Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар



I. Кіріспе
Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар
II.Негізгі бөлім
2. Ауа райының топырақ түзудегі рөлі
2.1. Топырақ түзуші факторлар туралы ілім
2.2. Топырақ түзуші жыныстар
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Олаға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар
II.Негізгі бөлім
2. Ауа райының топырақ түзудегі рөлі
2.1.  Топырақ түзуші факторлар туралы ілім
2.2. Топырақ түзуші жыныстар
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар

Топырақ түзуге негізгі алты фактор қажет:
1. ауа райы;
2. тау жынысы;
3. жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі;
4. жер бедері;
5. аймақтық геологиялық жасы;
6. қоғамының өндіргіш күші.

Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері

Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте
емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді.
Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті
көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар
тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау
жыныстары оларға таптырмас мекен болды.Бұл микрооргаизмдер табиғаттың
ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін
таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Олаға
сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау
жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің
тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын
желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен
жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола
бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен
төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай
жасады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді
топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады.
Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның
белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын
арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.Сонымен
араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа
айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі
сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі
жәндіктер мен жануарлар пайда болды.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы
топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылысардың
бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен
ететін көптеген зоофауналар , қарапайымдылар, төменгі және жоғарғы сатылы
жан-жануарлар, құр-құмырсқалардың пайдасы көп. Мәселен, жауын құрты әртүрлі
өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай,
суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп
өтіп, ондағы су– ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты Ч. Дарвиннің
Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған
дейін топырақты бірнеші жылдар бойы жауын құрты жыртып келген деген тамаша
айтылған тамаша сөзі бар.
Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін
тіршілік иесі ретінде емес, оның белгілі бір бөлігі деп қарайды, яғни
бұлaрда топырақ құрамына кіреді деген сөз Сондықтан да топырақты тірі дене
деп есептейді.

Ауа райының топырақ түзудегі рөлі
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан
түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз
уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-
жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде
әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада
мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа
райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда
құнары мол қара топырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің
қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал
қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы
мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күі суық нмнсн ыстық
аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат
жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей
байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты
үгілген, балшықты екінші минералдан, ал кұн райы ыстық, немесе суық, ылғалы
өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді
үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе,
керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай
келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның
құнарына көп әсер етеді

Топырақ түзуші факторлар туралы ілім

Топырақтүзуші факторлар туралы ілім, В.В. Докучаевтың өзі айтқандай,
топырақтану ғылымының негізгі тірегі. Топырақты топырақтүзуші факторлардан
тыс зерттеу бұрыс тұжырымдарға әкелуі мүмкін.В.В. Докучаев анықтаған
топырақтүзілістің бес факторына – топырақтүзуші жыныстар, өсімдік және
жануар организмдері, климат, рельеф және уақытқа кейінірек судың (топырақ
және грунт (еспе) суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.

Топырақ түзуші жыныстар

Топырақ түзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат
болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның
іргетасы және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақтүзуші жыныстар топырақта
жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол
топырақүзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық
компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ
та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын
бөлшектер бар. Топырақтүзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай
ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша
топырақтүзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақтүзілу үрдісіне өте
зор ықпал етеді. Мысалы, қылқанды-жапырақты (аралас) ормандар жағдайында
әдетте шымды-подзолды топырақ қалыптасады. Бірақ та орман зонасы шегінде
топырақтүзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты мөлшері көп болса шымды
– подзолды топырақтан түрі мен қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін
топырақ түзіледі.

Биологиялық әрекет

Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне қарамастан
топырақтүзілуде жетекші рөлді биологиялық әрекет атқарады. Тіршіліксіз
топырақ та болмас еді. Жер бетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ ылғалы
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Топырақтың түзілуі және оның құрамы
Топырақ түзілу факторлары
Топырақ қабаты
Топырақ адсорбциясы коэффиценті
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Топырақ маңызы, қасиеті
Қазақстанның топырағы
Пәндер