Ауыл шаруашылығын химияландыру және қоршаған орта


Тақырыбы: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ХИМИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ауыл шаруашылығын химияландыру және қоршаған орта . . . 4

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 6

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 7

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Ауыл шаруашылығында механикалық және автоматтандырылмаған комплексті ауылшаруашылық жұмыстарын іске асыру, топырақты арнайы агротехникалық өңдеуден өткізу және ауылшаруашылық жануарларын ұстау және қараудың ғылыми әдістері, рационалды және жан-жақты химиялауға көп мөлшерде көңіл бөлу керек. Ауылшаруашылығын химияландыру-негізі тұрғындардың азық түліктерін және өндірістік- ауылшаруашылық өнімдерін қанағаттандыру, мал және ауылшаруашылық өнімдерін жақсарту үшін қолданылатын әдістің бірі болып табылады. Мысалға, химиялық заттар арам шөптерден және өнімдерді әр түрлі аурудан және зиянкестерден қорғап, ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне ықпал жасайды. Қазіргі уақытта орташа өнімді жоғалту 15-20% құрайды. Осыған қоса мал шаруашылық азық түліктердің өнімділігін және биологиялық құндылығын жоғарылату мақсатында жүргізіледі. Жоғарыдағы айтылғандар түсінікті болу үшін мысал келтірейік-экзопаразиттер және жануарлардың түрлі аурулуры ауыл шаруашылығына үлкен экономикалық зиян тигізеді.

Сондықтан өсімдіктер мен жануарларды зиянкестерден және аурудан қорғайтын химиялық заттардың ашылуы бүкіл әлемдегі атақты жағдайы болып табылады. Осы химиялық заттардың көлемі арқылы(улы химикаттар немесе пестицидтер) өсімдіктер мен жануарларға әсер ететін және паразитарлы тиф, малярия және басқада ауру туғызатын көптеген жәндіктермен күресуге мүмкіндік туды.

Пестицидтер немесе агрохимикаттар - ауылшаруашылығында зиянкестерімен және ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі ауруларымен, арам шөптермен, жануарлардың экзопаразиттерімен күресу үшін және де дәнді-дақылдардың, тұқымдардың дамуы мен өсуін ылталандыру мақсатында қолданылатын әртүрлі улы деңгейдегі химиялық және синтетикалық заттар.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ХИМИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі - еліміздің аграрлық саласын өркендету. Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген. Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлылығын арттыру, егістік жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Өйткені топырақ - агроэкожүйенің негізгі базисі.

Жуырда ауыл шаруашылығы министр­лігі дабыл қақты. Еліміздегі егістік жер­лер­дің жай-күйіне ұзақ жылдан бері зерт­теу жүргізген ведомство топырақтың құнар­лы­лығы күрт төмендегенін анықтады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойын­ша, 25 жыл ішінде гумус құрамы жоғары егістік жерлер көлемі 1, 6 миллион гектар­дан 255, 5 мың гектарға дейін азайып кеткен.

Топырақта күн сәулесінің энергиясы транс­формацияланады. Өсімдіктер фото­син­тез арқылы күн энергиясын пайда­ла­нып, синтезделген органикалық заттардан топы­рақ көп мөлшерде энергия алып, өз бойына жинақтайды. Сөйтіп биологиялық ай­налым үдерісі тірі организмдерге қажетті көмір­тегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, ка­лий, кальций, т. б. биофильді элементтерді шоғыр­ландырады. Сондықтан топырақты үнемі күтіп-баптап, оның құнарлылығын арт­тыру мәселесін назардан тыс қалдырмау керек.

Қазіргі кезде Қазақстанда 24, 2 мил­лион гектар жерге егіс егіледі. Мемлекет 2007-2014 жылдар аралығында 17 миллион гектарға немесе егістік алқап­тарының жалпы ауданының 70, 3 пайы­зы­на агрохимиялық зерттеу жүргізген. Көрсет­кіштер көңіл көншітерлік емес. Зерттеу қорытындысы еліміздегі егістік алқаптарында ішінде гумус-құнары төмен топырақ басым (72, 9%) екенін анықтады. Гумус құрамы жоғары жер телімдерінің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысындағы қара топырақты аймақта - небары 117, 5 мың гектарда, сондай-ақ, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 61, 5 және 34, 2 мың гектарда) шоғырланған. Егістік жерлердің экологиясына жете мән бермеудің салдарынан топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық жағдайы нашарлап, эрозияға ұшыраған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарат­қан хабарламада: «90-жылдардан бастап елімізде топырақ құнарлы­лы­ғының төмендеуі байқалды. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығына және өнім беруіне кері әсерін тигізеді» делінген. Ведомство өнімділіктің азаюын сандық деректермен дәйектеген. Мысалы, ауыл шаруашылығын толық химияландыру қолға алынған 1976-1980 жылдар кезеңінде бір гектардан орташа алғанда 13, 6 центнерден өнім алынған екен. Ал 1986 жылдан бері көрсеткіштер біртіндеп нашарлай бастаған. Соңғы бес жыл ішінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі әр гектардан 12, 1 центнерден ғана айналуда.

Егін шаруашылығында топырақ құрамын байыту үшін қолданылатын негізгі шара - органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу. Тыңайтқыштар топырақ құрамына кешенді әсер етеді, өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен толықтырады, топырақтың химиялық, агрохимиялық және физикалық қасиеттерін жақсартады. Сондай-ақ, егіс алқабының биологиялық белсенділігін арттырады, топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы, сіңімді түріне айналып, мобилизациялануын туындатады.

1990-2000 жылдары елімізде минералдық тыңайтқыштарды қолдану 61 есе қысқарды. Яғни, 11, 5 мың тоннаға дейін төмендеген. Сала мамандарының дабылына құлақ асқан мемлекет жағдайды түзеуге мықтап кірісті. Қолдау тетіктері мен бөлінген қаржы көлемі де еселеп өсті. 2013 жылдан бастап егістік жерлерге минералды тыңайтқыштар енгізу көлемі бірте-бірте артып келеді. Қазіргі уақытта жыл сайын 77, 4-114, 9 мың тонна тыңайтқыш пайдаланылады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұған дейін егістік жердің әр гектарына ендірілетін тыңайтқыш мөлшері 0, 71 келіге дейін азайып кеткен болса, бүгінде бұл көрсеткіш көтеріліп, 4, 75 келіге жетті. Әйтсе де, бұл мақтанатын көрсеткіш емес. Ауыл шаруашылығы министрлігінің сөзіне сүйенсек, бұл - минералды тыңайтқышқа қажеттіліктің он екіден бір бөлігі ғана. Ведомство 2020 жылға қарай егін шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштардың мөлшері 1 миллион 70 мың тоннаға жететінін алға тартып отыр. Атап айтқанда, топырақтың фосфорлы тыңайтқыштарға сұранысы - 613, 5 мың тоннаға, азотты тыңайтқыштардың қажеттілігі - 433 мың тоннаға және калийлі тыңайтқыштардың қажеттілігі - 23, 7 мың тоннаға жетеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агрохимиялық қызметінің республикалық ғылыми-әдіс­темелік орталығының директоры Ерболат Бәзілжановтың айтуынша, тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану, егістік айналымының сақталмауы және бидай дақылының басым болуы топырақ құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Сондықтан мемлекет егін шаруашылығына бақылауды күшейтті. Жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында 2014 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп, «пайдаланылмайтын және игерілмеген жерлерді, не заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алу жөніндегі нормалар» қаталдана түсті. Бұдан былай ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін жер алғандар оны 3 жылдан артық пайдаланбаса, топырақ құнарлығын төмендетіп жіберсе, егістік алқабын арамшөп немесе карантиндік өсімдіктер басып кетсе, сол жер телімін мемлекет өз қарамағына қайтарып алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың дамуы
Ауыл шаруашылықты химияландыру
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы жайында
Өсімдіктерді химиялық әдіспен қорғау
Ауылдың экологиялық жағдайы
Ауылдарды даму жағдайына сәйкес топтастыру
Ластану көзі
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері
Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz