Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар
Тексерген:Муратбаев Д. М
Орындаған: Ахмадиев Д
Жоспар:
- Шешек ауруы
- Қолданылатын емі
- Пайдаланылған әдебиеттер
Шешек туралы алғашқы деректер б. д. д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б. д. д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә. Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э. Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады. Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі) . Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады. Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі. Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар) ; 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы) ; 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді) ; келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы) ; 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1, 2, 3, 4] . Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады. Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.
Мұндай жағдай науқастың халін онан әрі нашарлатып, оны күтуді қиындата түседі. Ойылған жерді емдеу үшін:
1. Жараны 5-10% калий перманганатымен жуып, тазалап отырамыз.
2. Ойық жараға ұнтақталған тұз «фаниламид» дәрісін себеміз.
3. Жараны 10% стрептоцид майымен немесе 1% синтомицин эмульсиясымен майлаймыз.
4. 2% спирттік бриллиант көгін жағамыз.
5. Егер жарада өлі еттер пайда болса, онда оны тазартып алып тастағанан кейін ойылған жердің үстіне күніне 3 рет 1 процент перманганат калийге батырылған асептикалық таңғыш салып, жара тазарғанша қоямыз.
6. Жара тазарғанан кейін жоғарыдағы айтылған майларды және вишневский майын, «солкосолинді» пайдаланамыз.
Стрептомицин - актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол жасушадағы тотығу процесін шапшаң тоқтатады. Стрептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі. Медицинада бұл антибиотиктің аса тиімді екені толық дәлелденді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz