Шудың ( дыбыстың) адам организміне әсері


Шудың ( дыбыстың) адам организміне әсері
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.
Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін.
Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді (19) .
Қаладағы шу негізінен темір жолмен жүрген пойыз, трамвай тарсылынан, ұшақтардың гүрілінен, автомашина, мотоцикл, тұрмыстық жабдықтармен құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбысынан құралады. Барлық шудың 80 %-не жуығы автомашиналардан тарайды.
Адамдар үшін шу өте қауіпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жүреді де, білінгеннен кейін кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын табалмай жүр.
Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады. Газды сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады.
Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 1-ға дейін тербелу болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы. Дыбыстың тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд ішінде толық 1 циклы өтетін тербеліс жиілігінің өлшеу бірлігі. Герц атауы электромагниттік толқындарды ашқан неміс физигі Г. Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц. Халықаралық белгіде Н Z болып жазылады.
Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц (Кгц) = 1000 гц, 1 мегагерц (Мгц) - 1 гц.
Адамдардың құлағы жиілігі 16 гц пен 2 гц аралығындағы механикалық тербелімдер дыбысын естіп, одан төменгі және жоғары тербелімдегі дыбыстарды естімейді. Бірақ бұл жиіліктегі дыбыстардың адамдар үшін өте зиянды әсері бар.
Дыбыс тербелімінің жиілігі 16 гц-тен төмен болса, оны инфрадыбыс деп атайды. Олар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп, жұмыс ырғағын өзгертеді.
Тәжірибе жүзінде инфрадыбыстың жиілілік аймағы төменгі (16 гц төмен) жағынан шектелмеген. Табиғатта 1 гц-тың 10-дық тіпті 100-дік үлесіндей инфрадыбыстық тербелістер кездесе береді.
5-9 гц аралығындағы дыбыс тербелістері бауырдың, қарынның, талақтың тербелімін көбейтіп кеуде клеткаларын ауыртады.
Тербелімі 12-14 гц дыбыстар құлақтың зыңғылын көбейтеді.
Американдық ғалым Роберт Вуд спектакль жүріп-жатқан залда жиілігі секундына 13 гц дыбыс таратқанда көрушілердің бәрі түсініксіз үрей сезінгендерін айтқан.
Профессор Гавро (Франция) мен оның әріптестері кеңеттен ойлау, түсіну қабілеттері кеміп, тез шаршайтын болып, кей уақытта бастары айналатын болғандықтан оның себебін іздегенде Гавро лабороториясының маңында жақында салынған зауыттың ауа тазарту жүйесінің жиілігі 7 гц дыбысы лаборотория қызметкерлеріне зиянды екені анықталған.
Ғалымдар мен дәрігерлер қала және өндіріс орталықтары тұрғындары арасында жүйке ауруының көп таралу инфрадыбыстың көп болуынан деп есептейді. Бұл дыбыстардың қандай да болсын қалың қабырғадан өте беретінің ескерсек олардан сақтану үлкен проблемаға айналады.
Инфрадыбыстан құтылу үшін оларды адам құлағы еститін дыбысқа айналдыру керек. Жабдықтарды, қондырғыларды қатты ірге тасқа бекітіп, жаңғырықты өзгертетін тұңшықтырғыш бөлмелер жасау қажет.
Дыбыс тербелімінің жиілігі 2 гц-тен артық болса, онда Ультрадыбыс деп аталады. Мұндай дыбысты адамдар белгілі құралдар арқылы естіп, солардың көмегімен ғана осындай тербелім жиілігін жасай алады.
Ультрадыбыс дельфиндерде, жарқанаттарда, шыбын-шіркейлерде болады. Оның күшімен тастарды ұнтақтауға, металлды, басқа да затты материалды тесуге немесе кесуге матаны жабыстыруға, нашар араласпайтын сұйық заттарды араластыруға, тісті емдеуге, денені сылап уқалауға, хирургиялық операция жасауға, аурудың түрін анықтауға болады.
Ультрадыбыстың зиянды әсерінен қорғану үшін жабдықтар мен қондырғыларды жан-жағын дыбыс өтпейтін материалмен бітеп, жауып дыбыс жібермейтін кедергі қалқан қойып, немесе бөлек бөлмеге орналастырып, олардың жұмысың алыстан басқаратын және бақылайтын жасауға болады. 10 9 гц-тен 10 12 -10 13 гц-ке дейінгі ең жоғарғы жиіліктегі серпінді толқындар гипердыбысқа жатады. Гипердыбыстын да жиілік биіктігі іс жүзінде шектелмеген деуге болады.
Енді адамдар еститін 16-2 гц аралығындағы дыбыс туралы толығырақ мәліметтер келтірейік.
Дыбыс толқындарының таралу жылдамдығы. Баршаға белігілі жаңбыр жауғанда алдымен найзағай жарығы көрінеді, кейіннен іле-шала күннің күркіреген дауысын естиміз. Табиғаттың бұл құбылысынан жарықтың сәулесінің дыбыстан тез тарайтының көреміз. Дыбыстың таралу жылдамдығын білу үшін 2 кісі бір-бірінен 1-2 километр қашықтықта тұрып, мылтық атылған кезде жарықпен белгі береді, 2-сі жарық көрінісімен сағаттың секундттық тілін жіберіп, дауысты естуісімен тоқтатады. Сөйтіп, дыбыстың таралу жылдамдығын біледі.
1 секундта дыбыстың таралу жылдамдығы: ауа температурасы 0 0 С болса - 331, 8 метр, 20 0 С болса - 344 метр, суда таралуы - 1450 метр, көптеген металлдарда қума толқындар 4000-7000 метрге, көлденең толқындар 2500-3500 метр.
Дыбыстың күші (1) немесе интенсивтігі (intensio - латынша кернеу) . Дыбыстың күші дегенде бәрімізде дыбыстың қаттылығын еске аламыз. әркім оны өзінше бағалайды, біреуге қатты дауыс, екінші кісіге олай болып көрінбеуі де мүмкін.
Сондықтан дыбыс күшінің (қаттылығына) әділ бағасын өлшеу арқылы білуге болады.
Дыбыстың күші (интенсивтігі) толқынның таралу бағытына перпендикуляр қойылған бірлік бет арқылы бірлік уақыт ішінде дыбыс толқыны таситын энергия мөлшеріне тең.
Толқындармен тарайтын энергия шайқау (тербелу) шегі шаршысымен жиілігі шаршысына тіке пропорционалды болатынын ескерсек, дыбыстың күші де дыбыс толқындарының шайқалу шегі шаршысымен жиілігі шаршысына тіке пропорционалды екенін түсінеміз.
Дыбыстың күші шайқалу (тербелу) шегі ұлғайған сайын өсе түседі де, дыбыс көзінен алыстаған сайын азая береді.
Дыбыстың кез келген нүктедегі күші алаң бірлігіне (1м 2 ) дыбыс толқындары, келетін энергияға байланысты болады да Ваттпен (Вт) өлшенеді. Дүние жүзінде қолданылатын өлшеу жүйесінде (См -система интернациональная) 1 Ватт/ м 2 тең (=) 1 Дж/м 2 • с)
Дыбыстың таралу жолында кедергі болмай, алаң ашық бос болса, дыбыстың күшін дыбыстың қысымы арқылы мынадай формуламен шығарады: J=Y•P, немесе J=P 2 (1•C) .
Мұнда: P - дыбыс қысымының орта шаршы мағынасы (Паскальмен)
Y - дыбыс толқынында бөлшектердің тербелу жиілігінің орта шаршы мағынасы (М/сек)
1 - ортаның тығыздығы (кг/м 3 ) .
С - дыбыстың таралу жылдамдығы (м/сек)
1•C - көбейтіндісін дыбыс әуезін (акустика) кемітуге ортаның қосқан үлесі деп санайды.
Дыбыстың қысымы. Тербелмелі дыбыс толқындары ауада немесе сұйық ортада тараған кезде, бір жерде әдеттегіден артық, қосымша қысым пайда болып, екінші жерде ондай қысым азайып жатады. Осындай қосымша қысым алған ортамен қысымы азайған орта арасындағы айырмашылық дыбыстық қысым болып табылады. Дыбыстық қысымның жиілігі дыбыс толқындарының жиілігіне сәйкес келеді.
Дыбыстың қысымы 1 шаршы метрге келетін Ньютон (Н/м 2 ) немесе Паскаль (Р немесе Па) мен өлшенеді.
Адам құлағы еститін ең әлсіз дыбысты есту табалдырығы деп атайды. Адамдар 2000 гц - тен 5000 гц - ке дейінгі дыбыстарды өте жақсы естиді. Әрине, адамдардың есту табалдырығы бірдей емес. Сондықтан есту табалдырығының үлгілі мөлшері ретінде тербелмелі жиілігі 1000 гц - ке тең дыбысты алған.
Сонымен есту табалдырығының үлгісі болып қабылдаған дыбыс толқынының тербелмелі жиілігі 1000 герц, дыбыс күші (интенсивтігі) 10 -14 Вт/м 2 , оған сәйкес келетін дыбыстық қысым 2 •10 -5 Па.
Адам құлағы еститін ең жоғарғы дыбыс мөлшері ауыртатын түйсік табалдырығы деп аталады. Бұл мөлшердегі дыбыс толқынының тербелмелі жиілігі =2 герц, дыбыс күші =1Вт/м 2 немесе есту табалдырығынан 10 14 есе жоғары, оған сәйкес келетін дыбыстың қысымы Р=2•10 -5 Па немесе 10 Вт/ м 2 .
Адамдар еститін дыбыс күші (интенсивтігі) 10 -14 тен бастап 1 Вт/ м 2 - ге дейінгі үлкен аралықта болғандықтан көп санды мөлшермен қызмет істеу тым қолайсыз және қиын болады. Сондықтан оларды есту табалдырығы мен ауыртатын түйсік табалдырығына бөліп логарифм сандары ретінде пайдалану дұрыс көрінеді. Бұл бөлінді мөлшер телефонды ойлап шығарған А. Беллдің құрметіне Бел деп аталады. Кейіннен белмен өлшеу оңай болғанымен оның мөлшері өте үлкен болып, белдің өзін 10-ға бөлуге тура келді. Сөйтіп 1 бел орнына 10 децибел (дб) пайда болды. Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт шуы көп жерде болған адамдардың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процессі, рухани күйі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі, құлақтың естуі төмендеп, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды.
Әрине, дыбыс жоқ жерде тұрып, қызмет істеу де қиын. Туғаннан бері жолсерік болған дыбыс естілмей қалса бір нәрсе жетпей тұрғандай, кісінің көңіл - күйі келіспей жүреді. Әңгіме дыбыстың болмауында емес, оның күшінде, қаттылығында, қысымында болса керек. Осыған мысал ретінде 1-2факті келтірейік.
Ганновер (ГФР) қаласында жаңа құрастырушылық бюросы құрылысын жобалағанда сәулетшілер көшедегі дыбыстың жұмыс орнына, өтпеуі үшін барлық шараларды алып, терезеге үш қабат орнатып, қабырғаны дыбыс өткізбейтін ойық бетоннан салып, ішін арнаулы пластикалық түс қағазбен жабыстырған. Бір жеті өткеннен кейін қызметкерлер мылқау тыныштықта жұмыс істеу ауыр екенін, жүйкелері жұқарып, іскерлік қабілеттері азайғанын айтып арызданатын болған. Магнитофон арқылы көшедегі үйреншікті дыбысты мезгіл сайын қайталап отырса көңілдері көтеріліп, жұмыстары жақсара бастаған.
Кембридж (Ұлы Британия) университетінің рухани күй, ішкі сезім лабороториясындағы ғалымдар көп жылғы зерттеулерден кейін күтпеген қорытындыға келіп, белгілі бір күштегі дыбыс адамдардың ойлау қасиетінің өсуіне ықпал жасайтынын білді. Тәжірибе кезінде сазды әуен тындап немесе әңгімелесіп отырған кісілер математикалық есептерді тыныш жерде отырғандардан тез шығарған.
Жапония дүкендерінде жауын тамшылары дыбысын қайталайтын құралмен жабдықталған жастықтар сатылады. Тамшының түсу жиілігі адамның қан қысымымен бірдей етіп жасалған. Мұндай жастықтар ұшақтарда бар. Жолаушының тез ұйықтауына көп әсер етеді.
Әрине, әр адамға шудың әсері де әр түрлі. Ол адамдардың жасына, денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады.
Кейбір тұрақты немесе жиі қайталанатын дыбыстарға адамның үйренуі, көндігіп кетуі де мүмкін. Бірақ олардың зиянды әсері кейіннен біліне бастайды, бірте - бірте құлақ естімейтін болады.
Қала тұрғындарының есту мүшелері үнемі қорланып жұмыс істеуіне байланысты, олардың есту табалдырығы 10-25 дБа жоғары болады. Кейіннен есту нашарлап алдымен қаттылығы жоғары, соңынан төмен дыбыстарды естімей қалады. Үнемі жоғары қаттылықты дыбыстар әуелі құлақта ызың болып, кейін бас айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы бұзылып, асқазанда жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Шу әсіресе жасы ұлғайған кісілерге көп әсер етеді. Шудың әсері туралы сұрау салғанда 27 жасқа дейінгілердің 48, 3 проценті, 30 жасқа - дейінгілердің - 57 проценті, 58 -жасқа дейінгілердің - 62, 4 проценті, 58 - жастан асқандардың 72 проценті өздеріне шудың қолайсыз екенін айтқан.
Ой еңбегімен айналысқандар жұмысшылар мен шаруаларға қарағанда шуға төзімсіздеу келеді.
Атақты Н. М. Сеченев пен Н. П. Павловтың зерттеулері өте қатты шу ми қабығына жетіп, оның клеткаларын қайта - қайта қоздырып, мерзімінен бұрын істен шығатынын көрсетті. Жүйке клеткаларының да қабілеті бұзылып, шеттен келген дыбыстарға әсерленуі өзгереді. Кейде өте қатты шуға шыдап, көңіл аудармаса, тым төмен дыбыстардан тітіркеніп, кеюшілік білдіре бастайды.
Мәскеудің А. Л. Мясников атындағы ішкі ауруларды зерттейтін институтында шудың қаттылығы көбейгенде жануарлардың қан қысымы көтеріліп гипертония ауруы пайда болса, шуды төмендеткенде қан қысымы қайта қалпына келген.
Шу жүрек пен қан тамыры жүйесіне де әсер етеді. Осындай жағдайда электрокордиаграмма жасағанда жүрек соғуы төмендеп, тербелім шегі кішірейгенің көреміз. Үздіксіз қатты дыбыстар адамдардың қолы мен аяғындағы қан тамырларын тартылып қанның миға, бұлшық еттерге көп келуіне себебі болады. Сілекей, қалқанша және асқазан асты бездерінің қызметі бұзылып, денеге қажетті заттар (секреция) бөлмейді.
Шу адамдар мен жануарларға ғана қауіпті және қолайсыз емес, ол өсімдіктерге де зиянды. Дыбыс көп жерде өсімдіктің гүл шашу мерзімі екі есе ұзарып, оның күші 100 дБа жеткенде 10 күннен кейін солып қалады.
Көптеген зерттеулер нәтижесінде адамдар үшін ең қолайлы дыбыс 40 дБа, қолайсыз - 80, қауіпті - 120 дБа -ге дейін. Онан жоғары болса - ауыртатын түйсік табалдырығы болып саналады. Қаладағы шудың көпшілігін автомашиналар, олардың ішінде жүк таситын дизель қозғағышты машиналар береді.
Қаладағы шудың көпшілігін автомашиналар, олардың ішінде жүк таситын дизель қозғағышты машиналар береді.
Машина көп жүретін үлкен көшелерде дыбыстың күші (интенсивтігі) 68 -78 дБа, онан кіші көшелерде 63-69 дБа, мөлтек аудандағы тұрғын үйлер арасындағы көшелерде 51 - 60 дБа болады. Көшеде пайда болған дыбыс ауамен жан - жаққа тарап, тұрғын үйлерге, қызмет орындарына жетіп жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz