Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Орындаған:Жакуляева М. Б.
Тексерген: Билялов Е. Е.
Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
- Фармацевтикалық терминология туралы жалпы түсінік
- Дәрілік заттардың трафиалдық атаулары.
- Дәрі түрлері туралы қысқаша мәліметтер.
Фармацевтикалық терминология - арнайы пәндердің қатарынан тұратын ортақ «фармация» деген атауға біріккен жиынтығы (греk pharmakeia - дәріні шығару және пайдалану) . Фармацевтикалық терминология - ортақ «фармация» атауына біріккен синтетика, өсімдік, минерал, жануар әлемінен алынатын дәрілік құралдардың пайда болуы, шығарылуы, пайдалануын зерттейтін арнайы пәндер терминологиясынан тұратын кешен. Бұл кешенде басты орынды дәрілік құралдар номенклатурасы - пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен препараттардың кең көлемдегі жиынтығы алады. Атаулардың құрылымдық типінің және сөз тудыру әдістерін талдауға әсер ететін принциптерді дұрыс түсіну үшін кейбір басты фармацевтикалық терминдермен танысу керек.
1. Дәрі (medicamentum) - аурудың алдын алу, оны емдеу немесе анықтау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық зат немесе заттар қосындысы.
2. Дәрілік зат - бір химиялық қосындыдан немесе химиялық элементтен тұратын дәрі.
3. Дәрілік өсімдік шикізаты - медициналық пайдалануға рұқсат етілген өсімдік шикізаты.
4. Дәрілік түр- дәріге берілетін қолдануға ыңғайлы іс жүзінде қажетті емдік әсер тудыратын күй; консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлерді ажыратады.
5. Дәрілік препарат (бал. : медикамент, дәрілік препарат) нақтылы бір дәрілік түр күйінде дайындалған дәрі.
6. Әсер ететін зат - терапевтік, профилактикалық, диагностикалық әсер беретін дәрілердің компоненттері.
7. Біріктірілген дәрілер (бал. : қосынды дәрілер, құрама дәрілер) - бір дәрілік қалыпқа екі немесе одан да көп әсер етуші заттар кіретін дәрілердің үлкен тобы.
Дәрілік заттардың тривиалдық атаулары .
Көптеген дәрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық қосындылар өзінің қызметінде оларға химиялық номенклатурада берілген атауларын да сақтайды (мырыш оксиды, салицил қышқылы, натрийдің хлориді… ) . Бірақ көп жағдайда дәрілік заттар номенклатурасында химиялық қосындылар ғылыми, жүйелік атаулармен емес, тривиалдық атаулармен көрсетілген (лат. trivialis, e - кәдімгі) . Бұл атаулар химиктерде келісілген ғылыми жіктелудің айрықша принциптерін емес, құрамын немесе құрылысын бейнелейді. Бұл қатынаста тривиалдық атаулар толығымен жүйелік атауларға жол береді. Алайда жүйелік атаулар дәрілік заттардың атаулары ретінде рецептерде, этикеткаларда, дәріханаларда күрделігіне байланысты тиімді емес. Тривиалдық атаулар қысқа, қолайлы, тек кәсіби емес, жай қатынаста да ыңғайлы. Мыс. :
- анальгин Analginum (тривиалдық атауы) сал. :1-Фенил -2, 3- диметил-4- метиламино-пиразолон-5-N -метансульфонат натрия (химиялық жүйелік (ғылыми) атауы)
- дибазол Dibazolum сал. : 2-Бензилбензимидазола гидрохлорид
Әрбір жаңа дәрінің саудалық атауы қазақ және латын тілінде екі транскрипциялық эквивалеттер түрде бекітіледі. Мысалы: рифампицин - Rifampicinum, Dimedrolum - димедрол.
Дәрінің латын эквиваленті - um жалғаумен аяқталатын 2 септеудегі neutrum зат есімі болады (ілік септікте Gen. sing. жалғау - i) . Мысалы: Asparcamum, i n - Aспаркам, tabulettae Asparcami - Aспаркамның таблеткалары, Dibazolum, i n - дибазол, tabulettae Dibazoli - дибазолдың таблеткалары.
Дәрі түрлері туралы қысқаша мәліметтер
Дәрілік түр деп қажетті емдік немесе алдын алу (профилактикалық) әсерін алу үшін дәрілердің қолдануға ыңғайлы түрлерін айтамыз. Дәрілік түрлер коюлануына байланысты қатты, сұйық және жұмсақ болып бӛлінеді.
1. Дәрілік түрлердің жіктелісі:
А) Қатты дәрілік түрлер:
Ұнтақтар pulveres (pulvis, eris m)
Таблеткалар tabulettae (tabuletta, ae f)
Драже (ӛзгермейді) Гранулалар, түйіршіктер granula (granulum, i n )
Пилюлялар pilulae (pilula, ae f)
Карамельдер Caramel Пастилкалар немесе трошелер (Trochisci)
Қоспалар, жинақтар species (Species, ei f Species, erum - plur. )
Капсулалар (capsula, ae f)
В) Сұйық дәрілік түрлер:
Ерітінділер solutiones (solutio, onis f)
Суспензиялар suspensiones (suspensio, onis f)
Эмульсиялар emulsa (emulsum, i n )
Кілегейлер mucilagines (mucilago, inis f)
Тұнбалар infusa (infusum, i n )
Қайнатпалар decocta (decoctum, i n )
Тұндырмалар tincturae (tinctura, ae f)
Сығындылар extracta (extractum, i n ) (құрғақ, қою, сұйық болады) .
Микстуралар mixturae (mixtura, ae f )
(Медициналық) майлар olea (oleum, i n )
Шырындар (ӛсімдіктердің) succi (succus, i m )
Шәрбаттар sirupi (sirupus, i m )
Бальзамдар balsama (balsamum, i n )
Тамшылар guttae (gutta, ae f)
C) Жұмсақ дәрілік түрлер:
Жағындылар unguenta (unguentum, i n )
Сықпалар pastae (pasta, ae f)
Линименттер linimenta (linimentum, i n )
Суппозиториялар, балауыздар suppositoria (suppositorium, i n)
Бұласырлар немесе пластырлар emplastra (emplastrum, i n )
Кремдер (cremores)
Дәрілік түрлер туралы қысқаша мәліметтер.
Aerosolum, i n аэрозоль дисперсиялық жүйесін кӛрсететін дәрі түрі
Aerosolum, i n аэрозоль дисперсиялық жүйесін кӛрсететін дәрі түрі
Granulum, i n гранула қатты дәнек дәрілік түр
Gutta, ae f тамшы тамшы түріндегі іштей және сырттай қолдануға арналған
Unguentum, i n жағынды іштей қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр Linimentum, i n линимент сұйық жағынды
Pasta, ae f сықпа 20-25 % аса ұнтақ түріндегі заттары бар жағынды
Emplastrum, i n бұласыр, пластырь сырттай қолдануға арналған дене қызуына жұмсаратын және теріге жабысатын пластикалық масса түріндегі дәрілік түр.
Suppositorium, i n суппозиторий, балауыз бөлмеде қатты және дене қызуына балқитын немесе дене қызуына еритін дәрілік түрі, егер суппозиторий қынапқа еңгізілсе, ол suppositorium vaginale деп аталады.
Pulvis, eris m ұнтақ ішкі, сыртқы немесе инфекциялық қолдануға арналған дәрілік түр.
Tabuletta, ae f таблетка дәрілік заттарды және дәрілік қосындылар мен көмекше заттарды престеу нәтижесінде алынатын мөлшерлік дәрі түрі. Ішкі, сыртқы және инъекциялық қолдануға арналған.
Tabuletta obducta қабықшамен қапталған таблетка әсер ету орны, дәм сезу, сақтау, сыртқы түрдің жақсаруына арналған қабықшалы таблетка.
Dragee (фр. ) драже дәрілік заттардың қабатталуынан және қосымша заттарды түйіршікке айналдыру жолымен жасалған мӛлшерленген қатты түйіршікті дәрі түрі.
Solutio, onis f ерітінді ішкі, сыртқы, инъекциялық қолдануға арналған бір немесе бірнеше заттарды еріту арқылы алатын дәрі түрі.
Suspensio, onis f суспензия ішкі, сыртқы немесе инъекцияға арналған дисперсті жүйе болып табылатын сұйық дәрі түрі.
Emulsum, i n эмульсия ішкі, сыртқы немесе инфекцияға арналған өзара ерімейтін сұйықтықтан құралған дисперсті жүйе болып табылатын сұйық дәрі түрі.
Pilula, ae f пилюля дәрілік заттар және қосымша заттардан құралған шар тәрізді (салмағы 0, 1-0, 5) мөлшерленген қатты дәрі түрі.
Tinctura, ae f тұндырма ішкі немесе сыртқы қолдануға арналған дәрілік ӛсімдік шикізатынан алынған спирттік, спирт-эфирлік, спирт-сулы мөлдір дәрі түрі.
Infusum, i n тұнба ішкі және сырттай қолдануға арналған ӛсімдік шикізатынан алынған сулы дәрі түрі.
Decoctum, i n қайнатпа тұнбаның түрі
Sirupus, i m (medicinalis) шәрбат (медициналық) ішке қолдануға арналған сұйық дәрі түрі.
Species, ei f (Species, erum) жиынтық қоспа қайнатпа және тұнба жасауына арналған майдаланған және бүтін дәрілік шикізаттың бірнеше түрінің қоспасы
Capsula, ae f капсула қабықша (бал. : капсула) - жағымсыз дәмі, иісі немесе тітіркендіргіш әсері бар ішуге қолданылатын мӛлшерленген дәрілердің сыртқы қабығы.
C. gelatinosa желатинді капсула
С. amylacea seu oblata крахмалды капсула ішкі қолдануға арналған желатин, крахмал, басқа полимерді бір қабықшаға жиналған мӛлшерленген дәрі түрі.
Membranula ophthalmica seu Lamella ophthalmica көз пленкасы көз тамшыларын ауыстыратын полимерлі жабық түріндегі дәрі түрі.
Extractum, i n экстракт, сығынды ӛсімдік шикізатынан алынған қоюланған сығынды болып табылатын дәрі түрі. Консистенциясына қарай сұйық, қою және құрғақ сығындыларды ажыратады.
Дәрілік препараттардың атауларының қҧрылымы
1. Дәрі-дәрмектің атауы дәрілік түрінен басталады. Дәрілік заттың немесе өсімдіктің атауы ілік септіктің жекеше түрінде тұрады және бас әріппен жазылады, мыс. : Solutio Imizini имизиннің ерітіндісі, Suspensio Zymosani зимозанның суспензиясы, Linimentum Streptocidi стрептоцидтің линименті, Unguentum Aceclidini ацеклидиннің жағындысы, tabulettae Analgini анальгиннің таблеткалары, Pulvis Ampicillini ампициллиннің ұнтағы, Tinctura Valerianae шүйгеншӛптің тұндырмасы, Extractum Calendulae қырмызының экстрактісі, т. б.
Көбінесе дәрілік заттардың және ӛсімдіктердің латын атаулары зат есімнен болып, қиыспаған анықтауыштың қызметін атқарады:
Мысалы: 1. Қиыспаған анықтауышы бар терминдер.
2. Қиысқан анықтауышы бар терминдер.
2. Тырнақшада тұрған атаулар өзгермейді және атау септікте беріледі, Мысалы: Tabulettae “ Urosalum” “Уросал” таблеткалары, Unguentum “Calendula” “Календула” жағындысы.
3. Дәрілік түрді белгілейтін қиысқан анықтауыш препараттың атауында ең соңғы тұрады, Мысалы: Unguentum Hydrargyri cinereum сынаптың сҧры жағындысы, Solutio Synoestroli oleosa синестролдың майлы ерітіндісі, Solutio Tannini spirituosa таниннің спирттік ерітіндісі, Tabulettae Tetracyclini obductae тетрациклиннің қабықшамен қапталған таблеткалары, Extractum Belladonnae siccum ит жидектің құрғақ экстрактісі, Extractum Belladonnae spissum ит жидектің қою экстрактісі, т. б.
4. Тұнба және қайнатпа атауларында дәрілік түр мен өсімдік атауы арасында шикізаттың (жапырақ, шөп, түбір) атауы ілік септігінде тұрады: Infusum florum Chamomillae түймедақтың гүлдерінің тұнбасы, Decoctum fructuum Crataegi долананың жемістерінің қайнатпасы, Infusum radicis Valerianae шүйгеншӛптің түбірінің таблеткалары, Decoctum rhizomatis Valerianae шүйгеншӛптің тамырының қайнатпасы.
Фармацевтикалық терминдердің құрылымдық типтері
Фармацевтикалык терминдердің құрылымдық типтері бӛлінеді: бір сөзді, қиыспаған анықтаушы бар, қиысқан анықтаушы бар, аралас, қосымшасы бар, предлогтары бар сөз тіркестері. Дәрілік түрлер атаулары және олардың жіктелісі.
Демеуліктері бар терминдер.
1. таблеткалар түрінде - in tabulettis
2. капсулалар түрінде - in capsulis
3. ампулалар түрінде - in ampullis
4. қоңыр шыныда - in vitro nigro
5. ихтиолы бар балауыздар - suppositoria cum Ichthyolo
6. новокаины бар балауыздар - suppositoria cum Novocaino
7. инъекцияға арналған су - aqua pro injectionibus
8. іштен қолдануға арналған - ad usum internum
9. сырттан қолдануға арналған - ad usum externum
10. шүйгіншөптің түбірлерімен тамыры - rhizoma cum radicibus Valerianae
Дәрі-дәрмек аттары
Adrenalinum, i n - адреналин
Amidopyrinum, i n - амидопирин
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz