бастауыш сынып муғалімдерінің өз бетінше білім жетілдіру қызметі мен соған деген әзірлікті біз жүйелілік пен іс-әрекет ұстанымдарына негізделген құрылымдық модель ретінде қарастырамыз. Онда біріншіден, оку-тәрбие процесі көп деңгейлі әрекетті жұйе ретінде, ал екіншіден қызметтік жуйе ретінде қарастырылады.

  1. Мұғалім - қоғам айнасы

Мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.
Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға ұшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы - «практикант» балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студенттердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күнделіктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: " . . . Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келесі бір студент: "Мектеп - бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.
Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты - болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс) ;
2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс) ;
3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс) ;
4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс) .
Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Менің ойымша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер және студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты) .
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
- студенттерді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.
Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т. б. ) ;
- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау) ;
- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;
- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.
Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған) . Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1, 2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс.

Ешкім де педагог болып тумайды, педагог болып
қалыптасады. Ол үшін оның бойында психологиялық- педагогикалық білім, шеберлікпен шектесетін ептілік, ерекше ұстаздық мінез-құлық, ойлау қабілеті болуы керек.
Мұғалім - үйретуші болумен қатар, үнемі үйренуші де болуы
керек, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру керек.
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады.
Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылардың алдын алу, оларды психологиялық имунизациялауды қажет етеді, яғни әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына,
дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету.
Мектеп жасөспірім тұлғасының дамуы үшін, оған жағымды сапалары мен жағымды әлеуметтік тәжірибесін үйренуге, оған ұқсауға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере алады.
Өзінің ішкі әлеміне жақсы көретін, құрметтейтін адамдарының құндылықтары мен ұстанымдарын, нормаларын енгізген жасөспірім еліктеу арқылы өзінің қандай болғысы келетіндігі жөніндегі идеалын қалыптастырады. Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адамдармен қарым-қатынас жасау - жасөспірімге мінез-құлқына қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адам - ол, бірінші кезекте, ұстаз болуы керек!
Мұғалім-мектептің жаны, мұғалімнің кәсіптік мәдениеті-мектеп міндеттерін шешудегі басты шарт. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеюде, ойшыл, зерттеуші,
жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте шебер, іскер мұғалімді қажет етеді.
Қазіргі заман, қоғам, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерген, кез келген мұғалімді жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Сондықтан, мұғалім жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана үлкен беделге ие бола алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай алатын, ойшылдық қасиеті бар маман болуымен қатар, ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеруі қажет, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы»демекші барлық адами құндылықтарды ұстаз тәрбиесінен алады, сондықтан мұғалімнің оқушы тәрбиесіндегі ролі маңызды мәселе.
Ең алдымен бала жүрегіне жол таба білу үшін балалық жүрек, балалық тіл керек. Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс-тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі - махаббатпен де табуға болады.
Бұл- шәкірттерімен қарым-қатынаста таптырмайтын құрал. Жылы - жылы сөйлесең жібімейтін жүрек жоқ, тек соған апарар жолды таңдай білуі керек.
Әрбір мұғалімнің өзіндік «тактикасы» болуы заңды. Бала тәрбиесінде қатып қалған заң жоқ. Болуы да мүмкін емес. Ал, біз оқып- біліп жүрген психологиялық, педагогикалық заңдылықтар дегеніміз - тек негізгі бағыт қана. Сол бағытты бетке ұстап, әрбір мұғалім ұстанымы арқылы әр баланың көңіл кілтін табуы тиіс. Екіншіден, шынайы ұстаз болу үшін өз пәнін, өз мамандығын жақсы игерген біліктілік керек. Бірақ, кей ұстаздар өз пәнін жақсы игерсе де сабақтары сәтсіз шығып жататыны сөзсіз. Неге ?
Бірдеңе жетпей тұрады … Ол Не ? Ол - тәжірибенің аздығы, ниеттің жоқтығы. Мәселе, мұғалімнің қанша жыл жұмыс жасағанында емес, өз білгенін балаға жеткізе білуінде. Жеткізе алмау - қабілетсіздік емес, тәжірибесіздік, яғни өзін-өзі қалыптастыруға ұмтылмауында. Осы сәтте бала сабақ үстінде сөйлейді, қозғалады. Қызықсыз сабақ кесірінен қақтығыс туындайды. Ол қақтығыстан шыға білу педагогикалық әдептілікті талап етеді. Дәл осы жерде мұғалім қақтығысты өзінің кәсіби кемшілігінен туындағанын біліп, сөйлеген балаға ақырып-жекірмей, сабақ мазмұнын, әдісін өзгертіп балаға ықпал жасау арқылы жағдаяттан шықса - үлкен шеберлік дер едім.
ХХІ ғасыр - ақпараттық-қоғам дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс бастамалары мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде ғана баға беру немесе пән мұғалімі ретін қабылдау олқылық көрсетеді.

Бүгінгі ұстаз кім ?
Ол - ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері !Мұғалім - оқытушы, мұғалім- ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім - жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік негіздері
Педагогикалық шеберлік жайлы
Мұғалімнің шебер сөйлеуі
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Кәсіби педагогикалық білім
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz