Жазаны өтеуден босату



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.7
1. Жазаны өтеуден босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1. Жазаны өтеуден босатуды құқықпен реттеу, оның түрлері мен
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.18
1.2. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.21
2. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің негізгі мәселелері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.26
2.2.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы ақпарат әзірлеу және осы адамдарды ішкі істер органдарына жіберуі және олардың таңдаған тұрғылықты жеріне жетуін бақылау ... ... ... ... ... ... ... ...26.29
2.3.Сотталғандармен оларды босатуға дайындау кезіндегі тәрбие
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.37
2.4.Жазаны өтуден босатылған тұлғаларға көмек көрсету және оларды жұмысқа немесе еңбекке тарту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38.41
3. Әлеуметтік бейімделу Орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3.1. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 43.44
3.2. Бас бостандығынан айыруға сотталғанның тұлғасын қалыптастыратын әлеуметтік орта және оның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56.57
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58.60
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық нормаларды ескере отырып, азаматтардың қоғамдық еңбекті ұйымдастыру саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері мен әлеуметтік – экономикалық негіздерін анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет жұмыспен қамтылу саясатын жаңаша айқындайды, халықты жұмыспен қамту құқықтық реттеудің жаңа критериилерін бекітеді. Осы аталған бағыттарды жүзеге асыру барысында мемлекет бірінші орынға азаматтардың конститутциялық құқықтарын қояды.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының он мыңдаған азаматы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Бір кездері олардың әрқайсысының қылмыстық жауаптылықтан босатылатын күні де туады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы; Жеті жарғы, 1996.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы; Жеті Жарғы, 1997.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексі. Алматы; Жеті Жарғы, 1997.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы. Алматы; Жеті Жарғы, 2002.
5. Журнал. «Жазаларды орындау»
6. Қылмыстық-атқару құқығы. Оқу құралы. М.: Бек баспасы, 1996.
7. Адам құқықтару туралы жалпы теория. М.: 1996.
8. О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам органов юстиции: Закон Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 25-111.
9. Об утверждении Инструкции об организации воспитательной работы с осужденными в исправительных учреждениях Министерства юстиции РК: Приказ министра юстиции Республики Казахстан от 21 октября 2004 года N Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 ноября 2004 года N 3228.
10. Таглимов М. Без помощи им не выжить: о социальной адаптации освободившихся из исправительных учреждений // Преступление и наказание. – 1992. - №5. -
11. Правовое положение несовершеннолетних осужденных в Республике Казахстан // Правовая реформа. – 2003. - № 3. - С. 69-72.
12. Психологические методы изучения личности и среды осужденных: Учебно-практическое пособие. - М., 1995. – С. 76.
13. На службе психолог. Особенности адаптации осужденных к условиям исправительных учреждений // Исполнение наказаний. – 2005. - №1. - С. 12-13.
14. Торгашина Д. Зачем нужна должность психолога в исправительных учреждениях // Закон и правосудие. 2006. 22 февраля.
15. Антонян Ю.М. Социальная среда и формирование личности преступника (неблагоприятные влияния на личность в микросреде): Учебное пособие. – М.: Академия МВД СССР, 1975. – 160 б.
16. Кузьмин Е.С. Основы социальной психологии. – Л., 1967. 13-14-б.
17. Буева Л.П. Социальная среда и сознание личности. - М., 1968. – 56-б.
18. Характеристика осужденных к лишению свободы // По материалам специальной переписи 1999 г. / Под ред. д.ю.н., профессора А.С. Михлина. - М.: Юриспруденция, 2001. – 464 б.
19. Сычев Ю.В. Микросреда личности и ее место в системе социальных связей

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-7
1. Жазаны өтеуден
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 8
1.1. Жазаны өтеуден босатуды құқықпен реттеу, оның түрлері мен
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-18
1.2. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21
2. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік
бейімдеу ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің негізгі мәселелері
мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22-26
2.2.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы ақпарат
әзірлеу және осы адамдарды ішкі істер органдарына жіберуі және олардың
таңдаған тұрғылықты жеріне жетуін бақылау ... ... ... ... ... ... ... ...26-
29
2.3.Сотталғандармен оларды босатуға дайындау кезіндегі тәрбие
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30-37
2.4.Жазаны өтуден босатылған тұлғаларға көмек көрсету және оларды жұмысқа
немесе еңбекке тарту
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .38-41
3. Әлеуметтік бейімделу
Орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.1. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарының
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 43-44
3.2. Бас бостандығынан айыруға сотталғанның тұлғасын қалыптастыратын
әлеуметтік орта және оның
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45-
55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .56 -57
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...58-60

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық
нормаларды ескере отырып, азаматтардың қоғамдық еңбекті ұйымдастыру
саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктері
мен әлеуметтік – экономикалық негіздерін анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет жұмыспен қамтылу саясатын
жаңаша айқындайды, халықты жұмыспен қамту құқықтық реттеудің жаңа
критериилерін бекітеді. Осы аталған бағыттарды жүзеге асыру барысында
мемлекет бірінші орынға азаматтардың конститутциялық құқықтарын қояды.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының он мыңдаған азаматы бас
бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Бір кездері олардың
әрқайсысының қылмыстық жауаптылықтан босатылатын күні де туады. Бұл күнді
олар сағынышпен және үмітпен күтуде. Сонымен бірге, бостандыққа шығар
алдындағы осындай куанышпен қатар олардың бойында қорқыныш сезім де пайда
болады. Көпшілігін алаңдататыны алдағы күтіп тұрған болашақтарының қалай
құрылатындығы. Себебі, түрмеден босап шыққан соң осы тұлғалардың көбі
жұмыссыз қалады немесе жеткілікті қамтамасыз етілмеген адамдардың қасына
қосылады, бірақ ешқайсының да бас бостандығынан айыру орындарына қайтып
оралғысы келмейді.
Сотталғанды әлеуметтік бейімделу проблемасын қайталанба қылмыстармен
күресу бағытының бірі ретінде қарау тиіс. Шынында, бас бостандығынан айыру
органдарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл
сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра,
сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құқық бұзу мен
қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.
Әлеуметтік бейімделу деп жеке адамның әлеуметтік ортаға икемделуін,
оның әдет-ғұрпын, осы ортаға тән нормаларын әлеуметтік көзқарастарын,
нұсқауларын ұғынып алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген адамға еркін
қоғамда тұратын азаматтардың мінез-құлықтарын, әдеттерін үйренуін айтады.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі қылмыстық жазаны өтеу
процесіне сотталғандарды түзеудің негізгі амалдарын қолдана отырып,
сотталғандарды еркін өмірде тұруға психологиялық, өнегелікке дайындау
мақсатында көптеген шаралар қолданады. Бұған, болашақта әр түрлі
себептермен босатылатын адамдарды құқыққа оқытуға кіреді. Бұл сотталғанның
босатылғаннан кейінгі өмірді құруға ақылмен қарауға бағытталған жұмыстың
ойланып істегенбір түйінді кезеңі деп ойлаймын. Сондықтан, тәрбиелеу жұмысы
кезінде сотталғанмен маңызды тақырыптарға, яғни отбасында, ұжымда,
қоғамдағы базарлық қатынастар, кезінде өнегелілік, іскерлік көрсету,
тұрмыста кездесетін және онда мінезге қойылатын талаптар туралы әңгімелер
жүргізіледі.
Бұл жұмысты жүргізгенде ол адамдардың бейімделуіне табиғи қиындата
түсетін кейбір объективті жағдайлар бар. Бас бостандығынан айыру
сотталғандарға да, қоғамға да көптеген әлеуметтік қиындықтар қалдырады.
Ертеңгі күні өздерінің құқықтарын қорғай алу үшін бас бостандығынан
айыру орындарынан босайтын тұлғалар қазіргі уақыттағы заң нормаларын білуге
міндетті. Соған орай, Қазақстан Республикасының ҚАК арнайы баптарына сәйкес
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың тұрақты мекен-
жайларына келуін бақылауды қамтамас ету бойынша ҚР ІІО мен ҚР ӘдМ ҚАЖК
өзара қарым-қатынасы туралы нұсқаулыққа көңіл аудару қажет. Осы аталған
нұсқаулық пен заңнамаға сәйкес мекеме әкімшілігінің басты міндеті
бостандыққа шығарылатын тұлғаның тұруға таңдап алған жеріндегі жергілікті
атқарушы және де жұмыспен қамту органдарына босау мерзімі туралы хабарлама
жіберу болып табылады.
Сотталғандардың босап шыққаннан кейінгі қалыпты еңбекке орналасуы мен
тұрмыстық жайғасуы олардың әлеуметтік бейімделуін білдіреді. Осыған орай
атқару мекемесінің әкімшілігі, сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі
жергілікті атқару органдары мен жұмыспен қамту органдарына, яғни сотталған
адамның босатылуы мен сонымен қатар оның тұратын жерінің бар-жоғы туралы
және оның еңбекке қабілеттілігі мен игерген мамандықтары туралы хабарлау
керек.
Заңнамада көрсетілген түзеу мекемелерінің жергілікті атқару
органдарымен, еңбек жән халықты жұмыспен қамту органдарымен және де өзге
мемлекеттік, қоғамдық органдармен қарым – қатынасы механизмін тәжірибеде
нақты жүзеге асыру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде жән
бостандыққа шыққан тұлғалардың тағдырын бақылауға көмегін тигізер еді. Бас
бостандығынан айыру орындарынан босап шыққына тұлғалардың жұмысқа
орналасуына және тұрмыстық жағдайына ықпал ете отырып, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдар сотталғандардың түзелуіне, олардың жаңа қылмыс жасауына,
ең бастысы бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға нақты
көмек көрсетеді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар, жұмысқа
орналасуда, тұрмыстық, материалдық және психологиялық қиындықтар туындаған
жағдайда жергілікті мемлекеттік органдарға көмек сұрап баруға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы сол аумақтағы
мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүргізу
мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметін реттейді.

1. Жазаны өтеуден босату
1.1 Жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу, оның түрлері мен негіздері
Жазаны өтеуден босату — құкық саласының әр түрлі нормаларымен
реттеледі: қылмыстык, кылмыстық іс жүргізу және қылмыстык-атқару құқығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстык зандарында жазадан босату бір
мағынада түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиетте бір жөнге келтіру және жазадан
босатудың мүмкін жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа
біріктірілген болатын:
а) жазаны тағайындағанша басқа шаралармен өзгертіп, сондай-ақ
өзгертпей босату;
ә) жазаны тағайындағаннан бастап оны өтеуден (түгелдей немесе жарым-
жартылай) босату;
б) жазаны өтеу кезінде одан (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату
немесе өтеуді кейінге калдыру.
ҚР адамгершiлiк негiздерiне сүйене отырып жаза алдына сотталушының
тән азабын шегуiн немесе оның адамдық беделiн түсiрудi мақсат етiп
қоймайды. Дегенмен, жаза қылмысты өтеу болып табылады, сондықтан да оның
мазмұнына сотталушыға белгiлi бiр дәрежеде зардап шектеру элеметтерi
кiредi.
ТМ-нiң негiзгi мiндеттерi-сотталушыларды түзеу, сол себептен оның
негiзгi құралдары осы мәселелердi шешуге жұмсалады. Сотталғандарды түзеудiң
негiзгi құралдары (ҚР ҚАК-7бап);
1. сотталғандарды түзеу-оның бойында құқыұстаушылық мiнез құлықты,
жеке адамға, қоғамға, еңбеке, адамзат қоғамның нормаларына,
ережелерiмен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру.
2. сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары мыналар: жазаны атқару
мен өтеудiң белгiнген режiмi, тәрбие жұмысы, қоғамдық пайдалы
еңбек, орта бiлiм алу, кәсiптiк даярлық пен қоғамдық ықпал ету.
3. түзеу құралдары жазаның түрiн, жасалған қылмыстың сипатын,
қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, кiнә нысаны мен себептерiн,
сотталушылардың жеке басымен мiнез –құлқын ескере отырып
қолданылады.
Еркiнiнен айыруды орындау кезенiнде қолданылатын құралдар-ТМ-нiң алдында
тұрған мақсаттар мен мiндеттерi шешуде пайдаланылатын қылмыстық атқару
ықпал ету шараларының элеметтерi болып табылады.

Түзеу құралдарын таңдау қылмыстылыққа қарсы күресте көзделетiн
мақсаттарға байланысты қарастырылды.
ТМ-де қолданылатын құралдар сотталғандарды жазалау, түзеу және жаңа
қылмыс жасаудан сақтандыру мақсатын көздейдi.
Түзеу құралдарының бiрi-режим. Режiм қылмыстық атқару құқығының
реттелген нормалары, еркiнiнен айыру түрiндегi жаза өтеудiң тәртiбi мен
шарттары болып табылады. Режiм сотталуының құқығын шектеу шараларының
жиынтығы жүзеге асыратылындықтан ал жазаның мәнi мен мағынасын көрсетедi.
Сонымен қатар режiм құқық шектеуге қатысушылардың және барлық
субъектiлердiң мiнез-құлық тәртiбiн, олардың жазаны орындаумен өтеу
барысында туындайытын құқықтары мен мiндеттерi белгiлейдi. Режiм нормалары
құқықшектеудi жүзеге асыру тәртiбiн, жазаны өтеу мен орындауға қатысушылар
мен субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн қамтамасыз етедi.
Режiммен белгiленген ықпал жасау тәртiбiнiң аумақтық көлемiнен маңызды
құқықтық мәнi бар.
Қазiргi заңнамаға сәйкес, олар сотталғандар ұсталатын, жұмыс iстейтiн
(колонияларда оларды табылатын жер нақты көрсетiледi) аумақтармен ғана
шектелiп қоймайды. Бұл ережелердiң қызметi көрсетiлген аумақтар тыс
жерлерде де қолданылады. ҚАК сотталған әйелдердiң жүктiлiгiне және тууына
байланысты, сондай-ақ баласының үш жасқа толуына дейiн жұмыстан босатылған
жағдайда, олардың колониядан тыс жерлерде тұруына рұқсат етiледi. Мұндай
жағдайларда олар колонияға жақын жерлерге орналыстырылады және бақылауға
алынады; оларға сақтауға мiндеттi белгiленген тәртiп ережелерi таратылады.
Бұдан шығатын қорытынды-режiм тәртiбiн ықпал ету субъектiлерi арқылы ғана
емес сондай-ақ олардың iске асу кеңiстiгi арқылы да бөлу қажет.
Еркiнiнен айыру режiмiнiң негiзгi белгiлерi тұрғысынан сотталғандарды
түзеу сипатындағы қолданылатын шаралардың шарттары мен тәртiбi бойынша
бөлудi қажет етедi. Оларды еңбекке тәрбиелеу шараларына, жалпы бiлiм алуға
және кәсiби дайындыққа тарту. Режiм ережелерiнде, сондай-ақ,
сотталғандардың материалдық-тұрмыстық және медициналық санитарлық
қамтамасыз ету анықтайтын нормалар бар.
Жаза өтеу кезiнде жасалуы мүмкiн қылмыстар мен басқа да құқық
бұзушылықтардың ескертiлуi мен алдын алуды көздейтiн режiм нормаларының
өзiндiк маңызы зор. Олар сотталғандарды күзету және бақылаудан қауiпсiздiк
шараларын қолданудан және әр түрлi сипаттағы алдын алу шараларынан тұрады.
Еркiнiнен айыру режимiнiң нормалары мазмұны жағынан олардың келесi
қызметтерiн қамтамасыз етiп, жүзеге асыруға бағытталған: жазалау,
тәрбиелеу, әлеуметтiк бақылауды қамтамасыздандыру.
Жазалау қызметi сотталушының жазасын өтеу барысында әр түрлi құқықтық
шектеулерге тартылуы арқылы жүзеге асырылады. Олар көбiнесе сотталғандардың
жеке азаматтық құқықтарын шектеуге бағытталады. ҚР ҚАК–нiң 8 бабына сйкес
жаза түрiне байланысты белгiленген режiм ережелерiне сәйкес, құқығы
шектелген азаматтарға белгiленген мiндеттер мен құқықтарды пайдаланады.
Жазалау қызметтерi сотталғандарды қоғамнан оқшаулау жолымен iске
асырылады да, олар бақылауда болады және айдауыл арқылы қозғалады. Бiрақ
сотталғандарды оқшаулау шарты түрдегi сипатта болады. Сотталғандарға
кездесу және телефон арқылы сөйлесi, еркiнiнен айыру орнына қысқа мерзiмге
бостандыққа шығу, хат жазысу құқықтары берiледi. Оқшаулау дәрежесi
сотталғандарға үнемi рухани ықпал етумен олардың бұрыңғы өмiр сүру салтына
оралуын көздейтiн БАҚ-дi пайдалану арқылы едәуiр төмендейдi. Жаза қоғаммен
оның азаматтарының қорғау құралы болып табылатындықтан режiммен жазалау
қызметi қоғамды қорғау мiндетiн орындайды. Шағын үлгiдегi ережелерде (58
бап) “Еркiнiнен айыру немесе жалпы түрмеге жабуды анықтау түптеп келгенде
қоғамдық қорғау болып табылады” деп көрсетiледi. Бiрақ көрсетiген қызмет
шектелген сипатта болуға тиiс.
Режiмнiң жазалау ықпалының өсуi белгiлi бiр дәрежеде оның тәрбиелiк
қызметiнiң тиiмдi жүзеге асуына жағдай туғызады.
Режiм тәрбиелiк қызметтi бiршене тәсiл арқылы жүзеге асырады.
Бiрiншiден, мәжбүрлеу адамды тәрбиелеп, оны тәртiпке үйреткедiктен жазалау
жүзеге асыру жие пайдаланылады. Жазалау сипатындағы құқық шектеу және құқық
анықтау шараларының жиынтығы тәртiптi сақтау және бұзбау дағдысын
қалыптастырады. Екiншiден, тәрбиелеу қызметi табиғаты жағынан жазалауға
жатпайтын тәртiп сақтау ережелерiн белгiлеумен жүзеге асыру жолдары арқылы
жүргiзiледi. ТМ-нiң iшкi тәртiбi мүлiкке ұқыпты, еңбекпен оқуға ыңтамен
қарауды, ТМ-нiң қызметкерлерiмен және өз ара қарым қатнаста сыпайлықты
талап ететiн, жатақана және қызметтiк ғимараттарды, жұмыс орындарын,
киiмдердi таза ұстаудың және гигиена ережелерiн сақтауды. Талап ететiн
сотталушылардың мiнез-құлық ережелерiн белгiлейдi. Үшiншiден, тәрбиелiк
қызмет ықпалды түзеу шаралары болып табылады қажеттi құқықтық құралдарды
құру жолымен жүзеге асырылады.
Түзеу процессi мәжбүрлеу сипатында болғандықтан, режимнiң
қамтамасыздандыру қызметi сотталғандарға тәрбие және алдын алу жұмыстары
жиынтығын жүзеге асыру үшiн құқықытық негiз болып табылады, режiмдiк
талаптар сотталғандарды еңбекке тарту және оны ұйымдастыру, жалпы бiлiм
беру және кәсiби дайындық беру, мәдени бұқаралық және дене тәрбиесi
жұмыстарын жүргiзу, шараларының тәртiбiн белгiлейдi. Режiм нормалары
сотталғандарды материалдық тұрмыстық қамтамасыз ету (мысалы, ҚАК-нiң 95 п.
көрсетiлгендей, бiр сотталушыға шақандағы тұрғын алаңның нормасы түзеу
колонияларда – екi шаршы метрден, түрмелерде – 2,5 шаршы метрден, әйелдердi
ұстауға арналған колонияда - үш шаршы метрден тәрбиелеу колонияларында –
3,5 шаршы метрден мәжбүрлеп түзелудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде 3
шаршы метрден кем болмауы керек), медициналық-санитарлық қызмет көрсету
шараларының тәртiбiн анықтайды.
Егер режiмнiң жазалау және тәрбиелеу қызметi сотталғандарға ғана
қатысты болса, қамтамасыз ету қызметi ТМ-нiң аумағы мен нысандарындағы
басқа да субъектiлерге қатысты.
Әлеуметтiк бақылау қызметi (алдын алу) ТМ аумағындағы және
нысандарындағы, сондай-ақ ТМ-не қарайтын жақын жерлердегi сотталғандар мен
басқа да тұлғалардың қылмыс жасауы мен құқық бұзушылыққа жол бермеуiнiң
алдын алуға бағытталған. Бұл көп қырлы әрi кұрделi қызмет.
Әлеуметтiк бақылау қызметi сотталғандардың еңбек ету саласын олардың
қоғамдық органдардағы өмiр салтын, тұрмысын қамтиды. Бұндай бақылаудың
негiзгi түрлерi-сотталғандарды мемлекеттiк бақылау, жазасын өтеу кезеңiнде
оларға арнайы тәртiп белгiлеу. Әлеуметтiк бақылау сотталғандардың мiнез-
құлқына жазалау шараларын қолдану негiзiнде баға бередi ҚР ҚАК 77-бабы
түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне аумағындағы және оған жапсарылыс режiмдiк
талаптар белгiленген аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк
құралдарына тексеру жүргiзуге құқық бередi. Әкiмшiлiктiң бұл құқығы ТМ-нiң
басқада аумақтарына қатысты болады.
Еркiнен айырудың қызметкерлерiнiң бәрi бiрге жүзеге асырылады, олар
бiрiн-бiрi толықтырып, үнемi өзара байланыста болады. Олардың әр қайсысы өз
бетiнше iске асырыла отырып, басқа да қызметтердiң тиiмдi жүзеге асуына
ықпал етiп отырады.
Еркiнен айырудың мазмұны оның негiзгi белгiлерiмен қызметтерi арқылы
анықталады және оған нақты жаза түрiнiң орындалу тәртiбi мен шартын
қамтамасыз ететiн ережелер жиынтығы жаатды. Оларды шартты түрде үш негiзгi
топратға бөлуге болады:
1. ТМ-нiң қызметтерiне қатысты ережелер
2. Сотталғандарға қатысты ережелер
3. ТМ-гi немесе соған жататын аумақтарға орналасқан басқа да
азаматтарға қатысты ережелер.
Қоғамнан оқшаулау-заңды күшiне енген сот үкiмi негiзiнде (ҚР ҚАК 5-бап)
сотталғандарды лайықты ТМ түрiне мәжбүрлеп орналастыру оның еркiн жүрiп-
тұру құқығына және әлеуметтiк байланысына шектеу қою болып табылады.
Оқшаулау дәрежесi сақтаушы жазасын өтеуге жiберiлетiн ТМ-нiң түрiне
байланысты анықталады.

Сотталғандарды оқшаулау оларды сырттан күзету мен бақылау арқылы жүзеге
асырылады. ТМ-де күзет ҚР IIМ-нiң iшкi әскеiмен немесе ТМ-нiң арнйы
бөлiмшесi арқылы жүзеге асырылады. Сотталғандарға бақылау жасауды ТМ
қауiпсiздiк қызметi (бөлiмшелердi, сотталғандарды, тұрғын және еңбек
бөлiмшелерiнiң тiнту, құқықбұзушылықтың алдын алу мiндетi) жүзеге асырады.
Жазаны өтеу режимi жүзеге асыруда сотталғандардың өз құқықтарын
пайдалануды және өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауды нормативтiк
қамтамсыз ету маңызда орын алады. Сондықтан да, ҚАК-нiң көптеген баптары
мен “iшкi тәртiптiң барлық нормалары мен ережелерi”
сотталғандардыңқұқықтары жүзеге асыруды анықтайды. Мұндай ережелер
сотталғандардың өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауға да қатсты. Режим
талаптарын бұзғаны үшiн солтталғандарға жазалау шаралары (ҚР ҚАК 111-б.),
ал қжет болған жағдайдазаңмен қарастырылағн қарулы күш, арнайы құралдар мен
қарулар қолданылады.
Сотталғандарға бақылау жасауды ұйымдастыру ережесi сотталғандар
iшiндегi қылмыс пен басқа да құқыбұзушылықтардың алдын алуға да
бағытталған.
Сотталушылардың жаазсын өтеу ережесiн сотталғандардың жүрiп-тұру
тәртiбi мен күн тәртiбiн реттейтiн ережелер, солотталғандардың құқықтары
мен оларға жүктелген мiндеттердi iске асыруережелерi, сотталғандарды түзеу
мақсатында қолданылатын iс-шаралар мен оларды әлеуметтiк қорғауды
қамтамаысз етудi реттейтiн ережелердеп үшке бөлуге болады.
Құқық нормалары сотталғандардың азық-түлiкпен алғашқы керектi
бұымдармен қамтаамсыз етiлуiне анықтайды. (ҚР ҚАК 83-бап).
Сотталғандардың тәртiбi, оқуы, еңбегi ескерiле отырып, олардың
посылкалар, бандероль арқылы әдебиеттер алыуна, газет-журналдарға
жазылуына, жазу-сызуға керектi құралдар алуына рұқсат етiледi.
Қылмыстық-атқару заңнамасы сотталғандардың туған туысқандарымен және
басқа датұлғалармен кездесу және телефон арқылы сөйлесу тәртiбiн реттейдi.
Олар сотталғандардың әлеуметтiк баланыстарын үзбей үстады, оларға
пайдлы тәрбиелiк ықпал етуде бостандықтағы өмiрге тез үйренiп төселуiне оң
әсер етедi.
Сотталғандардың кездесуi үш түрге бөлiнедi :
1. Қысқа мерзiмдi кездесу-төрт сағатқа дейiн созылуы мүмкiн
2. ТМ аумағындағы ұзақ кездесу
3. ТМ аумағынан тыс ұзақ кездесу.
Ұзақ кездесулер- жақын туыстарымен бiрге тұру құқығымен берiледi:
(жұбайы, ата-анасы, ағалар, асыраушы, апай-қарындасы, әжесi, немересi)
олардың ұзақтығы 3 тәулiкке дейiн болуы мүмкiн, ең қысқасы 1 тәулiк болуы
мүмкiн. Кездесулер саы мен түрi ТМ түрiне байланысты белгiленедi, онда
сотталғанның тәртiбiне қарайды.

Ұзақ кездесуге тағамдар, азаматтық үлгiдегi киiмдер, сондай-ақ
сотталғандарға тыйым салынбайтын заттар мен бұйымдар.

Бiрiншi кездесу сотталғанға түзету мекемесiне келгенде-ақ берiледi. Егер
сотталғанның ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы болса, ол
оның түрiн өзi анықтайды.

Сотталғандарға, олардың өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi-қысқаға, ал қысқа
кездесудi-телефонмен сөйлесуге ауыстыруға рұқсат етiледi, ал тәрбиелеу
колонияларында ұзақ мекемеден кездесуге ауыстырады (ҚР ҚАК 93-бап).

Сотталғандардың адвокатпен көрiсуi кездесуге жатпайды. Кездесу
сотталғанның, оның жақын туыстарының немесе қоғамдық ұйымдардың жазбааш
арызы арқылы берiледi. Адвокат немесе сотталғанның еркi бойынша олардың
кездесуi жеке жерде уақытқа шектеу қойылмай өтуi мүмкiн. Бiрақ адвокатпен
кехдесу жұмыстан тыс күндерде немесе жұмыстан тыс уақытта өткiзiледi.

Посылкаларды, бандеролдi алу тәртiбi ҚР ҚАК 117,119,121,123,129-бптары
арқылы анықталады. Посылкалар мен бандеролдарға қойылатын талаптар пошталық
ережелер арқылы анықталады.

Жiберiлген заттар ТМ келгеннен соң әкелiнедi. Жiберiлген заттың солмағы 1
посылканың белгiленген салмағынан сапауы керек. Посылкалар, жәiберiлген
заттар мен банделордар тексеруден өтедi. Келген пошталық жiберiмдер
сотталғанның қатысуымен ашылып тексерiледi. Рұсат етiлмеген заттар алынды
және олардың сипатына байланысты сақтауға жiберiледi не актi бойынша
жойылады, қалған заттар қолхат бойынша iзiммен сотталғанға берiледi.

Медициналық шешiмге байланысты ауру сотталғандар бiрншi немесе екiншi
топтағы мүгедектер, сотталған жүктi әйелдер және ТМ-нiң балалар үйiнд
балалары тәрбиеленiп жатқан сотталған әйелдер қосымша посылкалар мен
жiберiмдер алыу мүмкiн.

Еркiнен айыруға сотталғандардың хат жазысуға (ҚР Қак 86-бап)-олардың
әлеуметтiк байаныстарын қолдаудың маңызды құралы. Сондықтан олар хаттар мен
телеграммаларды сан шағынан шектеусiз ала бередi. Еркiнен айыру орнына
сотталғандар ме оларға туыстық қатысы жоқ тұлғалардың хат жазысуы ТМ-нiң
әкiмшiлiгiнiң рұқсаты арқылыбелгiленедi.

Сотталғандардың хат алуы мен жiберуi те қана ТМ әкiмшiлiгi арқылы жүзеге
асады. Құпия белiлер, шифр, немесе басқа да шартты белгiлердi қолданған,
сондай-ақ балағатты сиапттағы хаттар адресатқа жiберiлмейдi. Ол турал
сотталғанға хабарланып, хатты жояды.

Жазаны өтеу режимiнiң маңызды бөлiгi –сотталғандардың еркiнеен айыру
органдарынан қысқа мерзiмге сыртқа жiберiлуi (ҚАК 93-бап)

Жаза өтеу режимi жүйесiнде сотталғандардың әлеуметтiк құқықтарын
қаматамсыз ету ерекше орын алады. Оларға: сотталғандардың жеке
қауiпсiздiгiн сақтау құқығы, арыздануға немесе шағымдану құқығы, жаза өтеу
кезiнд еңбек қабiлеттiлiгiн жоғалтқан жағдайда зейнетақы алу құқығы,
жекелеген санаттағы сотталғандарды белгiленген жазалау шараларынан босату
құқығы, сондай-ақ қауiпсiздiк шаралары, сотталған әйедер мен кәмелетке
толмағандар үшiн жаза өтеудiң неғрлым женiлденген жағдайын қалыптастыру
жатады.

Қазiрi кезде түзеу мекемелерiнде, негiзiнен, ауыр қылмыс үшiн
сотталғандар, рецидивистер жазасын өтеуге. Жазасын өтей отырып, оларға
қоағмға қауiп туғызады: қылмыс жасайды, адам өлтiредi, ауыр дене
жарақаттарын аалды. ТМ-де жаппай тәртiп бұзушылық, ТМ қызметкерлерiнiң
жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер, қашу және т.б. жағдайлар
кездеседi. ҚР ҚАК 80 бабы ТМ-деi ерекше жағдайдағы режимдi анықтайды.

Табиғи апат, ТМ роналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай, немесе соғыс
жағдайы енгiзiлген, сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы жағдайларында,
сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiк кезiнде түзеу мекемесiнд ерекше жағдайлар
режимi енгiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайлар мекеменiң iшкi және сыртқы
қатынастарына баланысты екi топқа бөлiнедi: сыртқы және iшкi себептер.

Ерекше жағдайды енгiзуге жағдай туғызатын сыртқы себептер мыналар:

1. Табиғи апат, техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар;
2. ТМ орналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай немесе соғыс жағдайының
енгiзiлуi;
Ерекше жағдай енгiзудiң iшкi себептерi:

1. Жаппай тәртiпсiздiк;
2. Сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы.
Ерекше жағдай енгiзуге, сондай-ақ, ТМ-гi сотталғандар арасында тараған
жұқпалы аурулар негiз болады. Төтенше жағдай конституциялық қырылысты
қорғау мен азаматтардың қауiпсiздiгiн ақмтаамысз ету мақсатында заңға
сәйкес уақытта шара ретiнде енгiзiлуi тиiс.

ТМ-гi ереке жағдай режимi-бұл ҚАК –де анықталған негiзде өкiлеттi
тұлғалар ғана енгiзе алатын заңмен қатаң шектеулi уақытта белгiленген
еркiнен айыру түрiндегi жазаны өтеу және орындау тәртiбi. Бұл режимнiң
заңмен белгiленген жалпы талаптар қоятын басқа да қылмыстық жазаны өтеу
режимдерiнен ерекшелiгi мынада:

1. ТМ-нiң қызметкерлерi қызмет атқарудың ерекше (күшейген) түрiне
көшедi. Мекеменiң кейбiр бөлiмшелерi (мысалы, өндiрiстiк,
комуналдық-тұрсыстық, мәдени-ағртушылық, медициналық санитарлық
және т.б. қызметтер) өз қызметтерiн мейiлiнше қысқартады;
2. мекеменiң күн тәртiбiне өзгерiс енгiзiделi;
3. мекеме нысандарына және оған жататын аумақтарға жiберу шектеледi
немесе тоқтатылады;
4. аатлған режим кезiнде ҚАК-нiң 83-93-баптарында қрастырылған
сотталғандардың құқықтары (азық-түлiк алу, кездесу, посылкалар
мен жiберiлiмдер алу, хат жазысу, сыртқа шығу және т.б.)
тоқтатылады.
Осыған байалнысты, ерекше жағдайдағы режим сотталғандар құқығы үшiнде,
қызметкерлер жұмысы үшiн де нақты шектеулер қояды.

Сотталғандардың, қызметкерлердiң, лауазымы тұлғалардың өмiрi мен
денсаулығына тiкелей ауiп төнген жағдайда ерекше жағдайдағы режимдi енгiзу
туралы шешiмдi ҚР бас Прокурорының келiсiмiмен ҚР Iшкi iстер министiрi
қабылдайды. Ерекше жағдайдағы режим 30 күнге дейiнгi мерзiмге енгiзiледi.

Сотталғадардың редим талаптарын сақтауын ТМ-нiң қызметкерлерi мн
сотталғандармен қатынасқа түсетiн басқа да тұлғалар, қылмыстық-атқару
заңнамасының талаптары қамтамасыз етедi. Бұлардн басқа ТМ-гi режим
сотталғандардың үстiне бақылау жүргiзу түрiндегi күзет жолымен оларға
марапаттау және жазалау шаралары, ал керек болған жағдайцда қауiпсiздiк
шараларын жүргiзу жолдарымен қамтаамсыз етiледi.

ТМ кәсiпорындарында және басқа ведомстволардан өндiрiстiк нысандарда
сотталғандар мен бостандықтағы азаматтар қатынасқа түсетiн болса, онда
режим тәртiбiн қаматасыз ету мақсатында әкiмшiлiк және инженерлiк-
техникалық жұмыскерлердiң, сондай-ақ, бiлiктi жұмыскрдiң жалпы санына
шаққанда 15%-дан аспауға итiс.

ТМ-дегi режимдi қамтамасыз етудiң маңызды құралы, бұрын аталыпм
өткендей, сотталғандардың үстiнен бақылау жүргiзу, жаза өтеу тәртiбiн
қаматамасы ету, сотталғандар тарапынан жаңа қылмыстар мен басқа да
құққыбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Жаза өтеу режимiнен қамтамасыз етуге сотталғандардың менiз-құлқына оң
ықпал ететiн, оларды жаза өтеу тәртiбiн бұзудан сақтайтын марапаттау және
жазалау шаралары қызмет етедi.
Сотталғандардың режим тәртiбiн бұзғны үшiн қоданылатын жазалау шаралары
ҚР ҚАК-нiң 109-бабында қарастырылады.
Марапаттау және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға ТМ-нiң
бастықтары одан жоғары бастықтар құқығы, ТМ бастықтрының орынбасарлары
карцерге, айыптау және тәртiпке салу изоляторларына жiберу құқығынан басқа
марапаттау және жазалау шараларының барлықтүрлерiн қолдану құқығына ие
болады.
Колония жасақ бастықтарының марапаттау және жазалау шараларынпайдалану
құқығы жоғарыда айтылғандардан неғұрлым төмен. Олар алғыс жариялау
(ауызша), отряд бастығымен бұрын берiлген жазаны, жедел алу, ескерту немеес
сөгiс жариялау (ауызша),еркiнен айыру орның аумағына кезектен тыс
кезекшiлiкке қою, сотталушыларды киноға, концертке, спорт шараларына қатысу
құққығынан айыру құқықтарына ие болады.
Жазалау шаралары мен қауiпсiдiк шараларын бiр-бiрiмен айыра бiлу керек.
Бiрiншiсi нақты iс-әрекетке қарсы қолданылса, екiншiсi ТМ қызметкерлерiне
жасайтын шабуылды тойтару үшiн, қылмыстың алдын алу үшiн, кепiлдердi босату
үшiн т.б. қолданылады. Қауiпсiздiк шараларына жататындар: қол күшi мен
арнайы және қару құралдарын қолдану.
Екiншi сұрақ бойынша ой қорыта келе, режим-бұл ҚАҚ нормаларымен
ретелген ҚР ҮҮМ түзеу меекмелерiндегi еркiнен айыру түрiндегi жазаны өтеу
тәртiбi мен шаралары деген түйiн жасаймыз.
Қылмыстық-атқару құқығының саласына жазаны өтеуден босатудың тек
соңғы тобының түрлері кіреді. Әрине, бұған үкімді орындауды кейінге қалды -
руда қолданған жағдайдағы жазаны өтеуден босату қосылмайды.
Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқықтық жағдайын өзгертетін
заңнын ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құкык
катынастары тоқтатылады да азаматтық құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі.
[7]
Жазаны өтеуден оны босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты
болатын болса, толык болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайда
жазаны өтеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың құкықтық
мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері
сақталады.
Жоғарыда айтқандай, жазадан босату азаматтың құқықтық жағын
өзгертетін заңның ақиқаты, сондықтан тиісті құкықтык және сонымен қатар заң
түрінде реттеуді талап етеді.
Жазаны өтеуден әрі қарай босатудың негізі - ол сотталғанның тиісті
дәрежеде өзінің түзелгенін керсеткені, болмаса Казақстан Республикасының
қылмыстық зандары керсеткен басқа негіздер, ал босатудың өзі кылмыстық іс
жүргізу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетілгендерге сәйкес іске
асырылуының өзі негіз болады.
Біздің көруімізше, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу мен кылмыстык-
атқару құқықтарының нормалары — өзара тығыз байланыста, әрине, қылмыстық
құқық нормалары бастаушы роль атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстык іс
жүргізу, кылмыстық-атқару құқықтарының жалпы институттарының бірлігі
байқалып тұр. Солардың бірі өтеген, немесе өтеп жатқан жаңадан босату
институты болып табылады. Бұл институттың негізінде кылмыстың құқықтық
нормалары жатыр. Сонымен бірге күші бар кылмыстық зандарда жазадан
босатудың барлық негіздерін түп-түгел реттеп беретін арнайы нормалары жоқ.
Мұндай негіздерді белгілейтін нормалар қылмыстық-атқару заңдарында бар
(Казақстан Республикасы ҚАК-нін 168-бабы).
Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып мыналар есептеледі:
• сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
• іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің кысқартылуына
байланысты сот үкімі күшінің жойылуы;
• жазаны өтеуден шартты - мерзімінен бұрын босату;
• жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен
ауыстыру;
• кешірім жасау немесе рақымшылық ету;
• ауыр науқастану немесе мүгедектік;
• занда көзделген өзге де негіздер.
Сонымен, заңмен жазаны өтеуден босатудың әр алуан түрлері
көрсетілген. Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түріне сот үкімімен
белгіленген жаза мерзімін өтеу кіреді.
Жазадан босатудың бір түрі — мерзімінен бұрын босату, ол тек заңда
тікелей көрсетілген кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Бұл жазаның мақсатына
жеткенінде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана мүмкін.
Жазадан босатудың негіздеріне заң ақикатында көрсетілгендігі жатады,
оған мемлекеттің жоғарғы басқару актілері, яғни әрі қарай жазаны өтеуден
босату туралы соттардың үкімдері мен ұйғарымдары кіреді.
Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың негіздерін үш топқа бөлуге
болады.
Бірінші топқа — сот үкімімен белгіленген мерзімді өтеп босатылған
сотталғандар кіреді.
Одан кейін мерзімінен бұрын босатылғандар тобын атауға болады, оған
кіретіндер: шартты — мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан
айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру,
аурулығы мен мүгедектігіне байланысты жаза өтеуден босату, кешірім жасау
мен рахымшылық етуге байланысты, үкімнің жойылуы мен істің қысқартылуына
байланысты; үкімді өзгертіп жазаны шартты мерзімінен бұрын ауыстыру немесе
ең аз шектеуге дейін төмендету себебіне байланысты.
Үшінші топқа заңда қаралған баска да негіздермен жазадан босатулар
кіргізіледі.
Көрсетілген жазадан босату негіздерінің әрбіреуінің өзіндік
әлеуметтік-қүкьіқтық және зандық табиғаты бар. Жаза мерзімін өтеуден
босатудың өзі адамның жазаны өтеуін тоқтатқаны болып есептеледі. Тіпті,
сотталғанды түзей алмағанның өзінде де ол, бақылау түрімен өзгертілген
занды күшіне енген тұракты үкім бойынша заңдылыққа сүйене отырып босатылуы
тиіс Жаза мерзімін өтеген соң босату — табиғи, қолданылған жазаны өтегеннен
кейінгі қисынды түсінікті жағдай.[9]
Жалпы ережеден бір ерекшелігі — ол жазаны өтеу мерзімінен бұрын
босату. Ол әр түрлі негіздерде қолданылады:
Мерзімінен бұрын босатудың ерекше екенін атай отырып. сотталғанның
заң белгілеген жаза мерзімі біткенше түзелгенін көрсететінін, ал ол
жазалау әсерінің тиімділігінің дәлелі дегіміз келеді. Бұл мағынада, жазаны
өтеудің мерзімі бітуден бұрын босатудың негізгі түрлері — жазаны даралап
өтеудің сатысындағы процесті аяқтайтын — мерзімінен бүрын шартты босату,
жазаның өтелмеген бөлігін оның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру.
Мұндай институттар болғандығы жазаны атқарушы органдардың
сотталғандарға, олардың адал ниетпен еңбек істеуіне, үқыпты оқуына және
мінез-құлкының үлгілігіне белсенді әсерін тигізеді. Жазадан мерзімінен
бұрын шартты түрде босату жазаның жағдайларын дұрыс пайдалану және оның
өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру сотталғандардың қүқықтық
танымына үлкен тәрбиелік әсерін тигізеді. Сондықтан жазадан мерзімінен
бұрын шартты түрде босатудан бас тарту, сондай-ақ жазадан негізсіз босату
сиякты кез келген кателіктерге қатысы бар жағдайларға шыдауға болмайды.
Жазаны өтеуден босатудың түрлері мен негіздерін белгілейтін құқықтық
іс тәртібін реттеу, жалпы алғанда жазаны өтеуді дараландыруға жұмыс істейді
және оның мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.

1.2 Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі

Күші бар қылмыстық-атқару заңдарында, ведомстволык нормативтік
актілерде түзеу мекемелерінен босатудың тиісті тәртібі көрсетілген.
Сотталғандарды жазаны өтеуден босату үшін оларды алдын ала
дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау — құкық бұзушыларды түзету
жөніндегі түзеу мекемелерінің іс- әрекетіндегі ең бір маңызды кезеңі. Оған
оларды алдын ала жүмысқа орналастыру, бостандықтағы өмір жағдайына тез
үйрету мәселелері кіреді. Босатуға дайындық мерзімі аяқталудан үш ай бұрын
басталады. Әрбір сотталғанмен жеке әңгіме жүргізіледі, онда босағаннан
кейін шамамен оның тұратын жері белгіленеді; жергілікті үкімет органдарының
көмек көрсету тәртібі түсіндіріледі.
Түзеу мекемелері әкімшілігінің жасақ бастығы мен босатылғандарды
еңбек пен түрмыстық жағдайын орналастыру жөніндегі аға ннспекторы керекті
жағдайда олардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру мүмкіндігін біледі және
алдын ала көмек көрсетуге шара колданады. Қазір нарықтық жағдайға көшу
кезінде мұндай көмек көрсету мүмкіндігі төмендеп кетті.
Түзеу мекемесінен босайтын адамдарды еңбек пен тұрмыстық. жағдайын
түзеудің маңыздылығын ескере отырып, тәрбиелеу шаралары жиынтығын аяқтау
кезеңі және құқық бұзушыны түзеудің қорытындысын бекіту түрінде, қазіргі
күші бар Қазақстан Республикасы Енбек заңдары — ол міндетті жергілікті
атқару органдарына жүктейді. Нарықтық экономика қалыптасу кезінде
жұмыссыздық пен өңдіріс амалсыз құлдырайды. Осының қорытындысында бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа
орналастыру қиындады. Жалпы жаза мерзімін өтегендердін 7 пайызы ғана
уақытша жұмыска орналаса алады, қалғандары жұмыссыздар катарына қосылуға
мәжбүр болады, сондыктан бұл дәрежедегі адамдар қайта құқық бұзу жолына
түсуі мүмкін. Қылмыстык жағдайда Республикада бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған сотталғандарды ақтау орталығының жоқтығы киындата
түседі. Кейбір дәрежедегі сотталғандарды босатуға дайындаудың өзгешеліктері
бар — оларға I, II –топтағы мүгедектер, қартайғандар, кәмелетке
жетпегендер, аяғы ауыр әйелдер мен жас балалары бар аналар жатады. Мысалы,
босағаннан кейін тұратын орны жоқ I, II топтағы мүгедектер мен қартайған
адамдар (олардың сұрауы бойынша) мүгедектер, қартайғандар үйіне
орналастырылады. Осыған байланысты түзеу мекемесі әкімшілігі тиісті
әлеуметтік камсыздандыру органдарына, ал кәмелетке толмағандарға кәмелетке
толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға керекті құжаттарды жібереді.
Жазадан босату кезінде сотталғанға кету парағы беріліп, соның
негізінде онымен түгелдей есептеседі.
Бірқатар түзеу мекемесінде қызықты тәжірибе бар. Оларда
сотталғандарды босату рәсімі жүргізіледі, ол ұлкен психологиялық әсер етуі
мүмкін. Оның салтанатты жағдайда жүргізілуі көнілді көтереді, сотталғанның
колонияда ақырғы рет болып, енді өмірдің жаңа шебіне, бостандық өмірге
ауысуы ретінде дұрыс қабылданылады.
Кешірім жасау, рақымшылық ету негіздерінде, шартты түрде, мерзімінен
бұрын шартты немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімін едәуір
жеңілдетілген жазамен ауыстырғанда да рәсім салтанатты болуы тиіс.
Осы мақсатта сотталғандарды мерзімінен бүрын босатуға арналған
жиналыс өткізілуі мүмкін.
Сотталғандарды еркіндік емірге дайындаудың аса жауаптылығын түсіне
отырып, Зан Казақстан Республикасы ҚАК- нің 173-бабында бас бостандығынан
айыру орындарынан босату тәртібін арнайы реттеген. Ол бойынша бас
бостандығынан айыруға, қамауға, бостандығын шектеуге сотталғандар ж.аз
мерзімінің соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады, Егер құжаттар жұмыс
күні біткеннен кейін түссе, онда ертеңгі күпі таңертең босатылады. Ал, жаза
мерзімі демалыс немесе мереке күні бітетін болса, сотталған жазаны өтеуден
демалыс немесе мереке алдындағы күні босатылады. Жазаның мерзімі айлармен
есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиісті күнінде,ал егер бұл айда тиісті
күні болмағанда сол айдын соңғы күнімен бітеді.
Сотталған босатылған кезде оған тиесілі заттары мен құндылықтары,
оның жеке шотындағы сақтаулы тұрған акшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ
жазасын өтегені туралы немесе жазадан босатылғаны туралы кұжат беріледі.
Босатылушынын, сұрауы бойынша оған әкімшілік мінездеме беріледі.[9]
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға түзеу зандарымен
келесі материаддық көмек түрлерін көрсету белгіленген: босатылған адамдар
тұратын жерлеріне немесе жұмысына дейін тегін жолақымен, тиісті тәртіппен
жолда жүргснде азық-түлікпен немесе акшамен, мемлекеттік қаражат есебінен
сырт киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Оларға белгіленген
мөлшерде түзеу мекемесі бір жылғы ақшалай жәрдемақы беруі мүмкін (Қазақстан
Республикасы КАК-нің 176, 177-баптары).
Бейімделуді ауырлататын екінші қиындық – ол сотталғандар көптеген
жағдайда өмір дағдасынан айырылады; өз бетімен шешім қабылдамайды; барлық
күн тәртібін мекеме әкімшілігі белгілейді; өз қаржысын жұмсауды жоспарлай
алмайды, олардың қолында ақша жоқ; қалалық көлікпен жүрмейді; күнделікті
өмірде басқа азаматтар счияқты өзін баспанамен, киіммен, азық – түлікпен
қамтамасыз етуді ойламайды. Олар өз бетімен шешімқабылдаудан безінеді, яғни
бостандықта өмір сүруге бейімделмеген пассив болады.
I және II топтағы мүгедектерді, аяғы ауыр әйелдер мен жас баласы бар
әйелдерді, яғни кәмелетке толмағандарды жазадан босату кезінде жазаны
атқарушы мекеменің әкімшілігі олардың туыстарын не қамқоршы өзге адамдарды
алдын ала хабардар етеді.
Түзеу мекемелерінен босатылатын, денсаулығы бойынша ұдайы күтімге
мұктаж адамдар, сондай-ақ 16 жасқа толмағандар тұратын жеріне алып кетуге
келген адамдарға немесе түзеу мекемесінің кызметкеріне ертіп жіберіледі.
Ата-аналары жоқ кәмелетке толмағандар кәмелетке толмаған адамдар ісі
жөніндегі комиссиялар шешімімен мектеп-интернаттарға немесе басқа да
балалар мекемесіне жіберіледі, сондай-ақ, белгіленген заң бойьшша қамқор
тәрбиешіге беріледі. Оларға бір жолғы берілетін ақша орнына керекті киім-
кешек тағы басқа заттар алып берілуі мүмкін.
Казақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нің басқа
республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінде
жазаны өтегеннен кейін өз республикасына кеткенде жол билеті Қазақстан
Республикасының шекарасына дейін қамтамасыз етіледі.

2 Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу

1. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеудің негізгі мәселелері
мен принциптері

Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде, сонымен қатар бұқаралық ақпараттар
құралдарындағы жариалымдарда бас бостандығынан айыру органдарынан
босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін заңмен реттеу жөнінде
ұсыныстар табандылықпен жиі айтылып жүр.
Сотталғанды әлеуметтік бейімделу проблемасын қайталанба қылмыстармен
күресу бағытының бірі ретінде қарау тиіс. Шынында, бас бостандығынан айыру
органдарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл
сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра,
сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құқық бұзу мен
қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.[11]
Әлеуметтік бейімделу деп жеке адамның әлеуметтік ортаға икемделуін,
оның әдет-ғұрпын, осы ортаға тән нормаларын әлеуметтік көзқарастарын,
нұсқауларын ұғынып алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген адамға еркін
қоғамда тұратын азаматтардың мінез-құлықтарын, әдеттерін үйренуін айтады.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі қылмыстық жазаны өтеу
процесіне сотталғандарды түзеудің негізгі амалдарын қолдана отырып,
сотталғандарды еркін өмірде тұруға психологиялық, өнегелікке дайындау
мақсатында көптеген шаралар қолданады. Бұған, болашақта әр түрлі
себептермен босатылатын адамдарды құқыққа оқытуға кіреді. Бұл сотталғанның
босатылғаннан кейінгі өмірді құруға ақылмен қарауға бағытталған жұмыстың
ойланып істегенбір түйінді кезеңі деп ойлаймын. Сондықтан, тәрбиелеу жұмысы
кезінде сотталғанмен маңызды тақырыптарға, яғни отбасында, ұжымда,
қоғамдағы базарлық қатынастар, кезінде өнегелілік, іскерлік көрсету,
тұрмыста кездесетін және онда мінезге қойылатын талаптар туралы әңгімелер
жүргізіледі.
Бұл жұмысты жүргізгенде ол адамдардың бейімделуіне табиғи қиындата
түсетін кейбір объективті жағдайлар бар. Бас бостандығынан айыру
сотталғандарға да, қоғамға да көптеген әлеуметтік қиындықтар қалдырады.
Оның зардабының бірі – ол, отбасымен ағайын – туыстарымен,
таныстарымен, бұрын жұмыс жасаған ұжымымен сияқты көптеген әлеуметтік –
пайдалы байланыстарының үзілуі. Осындай үзілістердің зардабын жеңілдету
мақсатында, заңмен әр түрлі шаралар алдын ала көзделген: сотталғандар
посылка, сәлемдемелер алады, кездесе алады,хат жазысып тұрады. Әрине, бұл
шаралар тұрақты кездесіп тұруды ауыстыра алмайды. Қылмыстық-атқару
кодексінде жеңілдіктер түрі едәуір кеңейтілген.[12]
Күші бар заңдарда бұл – бірінші рет сотталғандар мен бас
бостандығынан айыруға бұрын сотталғандарды бөлек ұстау шарасы арқылы
шешіледі. Бірақ қазіргі топтастыру әдісі әр түрлі сотталғандардың жеке
басының ерекшелігін ттүгелдей ескере алмайды. Кейде бір рет сотталғанмен,
ал бірнеше немесе әдейі саналы түрде қылмыс істеген қауіпті қылмыскерболуы
мүмкін, ал басқа бір сотталған адам екінші рет сотталғанмен, ол қылмысты
күтпеген жағдайға байланысты жасаған адам болуы мүмкін. Екіншіге қарағанда,
бірінші жаза өтеп жүрген басқаларға кері әсерін күштірек тигізуі мүмкін.
Бейімделуді ауырлататын екінші қиындық – ол сотталғандар көптеген
жағдайда өмір дағдасынан айырылады; өз бетімен шешім қабылдамайды; барлық
күн тәртібін мекеме әкімшілігі белгілейді; өз қаржысын жұмсауды жоспарлай
алмайды, олардың қолында ақша жоқ; қалалық көлікпен жүрмейді; күнделікті
өмірде басқа азаматтар счияқты өзін баспанамен, киіммен, азық – түлікпен
қамтамасыз етуді ойламайды. Олар өз бетімен шешімқабылдаудан безінеді, яғни
бостандықта өмір сүруге бейімделмеген пассив болады.
Сотталғандардың көпшілігі жабық түрдегі колониялардан (жалпы,
күшейтілген, қатаң және айрықша режимдегі) және де түрмеден тікелей
босатылады.
Бейімделудің қиындала түсуіне босатылғанның бостандыққа ьшыққан
күнінен бастап кереғар қабылдауға кездесу әсер етеді. Бұл жағдай, әсіресе
колонияда дайындалмағандарға ерекше әсер етеді.
Босатылғаннан кейін ұйымдардың, кәсіпорындарының (меншік түріне
қарамастан) кейбір лауазымдыадамдардың оларға сенбегендігінен жұмысқа
алмауы сияқты проблемалар пайда болуы мүмкін. Одан басқа мұндай адамдар,
әсіресе кәмелетке толмағандар әлеуметтік қоршаудың кері әсеріне бейім
тұрады. Сондықтан кәмелетке толмағандар бостандық өмірде тұрмысын жөнге
салудағы және жаңа әлеуметтік рөлін игеруде көмекке өте мұқтаж болады.
1963 жылы жартылай бас бостандық режимі орнатылған коныстану
колониялары құрылған болатын. Ондығы режим сотталғандарды бостандық
өмірдегі жағдайға жақындатуға бағытталған. Бірақ бұл кезеңді мінезі оңға
басқан, түзелу жолына әбден түскен сотталғандар өтеді. Әйтсе де мінез-
құлқын босатуға біртіндеп бейімдеу жеңілдеу болар еді.[13]
Бұл жөнінде сотталғандардың бостандық жағдайға әлеуметтік
бейімделудегі тәжірбиесіне көңіл аударарлық.
Тәжірбиенің жағдайына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаны сотталғандар кезең – кезеңмен өтейді. Бірінші кезеңде жазаны қатаң
талаптағы режимнен бастап, олардың жақсы мінезіне байланысты осалдатып,
ақырында түзеу мекемесі әкімшілігінің бақылауымен тіпті қылмыстанбосатуға
дейін апарады. Бұл, жазаны өтеп жатқан жерде сотталғандардың мінез-
құлықтарын адал ниетпен түзеуге құштарлығын шын мәнінде талаптандыру.
Тәжірбие сотталғандардың туысқандарымен әлеуметтік қарым-қатынастарын
пайдалы түрде кеңейтуді, босағаннан кейін оны одан әрі кеңіте түсу мақсатын
көздейді.
Мекеме әкімшілігіне облыс әкімшілігі жанындағы бақылау комиссиясымен
келісе отырып, сотталғандарды 4 кезеңге әлеуметтік атқару орталығына
ауыстыруға құқық берілген.
Әлеуметтік ақтау Орталығында жазаны өтепа жүрген сотталғандар орталық
тұрған әкімшілік ауданындағы сотталғандар тұрған жеріне күн сайын барып
келе алатындай қашықтықтағы кәсіпорына жұмысқа орналастырылады. Әлеуметтік
ақтау Орталығына ауыстырылған сотталғандар колония аумағының сыртында
орналасқан жатақханада тұрады. Ал, кейбір сотталғандар 6 ай өткеннен соң
түзелу жолына түскенін мінез-құлқымен дәлелдесе, онда қаланың шегіндегі
отбасында қылмыстық-атқару жүйесінің облыстық ІІБ жанындағы Кеңестің
рұқсатымен тұра алады.
Айтылған тәжірбие дұрыс қорытындысын берді. Оңтүстік Қазақстан
облысында тәртіп белгілі бір дәрежеде жақсарды, режим бұзушылық бір жарым
есе төмендеді. Осындай тәжірбиелерді тек оңтүстікте ғана емес Қазақстанның
барлық жерінде қолданылса Республика бойы режим бұзушылқ жақсарар еді.
Мұндай орталықтардың қызметі жақында тіпті алыста шет елдерде кең
таратылды. Англияда, тағы кейбір елдерде ашық түрдегі түзеу мекемелері,
әсіресе сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға дайындаған
кезде кең пайдаланылады. Оларда сотталғандарға пенитенциарлық мекемелердің
сыртына шығуға рұқсат етіледі. Ұқсас ашық бөлімшелері ГФР, Чехия,
Словакия пенитенциарлық мекемелерінің жанында қызмет істейді. Мыслы,
Швецияда бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдар үшін ақтау
орталығы құрылған, ол жерде бұрынғы сотталғандар жұмысқа орналасу мен
тұрмыстық мәселерін шешкенше азғана ақы төлеп баспана мен тамақ ала алады.
Одан басқа, жергілікті үкмет органдары өзінің ведомстволық қарауындағы
аумақта босатылған адамға шұғыл көмек көрсету үшін өз қаражатына түнде
жататын үйлер ұстап отырады.[14]
Шведтердікіне ұқсас қазіргі уақытта Бұқарада, Санк-Петербургте,
Самарада, Яросавльде және басқа да Ресей қалаларында ақтау ортылықтыры
құрылған.
Жазадан босатылғандардың әлеуметтік бейімделу проблемаларын шешуде
тек ішкі істер органдары ғана емес, сонымен бірге қоғамда және бүтіндей
мемлекетте құштарлық білдіруі тиіс.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды бейімдеу
проблемалары өтпелі кезеңдегі елдегі экономикалық-әлеуметтік қиындықтар
жағдайында күрделі болып есептеледі. Бірақ бұл мәселе өзінің тезірек заң
денгейінде шешілуін талап етеді. Тиісті өзгерістер әр түрлі – қылмыстық
атқару, әкімшілік, баспана және т.б. заң салаларына белгіленуі тиіс.
Біздің көзқарасымызша, бұл мәселені шешуде үкметтің жергілікті атқару
органдары да тікелей қатысуы тиіс. Оларға тиісті көмек көрсету үшін нақтылы
мүмкіндік берген жөн: арнайы ақшалай қор құру, тұратын орын бөлу, мүмкін
уақытша пайдалануға ғана және т.б.
Бас бостанығынан айыру орнындағы сотталғанды босатқанда әлеуметтік
бейімдеуді жеңілдету үшін бір жағынан арнайы әлеуметтік нормалар жүйесі
белгіленуі тиіс. Себебі олардың (жұмысқа орналасу, тұрмыстық, баспана табу)
көптеген жағдайда өз бетімен шеше алмайды, ал, екінші жағынан – қоғамға
қарсы қандай да болмасын мінез көрсететін, соның ішінде жаңа қылмыстар
істеуі мүмкіндерге әлеуметтік бақылау қою.
Осыған байланысты Жазадан босатылған адамдарға бейімделу кезінде
арнайы көмек көрсету туралы заң қабылдауға ұсыныс жасауда. Заңда мыналар
белгіленген болуы керек: мемлекет органдарынан, кәсіпорындарының, мекемелер
мен ұйымдардың әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етудегі қызметтерінің
негізгі бағыттары мен міндеттері; жазадан босатылған адамдарың құқықтық
жағдайы; олардың еңбек пен тұрмыстық жайын ұйымдастыру тәртібі; олардың
әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды бақылау міндеті мен
байқау мерзімі кезінде олармен тәрбие жұмысын жүргізу міндетін заң жұмыс
істеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер