Шу дастаны
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Шу дастаны . ерлік эпосы
2. Дастанның көркемдік ерекшеліктері
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Шу дастаны . ерлік эпосы
2. Дастанның көркемдік ерекшеліктері
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Атамұра 2005
2. Түркістан газеті №6 14 ақпан сенбі 2007 жыл
3. «Өркениет өзегі» газеті «Сақ қызы Тұмар қыз» мамыр,30 2007 жыл
4. «Қазақ тарихы» журналы 200 ж. №3, 12-15 бет
1. Н Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Атамұра 2005
2. Түркістан газеті №6 14 ақпан сенбі 2007 жыл
3. «Өркениет өзегі» газеті «Сақ қызы Тұмар қыз» мамыр,30 2007 жыл
4. «Қазақ тарихы» журналы 200 ж. №3, 12-15 бет
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Шу дастаны – ерлік эпосы
2. Дастанның көркемдік ерекшеліктері
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары
арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы
тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде
шығарылған Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрi және
Ергенеқон дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып
табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи
кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң
(Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге қаған жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз
болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен
ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк
үндестiкте дамыды.
Шу дастаны
Шу дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын
сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік
эпосы.
Шу дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан
бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір
тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн сияқты. Ол үшін алдымен сақтар
тарихынан мол дерек беретін Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар
туралы бірер сөз айта кетейік.
Сақтар дәуірінен бізге үзік-үзік күйінде жеткен ерлік дастандарының
кейбір күңгірт тұстарын айқындап алуға археология ғылымы саласындағы соңғы
жетістіктер өз септігін тигізіп келеді. Мәселен, Ә. X. Марғұлан атындағы
археология институты ұйымдастырған Қазақ-француз-итальян біріккен
халықаралық археология экспедициясы 1999 жылы бүкіл ғылыми әлемді дүр
сілкіндірген жаңалық ашқаны мәлім. Бұл экспедиция Алтай тауы етегіндегі
Берел қорымынан (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы) бұдан екі мың
төрт жүз жыл бұрын жерленген сақтардың көсемі (тәңірқұты) мен патша
(әйелінің табиттағы мәйітін тапты. Ең ғажабы- көсемге құрбандыққа шалынған
он үш жирен сәйгүліктің денелері де мәңгілік тоң астында жатып, жиымра төрт
ғасыр бойы бұзылмай, шірімей, сол күйінде сақталған. Бұл қорымнан табылған
заттар мен оларға бедерленіп салынған сан қилы суреттер, ою-өрнектер, аңдар
мен құстардың мүсіндері, т.б. кейбір ежелгі дастандардың мүсіндері, т. б.
кейбір ежелгі дастандардың сюжетін айқындай түсуге мүмкіндік берді.
Берел қорымынан табылған сақтар көсеміне құрбандыққа шалынған аттардың
саны неліктен он үш болған деген сауал туады. Бұл сауалға бізге сақтар
дәуірінен сюжеттік желісі ғана жеткен Шу дастаны жауап беретін сияқты.
Дастанда Шу өңірінің тәңірқұты (әміршісі) Шу батырдың Кек ордасын күзетіп
тұру үшін келген он екі батыр туралы айтылады. Көк жібек маталармен
көмкерілген он екі қанат орданы (киіз үйді) күндіз-түні қоршап тұрған осы
он екі салт атты батыр - он екі тайпаның патшаға жіберген сенімді өкілдері
емес пе екендегеной келеді. Онда неге Берел қорымына он үш жылқы
жерленген? Әлде біз сөз етіп отырған тәңірқүт он үш тайпаға билік
жүргізді ме екен? Әрине, олай емес. Жалпы сақтар мен ғұндардың ауыз
әдебиеті үлгілерінде он екі тайпалы ел туралы жиі айтылады. Демек, Берел
қорымына көмілген он үш тұлпардың біреуі, яғни ер-тұрман әбзелдері көбірек
әшекейленген, алтын түстес сап-сары ерекше көрікті көрінетін сәйгүлік
патшаның жорыққа мінетін өз аты болып шығады. Дәлірек айтсақ, он екі
тайпадан құрбандық үшін жіберілген он екі атқа қоса патшаның өз аты да
құрбандыққа шалынған. Шу дастанының үзік-үзік күйінде жеткен сюжетінен де
осындай көріністерді аңғаруға болады.
Біз сөз етіп отырған қорымнан табылған он үш жирен аттың кекілінен
бастап, құйрығына дейінгі аралықты түтас күйінде алтынмен апталған, ою-
өрнекті, әшекейлі әбзелдер көмкеріп тұр. Аттың ор-тұрманы, алтындалған
өмілдірігі, құйысқаны және жүгенінің сулығы, шекелігі жалт-жұлт етіп
алыстан көз тартады. Ер-тұрманның тартпа-айылы, түрлі ою-өрнектер салынған
көпшігі, тебінгісі зор шеберлікпен жасалған. Ат әбзелдерінің бәріне
самұрық, арқар, барыс, бүркіт басты грифондар (құбыжық-сфинкс) бейнесі
бедерленіп салынған. Бұлардың ішіңде әсіресе арқар бейнесі жиі қайталанып
отырады. Арқар ұранды алты алаш деген қанатты сөз осындайда ойға оралады.
Сақтар мен ғұндар дәуірінің ат әбзелдерін, онда бейнеленген
мифологиялық құстар мен аңдардың бедерлі бейнелерін көрген соң ғана Алып
Ер Тоңға, Шу, Аттила дастандарының біздің заманымызға жетпей қалған
немесе түсініксіз болып келген кейбір оқиғаларды айқындап алуға мүмкіндік
туып отыр. Көне дәуірді зерттеп жүрген тарихшылардың айтуына қарағанда, біз
сөз етіп отырған сақтар мен ғұндар дәуірінде ежелгі гректерде, парсыларда,
қытайларда ер-тұрман дегенді мүлдем білмеген. Сақтар мен ғұндардың жоғарыда
аталған батырлық жырларында батырдың мінген аты ерекше киелі қасиеті бар,
құдыретті күш иесі ретінде бейнеленген. Сақтардың сенімі бойынша, жылқы
малы адамның тірі кезінде – жан серігі әрі көлігі, ал адам қайтыс болғанда
оны Көк тәңірісіне, яғни Күнге (ұшпаққа) жеткізетін ақ ниетті періштесі
саналған.
Ежелгі дәуірлерде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген көне тайпалар
тарихын жан-жақты зерттеген қазақ ғалымдары К. Әкішев пен Г. Қошаев
өздерінің бірігіп жазған Іле өзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің
ежелгі мәдениеті деп аталатын зерттеуінде біз сөз етіп отырған кезеңдегі
сақтардың тұрмыс-тіршілігі, емір салты, биік мәдениеті жайында аса құнды
деректер келтіреді (95, 9-25).
Сонымен, Шу батыр дастанында алдымен оқиға болып отырған осы
өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік
алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу
салған көлдер, өзен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі.
Байырғы Баласағұн шаһарының маңайынан жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған
Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады (249,413). Соңдай-ақ дастаңда
биік-биік тау шатқалдары мен кең жазық далада ойнақ салып жүрген сансыз көп
арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар
көрініс тапқан.
Шу дариясы береке:
Қаз, үйрегі қаптаған,
Арқар, киік сусындап
Жағалауда ойнаған.
Аққу құстар қалықтап,
Дегелектер ойнаған.
Қалың қамыс ішінде
Жолбарыс жатыр жол аңдып,
Арыстан жатыр аң андып,
Таудың арғы бетінде,
Табғаш жатыр біздің аңдып.
Айналаға от жағып,
Караңғыны қашырдық.
Кеше шайқас кезінде
Қан ішетін қорқақты
Биік таудан асырдық.
Көктен тілеп күш-қуат,
Тәңірі бізді қолдады.
Тізе бүкпей тік тұрды,
Көк бөрінің ұлдары, (54, 26-27)
Шу батыр еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы
ұзын, білектерінде бұлшықеттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп
шығып келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр
әрдайым, қысы-жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау-
бақшасы ішінен айналасы ат-шаптырым, аса үлкен күміс хауыз (әуіз, бассейн)
салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек-легімен қысы-
жазы жүзіп жүреді екен. Ал Шу батыр сарайдағы ел басқару істерінен, қиян-
кескі соғыстардан, аңшылықтан қолы босаған сәттерде осы хауызға келіп,
ондағы құстарға қарап, терең ойларға шоматын болған. Дастанда Шу батыр осы
киелі құстардың қимыл-әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап
біледі. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір
Зұлқарнайын (Александр Македонский) келе жатқанын хауыздағы суға қарап
отырып күні бүрын біледі. Алайда жүртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын
ешкімге айтпайды. Ескендірдін, алдынан көп әскер емес, тек қырық нөкерін
ғана жібереді. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар
келгенде ғана Шу батыр оған қарсы өзінің қырық нөкерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz