Экологияның қалыптасуы мен дамуы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Экологияның қалыптасуы мен дамуы . . . 4ХУІ ғасырдың басы мен ХУІІІ-ғасырдың аяқ кезіндегі экологияның дамуы . . . 5Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі . . . 6Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі . . . 7
- Қоғам мен табиғат қарым-қатынасының эволюциясы . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11
КІРІСПЕ
Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э. Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология - тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты - барлық тіршілік атауының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыстың 1-ші бөлімінде біз экология ғылымының қалыптасуы мен дамуын, яғни антикалық кезеңнен бастап қазіргі заманға дейінгі экологияның ғылым саласы ретіндегі рөлін қарастырсақ, ал екінші бөлімде, адам мен табиғат арасындағы байланысқа тоқталамыз.
- ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «биологиялық қайта өрлеудің» (XVIII - XIX ғғ. ) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғ. басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын - «қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады. Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. «Экология» терминің 1869 ж. неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезенің басынан кешіріп отыр. Экология (грекше oicos - мекен, үй және logos - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қайқырына баса мен берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Мысалы, «ұзақ мерзімдік қолданыс» үшін ең қолайлысы «Экология - қоршаған ортаның биоогиясы» деген анықтама болар еді. Отандық экологтардың бірі А. С. Данилевский: «Экология - экологиялық дүйелердың құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген. XX ғасырдың ақырғы онжылдыктары үшін Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген: «Экология пәні - организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы немесе құрылымы» - деген анықтама экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді. Автолар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір-бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға ең толық анықтаманы Эрнест Геккельдың өзі бергенін естерінен шығарып алады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатың жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология - Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым - қатынастарды зерттеу болып табылады».
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті. Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен ХХ-ғасырдың басы болып саналады.
Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Эмподокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен табиғат зерттеушілерінің еңбектерінен көреміз.
Биосфера құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық бейімделушіліктерді оның айналаны қоршаған биосфералық ортасына тәуелді екендігі экологиялық-биологиялық тұрғыдан зерттеледі.
Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын және осы кезден жағдайын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
- ХУІ ғасырдың басы мен ХУІІІ-ғасырдың аяқ кезіндегі экологияның дамуы
1-кезең (1707-1924)
К. Линей (1707-1778), Ж. Л. Бюффен (1907-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцев (1824-1885), А. Н. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), В. Враминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903) т. б биосфера компоненттерін зерттеуден; биологтар, химиктер, өздерінің ғылыми еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізіп экология ғылымдарының дамуына үлестерін қосқаны туралы қолымызда ғылыми материалдар бар. Осы уақытта өзінің "Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы” еңбегін жарыққа шығарды - сондай-ақ, А. Декандольдың ботаникалық географиясы", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы" атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен бірге Ч. Дарвиннің ("түрлердің шыгу тегі", "Б. В. Докучаевтың зоналары" туралы ілім және тағы басқа ұлы табиғат зерттеушілердің еңбектері жарық көрді. Сөйтіп экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Австрия мемлекетінің әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі - Дарвинист Эрнест Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет өзінің екі томдық "Организмнің жалпы морфологиясы" атты еңбегінде жан-жақты ғылыми түсінік берді. Ол кезде оған тең келетін ғалым-биологтар болмағанды. Ұлы Дат ғалымы аса данышпан білгір - ботаник Е. Варминг экология туралы көптеген еңбектер жазды.
- Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі
ІІ-кезең (1924-1980 ж. ж. )
Бұл кезең Э. Геккель Е. Варминг, К. Мебиус т. б. ғалым-биологтар Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабуков, жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Танфильев, П. Н. Крылов жануарлар мен өсімдіктер физиологиясын зерттеп, экология ғылымыиың дамуына үлкен үлес қосады. Әсіресе Г. Ф. Морозовтың "Орман туралы ілімі", Биолог - ғалымдар оны орман-тоғайын зерттеушілерінің атасы деп атайды. Д. Н. Кашкаровтың "Орта және бірлестіктер", "Жануарлар экологиясының негіздері", ағылшын ғалым-биологы А. Тэнслидің ''Экожүйелері туралы ілімі", орыс геоботанигі В. Н. Сукачевтің "Биоценоз", В. И. Вернадскийдің "Биосфера туралы ілімі" және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектері экология ғылымдарының дамуының негізгі ұясы болып есептелінді.
Бұдан кейін экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымының беделі арта түсті. Жоғары дәрежеге көтерілді. Әсіресе суларда тіршілік ететін ағзалардың экологиясы жан-жақты зерттеліне түседі. Олардың экологиясын зерттеуге өте үлкен үлес қосқандар ЛА. Зекеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Иоганзен болатын. Топырақта тіршілік ететін ағзалардың экологиясын зерттеген ғалымдар да бар. Олар: Меркурий Сергеевич Гиляров (топырақтағы ағзалар экологиясы), Й. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Бейсенко, В. В. Яхонтов, ГА. Зикторов насекомдар экологиясы және тағы басқа эколог ғалымдар: В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев (паразитологиялық экология), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясын зерттеген ғалымдар (А. Т. Банников, Н. И. Калабуков, А. Н. Формозоз, Г. А. Новиков, С. С. Шварц) болды.
Өсімдіктер экологиясын (В. Н. Сукачаев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко және тағы басқа зерттеуші ғалымдар екенін айтпай кетуге болмайды. Осы уақытта жоғарыда аты аталған зерттеуші-ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі бөлімдеріне теориялық зерттеулер жүргізіп, олардың қорытындыларын жинақтап, аса құнды - фундаментальды ғылыми еңбектер жазылып, олар жарық көрді. Сөйтіп, бұл еңбектер студенттердің экология ғылымдары саласынан тұрақты түрде білім және тәрбие алуына септігін тигізуде.
Александр Петрович Щенников, өзінің "Өсімдіктер экологиясы" (1950) жарыққа шықты. Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), тағы басқа экология проблемаларына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Олар студенттердің экология ғылымынан нағыз білім алатын қайнар бұлағына айналып отыр. Бұл оқулықтар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта, қазақ және басқа ұлттар тіліне аударыльш, жеткіншектердің экологиялық білім және тәрбие алуына мүмкіншілік туып отыр. Осыған байланысты Белоруссия Республикасының биолог-ғалымдарының ғылыми еңбектері ерекше орын алып отыр. Өйткені бұл мемлекетте экология ғылымдары саласынан эколог-биолог ғалымдар өте көп. Атап айтқанда: В. А. Плюшевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. И. Жуков, И. К. Лопатин, М. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, ГАНовиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сушени, Л. В. Камлюк және тағы басқалар олар экология ғылымының дамуына айрықша роль қосты.
Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар, түсіндірме сөздіктер көптеп шығарыла бастады. Әсіресе шет мемлекеттерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген аса ірі экологтардың А. Пирсаның, "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Эльтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), В. Шелфорд пен Ф. Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология” және “Основы экологии - экология негіздері” (1981), жарыққа шықты. Осы негізде, олардан студенттер экологиялық білім алуда.
Ал кейінгі кезде Н. Чернова мен А. Былованың “Экология” (1988), В. А. Радкеевичтің “Экология” (1977), Н. Ф. Реймерстің “Экология” (1994) және тағы басқа эколгтардың аса бағалы ғылыми еңбектер мен оқулықтары жарық көрді.
- Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі
ІІІ-кезең (1980-2000 ж. ж. )
Экология өзінің ғылым саласы ретіндегі дамуының үшінші кезеңінде- бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси экономикалық, нарықтық, жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа қағидалары мен бөлімдерін ерекше түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, аса ірі эколог-биолог А. М. Гильяров "Популяциялық экологияны" жазып оны 1990 жылы жарыққа шығарды. Соньшен бірге М. Захарченконың "Экологияның қазіргі проблемалары" (1995), Н. Речмерстің "Экология" (1999), В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері" (1994), С. Боголюбовичтың "Экология және право "құқық" (1989), Ю. А. Израельдің "Экологиялық мониторингі" (1995), Н. Реймерстің "Экологияландыру" (1993), Г. Сидоренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары" (1993), М. Бионың "Экология" (1996), С. Тлеубергеновтың "Адам экологиясы" (1996), СДрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педагогика және психология" (1996), В. Хесленің "философия және экология" (1993), Ж. Шілдебаевтың "Қызықты экология" (2000), Ж. Жатқанбаевтың "экология терминдерінің түсіндірме сөздігі" (2000) және тағы баска эколог, химик-биолог ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
- ҚОҒАМ МЕН ТАБИҒАТ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Адам мен табиғат арасындағы қатынас - динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады. Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос - Әлем мен микрокосмос - Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Бируни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі - әлеммен бірдей». Адамның табиғатпен ара қатынасы - мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат - қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Адамның қоршаған дүниеге көзқарасы, түсiнiп-бiлу деңгейi қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзiнiң тұлға ретiнде қалыптасуында негiзгi орынды алады. Философиялық тұрғыдан алғанда, адамзат үшiн "қоғам-адам-табиғат" туралы ойлар ертеден-ақ адамгершiлiк, iзгiлiк, инабаттылық, имандылықты дәрiптеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, қоғам мен адам тағдырының мәнiн түсiну тұрғысында қалыптаса бастаған.
Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас бiр-бiрiн толықтырып отырады. Тiптi олардың арасындағы қатынастарды нақты түсiну үшiн географиялық орта деген ұғымды қолдануға болады. Бiз осы ортаға байланыстымыз әрi қоғамдық өмiрге қажеттiнiң бәрiн ортада өндiремiз. Табиғат пен оның зерттеу процесi адам болмысын ашуға септiгiн тигiздi. Адамның зердесi өзiнiң ұшан-теңiз мүмкiндiгiмен, шығармашылық қабiлетiмен танылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz