Топырақ экологиясы туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Топырақ жамылғысын қорғау және тиімді пайдалану
Топырақ эрозиясы
Топырақ экологиясы
Топырақтың ластану көздері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр.
1. Информационно-аналитический отчет по контрольной и правоприменительной деятельности Иртышского департамента экологии за 2009 г. – Павлодар, 2009 г. – 120 стр.

2. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу производствами. –Алматы: «КАЗЭКОЭКСП», 2005.

3. Новиков Г.В., Дудурев А.Н. Санитарная охрана окружающей среды современного города. –М.: Химия, 2001, 239с.

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Топырақ жамылғысын қорғау және тиімді пайдалану
2. Топырақ эрозиясы
3. Топырақ экологиясы
4. Топырақтың ластану көздері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес
физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол
агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы
дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді
қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен
ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған
ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан
өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты
табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте
болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық
қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп
жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес
айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі
арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен
жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып
жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық
талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда
болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып,
бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек
жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар
ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды
ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті
элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар
атқаруда.

Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады.
Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның
қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна
қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын
бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да
кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады
. Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер
бойындағы топырақ құрамында көп болады.

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар
темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да
металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті
мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар
ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп
орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам
шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл
шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат
айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін
заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды
қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім
мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі
топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
пестицидтер;
минералдық тыңайтқыштар;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
Мұнай және Мұнай өнімдері.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия,
ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан
топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс
ұйымдастыру;
топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және
т.б

Топырақ эрозиясы

Топырақ эрозиясы (латынша еросіо – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған
құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы нәтижесінде құнарының
азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен
топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа
ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл
аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп
өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып
отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы
өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың
беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне
сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және
олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін
азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың
майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне
беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт.
аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И.
Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін
жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың
орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта
өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің
күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне
шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар
жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл
белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан
бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе
мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып,
желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге
көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол
жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс
жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі
топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда
болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау
үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан
ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады.
Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын
жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір
бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда
суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана
жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы
беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек
суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар
мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен
бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе
қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау
беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен
ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж.
құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу
қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына
ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су
қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның
қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу
мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен
өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен
шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі
болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін
және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда
топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның
жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян
келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді
қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды
жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін
енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды
сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.

Топырақ экологиясы

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км?. Жер қорымыздың
көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр.
Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап,
құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер
бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым
және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап,
оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық
және радиактивті заттармен ластанған.

Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді
мекендер алып жатыр. Солтүстік облыстарды тың игеру науқанына байланысты
және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын
жоғалтты.Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы
1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал
тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған
сынақ полигондарының игілігіне 1,4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне
Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін
су басады деп болжам жасалуда[3].

Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр.
Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр
металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық
қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.Кейбір
аймақтарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Жалпы экология
Экологиялық мәселелер жайлы
Геоэкология
Жалпы экология, оның даму тарихы
Экология ғылымы - дүниеге көзқарас
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы
Топырақты пайдаланудың экологиялық мәселелері
Пәндер