Қабынуды емдеу



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1Этиологиясы.
2.2Қабынудың сыртқы көріністері
2.3Патогенезі
2.4 Қабынуды емдеудің жалпы потолофизиологиялық негіздері.
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
1.Ахметов Ж.В.Патологиялық анотомия. Алматы-2003.127-155.

2.Струков А.И. патологиялық анатомия.жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.

3.Хасенова К.Патологиялық физиологиядан дәрістер жинағы.Түркістан 2005.

4.Нұрмұхамбетұлы Ә.Патофизиология:оқулық.Алматы-2007.

6.Интернет желісі.

7. "Основы физиологии человека" Агаджанян, Власова, Ермакова.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы : Қабыну

Орындаған: Амиргалина Ж.К
Тексерген: Нуркенова М.К

Семей 2015 жыл

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1Этиологиясы.
2.2Қабынудың сыртқы көріністері
2.3Патогенезі
2.4 Қабынуды емдеудің жалпы потолофизиологиялық негіздері.
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

І Кіріспе
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
ІІ Негізгі бөлім
Қабыну – ағзаның қандай да бір факторға қарсы табиғи қорғаныс әрекеті. Қабыну қолайсыз жағдай тудыратынына қарамастан, ол ағзаны сыртқы орта мен ішкі агенттердің жағымсыз әсерінен қорғайды. Қабынуға себепші факторлар үш классқа бөлінеді: механикалық, мысалы, қысым немесе жоғары температураның әсері; химиялық – аллергендер, күшті қышқылдар; биологиялық – саңырауқұлақтар, бактериялар және вирустар. Дегенмен, пайда болу себебіне қарамастан, қабынуға тән бес белгі бар:
Қызару
Ісіну
Ауыруға сезімталдылық
Қызмет атқара алмауы немесе оның шектелуі
Дене қызбасы
Берілген белгілер иммундық жасушалар мен сұйықтықтың көп мөлшерде жиналу нәтижесінде, сонымен қатар, қабыну ошағы қан айналымының күшеюі нәтижесінде пайда болады. Бұл ағзаның жасушалар және биологиялық молекулалар деңгейіндегі әдеттегі әрекеті және бұндай әрекет зақымданған ұлпаның тез жазылуына көмектеседі.

Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен) тұрады:
1. әлтерациядан
2. экссудациядан
3. пролиферациядан
Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.
2.1 Этиологиясы.
Қабыну туындатқан себебіне қарай 2 ге бөлінеді:
инфекциялық
бейинфекциялық
Қабыну туындататын барлық ықпалдардың 2 түрі болады.
экзогендік (сыртқы)
және эндогендік (ішкі)
Сыртқы ықпалдарға :микроорганизмдер (бактериялар, вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар, жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалық (бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер (суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері) жатады.
Ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.

2.2 Қабынудың сыртқы көріністері

1. қызару (rubor),

2.ісіну (tumor),

3.жергілікті температураның жоғарлауы (color),

4.ауырсыну (dolor),

5.қызметінің бұзылуы (functio laesa).

Бұл \\сыртќы белгілері ішкі мүшелерде онша білінбейді. Қабыну жергілікті процесс, \\біраќбүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Бұл өзгерітер неге байланысты?
1. Адамныњ жасына (кәрілерде – жәй, ал баларда – тез дамиды)
2. Дұрыс \\тамаќтануына (ашығу кезінде жәй дамиды)
3. Иммундық жүйесіне (аллергия кезінде тез дамиды)
4. Эндокриндік жүйесіне (глюкокортикоидтар \\ќабыну процесін күшейтеді, ал минералокортикоидтар \\ќабыну процесін тежейді)
5. Нерв жүйесіне (тежелу жаѓдайында \\ќабыну төменгі деңгейде жүреді, жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі)

2.3 Патогенезі.
Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша қарауға болады:
1. Әлтерация: бірінші және екінші.
2. Экссудация (микроциркуляция бұзылыстары, лейкоцидтердің эмиграциясы).
а) қан тамырларының реакциялары (ишемия, артериялы және веналық гиперемия, стаз).
ә) экссудацияның өзі
б) лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп тұруы (маргинациясы) мен эмиграциясы.
в) қан тамырлары сыртындағы үрдістер (хемотаксис, фагоцитоз).
3. Пролиферация.
Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.
Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды.
Қазір көптеген қабыну дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттар зерттелген. Оларды: жасушалардан пайда болатын (жасушалық) дәнекерлер және қан плазмасында болатын (гуморалдық) - медиаторлар деп екі топқа бөледі.  Жасушалық медиаторларға гистамин, серотонин, лизосомалық ферменттер,катиондық нәруыздар, лимфокиндер, простагландиндер, циклдік нуклеотидтер жатады. Қан плазмасында калликреинкининді, комплемент және қан ұю жүйесіне қатысатын заттар болады және олар әсерленеді, қабыну дамуына дәнекерлер болады.
Гистамин мес жасушаларда немесе лаброциттерде гепаринмен және химазамен байланысқан әсерсіз түрде болады. Бос күйінде ол ұсақ тамырларға (капиллярлар, венулалар), олардың кемерлерінің өткізгіштігін көтеріп, кеңітетін әсер етеді. Гистамин аз мөлшерде артериолаларды кеңітеді, ал көп мөлшерде - венулаларды жиырады.
Серотонин қабынудың келесі жасушалық медиаторы болып саналады. Ол адамда тромбоциттерде, ішектің шырышты қабығының хромафиндік жасушаларында, сонымен қатар мидың кейбір нервтік құрылымдарында болады. Жасушалардың бүлінуі кезінде серотонин сыртқы ортаға шығып, тамырлардың өткізгішгігін жоғарылатады.
Мес жасушалары мен базофильдерден гепарин босайды. Ол капиллярлардың ішкі қабатында фибриннің құрылуына бөгет жасайды, қан ұю үрдісін тежеп, гистаминді байланыстырып, комплементті тежеп, қабынуға қарсы ықпал етеді.
Фагоциттердің катиондық нәруыздары тамыр кемерлерінің өткізгіштігін көтереді, зат алмасуды күшейтеді және бактерицидтік әсер етеді.
Лимфокиндер - лимфоциттерде болатын пептидтері қабыну медиаторларына жатады. 10-нан астам лимфокиндердің түрлері белгілі.
Простагландиндер. Олар қан тамырларын кеңітеді, экссудацияға, хемотаксиске әкеледі, қан ұю үрдістерін кейде қарма-қарсы бағыттарда өзгертеді.
Арахидон қышқылы гиперергиялық (аллергиялық) қабынудың қуатты дәнекерлері және экссудацияға, хемотаксиске, тамыр кемерлерінің кеңуіне әкеледі; бронхиолардың тегіс еттерін жиырылтады.
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері,алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергия
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу
Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Жатыр мойны эрозиясы туралы
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Ішектің қабынуы аурулары
Пәндер