Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы



1) Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатнастарының дамуы.
2) Экономикалық жүйелер ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы.
3) Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері.
4) Ақша жүйесінің даму кезеңдері.
Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам- өндіруші жән өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді.
Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі ФрансуаКенэ (1694-1774жж.) «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдылығын көрсеткен.
Жалпы экономикалық теория.Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А, Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Ақтөбе 2004ж.
Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов. Экономикалық теория негіздері. Алматы 1999ж.
Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева. Ж.Ш.Сатыбалдиева Қаржы, ақша айналысы және несие. Алматы 2008ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: 1) Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы.
2) Экономикалық жүйелер ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы.
3) Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері.
4) Ақша жүйесінің даму кезеңдері.

Орындаған: Сыдықанова А.
Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Семей 2015

1) Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатнастарының дамуы.
2) Экономикалық жүйелер ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы.
3) Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері.
4) Ақша жүйесінің даму кезеңдері.
Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам- өндіруші жән өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді.
Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі ФрансуаКенэ (1694-1774жж.) Экономикалық кесте (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдылығын көрсеткен. Ол меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.
Меншік : мәні және түрлері.

Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : аиемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
бматериалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.
в материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды..
Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны

мынадай түсініктермен де сипатталады:
аекі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;
әжекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ;
бөндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ;
в табыстарды уйлестіру тәсілі

гсубъектілік обектілік талдау
1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес , субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда , бір
адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін , бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін , өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін , яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад
5.Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланылып жүрген анықтамалардың ойынша меншік құқығы төмендегідей 11 бөлімнен тұрады:
1.Иелену құқығы , яғни игіліктерге міндеттелген денелік ( күш қуаттылық ) бақылау құқығы ;
2. Пайдалану құқығы , яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы ;
3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;
4.Табысқа деген құқық , яғни игіліктерді қолдану нәтижесінде ие болу құқығы;
5.Егеменділік құқығы , яғни бейтараптандыру , тұтыну , игілікті жою немесе өзгерту құқығы;
6.Қауіпсіздік құқығы , яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау
құқығы;
7.Игілікті мұрагерге беру құқығы;
8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;
10.Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
11.Қалдықты сипат құқығы, яғни процедура мен институттардың өмір сүру құқығы , бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
Меншіктің экономикалық тұрғыдан дами алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.
Меншік тарихи категория. Яғни, меншік

қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.
Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы : жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар.
Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік,
Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі.
Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады.
Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының
бірлестіктерінің , қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:
1)иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
2) пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
3) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау- сату, айырбастау, сыйға тарту).
Меншікті экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.
Нарыққа өту және ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы-мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополилялық үстемдігін жоюға бағытталған. Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік-колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды.
2.Экономикалық жүйелер ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
Экономикалқ жүйе- бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең тараған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
А) дәстүрлі экономика;
Ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
Б) еркін бәсекелестік ( таза капитализм) нарықтық экономика;
В) қазіргі нарықтық экономика ( қаіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.

Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады.
Әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсекеде және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда "әлеуметтік-экономикалық жүйе" және "әлеуметтік-экономикалық саясат" деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
* мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
* адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
* елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
* өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
* әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
* табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
* технологиялық аяның жай-күйі;
* ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
* қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2. Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.
3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы - материалдық емес сала.
Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.

3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі және түрлері.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша -- баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.
Сұраныс - бұл тұтынушының сатып алушының бір тауардан сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек. Мысалы күніне, айына, жылына және товардың сұраныс деңгейі көрсетілуі керек.
Сұраныс кестесін нақты түсініктірек болуы үшін суретке түсіріп көру қажет. Жалпы берілген кестедегі барлық көрсеткіштерді 1-кесте координаттар өсіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты С әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағас мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 700-ден 800 теңгеге дейін жоғараласа, онда сұраныс көлемі 4,5 кг. 4 кг№ дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді, ал көтерілуі сұраныс көлемін азайтады.

Сұраныс - бұл тұтынушының сатып алушының бір тауардан сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек. Мысалы күніне, айына, жылына және товардың сұраныс деңгейі көрсетілуі керек.
Сұраныс кестесін нақты түсініктірек болуы үшін суретке түсіріп көру қажет. Жалпы берілген кестедегі барлық көрсеткіштерді 1-кесте координаттар өсіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты С әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағас мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 700-ден 800 теңгеге дейін жоғараласа, онда сұраныс көлемі 4,5 кг. 4 кг№ дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді, ал көтерілуі сұраныс көлемін азайтады.

Ұсыныс деп - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
* Рационализаторлық ұсыныс - материал құрамын өзгерту немесе қолданылған техниканы, дайындау технологиясын, бұйым конструкциясын өзгертуді карастыратын және ол ұсынылған кәсіпорын үшін жаңа және пайдалы болып табылатын техникалық шешім.
* Техникалық ұсыныс - техникалық тапсырманы талдау нәтижесіне негізделген бұйымды жасаудағы конструкторлық жұмыстың бірінші сатысы; тапсырыс беруші техникалық тапсырманы ұсынған кезде жасалады; құжатқа п литер атауы беріледі.

Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:
Оs=f(Р)

Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу);
Р - баға.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (2-сызбада көрсетілген)
Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.
Ұсыныстың өзгеруі - ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы [9]. (қосымша, 2.14; 2.15-сурет)
Ұсыныс қисығы (sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық. Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні (ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған.
Бейнеленген S қисығы (ағылшынның suрplу сөзінен) белгілі бір уақыт ішінде сатылған Х игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтары) мен баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл өндірушінің жоғарырақ бағамен игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа ұсынысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.
Ұсыныс қызметі (Sиррlу Fипсtіоп) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:
Qs = f (P, Pr, K, T, N, B)

Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;
Рr - ресурстар бағасы;
К - қолданылатын технология сипаттары;
Т - салықтар мен субсидиялар;
N - сатушылар саны;
В - тағы басқа факторлар.
Ұсыныс пен сұраныстың нарықтық экономиканы талдаудағы рөлі

Осыған дейін көрсеткендей, бәсекелі рыноктагы тепе-теңдік бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамыз. Одан кейін ұсыныс қисығын, яғни сатушының бағасын анықтайтын принциптерді талдаймыз. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз қажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден, адамның қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту, көптеген сатылардан өту арқылы мүмкін болады. Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы, адам үшін, бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылықта болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді.
Тұтынылған тауардың саны өскен сайын, жалпы (қосындылық) пайда-лылық өседі, бірақ пайдалылықтың есімі (торланған тікбұрыштар) әрбір жаңа бөлік тауарда нөлге жеткенше, қыскарады. Егер игілікті шексіз кіші бөліктерге бөлуге болады деп жорамалдасақ, онда жалпы пайдалылықтың өсуінің бәсеңдеуін баспалдақты диаграмма түрінде емес, үздіксіз дөңес сызық ретінде бейнелеуге болады.
Осы айтқандардан шығатын қорытынды: шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктердің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арқасында ен соңында тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда елшенген шекті пайдалылық табамыз. Осыны еске ала отырып, әрбір тұтынушы жекелеген тұтыну түрлерін қашан шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, етке жұмсалған соңғы теңге, нан немесе апельсинге жұмсалған соңғы тенгенің келтірген пайдасындай пайда келтіруі керек.
Бұл жердегі -- жеке тауарлардың пайдалылығы, ал Р -- олардың бағасы.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деп нені есептеу керек, яғни қандай алшем бірлігінде игіліктердін шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма. Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы (өндіруші) үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайтын болғандықтан, нақ осы өңдіріс шығындарының деңгейі пайда мөлшеріне де, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де, анықтаушылық әсерін тигізеді. Сонымен, жиынтық ұсыныс жекелеген фирмалардың рыноктағы ұсыныстарының жиынтығы ретінде ақыр соңында өндіріс шығындарының деңгейіне тәуелді болады, ал ұсыныс қисық сызығы, шығындардың өсуімен тікелей байланысты. Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі принциптерін кеңінен қарайық.
Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің акысы кіреді. Егер абцисс өсіне өнім көлемін ал ординат өсіне шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар ҒС абцисс параллель тік сызық болып көрінеді. [8]
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланыстың өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қосылған, сон-дықтан тұрақты шығындардың сызығының үстінде бейнеленген. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті бас-талғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады. Жалпы барлық шығындар (ТС) өндірістің әрбір нақты деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді. Шығындардың біркелкі емес өзгеруі мынаған әкеледі: өндіріс көлемі ескен сайын өнімге жүмсалған шығындар, немесе орта шығындар оседі. Орта шығындар жалпы шығындардың өндірілген тауарлар санының қатынасына тең болады. (АС = AVC). Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Орта шығындар қисық сызығы әдетте, V бейнелі формада болады.
Ақша жүйесі -- белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.
Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
* ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
* ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
* нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
* ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Ақша жүйесі
монометализм
биметализм

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим -- б.дд. V -- III ғғ.), күміс (Ресей -- 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан -- XIX ғ.), алтын (Англия -- XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер -- XIX ғасыр аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.
Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.
1944 жылы құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция қүнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік экономикалық категория түрінде
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері
Меншік түрлері
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Меншік ұғымы,түрлері мен формалары, ҚР-ғы меншіктік қатынастардың дамуы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Меншік құқығының түсінігі мен мәні
Меншіктің қазіргі формалары
Пәндер