Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Мәліметтер қорынның негізгі түрлері және оны құру шарттары.
1.2 Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
1.3 Delphi.дегі МҚБЖ.мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен компоненттер
2.1 Delphi.де мәліметтер қорын құру технологияларының принциптері.
2.2 Қолданушылық интерфейсті жобалау
2.3 Мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған негізгі компоненттер
IV. Қорытынды.
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мәліметтер қоры қолданбасы қандай-да бір мәліметтер көзімен – мәліметтер қорымен (МҚ) өзара әрекеттесуге арналған. Өзара әрекеттесу мәліметтерді алу, оларды пайдаланушы көру үшін белгілі форматта көрсету бағдарламада жүзеге асырылған бизнес-алгоритмге сәйкес өңдеу және өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару.
Мәліметтер көзі ретінде мәліметтер қорлары және де кәдімгі файлдар – мәтіндік, электронды кестелер, және т.б. бола алады.
Алдында білетініміздей мәліметтер қорларына арнайы программалар – мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) қызмет етеді, олар жергілікті, яғни бір пайдаланушыға арналған, сол сияқты серверлік – желілік, көп пайдаланушыға арналған болып бөлінеді. Осылай топтаудың негізгі критерийі – мәліметтер қоры көлемі және МҚБЖ –ға орташа жүктеме.
Дегенмен, жүзеге асырудың әртүрлілігіне қарамастан, мәліметтер қоры қолданбаларының жалпы архитектурасы өзгеріссіз қалады.
1. Культин Н. Основы программирования в Delphi 7.0 - Санкт-Петербург, 2005.
2. Гофман В. Delphi6/В.Гофман, А.Хомоненко. – Санкт-Петербург: БХВ – Петербург, 2001.
3. Фаронов В.В. Программирование баз данных в Delphi 7: Учебный курс/В.В.Фаронов. – СПб.: Питер, 2004.
4. Архангельский А. 100 компонентов библиотеки Delphi5. - Санкт-Петербург, 2001.
5. Харрингтон Д. Проектирование объектно-ориентированных баз данных. Пер. С англ. – М.: ДМК Пресс, 2001.
6. Абдолдина Ф.Н. Delphi ортасында бағдарламалау. Әдістемелік құрал.- ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2005.
7. Александровский А. Д. Delphi5. Разработка корпоративных приложений. – М.: ДМК, 2000.
8. Конноли Т. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика.-М.: Вильямс, 2001.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары.


Орындаған: Альханова М.С
Тобы: Т - 241
Тексерген: Сембаев Т.М

Семей 2015-2016 ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Мәліметтер қорынның негізгі түрлері және оны құру шарттары.
2.2 Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
2.3 Delphi-дегі МҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен компоненттер
2.1 Delphi-де мәліметтер қорын құру технологияларының принциптері.
2.2 Қолданушылық интерфейсті жобалау
2.3 Мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған негізгі компоненттер
IV. Қорытынды.
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
III.
Кіріспе

Мәліметтер қоры қолданбасы қандай-да бір мәліметтер көзімен - мәліметтер қорымен (МҚ) өзара әрекеттесуге арналған. Өзара әрекеттесу мәліметтерді алу, оларды пайдаланушы көру үшін белгілі форматта көрсету бағдарламада жүзеге асырылған бизнес-алгоритмге сәйкес өңдеу және өңделген мәліметтерді қайтадан мәліметтер қорына қайтару.
Мәліметтер көзі ретінде мәліметтер қорлары және де кәдімгі файлдар - мәтіндік, электронды кестелер, және т.б. бола алады.
Алдында білетініміздей мәліметтер қорларына арнайы программалар - мәліметтер қорларын басқару жүйелері (МҚБЖ) қызмет етеді, олар жергілікті, яғни бір пайдаланушыға арналған, сол сияқты серверлік - желілік, көп пайдаланушыға арналған болып бөлінеді. Осылай топтаудың негізгі критерийі - мәліметтер қоры көлемі және МҚБЖ - ға орташа жүктеме.
Дегенмен, жүзеге асырудың әртүрлілігіне қарамастан, мәліметтер қоры қолданбаларының жалпы архитектурасы өзгеріссіз қалады.
Қолданбаның өзі мәліметтерді алу мен жөнелту механизмдерін, мәліметтердің белгілі түрде ішкі көрсетілімінің механизмін, мәліметтерді көрсету мен өңдеуге арналған пайдаланушы интерфейсін, мәліметтерді өңдеу логикасын қосады.
Мәліметтерді алу мен жөнелту механизмі мәліметтер көзімен байланыстыруды қамтамасыз етеді.
Мәліметтердің ішкі көрсетілім механизмі мәліметтер қоры қолданбасының ядросы болып табылады. Ол алынған мәліметтердің қолданбада сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сұраныс бойынша қолданбаның басқа бөліктеріне береді.
Пайдаланушы интерфейсі мәліметтерді көру мен өңдеуді, сол сияқты мәліметтер мен жалпы қолданбаны басқаруды қамтамасыз етеді.
Delphi репозиторийінде мәліметтер қорына арналған жеке шаблон жоқ. Сондықтан, Delphi-дің басқа қолданбалары сияқты мәліметтер қоры қолданбасы кәдімгі формадан басталады. МҚ қолданбасының интерфейсі кәдімгі формада стандартты және арнайы визуалды компоненттерді қолдану арқылы жасалады
Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ) - мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
* Есептеуіш жүйе;
* Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
* Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
* Қолданбалы программалар жиыны.

3.1 Мәліметтер қорынның негізгі түрлері және оны құру шарттары.
Мәліметтер қоры - бұл файл жиынтығы, осыда ақпараттар болады. Ереже бойынша мәлімет қоры бірнеше кестеден және ол бір каталогта орналасқаны дұрыс. Мәліметтер қорының жаңа каталогын қарапайым түрде құруға болады. Мысалы: провадник көмегімен. Кестені құру үшін Delphi тілінің утилиты Borland Database Desktor немесе SQL сұранысы қолданылады.
Мәліметтер қорының файлна кіру рұқсатын BDE кітапханасы файл орналасқан каталогтын атын емес, ал оның псевданимын қолданады. Жаңа мәліметтер қорын кестесін құрар алдында бұл мәліметтер қорынның псевданимын құру керек.
Мәліметтер қорын құру процессі келесі қадамдардан тұрады. Деп айтуға болады:
1. Каталог құру;
2. Псевданим құру;
3. Кесте құру.

3.2 Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қоры кестелерінің бірнеше форматтарын қарастырайық.
Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестелеріне:
oo DB2;
oo Informix;
oo InterBase;
oo Microsoft SQL Server;
oo Oracle;
oo Sybase жатады.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорының локальді кестелеріне:
oo Microsoft Access;
oo dBase;
oo FoxPro;
oo Paradox жатады.
Delphi көмегімен құрылған қосымша мәліметтер қорына BDE (Borland Database Engine) мәліметтер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.
BDE - мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*.dll файлдары) жинағы.
Мәліметтер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті мәліметте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорларының кестелеі мен қосымшаларының өзара орналасуына байланысты, мәліметтер қорларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
oo локальді;
oo клиент-серверлік;
Локальді - кестелері, олармен жұмыс істейтін қосымшалар орналасқан компьютерлерде болатын мәліметтер қоры.
Локальді мәліметтер қорлармен жұмыс істейтін қосымшалар - бір ярусты (single-tiered applications) деп аталады, себебі қосымша да, мәліметтер қоры да бір компьютерде (яруста) орналасқан.
Кестедегі мәліметтерді алу сондай-ақ көп қолданушылық та бола алады. Осындай вариант сервер мен компьютерлер желісін көздейді. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың бұл тәсілі файл-сервер деп аталады.
Осы архитектураның бірқатар кемшіліктері бар:
Мәліметтер қорларының көшірмелерін жасау жән олармен бөлек компьютерлерде жұмыс істеу үшін бүкіл мәліметтер қорының белгілі бір мерзім сайын жаңарту қажеттігі туады. Бұл желілік трафикті жоғарлатады және бүкіл жүйенің жылдамдығын азайтады;
Бір қолданушы мәліметтерді өзгерткен жағдайда олар басқа қолданушылардың мәліметтер қорларының локальді көшірмелеріне бірден бармайды, сондықтан кезкелген қолданушы ескірген ақпаратты көре алады;
Қолданушлардың жұмыстарын синхронизациялау қажет. Ол қолданушы жұмыс істеп жатқан жазбаларға басқа қолданушылар үшін уақытша тыйым салуға негізделуі қажет. Осылайша, бір жазбаға бірнеше компьютерден бір уақытта қол жеткізу мүмкін емес болады;
Мәліметтерді алуға бақылау жасауды ұйымдастыру, қолданушыны идентификациялау және мәліметтердің бүтіндігін қолдаумен бірқатар қиындықтар бар.
Келтірілген кемшіліктер клиент-серверлі мәліметтер қорында жоқ.
Клиент-сервер мәліметтер қоры - кестелер желінің серверінде орналасқан, ал осы кестелермен жұмыс істеуге арналған қосымшалар серверге қосылған қолданушлардың компьютерлерінде (клиент) орналасқан мәліметтер қоры.
Клиент-сервер мәліметтер қоры сұраулар көмегімен SQL (Structured Query Language) тілінде жұмыс істейді. SQL-сұраулар серверде орналасқан мәлметтер қоры кестелерімен жасалатын кез келген операциялары үшін орындалады.
Мәліметтер қоры клиент-сервер қосымшаларында бүкіл ақпараттық жүйе екі түрлі бөлікке бөлінеді:
oo Мәліметтер қоры клиенті;
oo Мәліметтер қоры сервері;
Мәліметтер қоры клиенті - сұрауларды қалыптастыру және серверге беруді, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсетуді қамтамасыз ететін қолданушының қосымшасы.
Мәліметтер қоры сервері - қашықтықтағы мәліметтер қоры басқаратын және клиенттердің сұрауларының орындалуы мен оның нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама.
Клиент-сервер мәліметтер қоры жұмыс істейтін қосымшалар екі ярусты немесе көп ярусты қосымшалар (two-tiered and multi-tiered applications) деп аталады.
Осындай архитектураның келесі артықшылықтарын ажыратуға болады:
oo Бүкіл мәлімет қоры емес, тек қажетті ақпаратты жіберу. Бұл желінің трафигін төмендетеді.
oo Мәліметтермен жасалатын жұмыстың бір бағдарламамен, яғни мәліметтер қоры серверімен орындалатынына байланысты мәліметтердің қауіпсіздігін және қолданушылардың жеке топтары үшін ақпаратты алу құқығын орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
oo Мәліметтерді өңдеу мен оларды алу жолын қамтамасыз ету үшін қажетті кодты қысқарту есебінен клиенттік қосымшалардың қарапайымдалуы.
Сервер мен мәліметтер қорының өзін жүргізу үшін арнайы маман қажет. Оны мәліметтер қорының администраторы деп атайды.
Delphi мәліметтер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.

3.1 Delphi-дегі МҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен компоненттер
TTable (кесте) классы.
TDataSet (мәліметтің абстрактілі жиыны) базалық класына мәліметтер жиындарымен жұмыс істеген кезде BDE-нің функционалдылығын жүзеге асыратын TBDEDataSet классы негізделген. Оның ұрпағы - TDBDataSet классы - мәлімет қорымен байланыс үшін жауап береді. Оның негізінде бағандар мен жолдарға ұйымдастырылған кестелер түріндегі реляциялық ақпаратпен жұмыс істей алатын компоненттер жасалған. Атап айтқанда, маңызды компоненттердің бірі TТable TDBDataSet классының ұрпағы болып табылады.
TField (жазба өрісі) класы.
Берілген класс бағдарламада виртуалды келтірілген нақты жазба өрісін сипаттайды, яғни ол физикалық жазба үшін қабық ретінде болады және оны жобалаушыға қажетті касиеттері мен тәсілдер жиынтығымен толықтырады. Физикалық (реалды бар) өрісті сипаттайтын TFiеldDef класына қарағанда TField класының негізінде псевдоөрістер құрылады: есептегуе жататын өрістер, сәкес келу өрістері және тағы басқалар.
TField типі бағдарламада шынайы жоқ. Оның орнына, жазба өрісінің нақты типтеріне сәйкес келетін (мысалы, TDataField датаны сақтайтын өріс үшін, TGraphicField графикалық бейне сақтатйын өріс үшін т.с.с.) оның көптеген ұрпақтары қолданылады. Сонымен қатар қасиеттердің көбісі осы ата-ана класында сипатталған.
TFieldDef (жазба өрісін сипаттау) классы.
TFieldDef класы мәлімет қоры кестесінің физикалық өрісін сипаттауға қолданылады. Мәліметтер модуліне жаңа кесте қосылғанда, ол үшін барлық өрістірдің сипатталуы қалыптастырылады. Келешекте, мысалы, мәлімет модулін көру терезесінен Fields жолының контекстік менюсінен NewField (оріс құру)пунктін таңдау арқылы виртуалды өрістердің де сипатталуын қалыптастыруға болады. Одан кейін бағдарламада TFieldDef класымен мәлімет көзімен байланыс блогында TFiеldDef класының өрістерін TField класының өрістеріне автоматты түрде айырбасталатындықтан жұмыс істеу мүмкін емес болып қалады.
Класс TNamedItem (мәлімет қоры элементтерін анықтаудың базалық классы) және TСollectionItem (коллекция элементі) кластардың қасиеттер мен әдістерін мұрағаттанады.
TData Source (мәліметтер көзі) компоненті.
Арналуы. Компонент кестелер мен басқа да физикалық мәліметтер жиынтықтары және формадағы басқару элементтері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Құрылуы. Бұл компонент күрделі баптауды қажет етпейді. Оның тек State (TDataSetState типі) қасиетін ғана қарастырайық. Ол бізге DataSet қасиетінде берілген мәліметтер жиынының жағдайы туралыақпарат алуға (мәлімет редакторлау, қосу, фильтрациялау және т.б.) мүмкіндік береді.
Қолданылуы. Бағдарламалаушыға тәжірибелік жұмысында келесі әдіс қажет болады:
function ISlinkedTo (DataSet: TDataSet): Boolean;
Ол мәліметтер көзі параметр ретінде берілген DataSet мәліметтер жиынтығымен байланысқанын және байланыспағанын анықтайды. OnDataChahge ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
Delphi командасы және мәзір
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Деректер базасына сұраныстар жасау
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Электрондық оқулықтың құрылымы
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы мәлімет
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Пәндер