Экономика ғылым саласындағы нобель сыйлығының лауреаттары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экономика ғылым саласындағы нобель сыйлығының лауреаттары

Орындаған: Ахмер С. К.

Тобы: ИЯ-411

Тексерген: Габдуллина Л. Б

Семей 2015ж.

Жоспары:

  1. Нобель сыйлығы туралы түсінік.
  2. Экономика ғылым саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары.
  3. Нобель сыйлығы лауреаты Джеймс Александр Миррлис.
  4. Қорытынды.

Экономика ғылым саласындағы нобель сыйлығының лауреаттары.

Нобель сыйлықтары- жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. 1969 жылдан бастап швед банктің бастамасымен экономика сыйлығы беріледі. Ол басқа да Нобель жүлделермен бірдей шарттарда марапатталды. Нобель сыйлығы - жыл сайын берілетін халықаралық сыйлық. Альфред Нобель атындағы сыйлыққа ғылыми зерттеу, әлемді дүр сілкіндірген ерекше жаңалықтар, мәдениет немесе қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар дайындаған азаматтар ие бола алады.

http://i.it-mbeks.org/u/e7/16f286848211e49b81bda084731179/-/1412680298_nobelpris.jpg

Экономика ғылым саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары :

Экономика саласында бірінші Нобель сыйлығының лауреаттары норвегиялық Рагнар Фриш және нидерландық Ян Тинберген. 1970 жылғы Нобель сыйлығының лауреатын Пол Энтони Самуэльсон Ғылыми-зерттеу жұмысында, статикалық және динамикалық экономикалық теорияны дамытқаны үшін алды. 1971 жылғы Нобель сыйлығын Саймон Кузнец Экономикалық өсімнің тәжірибе жолымен түсіндірме бергені үшін алды. 1972 жылғы Нобель сыйлығын Джон Ричард Хикс пен Кеннет Эрроу Жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясы мен әл-ауқатын теориясына жаңашыл үлесі үшін алды.

James A. Mirrlees Джеймс Александр Миррлис сэр - шотландтық экономист, «Ақпараттық асимметрия саласындағы зерттеуі үшін» 1996 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегері.

http://www.nobelprize.org/nobel_prizes/economic-sciences/laureates/1999/mundell.jpg Роберт Мандел- «Валюта курстарының түрлі тәртіптері шеңберіндегі ақша және фискальдық саясатты, сондай-ақ тиімді валюта аумақтарды талдауы үшін» экономика бойынша 1999 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Колумбия университетінің экономика профессоры (Нью-Йорк) .

Robert J. Aumann

Роберт Джон Ауманн- американдық-израилдік математик, «Ойын теориялары шеңберінде талдау арқылы дау-жанжал және кооперация мәселелері түсінігін кеңейткені үшін» экономика бойынша 2005 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Finn E. Kydland

Финн Кидланд- норвеждік экономист, «Экономикалық саясат және іскер циклдар уақытындағы келісім - динамикалық макроэкономикаға қосқан үлесі үшін» экономика бойынша 2004 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

http://i.it-mbeks.org/u/ba/1492d2847f11e4a85ac7bcb6cabe37/-/%D0%96%D0%B0%D0%BD%20%D0%A2%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%BB%D1%8C.jpg Француз экономисі Жан Тироль 1953 жылы Францияның солтүстігінде өмірге келген. 1981 жылы Массчусет технологиялық институтында математикадан докторлық дәрежесін қорғаған, экономика профессоры. Француз Ғылым Академиясының мүшесі. Оның экономика мен финанс жайлы жүзден астам кәсіби мақалалары жарық көрген, алты кітап авторы. Тироль микроэкономикалық талдаудың көптеген саласына үлес қосқан. Оның ең белгілі жұмыстарының бірі - ұжымдық мәртебе теориясы. Ассимметриялық ақпаратты нарық жайлы Акерлоф моделінің тұжырымдамасын дамытуға арналған. Бұл теория мәртебе, сапа, адал қызмет сияқты ұғымдарды математикалық модель тұрғысынан сипаттап, жүйеге келтіреді. Көптеген авторлардың осы тақырыпқа ұқсас жұмыстары Тироль ұсынған тұжырымдамаға негізделген, оның ішінде қоғамдағы жемқорлық тақырыбы да терең қамтылған. Экономика бойынша 2009 жылғы Нобель сыйлығы екі американдық азаматқа берілді. Олар: Элинор Остром мен Оливер Е. Уиллиамсон. Швеция комитеті бұл екі азаматты экономикалық басқару саласындағы талдауы үшін Нобель сыйлығымен марапаттады. Экономика бойынша Нобель сыйлығы 2009 жылы жарияланған 6 жүлденің ең соңғысы боп табылады. Оны Швецияның орталық банкі Алфред Нобельдің естелігіне арнап жариялаған болатын. Экономика саласы бойынша 2012 жылдың Нобель сыйлығы америкалық Гарвард университетінен Элвин Рот пен Калифорния университетінен Ллойд Стауэллге бұйырды. Олар әлеуметтік жүйені дұрыстауға арналған ойын теориясын ұсынады. Мысалы, аталған ғалымдар жасаған алгоритм арқылы жоғары сынып оқушылары болашақта өздері түсетін оқу орнын таңдауына болады. 2008 жылы сыйлық америкалық экономист-ғалымдар Томас Сарджент пен Кристофер Симске берілген еді. Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша 2004 жылы лауреаты Финн Кидлан әлемдегі қаржы экономикалық дағдарыстың қазіргі жай күйіне талдау жасады. Ол Европадағы қаржылық дағдарыс толықтай тұрақталмағанын алға тартты. Кидлан ортақ экономикалық кеңістікте валюталық одақ құру тиімсіз деген тұжырымымен бөлісті. Ол бұл тұрғыда ЕуроОдақтың евросын нақты мысал ретінде келтірді. Ғалым Еуразиялық Экономикалық Одақтың болашағына қатысты өз болжамын айтты. Кидлан егер бұл ұйым сауда, тауар айналымын кеңейтуге бағытталған үрдісінен жаңылмаса, онда келешегінен үміт күтуге болады деп есептейді. Тек ортақ валюта мәселесінен аулақ болу керектігін жеткізді. Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Эрик Маскин болса, әр дамығысы келетін ел тек әлемдік қауымдастықпен ашық әріптестік қатынасты өрбіте алса ғана жетістікке жете алады деп мәлімдеді. Тұйықталып қалғаннан, қандай қоры бар ел болса да зардап шегетінін шегеледі. Космос мәселелері бойынша Нобель сыйлығын алған Джордж Фицжеральд Смут III адамзат Айды бағындыру жобасына аяқ басқанын айтты. Марс та теңіз іспетті алып сулы аумақ табылғанынан хабардар етті.
Джеймс Александр Миррлис экономика саласындағы Нобель Сыйлығын «Ақпаратты асимметрия» зерттеу аумағы бойынша 1996-жылы иемденген болатын. Сэр Джеймс Александр Миррлис 5-маусымда 1936 жылы туылған. Шотландық экономист. Экономика саласы бойынша «Ақпараттты асимметрия аумағын зерттеу» еңбегі үшін 1996-жылы Нобель Сыйлығын алған. Джеймс Миррлис 1954 жылы Эдинбург университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1957 жылы университетті аяқтаған соң, экономика саласын зерттеумен тыңғылықты айналысты. 1963-жылы нәтижелі еңбегінің арқасында Кембридж университетінің ғылыми докторы атағына ие болады. Экономика оның ойынша әлсіз дамыған мемлекеттерге қызмет етуі керек деген Джеймс Миррлис өз өміріне үлкен сеніммен қарап, барлық күш-жігерін осы салаға жұмсап, өз жұмыстарында әлеуметтік сақтандыру мен салық саласы сияқты тақырыптармен айналысты. 1968-жылдары Джеймс Миррлис Оксфордско университетінде ұстаздық ете жүріп, АҚШ-тың салық жүйесімен нақты айналысып, салықтың кіріс жүйесі жайлы зерттеулер жүргізді. Джеймс Миррлис әлемнің әр түрлі елдерімен ынтымақтаса мемлекеттік қызметтерде еңбек етіп, көптеген жоғары оқу орындарында дәріс оқыды, өзге елдің ғалымдарымен тәжірибе алмасты. Ол « Миррлистің әдісі» атты салық жүйесінің әдіс-тәсілдері мен зерттеу еңбегінен тұратын құнды дүниені өмірге алып келді. 1996 жылы оның еңбектері бағаланып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Экономикалық теория қалыптасу кезендері.ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері.Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Экономикалық теорияның мектептері. Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары,экономикалық теория қалыптасу кезеңдері
Жекешелендіру, ҚР кәсіпкерлік қызметі, ҚР нарықтық экономиканың қалыптасуы, нобель сыйлығының лауреаттары
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы
Қазіргі кезеңдегі университеттердегі көп дәрежелі білім
Экономикалық теория қалыптасу кезендері
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика қалыптастыру
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz