Топырақты қорғау



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Топырақты қорғау, топырақ туралы түсінік
Топыраққа сипаттама
Топырақ ресурстарының маңызы
Топырақтың механикалық құрамы
Топырақ эрозиясы
Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған-миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан күрделі зат.
Мәңгілік мұздар, қарлар басқан, жанартаулар атқылаған жерде, жанартаста, құмда қиыршық тастарда топырақ болмайды.
Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, дануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.
Топырақтың ерекше қасиеті – оның құнарлығы. Осы қасиетімен ол жердің аналық және тау жыныстарынан айрықша тұрады. Құнарлық деп топырақта, өсімдікте қажетті қоректік заттардың болуын айтады. Құнарлы топырақ сумен, ауамен және күн сәулесімен қосылып, өсімдіктер өсуіне қажетті жағдай жасайды.
Топырақ адамдар үшін негізгі ауылшаруашылық өміндерін беретін, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ететін орын.
1. Информационно-аналитический отчет по контрольной и правоприменительной деятельности Иртышского департамента экологии за 2009 г. – Павлодар, 2009 г. – 120 стр.

2. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу производствами. –Алматы: «КАЗЭКОЭКСП», 2005.

3. Новиков Г.В., Дудурев А.Н. Санитарная охрана окружающей среды современного города. –М.: Химия, 2001, 239с.

4.ология оқулық - Алматы, 2008 - ЫСБН 9965-32-223
Топырақтың ластану көздері

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Топырақты қорғау, топырақ туралы түсінік
2. Топыраққа сипаттама
3. Топырақ ресурстарының маңызы
4. Топырақтың механикалық құрамы
5. Топырақ эрозиясы

Топырақты қорғау. Топырақ туралы түсінік

Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз
жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен,
климаттың әсерінен мыңдаған-миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан күрделі
зат.
Мәңгілік мұздар, қарлар басқан, жанартаулар атқылаған жерде, жанартаста,
құмда қиыршық тастарда топырақ болмайды.
Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің,
өсімдіктердің, дануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.
Топырақтың ерекше қасиеті – оның құнарлығы. Осы қасиетімен ол жердің
аналық және тау жыныстарынан айрықша тұрады. Құнарлық деп топырақта,
өсімдікте қажетті қоректік заттардың болуын айтады. Құнарлы топырақ сумен,
ауамен және күн сәулесімен қосылып, өсімдіктер өсуіне қажетті жағдай
жасайды.
Топырақ адамдар үшін негізгі ауылшаруашылық өміндерін беретін, оларды азық-
түлікпен қамтамасыз ететін орын.
Қаншама техника алға басқанымен адамдар өздеріне керектінің бәрін дерлік
топырақтан алады. Теңізден, өзеннен, су қоймаларынан алатын қоректік зат
мөлшері онша көп емес.
Халықтың әл-ауқатымен ауылшаруашылықтың өркендеуі иопырақтың құнарлылығына
байланысты.
Қазір адамдар өздеріне керекті қоректік заттардың 88 пайызын егістік
жерлерден, 10 ормандар мен жайылымдардан, 2 пайызын теңіз бен мұхит
суларынан алады.
Жер шарының жалпы көлемі 51 миллиард гектар немесе 510,2 миллион км2. Оның
23 бөлігі, (36,1 млрд. га) теңіздер мен мұхиттар, 13 бөлігі (14,9
млрд.га) құрлық.

Топырақ ресурстарының маңызы

Литосфера — (грекше — Lithos — тас + sphak — шар) — жердің қабығы, құрамы
силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас
қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік
етеді.

Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы
мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және
заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы
айналымы кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-
бірімен тығыз байланысты.

Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны
жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың
басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары
мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен,
өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байла- нысты болатынын
атап көрсеткен.

Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы
құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі
болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.
Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топы- рақ
түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының
арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.

Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы
шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін
өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің
бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып
саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар
арсындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын
өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып
табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті
жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене
ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су
балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер
асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды
тасымалдау.

Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар,
микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы
қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті
де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті — құнарлылығының
қалыптасуына жағдай жасайды.

Топырақтың құнарлылыгы дегеніміз — оның өсімдіктерді оларға қажетті
қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол
топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі
нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып
табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің,
ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.

Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап,
сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар,
тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су
тасқыны,эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ
көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану,
т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтың
құнарлылығы адам іс- әрекетіне де байланысты.

Топырақ — барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем,
киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды
байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек — байлықтың әкесі болса,
топырақ — анасы деген.

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі
күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған
жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды,
пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды.
Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала
беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі
өзідігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Топырақ — биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын,
олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне
(атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете
алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы
компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік
зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп,
өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударған- да — "төмендеу",
"артқа кету" ) негізгі факторлары :эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен
пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа
объектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен
топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда
қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи
өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар
онда жинақталып, көбейе береді.

Жұмыстың өзектілігі:Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең
маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі
маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның
компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін
биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ
биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе –
теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің
аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға
қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ
басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары
мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен,
өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.

Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда,
ғылми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба
алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың
рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында
тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема
топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға
барынша жағыдай жасау.Тақырыптың өзектілігіне қарай жұмыстың мақсаты
айқындалды: топырақты ластау көздерін қарастырып сипаттау

Топырақтың сипаттамасы

Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем,
ким үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық
екенін айта отырып, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса , топырақ –
анасы деген. Топырақтың физикалық касиеттері су, ауа өткізгіштігі, су
сақтағыштиғы, құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақтын
негізгі бөлігін бастапқы Топырақ түзуші аналық жыныстан бастау алатын
минералды құрамы анықтаса (85 — 99%), біршама бөлігін топырақ түзілу
процесінде, негізінен осында өскен өсімдіктер қалдықтары (шіріген тамыр,
түскен жапырақ, т.б.) ыдыраған кезде синтезделіп түзілетін органикалық.
(қара-шірінді) заттар кұрайды (1 — 15%). Жануарлар дүниесі (негізінен
омырткасыздар) тіршілігінің өрекетінен органик. заттардың ыдырауы
жылдамдайды. Адамның шаруашылық әрекеті (орманды кесу, шеп егу, жер жырту,
мелиорация, органик., мипералды тыңайт-кыштар қодцану) топырақ түзуші
кейбір факторларға (мыс, өсімдікке) әсер етіп, топырақ түзілу процесінің
бағытына тез өзгертеді[1].

Топырақтың қатты, сұйық, газ қүрамды және тірі организмдерде
бөліктерден түрады. Олардың ара-қатынасы әр түрлі,топырақта ғана емес,
тіпті бір топырақтың әр қабаттарында әр түрлі болады. Топырақтың жоғары
қабатынан төмен қабатына қарай органикалық заттар мен заттар мен тірі
организмдер азая түседі, ал жыныстардьң түзілу қарқьндылығы төмен
қабатынан жоғарғы қабатына қарай арта түседі.

Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда,
т.б.) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит,
т.б.) басым келеді. Топырақ борпылдақтығының қалыптасуы осы қатты бөлігінің
кұрамы мен оның кұрылымының ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың негізгі
массасын, негізінен түйірлері 1 мм-ден кіші болатын ұсақтопырақтар құрайды.
Табиғи түріндетопырақ массасы көлемінің бір бөлігін — қатты бөлігі, ал
қалған бөліктерін топырақ ерітіндісі ментопырақ ауасынан тұратын бөлігі
құрайды. Топырақтың қатты бөлігінің минералды және химиялық құрамына
қарай көбіне оның құнарлылығын анықтауға болады. Органикалық заттар
ыдыраған кезде оның құрамындағы азот өсімдіктердісіңіре алатындай түрге
айналады.

Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және
физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың
сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар
жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның және
саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі; топырақтағы
қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және калцийдің) қоры (запасы);
топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы және тағы басқалары.

Адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде, топырақ құрғақта, ылғалды да
құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да тегі әр
түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Қабат-қабат болып
жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген организмдер толы
саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай ірі және ұсақ
түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі
түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ түйірлі топырақ
саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан
кем.

Саңылаулықтың санитариялық мәні зор. Мәселен, жекелеген саңылау көлемі мен
топырақ бөлшектерінің көлемі үлкен болған сайын ауа және су жақсы өтеді.
Дәлірек айтқанда, ірі түйірлі құмдақ топырақтың су өткізгіштігі ұсақ
түйірлі сазды топыраққа қарағанда көп есе артық. Ірі түйірлі топырақтан
белгілі бір уақыт өлшемінде ұсақ түйірлі топыраққа қарағанда ауа көптеген
есе көп өтеді.Топырақ саңылауы 60-65 пайыз болса онда биологиялық және
химиялық ластанудан өздігінен тазару процестері үшін қолайлы жағдай туады.

Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті. Топырақ түйірлерінің беткейі
ауадағы су буын, яғни ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ саңылауларында
кептіретін қабілеті бар үлкен жазықтықты құрайды. Топырақ қаншалықты ұсақ
түйірлі болса, оның ылғал тартқыштығы соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ,
топырақта шірінді және коллоидты заттар көп болса да және ауаның
атмосфералық ылғалдылығы жоғары болса да өседі. Органикалық заттармен
ластанған сазды топырақтың да ылғал тартқыштықтары жоғары келеді.Топырақтың
коллоидты заттары суды өзіне ең көп сіңіреді. Фермалардың ластанбаған
территориялары мен шаруашылықтардың жайылымдық учаскелерінің ірі түйірлі
топырақтарының ылғал тартқыштығы өте аз.

Топырақтың булану қабілеті қаншалықты нашар болса, оның
құрамындағы ылғал да соншалықты көп ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды
болады. Мысалы, ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын, күн сәулесі нашарлау
түсетін сұр(боз) топырақта ірі түйірлі топыраққа қарағанда ылғал тартқыш
қабілетін арттыратын еріген тұздар болса, ауа ылғалды келсе, жауын-шашын
және қар суы топырақты шайып жатса топырақ бетінде ылғалдың булану деңгейі
төмендейді.

Топырақтың ауа өткізгіштігі деп — топырақтың өз бойынан ауа өткізу
қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған саңылауында, ал сіңірілген
күйінде топырақ бөлшектерінің құрамында болады. Сонымен, жер асты суында
ауа еріген күйінде болатыны белгілі. Құрамы жағынан топырақ ауасы
атмосфералық ауадан біраз айырмашылығы бар: мысалы топыраққа тереңдеген
сайын оттегі мөлшері азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға көп
жұмсалады, ал көмір қышқылы құрамы керісінше көбейеді.

Органикалық заттарға бай топырақтарда оттегі мөлшері 10 пайызға дейін,
тіпті одан да азаяды да, көмір қышқылы құрамы 15 пайызға дейін және одан да
артық көбейеді. Ластанған топырақтарда газ тәрізді қоспалар (СН4, Н28,
N11,), сондай-ақ , май қышқылдары т.б. болуы мүмкін.

Топырақтың ауа өткізгіштігі барометрлік қысымның өсуіне байланысты
артып, топырақтың үстіңгі қабатының қалыңдығы және ылғалдылығы ұлғайған
сайын кемиді. Саңылауларды толтыратын су олардан ауаны сығып шығарады да,
ауаның топыраққа енуіне кедергі жасайды. Топырақ ауасының құрамыңда шаң да,
микроорганизмдер де болмайды. Олар ауа топырақта сүзілген кезде ұсталып
қалады да, топырақ бөлшектері ыдыратып жібереді.

Топырақтың ауа өткізгіштігінің және оның оттегімен баюының
топырақта өтетін тотығу және оны адам мен жануарлар енгізетін органикалық
лас затгардан босату тәрізді биохимиялық процестерге байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Ауыл шаруашылық жерлерін және суды қорғау
Топырақтың ластануы Топырақты қорғау Топырақ рекультивациясы Топырақ ремидиациясы
Егіншілік жүйесінің дамуы
Танаптарда табиғат қорғау жүйесі
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Топырақтың ластануын бақылау, топырақтың ластану деңгейін бағалау
Топырақ қабатын терең қопсыту
Литосфера ластаушылары, қаупі және одан қорғану
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Пәндер