Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер


Тақырыбы: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ - ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Қоршаған ортаның ластануы - ғаламдық мәселелер . . . 4

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 11

КІРІСПЕ

Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай, арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.

  1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ - ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т. б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.

Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша - табиғи және жасанды (антропогенді) ; пайда болу көзіне байланысты - а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т. б; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ; әсер ететін ауқымына байланысты - ғаламдық, аймақтық, жергілікті.

Қоршаған ортаның элементтері бойынша - атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ; әсер ететін жеріне байланысты - қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т. б; әсер ету сипатына байланысты - химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т. б) ; әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) ; тұрақтылық дәрежесі бойынша - өте тұрақты - жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон) .

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін кқлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамвсыз етеді. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т. б. ) . Адам қызметінің көңіл аударалық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Судың ластануы. Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0, 05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0, 5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек еткізеді.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфера - әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады. Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді. Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б. Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері. Антропогендік ластану барлық ластану көздерінің 5% құрайды. Антропогендік ластағыш заттардың химиялық құрамы күрделі, улы, әрі қауіпті.

Атмосферадағы ластаушы көздердің әсері 3 км қашықтыққа жетеді. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы ластағыш бөлшектер 1 км, желсіз ауа-райында күмбез құрап 300-500 м дейін көтеріліп, осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260 т, Нью-Йоркке - 300 т, Лондонға - 390 т, Алматыға - 125 т шаң қонады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да - өкпе ауруларының бір себебі. Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады. Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды. Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды. Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.

«Жылу эффектісі» Атмосфераның маңызды компонентінің бірі озон О3 болып табылады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды. Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады. Американ экологы Б. Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады. Егер 60 млн. жыл бұрын жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болған катастрофа, Небел пікірінше, жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып кетуіне себеп болса, климат өзгеруіне байланысты катастрофа да жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті. Негізгі «жылу эффектісін» тудыратын газдардың біріне көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісін» тудыратын газдардың 50-65% құрайды. Басқа «жылу эффектісін» тудыратын газдарға метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар және басқа да газдар (10-25%) . Олар атмосферадағы барлық газдардың 30% құрайды. Алынған мәліметтер бойынша осы газдардың әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0, 3-0, 60С көтерілген.

XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t0-сы әртүрлі жерлерде 1-3, 50С көтерілуі мүмкін. Егер мұхит деңгейі 1, 5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5млн. км2 жері су басып кетеді деп болжанады. Бірақ бұл аудан көп емес (құрылықтың 3% ғана) құрайды. Климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына, табиғи зоналардың шекараларының ауысуына, шторм мен ураганның көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады деген де болжам бар. Осылардын барлығы 1979 ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы салдарын әлемдік ядролық соғыспен салыстыруға болады» - деген. Атмосфераға СО2 шығарылуының негізгі техногендік көзі органикалық жанар майларды жағу болып табылады. Болжаулар бойынша XXI ғ-ң бірінші жартысында көміртегінің бөлінуі жылына 10 млрд. т. тең болады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін сіңіруші негізгі факторларға фотосинтез процесінде және мұхиттармен сіңірілуі жатады.

«Озон тесігі» Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:

1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озон экраны») .

2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.

Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған. Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз. «Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған. Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады. Пропилент - фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп, күшті хлор бөледі. Әрбір хлор атомы 100 мың озон атомын бұзады.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi: жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран да орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы) ; ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi) . Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын да орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30%-iнде дам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz