Тест бағдарламасын құру


Кіріcпе

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows -қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Бұл дипломдық жобада қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.

Осы жобада программаларды тестілеу және жөңдеу бағдарламасын Borland Delphi бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.

Жобаның мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында мектепте программаны тестілеу бағдарламасын құру болып табылады. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қана қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Жобаның міндеттері:

- Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;

- Бір сұрақтың 3-4 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмауы шарт;

- Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;

- Нұсқалар сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба не электрондық құжат түрінде болады;

- Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;

- Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе арқылы барлығына бірдей қолданылады;

- Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;

- Әрбір сұрақ жауабына берілетін балл бірдей (көбіне 1 балл) болуы керек;

- Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек.

I. Негізгі бөлім

1. 1 Тест бағдарламасы туралы жалпы түсінік

Тестілеу (test, ағылшын сөзі «сынау» деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау.

Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:

  • жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін төңіректеу және жою орындалады.
  • тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі.

Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.

Қазіргі заманғы программалау жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнай программалық құралды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Бұл құралдар программаның ішкі жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Жөндеу программасы әдетте мына төмендегідей мүмкіндіктер береді:

- әрбір командадан соң, тоқтай отырып, программаны қадамдап орындау;

- кез-келген айнымалының ағымдағы мәнәі қарау немесе кез-келген өрнектің, оның ішінде стандартты функцияларды пайдаланып мәнін табу қажеттілігіне қарай айнымалының жаңа мәнін пайдаланып орындау;

- программада «тексеру нұктелерін» орнату, яғни аралық нәтижелерді бағалау үшін программа уақытша өз жұмысын тоқтататын нүктелерді тағайындау т. б.

Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды:

-жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану;

-пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою;

-қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек.

Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.

Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса, онда программаны шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады.

Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.

Эталондық нәтижелерді прогрмманың компьютерде орындалу нәтижесін алғаннан кейін емес, керісінше алғанға дейін есептеп шығарып қою керек.

Тестілік деректер қателіктердің пайда болуының барлық мүмкін болатын шарттарын тексеруді қамтамасыз ететін болуы тиіс, атап айтқанда:

- алгоритмнің әрбір тармағының сыннан өтуі;

- кезектегі тестіден өткізу алдыңғы өткізудегі тексерілмегендердің тексерілуі;

- программаның жалпы жұмыс істейтіндігін тексеру үшін бірінші тестің мүмкіндігінше қарапайым болуы;

-есептеу көлемін қысқарту үшін тестідегі арифметикалық операциялардың шегіне дейін ықшамдалуы;

- тізбектер элементі санының, итерациялық есептеулер үшін алынған дәлдіктің, тестілік мысалдар цикліндегі интерация санының есептеулер көлемін қысқарту тұрғысынан берілуі;

- есептеулерді азайтудың тексеру сенімділігін төмендетпеуі;

- тестілік деректер жиынын кездейсоқ таңдау күткен нәтижелерді қолмен орындау тәсілімен анықтауда қиындықтарға алып келетіндіктен және көптеген жағдайлар тексерілмей қалатындықтан тестілеудің белгілі мақсатқа бағытталған және жүйеленген болуы;

- тестілік деректерді күрделендіруде түсідің біртіндеп жүргізілуі.

1. 2 Тест бағдарламасын құру кезеңдері

Соңғы кезде тестілеу (сынақтау) маманды жұмысқа алу кезінде, мекеме қызметкерлерінің білім дәрежесін анықтауда және т. б. салаларда кеңінен қолдануда. Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді.

Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу - олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау студенттердің білім деңгейін көрсететіні сөзсіз.

Тест тапсырмаларын құру барысында мынадай әдістер бар:

  • таңдау;
  • сәйкестендіру;
  • толықтыру;
  • дұрыс тізбек құру.

Бұл әдістер ортақ қасиет - олар студенттердің есте сақтау, ойлау икемділігі, тапсырма орындаудың түрлі тәсілдерін меңгеру қабілеттілігі т. с. с. қасиеттерін танып - білуге бағытталған. Тест тапсырмалары көп деңгейлі және көп нұсқалы болып құрылуы да мүмкін.

  1. Тестілеу процесінің кезеңдері

Тестілеу процесін екі кезеңге бөлуге болады.

1. Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу болжанады.

2. Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жерде тестілік деректер дегеніміз алғашқы деректер жиынының шекаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуге тиісті алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы Мұндағый деректердің типтік мысалдары болып табылады.

Барлық программалар қандайда бір шектеулі алғашқы деректер жиынын өңдеуде есептеліп жасақталатындығы белгілі. Сондықтан мына төмендегі сұрақтарға жауап алу маңызды:

  1. Айнымалының теріс және нолдік мәндерін өңдеуге арналмаған программаға қандай да бір кеткен қателіктің себептерінен дәл сол мәндерді өңдеуге тура келсе не болар еді?
  2. Егер массив элементтері оны хабарлауда көрсетілген саннан асып кетсе, онда массивтермен жұмыс істеп жатқан программа өзін қалай ұстар еді?
  3. Егер өңделіп жатқан сан өте кіші немесе өте үлкен болса, онда не болар еді?

Программа дұрыс емес деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ дұрыс емес нәтиже беретін жағдайлар ең жаман жағдайлар болып есептеледі.

Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болу тиіс.

II. Арнайы бөлім

2. 1 Delphi ортасымен танысу

Бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал, және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Delphi - бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы. Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, ол өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де бағдарламалар Object Pascal тілінде жазылады және ол Turbo Pascal тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады. Delphi және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады. Бөліп айтқанда, Delphi көмегімен, консольдық тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады.

DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) - дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және оның жүктелгеннен кейінгі көрінісі төмендегі түрде болуы мүмкін (1-сурет) .

Сурет 1. IDE терезесі

Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді

1. Негізгі терезе (Projegt1. dpr) ;

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) ;

3. Форманың құрастырушының терезесі (Form1. dfm) ;

4. Программа кодының терезесі (Unit1. pas) .

DELPHI бірқұжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы программамен жұмыс атқаруға болады. Программа жобасының атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

Форманың терезесінен Unit кодына жөне одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.

2. 2 Delphi бағдарламасының құрылымы

Delphi ортасы - программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.

Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады.

  1. Негізгі терезе(Delphi7) ;
  2. Объектілер тармағының терезесі(Form 1) ;
  3. Объектілер инспекторының терезесі немесе объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector) ;
  4. Броузер (көру) терезесі(Object TreeView) ;
  5. Программа кодының терезесі(Unit 1. pas) ;

Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 пернесін басу жеткілікті. Delphi - ді алаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB - беттеріне кіругемүмкіндік туады.

Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар) . Олардың ішінен Customize - ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. . енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.

Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ыңғайлы: Project\Syntax Chek - программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches - отклаткалық режимді бақылау терезесіне кіру жжәне т. б. ;

Delphi - дегі кез келген программа жоба файлынан (файлдың заты . dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (заты . pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal - дың программалық бірлігін сипаттайды.

Сурет 2. Delphi бағдарламасының құрылымы

2. 3 Бағдарламаның құрылымдық сипаттамасы

Бағдарламаны құру үшін қолданылған компоненттер: Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.

Пішін терезесі Windows жобасы - болашакта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows - дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады (бұл нүктелерді алып тастау үшін Tool/Environment Options меню командаларының көмегімен, Preference қойымтасындағы Display Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет) . Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы.

Сурет 3. Пішін терезесі

Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттар торының нүктелерімен реттеліп тұрады.

Программалау Lego конструкторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компонеттер бірінен соң бірі орналасады.

Бұл ерекшелік - визуалды (көзбен шолу) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, оқу программасына арналған форма құруға болады. Бұл процесті жеңілдету үшін әрбір компоненттің қасиеттерін келтірейік. Компоненттердің орналасу ретіне қарай келтірейік, яғни алдымен форма дайындалады, одан кейін формаға панель орналасады, оған батырмалар мен енгізу жолы орналасады, ал белгі мен көп жолдық редактор панельдің үстіне форманың бос жеріне орналасады.

Компоненттердің өлшемі 1366х768 экран мүмкіндігін ескере отырып, тағайындалған.

Кесте 1. Пішіндер компоненттері

Компоненттер
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні)
Компоненттер: Form1: Tform
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні):

Caption: ЖУКТЕЛУ

Height: 382

Name: Form1

Position: poDesigned

Width: 365

Aling: alCustom

BorderStile: bsNone

Color: clWhite

BorderIcons: []

Cursor: crHourGlass

Компоненттер: Image1: TImage
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні):

Height: 128

Width: 128

Name: Image1

AutoSize: True

Left: 128

Компоненттер: Image2: TImage
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні):

Height: 105

Width: 105

Name: Image2

AutoSize: True

Left: 88

Компоненттер: Timer1: Timer
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні):

Interval: 8000

Name: Timer1

Форманың өлшемі Height (биіктік) және Width (ені) ескертусіз алынған өлшеммен сәйкес келеді. Position қасиеті экранның жиектеріне қатысты форманың орналасуын басқарады. poDesigned і форманы Poscreen Center экранның центрі бойынша симметриялы етіп орналастыруды талап етеді.

Align қасиеті ол өзі орналасатын контейнерге салыстырмалы орналасатын компонентті туралау тәсілін көрсетеді. Контейнер - оған басқа компоненттерді орналастыруға болатын орын болып табылады. Осындай контейнердің бірі - Image компоненті. Біз формаға сурет орналастырдық, оның қасиеті Align, мәні - alCustom тағайындадық. Осы мәндерді тағайындағаннан кейін компонент өзіміз еңгізген ұзындығымен орналасады.

Caption (тақырып) қасиеті барлық көрінетін элементке қатысты. Форма үшін оның басында орналасатын мәтінді анықтайды.

Left (солға), Top(жоғарғы жағынан) және Width (ені) қасиеттері форманың сол жақ жоғарғы бұрышының орнын анықтайды.

Name (аты) қасиеті программадағы форманың атын анықтайды.

BorderStile (жиек мәнері) қасиеті форманың жиек мәнерін анықтайды. BorderStile мәнін - bsNone тағайындадық. bsNone - бізде форманын жиегін мүлдем алыптастайды.

BorderIcons (жиек иконкасы) қасиеті бізде форманын үтінгі оң жақта орналасқан уш батырманы (бүктеу, үлкейту, жабу) анықтайды. BorderStile қасиетін bsNone қойғандығтан, бізде бул батырмалар көрсетілмейді.

Color (түсі) қасиеті форманын, компоненттің түсін анықтайды. Бұл жерде Color мәнін - clWhite қойып форманын түсін ақ орнаттық.

Cursor (жүгіргі) қасиеті формада, компонентте жүгіргінің мәнерін анықтайды. Form1-дің Cursor мәнін - crHourGlass (кұмды сағат немесе жүктелу) қойдық.

Form1-дегі Image компонентінің Picture (сурет) қасиетіне керекті суретті орнаттық. Picturе: (TIcon) /Load . . . /(сурет орналасқан қалтаны ашып, суретті тандаймыз) арқылы біз Image компонентіне сурет орналастырамыз.

2. 4 Объектілер тармағының терезесі

Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және объектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалған код терезесіне орналастырады.

Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т. б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компонентті басқара отырып, өзгерте алады. Ал, объектілер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға) . Properties беті - компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті - қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.

Сурет 4. Объектілер инспекторының терезесі

Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта - қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады.

Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте ( . . . ) немесе ↓ батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте ( . . . ) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, ↓ батырмасын белгілеу қарапайым қаиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімін шығарады. Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде формада орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.

Тышқанның сол жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, Stay On Top командасын таңдағаннан кейін, Объектілер Инспекторы терезесі оның екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.

Кестенің кез келген жолын тышқанды шерту арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы парамеир қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнімен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т. с. с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) - True немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі) және Width (ені) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Объектілер бақылаушы терезенің жоғары жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттержәне оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады.

2. 5 Программалар коды терезесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалар коды терезесі
Delphi-де тест бағдарламасын құру
Оқушылардың білімін тексеруде тесттің маңыздылығы
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы
Электрондық оқулықтың құрылымы
БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
Нысандарды қарау терезесі
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz