Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Экологиялық қауіпсіздіктің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Қауіпсіздік экологиялық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.Органикалық заттардың және мұнайдың суды ластауы ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
1. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004г
2. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы.
3. referatkaz.kz/ cайты. Экологиялық қауіпсіздікті жүргізу.
4. referaty.do.am/ сайты. Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің материалдары.
5. kk.wikipedia.org/ сайты. Судың ластануы.
6. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.
7. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияныңөзектімәселелері» аттымақала, 2004 ж. 26 мамыр.

Тақырыбы: Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қауіпсіздік экологиялық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Органикалық заттардың және мұнайдың суды ластауы ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. [1]
Гидросфера -- бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi. Гидросфераға күн энергиясы мен гравита- циялық күштер əсерiнен қозғалысқа түсетiн жəне бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады.Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық жүйе : мұхит -- атмосфера -- құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi бөлiк- терiнiң əртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу проце- сiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды жəне Жер планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндi- рiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмiдктердiң ткандерi мен клеткаларының құрамына кiредi.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетiспеушiлiгi түсiнiктi жағдай деуге болады. Табиғатта су айналымы үздiксiз жүрiп отырады. Күн сəулесiнiң əсерiнен Мұхит суларының, құрлықтың беттерiнен жəне өсiмдiктердегi транспирация арқылы су үздiксiз буланады. Нəтижесiнде атмосфера су буларымен қанығады. Буланған су конденсацияланып, бұлттар түзiп, атмосфералық жауын-шашын болып жер бетiне жауады.

1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МӘНІ
Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі. Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз - табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады. [2]
Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау туралы заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
:: халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
:: қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
:: экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
:: табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
:: қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
:: биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
:: қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
:: табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
:: халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
:: халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.[2]
1.1. ҚАУІПСІЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес. Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар. [4]
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер. Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз. Сонымен, қауіпсіздік - бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады. [4]
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының тетіктері болып саналады. Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. [4]
Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар. 1.Табиғи-тарихи негіздерге - Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.
2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген. Олардың қатарында мыналар бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; жердің экологиялық жүйесін сақтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Мұнайдың литосфераға экологиялық әсері
Дипломалды тәжірибе есебі
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері жайлы
Ластаушы заттардың миграциясы
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Табиғи су көздерін пайдалану
Қалдық заттардың қоршаған ортаға әсері
Су ресурстары және оны қорғау
Пәндер