Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері



1. Аморфты полимерлердің молекуладан ірі құрылымы
2. Полимерлердің фазалық және физикалық күйлер
3. Термомеханикалық қисықтар
4. Жоғары эластикалық күй
5. Жоғарыэластикалық деформация релаксациялық процесс ретінде.
1. Макромолекулалардың мөлшері мен көлемі буындардың мөлшері мен көлемінен бірнеше есе артық, кеңістікте боліп алуға болатындай элементтерге бірігу қасиетін полимерлердің молекуладан ірі құрылымы деп атайды. Полимерлердің молекуладан ірі құрылымы олардың кристалды және аморфты фазалық күйіне қарай әр түрлі болады. Аморфты полимерлердің құрылымдық реттілігінің дәрежесі біршама жоғары. Мұндай жоғары реттілік алғашында полимерлердің пачкалы үлгінің қалыптасуына себепші болды. Әрі қарай агрегациялану ретіне қарай пачкалардан қатан аморфты не кристалды полимерлер түзіледі деп есептелді. Кейінгі кезде жаңа көзқарастар пайда болды. Соның бірі доменді үлгі.
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010. 368 с. С. 147-148
2. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 102-114 б
3. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Высш.школа, 1992. С.423-457
4. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. Пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая школа, 1981. С.400-406
5. Тагер А.А. Физико-химия полимеров: М.: Химия, 1978. С.133-154

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Полимерлердің фазалық және физикалық күйлері

Жоспар:
1. Аморфты полимерлердің молекуладан ірі құрылымы
2. Полимерлердің фазалық және физикалық күйлер
3. Термомеханикалық қисықтар
4. Жоғары эластикалық күй
5. Жоғарыэластикалық деформация релаксациялық процесс ретінде.

1. Макромолекулалардың мөлшері мен көлемі буындардың мөлшері мен көлемінен бірнеше есе артық, кеңістікте боліп алуға болатындай элементтерге бірігу қасиетін полимерлердің молекуладан ірі құрылымы деп атайды. Полимерлердің молекуладан ірі құрылымы олардың кристалды және аморфты фазалық күйіне қарай әр түрлі болады. Аморфты полимерлердің құрылымдық реттілігінің дәрежесі біршама жоғары. Мұндай жоғары реттілік алғашында полимерлердің пачкалы үлгінің қалыптасуына себепші болды. Әрі қарай агрегациялану ретіне қарай пачкалардан қатан аморфты не кристалды полимерлер түзіледі деп есептелді. Кейінгі кезде жаңа көзқарастар пайда болды. Соның бірі доменді үлгі.

Аморфты полимер құрылымының үлгісі: 1-реттелген домен, 2-доменаралық аймақ, 3-өтетін макромолекулалар
Домендер деп аталатын, мөлшері 30-100А0-дей аймақтарда тізбектер қатпарланып майысып, ретті орналасады. Домендер бір бірімен өткел тізбектермен жалғасқан. Полимерлер аморфты күйден кристалды күйге осы домендер арқылы өтеді.
Аморфты полимерлердің молекуладан ірі құрылымы жөніндегі түсінікті кластерлі үлгі береді. Кластерлер деп реттелу дәрежесі мен текшелену тығыздығы жағынан кристалиттер мен негізгі реттелмеген полимер матрицасының аралығында жататын аймақтарды айтады. Кластерлердің конформациясы қатпарлы болуы және жазылған полимер тізбегінен тұруы мүмкін.
2. Қатты полимерлер кристалды және аморфты (шыны тәріздес) фазалық күйде болады. Егер полимер балқымасын суытса, ол не кристалданады, не шыныланады. Кристалданғанда макромолекула бергі реттілік күйден арғы реттілік күйге ауысады. Полимердің аморфты күйден кристалды күйге, не керісінше ауысуын фазалық ауысу дейді. Фазалық ауысуды бірінші текті не екінші текті деп бөледі. Балқу мен кристалдану бірінші текті фазалық ауысуға жатады. Екінші текті фазалық ауысу ішкі энергияның, көлемінің, энтропияның үздіксіз біркелкі өзгеруі арқылы жүреді. Кристалды полимерлер тек қана қатты күйде болады. Ал аморфты полимерлер температураға байланысты үш физикалық күйде - шыны тәріздес, жоғары эластикалық және тұтқыраққыш болады.
3. Фазалық ауысуды бақылауға қолайлы әдістердің бірі - термомеханикалық әдіс. Термомеханикалық әдіс полимердің белгілі бір уақыт ішінде тұрақты күштің әсерінен берілген температураға байланысты деформациялануын зерттейді. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисығы үш физикалық күйіне сәйкес үш бөліктен тұрады (1 сурет).

1 сурет. Аморфты полимердің термомеханикалық қисығы: І - шыны тәріздес күй аймағы; ІІ - жоғары эластикалық күй аймағы; ІІІ - тұтқыраққыш күй аймағы
Шыны тәріздес күйде (I бөлік) макромолекуланың атомдары мен атомдар топтары тербелмелі қозғалыста болады. Полимер қатты аморфты күйде қалады. Бұл кезде аздаған қайтымды деформация байқалады.
Жоғары эластикалық күй (ІІ бөлік) иілгіш тізбекті макромолекулалардан тұратын полимерлерге ғана тән ерекше қасиет. Жоғары эластикалық күй едәуір қайтымды деформациямен сипатталады. Бұл кезде макромолекулалық шумақтардың пішіні өзгеретін болатындықтан мұндай деформацияны жоғары эластикалық деформация деп атайды.
Тұтқыраққыш күйде (III бөлім) жеке бөліктер, сегменттер және макромолекула түгелімен интенсивті жылулық қозғалыста болады. Соның салдарынан макромолекулалар бір біріне қатысты жылжып, қайтымсыз деформацияланады, яғни ағады.
Белгілі бір молекулалық массаға дейін полимерде жоғары эластикалық күй байқалмайды (2 сурет). Төмен молекулалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полимерлердің физикалық күйлері 2021 жыл
Жоғары молекулалық заттар
Мономер сипаттамасы және оны алу механизмі
Метилметакрилаттың құрылысы
Композитті материалдардағы полиимид негізіндегі жоғары температуралы керамикаға физика – химиялық үрдістегі электронды сәулелендірудің әсері
Полиакрилонитрильді талшықтардың өндірісі жайында
Полимердің алу механизмі
Қазақстан республикасы оңтүстік өңірінің эрозияланған топырағының құрылымдық құамының өзгеруіне дифункционалды полиэлектролиттердің (ДПЭ) әсерін зерттеу
Акрилат мономерлері негізіндегі стимулсезімтал гидрогельдер
Жылу сыйымдылық
Пәндер