Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар



1.Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
2. Қоздырушысының патогенді факторлары және аурудың патогенезі (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологиялық анатомиялық өзгерістері).
Қоздырушысы: Erysipelothrix rhusiopathiae(Пастер және Тюлье, 1882).Тілменің қоздырушысы көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың, шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет кездеседі. Адамдарда бұл ауру «Розенбах эризипелоиды» атымен белгілі.
Патогендігі жәнежұғу жолдары:
Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді. Шошқалар алиментарлық жолмен жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік және жануарлар қалдықтарын жегенде жұқтырады.
1. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж (345)
2. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж (125)
3. З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж (182)
4. Ығылманұлы «Малдың жалпы патологиясы» (113)
5. Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж (166)
6. «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж (87)
7. Құрманов «Адамға малдан жұғатын аурулар» Алматы-Қазақстан 1983ж (245)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар.

Орындаған: Қатренова Г. М
Тексерген: Жакиянова М.С

Семей қаласы 2015
Жоспар
1.Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
2. Қоздырушысының патогенді факторлары және аурудың патогенезі (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологиялық анатомиялық өзгерістері).

Қоздырушысы: Erysipelothrix rhusiopathiae(Пастер және Тюлье, 1882). Тілменің қоздырушысы көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың, шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет кездеседі. Адамдарда бұл ауру Розенбах эризипелоиды атымен белгілі.
Патогендігі және жұғу жолдары:
Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді. Шошқалар алиментарлық жолмен жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік және жануарлар қалдықтарын жегенде жұқтырады. Әсіресе бұл жағынан нашар көмілген өліктер қауіпті. Сонымен қатар азықпен (еттік жануарлар), шошқалар зарарланған балшықтарда жатқан кезде
Тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Аурудың бірінші жағдайлары пайда болған кезде, табынның жұқтыруы тікелей жанасу жолымен жүреді. Көбінесе 6 айдан 12 айға дейінгі жас малдар ауырады. Қоршаған ортадағы және бірінен бұрын жайылым топырағындағы, серуендеу қорасындағы және шошқа қора территориясының айналасындағы қоздырушыныңтөзімділігімен байланысты осы аурудың тұрақтылығы эпизоотологиялық ерекшеліктердің бірі болып табылады. Патогенезі және клиникалық белгілері: Жасырын кезең 3 - 5 күннен аспайды. Жітіден тыс немесе ақ тілме бірнеше сағаттың ішінде өліммен аяқталады, бірақ бұл түр өте сирек кездеседі. Жиі жіті түрі байқалады, ол емсіз сондай - ақ көптеген жағдайда 3 - 5 күннің ішінде жануардың өлімімен аяқталады. Жітілеу түрі немесе есекжем зарарсыз өтеді және 10 - 15күннен кейін сауығуымен бітеді. Созылмалы тілме айларға созылады. Хрониктерді шаруашылық құндылығының жоғалуына байланысты әдетте етке сояды. Өте сирек кездесетін ақ тілме кенеттен өтуіне байланысты клиникалық өте тән емес және аз байқалатын септикалық белгілермен өтеді. Жіті түрдегі тілме септикалық көріністермен басталады: жоғарғы температура, 41 -42ºC-қа дейін және одан да жоғары, жиілеген және
ауыр тыныс алу, жиі пульс. Ауру мал төсенішке жасырынады, азыққа бармайды, қиналып тұрады. Аурудың дамуына байланысты әлсіздік күшейеді, бөксенің тәлтіректеушілігі пайда болады. Басында іштің жүрмеуі байқалып, кешірек ол іш өтуге, кейде қанмен ауысады. Көздің дәнекер қабығы қызарады, көздің қабығында құрғайтын ағулар пайда болады. Теріде, әсіресе қарында, жамбастың ішкі беткейін басқанда қызыл дақтар шығып тұрады (гиперемия). Қанды зерттегенде: лейкоциттер 20000 - ға дейін және одан да көп, бірден эозинофилия -15% және одан да көп. Жітілік терілі түрі немесе есекжем қысқа мерзімді біркелкі қызбамен, жабырқаумен және теріде қызыл дақтардың пайда болуымен өтеді. Дөңгелек, квадрат және ромб пішінді дақтар тегіс қызыл көтерілуі түрінде шығып тұрады. Осындай дақтар қатқыл тері аумағында - арқада, майында, жамбаста орналасады. Одан әрі олар сорылып кетеді немесе некрозға ұшырап біртіндеп сау теріден күшпен алынады. Созылмалы түріндегі тілме жіті түрдің немесе есекжемнің жалғасы болып табылады. Хрониктердің терісінде некротикалық аумақтарды байқауға болады, олар айтарлықтай зақымданғанда пергамент панциріне ұқсас, қара құрғақ түрінде ауру малдың арқасын немесе мойнын жабады. Созылмалы түрдің жиі кездесетін асқынуы сүйелді эндокардит болып табылады. Осыған байланысты жүректің декомпенсирленген ақауы пайда болады. Сауығуды бастап келе жатқан сияқты малдар арықтайды, нашар азықтанады, шынтақ пен көкірекке сүйеніп көп жатады. Тіпті бұлшықеттік күшену демікпені шақырады және цианозбен өтеді. Жүректі аускультациялағанда эндокардиальды шуыл естіледі. Кейде артрит байқалады. Жиі жамбас, тұсамыс, білік буындары іседі, ыстық болып, ауырсынады, сәйкес аяққа байланысты ақсау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар жайлы мәлімет
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар
Шошқа тілмесі кезінде қолданылатын биопрепараттар
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер
Шошқа тілмесі
Шошқа тілмесін зерттеу
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Пәндер