Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау туралы ақпарат



Аддиктивті мінез.құлық
Аддиктивті іс.әрекет
Тәуелділік психологиясы
Аддикцияның тартымдылығы
Әдебиет
Аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар адам өзін -өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым -қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды.
Қарым -қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
1.Бабаева Ю.Д., Войскунский А.Е., Смыслова О.В. Интернет: воздействие на личность //Гуманитарные исследования в Интернете /Под ред. А.Е. Войскунского. –М., “Можайск-Терра”, 2000, с. 11-40
2.Бабаева ЮМ., Войскунский А.Е. Одаренный ребенок за компьютером. М.,2003.3.Войскунский А.Е. Психологические исследования феномена Интернет-аддикции// Тезисы докладов 2-й Российской конференции по экологической психологии. М.: Экопсицентр РОСС. 2000 С. 251-25

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау

Тексерген: Абдуллина Г.К.
Орындаған: Биназарова Ж
Пх-215

Семей - 2015 ж

Аддиктивті мінез-құлық- тәуелді мінез-құлық.
Аддикт өзін бұл процесстерден бөліп, өзінің өмірлік тәжірибесін байытуды тоқтатып сонымен, бірге қарым -қатынас жасаудың маңызды функцияларын бұзады. Аддиктің басқа адамдармен бірге қызмет ету процессінде өзара қиындықтар туындайды. Аддиктивті ерекшеліктері бар адам өзін -өзі тану, өзіне деген сенімділігін нығайту мен дәлелдеу қажеттілігін адамдармен қарым -қатынас жасауда емес ең алдымен аддиктивті агенттермен контактіде жүзеге асырады. Аддиктер туралы, олар өзінің тіршілігінде және өзінің құнды екендігін нық орнықтыруға тырысып басқа адамдардан сүйеніш іздейді деп айтуға болмайды. Сүйеніш іздеу аддиктивті жүзеге асудың шегінен аспайды.
Қарым -қатынас жасаудағы дисфункционалды процесстермен қатар, тұлға аралық перцепцияның идентификация, эмпатия, рефлексия сияқты маңызды механизмдері бұзылады, өзгертіледі және құндылығын жоғалтады. Сондықтан да, өзін әріптесінің орнына қойып, бірге уайымдап, сені айналаңдағылар қалай қабылдайды деп ойлау қабілетін жоғалтады.
Аддиктивті іс -әрекеттің мәні, шынайы өмірдегі жағдайлардан қашуға талпынып, адамдар қауіпсіздік, тепе-теңдікті қалпына келтіру иллюзиясын беретін жағдайға өзінің психикалық жағдайын жасанды түрде өзгертуге тырысады. Аддиктивті іс-әрекеттің фармокологиялық және фармокологиялық емес сипаттағы түрлері бар. Олардың аддиктердің ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағылардың да денсаулығына (физикалық және психикалық) қауіпі зор. Олар тұлға аралық қатынастарға айтарлықтай зиян келтіреді.
Аддиктивті іс -әрекет - интенсивті эмоциялардың дамуымен сүйемелденетін, өзінің психикалық жағдайын кейбір заттарды қабылдап немесе өз зейінін тұрақты түрде белгілі бір заттарға немесе белсенділіктерге (қызмет түрлеріне) шоғырландыру арқылы өзгерту жолымен шынайы өмірден қашуға тырысудан көрінетін деструктивті іс-әрекет формаларының бірі. Бұл үрдістің адамды өзіне тартып алатындығы соншалық, ол оның өмірінің өзін де басқара бастайды .Аддиктивті тұлға өз ұмтылыстарында мәселеден құтылудың - жан сақтаудағы өзінің әмбебап, бірақ біржақты тәсілін іздейді. Аддиктің табиғи бейімделушілік мүмкіндіктері психофизиологиялық деңгейде бұзылған. Бұл бұзылыстардың бірінші белгісі психологиялықыңғайсыздық (дискомфортты) сезімі. Психологиялық комфорт әртүрлі, ішкі және сыртқы себептерден бұзылуы мүмкін. Өмірде әрқашан көңіл -күй бір түсіп, бір көтеріліп отырады, бірақ, бұл жағдайларды индивидтер әртүрлі қабылдап оларға әртүрлі жауап береді. Біреулері тағдыр тәлкегіне қасқая қарсы тұрып, болып жатқан істер үшін өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдаса, басқалары көңіл-күйі мен психофизикалық тонусының қысқа уақыттық және болар болмас өзгеруін басынан әрең өткізеді. Мұндай адамдардың фрустрацияны бастан өткізуі төмен болады. Шындықпен күресудің мұндай тәсілі адамның іс-әрекетінде бекіп шындықпен қарым-қатынас жасаудың тұрақты стратегиясына айналады.
Тәуелділік психологиясының (немесе аддиктологияның) тәуелділіктердің (аддикцияның) іс -әрекеттік формаларын бөліп алуға тырысумен байланысты қазіргі заманғы проблемалары қарастырылады. Талдау қазіргі кезде белсенді түрде талқыланып жүрген және проблемалық .Интернетке - тәуелділік мәселесіне жүргізіледі. Осы проблема бойыншаәртүрлі көзқарастар берілген: Интернетке - тәуелділікті іс - әрекеттік феноменнің тәуелділіктерінің клиникасымен ортақтығы аз іс -әрекеттік аддикция ретінде квалификациялау, бұл феноменді тәуелділіктердің өзінше бір формасы ретінде қате түсінетін психологтардың адасуы. Психологтардың зерттеу және терапевтикалық практикасындағы ең көрнекі салаларының бірін тәуелділік психологиясы алады. Тәуелділіктер туралы ілім немесе аддиктологи психология мен медицинаның түйісінде қалыптасты, айтарлықтай үлесін педагогика мен әлеуметтануда қосуда. Эпидемиялық модел бойынша дамып отырған тәуелділіктің дәстүрлі түрлері наркотиктік (токсикоманияны қоса), алкоголдік немесе темекі тәуелділіктерімен күрес құралдарын іздеу мен жетілдірумен қатар, тәуелділік туралы кеңірек түсінік қалыптастыруға деген айқын тенденция байқалады. Шынайы өмірден сананың жағдайын өзгерту жолымен кету әдістерінің алуан түрлілігі жайлы мәселе қойылады. Сананың өзгертілген жағдайлары проблематикасы психологияда кеңінен танымал.Аддикция және тәуелділік терминдері отандық ғылым үшін айтарлықтай жаңа терминдердің бірі - бұл терминдер осыдан он жылдай бұрын А.Е. Личко мен Н.Я. Иванов құрастырған қазіргі заманғы американдық психотерапевтикалық терминологиясы сөздігінде Ресейде қабылданған өзгешеліктерімен қолданылды дейді. Шет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау жайлы
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Сұхбат жанрының техникасы
Оқытуды бағалау жүйесінің дамуы
Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері
Психологиялық зерттеулер әдістері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Пәндер