Эрозияға және дефляцияға қарсы шаралар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ Тақырыбы : Эрозияға және дефляцияға қарсы шаралар
Орындаған: Әділханова Т. Р
Тексерген: Сагандыков С. Н.
Топ: АГ-213
Семей 2015жыл
Жоспар
- Эрозия туралы жалпы түсінік
- Дефляцияға жалпы түсінік
- Эрозияға және дефляцияға қарсы шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Эрозия (лат. еrosіo - мүжілу), геологияда - тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия - жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек, эрозиялық бедер пішіндері - бүйірлік және тереңдік эрозиялардың нәтижелері. Кейбір ғылыми әдебиетте “Эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозия құбылысына қарсы күресу жолдары - табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар эрозияның қалыпты (табиғи) және жеделдетілген (табиғи ортаны дұрыс пайдаланбау салдарынан) түрлері болады.
Эрозияның сыртқы көріну түрлері де әртүрлі болып келеді. Мысалы, су эрозиясы екі түрде: 1) топырақтың шайылуы немесе жазықтық эрозия- жаңбыр және қар суы ағынының әсерінен баурай бетінен топырақтың ақырын және біркелкі шайылуы. Бұл процесс- саздақты топырақтарда баурайдың тіктігі -0, 5-1, ал құмайт жерлерде 1-2 болғанда басталады; 2) топырақтың жыралануы немесе сызықтық эрозия -ағын судың тар арнада шоғырлануына байланысты топырақтың тік бағытта бұзылуы. Су эрозиясының бұл түрінің нәтижесінде алдымен әртүрлі жыралар пайда болып, әрі қарай дами берсе, сайға айналуы мүмкін. Сайдың пайда болуы су эрозиясының ең қауіпті, зиянды түрі. Жаңа кезеңде эрозиялық қауіпті агроландшафттар территориясын ғылыми тұрғыдан негізделген, контурлы мелиоративтік ұйымдастыру арқылы ғана ауылшаруашылық өндірісін дамытуға болады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, топырақ құнарлығын сақтауға және көтеруге, жердің өнімділігін арттыруға және табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған табиғи және жасанды экожүйенің өзара байланысты үйлесімі агроландшафт деп аталады.
Дефляция (лат. deflatіo - үрлеу), геологияда - топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі, үрленуі және олардың көшуі. Дефляция мен басқа үгілу процестерінің бірлескен әсерінен тау жыныстарында ғажайып пішіндегі табиғи мүсіндер пайда болады. Бұл көбінесе шөлді жерлерде байқалады.
Топырақтың дефляциясы - су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі.
Адамның топыраққа әсер ететін негізгі түрлері эрозия (су және жел), ластану, қайта сорлану және батпақтану, шөлдену, құрылысқа жер бөлу болып табылады.
Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы желдің жылдамдығынаң, топырақтың тұрақтылығына, өсімдік жамылғысына, бедерге және тағы басқаларға байланысты. Өсімдіктерді жою, малдарды ойламастан жаю, агротехникалық шараларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асырады.
Дефляция жергілікті эрозияға және шаң борандарға бөлінеді. Солтүстік Қазақстанда шаңды борандар өте күшті (20-30 м/сек асады) және ұзақ уақыт созылады. Шаңды борандар бірнеше сағаттың ішінде 1 гектар жыртылған жерден 500 т топырақтарды ұшырып алып кетуі мүмкін. Әрине, бұндай құбылыс атмосфера ауасының, сулардың жалпы қоршаған ортаның ластануына, адам денсаулығына зиян келтіреді.
Эрозияға және дефляцияға қарсы шаралар. Эрозиядан болатын зардаптарды еске ала отырып, оларды болдырмау немесе эрозиялық процестерді саябырлау үшін арнаулы шаралар жүйесін міндетті түрде қолдану керек. Ең жақсы нәтижені топырақ қорғау тәсілдерінің кейбіреулерін игеруден гөрі эрозияға қарсы кешенді игеру қамтамасыз етеді. Топырақ қорғау комплексіне ұйымдастыру, агротехникалық, фитомелиоративтік және гидротехникалық шаралар кіреді.
Агротехникалық шаралар - топырақты өңдеу жүйелері, байырғы аудара жыртуды топырақты дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жүйесіне, алғы дақылдарға, ауа райына және топырақ жағдайларына байланысты ауыстыру, жаңа топырақты өңдеу жүйелерін қолдану.
Фитомелиоративтік шаралар - табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі және беткі қабатын жақсарту, жыралы - сайлы жерлерді жыраларды жайпақтау және көп жылғы бұршақты және астықты шөптердің қоспасын себу арқылы дұрыстау және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz