Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы



1) Кіріспе : Мемлекеттің ақша.несие саясаты
2) Қазақстан Республикасының бюджет.салық саясаты
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ
УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ
С Ө Ж
Тақырыбы :
1. Мемлекеттің ақша-несие саясаты
2. Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясаты
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

Орындаған : Тұрсынғали Аида , ПХ-415,
2-курс студенті

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ,2015 ЖЫЛ

Жоспар :
1) Кіріспе : Мемлекеттің ақша-несие саясаты
2) Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясаты
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

I. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттің ақша-несие саясаты
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты -- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
-банктерге және үкіметке несие беру;
-валюталық нарықтағы басқыншылық;
-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;
-ресми есепке алудисконттық мөлшерлемесі.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
2. Резервтік норманы өзгерту -- ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер - бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
3. Есептік ставкасын өзгерту -- коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе - несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану - мемлекеттің арзан ақша саясаты және қымбат ақша саясаты деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:

oo v Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.

oo v Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

oo v Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

oo v Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.

oo v Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.
I. Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясаты
Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,дамуының негiзi болып табылады.Адамзат дамуыныңбүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi,игерiлдi,мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi.Мемлекет құрылымының өзгеруi,өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,жаңаруымен қабаттаса жүредi.
- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Фискалды немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- Бөлу қызметі, мелекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;
- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арсындағы пропорцияны реттейді;
- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
- Шектеу қызметі, мемлект салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
- Бақылау- есептеу қызметі, мұнда кәсіпоры мен тұрғындар топтарының қаржы көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады;

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
- салық төлеушілерді тіркеу есебі;
- салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді есепке алу;
- бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
- қосылған құнға салынатын салықты төлеушілері есепке алу;
- салық тексерістері;
- камералдық бақылау;
- салық төлеушілердің қаржы шаруашылық қызметінің моноторингі;
- фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолдану ережелері;
- акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды бекіту;
- мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және
- сату тәртібін сақтауды тексеру;
- уәкілітті органдарға бақылау жасау.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиы:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық
2. Алымдар.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олар мен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Мемлекеттік көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарында радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар.
1. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Бюджет жүйесі туралы Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Мемлекеттік қаржылардың маңызды құраушысы мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет -- бұл мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры, мемлекеттің шығындар мен кірістер балансы (сметасы). Бюджетті ҚР Қаржы министрлігі жасап, ҚР Парламенті оны бекітеді.
Мемлекеттік бюджетті құру келесі қағидаларға негізделген:
oo бірыңғайлық қағидасы - бюджетте барлық шығындар мен кірістердің шоғырлануы. Мемлекетте бірыңғай бюджеттік жүйе, қаржы құжаттар мен бюджеттік классификациясының бір түрлілігінің бар болуы қажет;
oo толықтық қағидасы - бюджеттің әрбір бабы бойынша барлық шығындар мен барлық түсімдер ескеріледі;
oo ақиқаттылық қағидасы - мемлекеттің шығындар мен кірістерін шын көрсетуді ұйғарады;
oo жариялылық қағидасы - бұл негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Ақша-несие саясатының теориялары
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Ақша - несие саясатының құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономикалық мемлекеттік реттеу
Пәндер