Ішкі секреция бездері жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №2
Тақырыбы:
Ішкі секреция бездері
Орындаған: Рәтов Жомарт.
П-409 топ студенті
Тексерген: Кунанбаева Н. С.
Семей 2015
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік (грекше «endon»-ішкі, «crino»-бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Адам организмінде көптеген бездер болады. Бездер өздерінің әрекеттік нәтижесінде секрет деп аталатын зат бөледі. Секреттер арнайы өзекшелері арқылы дене қуысынан (ауыз қуысына, қарынға, ішектерге) шығып жатады. Секреттерін сыртқа және дене қуысына бөлетін бездер сыртқы секрециялық бездер деп аталады. Бұларға сілекей, қарын, тер бездері жатады.
Организмде сонымен қатар секреттерін тікелей қанға құятын өзексіз бездер болады. Бұл бездерге жататындар: гипофиз, эпифиз, ұйқы безі, қалқанша без, бүйрек үсті бездер, жыныс бездері т. б. Ішкі секреция бездері гормон деп аталатын физиологиялық белсенді заттар бөліп шығарады. Гормон - қыздыру деген грек сөзі.
Гормондар организмнің өсу және даму процестерін, зат және энергия алмасу процестерін реттеуге, организмнің барлық физиологиялық қызметінің үйлесімділік процесіне қатысады. Соңғы жылдары гормондардың тұқым қуалау информацияларының берілу механизміне қатысы бар екені дәлелденді.
Организмнің өсу және даму динамикасы және жас кезеңдері әрбір әрбір гормондардың ерекшеліктеріне я гормондардың аз немесе көп бөлінуіне тәуелді болады. Баланың денесі мен ақыл-ойының қалыпты дамуында ішкі секреция бездерінің қызметі маңызды. Гормондар организмнің өсіп-дамуына ықпал жасайтын белсенді заттар. Гормондар құрсақта даму кезінде организмнің қалыптасуына әсер ете бастайды. Сыртқы ортаның күшті өзгерісіне немесе стресс жағдайына организм реакциясының бейімделуі де гормондарға тәуелді.
Қалқанша без. Қалқанша без кқмейдің алдында орналасқан, формасы көбелек тәрізді келген өзара жалғасқан екі бөліктен тұрады. Бұл безге көптеген қан тамырлары мен нервтер жанасып жатады. Бір сағаттың ішінде осы без арқылы 5-6 литр қан ағып өтеді.
Қалқанша бездің құрылысы мен массасы адамның жасына байланысты. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәрестенің қалқанша безінің массасы бір грамнан аспайды. Төменгі класс оқушыларында бес-он грамға, ал ересек адамда 25-35 грамға жетеді.
Қалқанша бездің қызмет дәрежесі де жас кездеріне байланысты. Ол 5-7 жастағы балалар мен 13-15 жастағы жас өспірімдерде ең жоғары дәрежеде. Жыныстық жетілу кезінде қыз балалардың қалқанша безі едәуір үлкейеді. Бұл - гипофиз бен жыныс бездері қызметінің күшеюіне байланысты уакытша құбылыс.
Қалқанша без зат пен энергия алмасу процесінде әр жақты күшті әсер ететін гормондар бөледі. Олар организмнің жүрек-қан тамыр және нерв системасының қызметіне әсер етеді.
Қалқанша бездің қызметі гипофиз және орталық нерв системасының қызметіне тәуелді болады. Гормондардың ішінде тироксин ерекше маңызды роль атқарады. Организмге 1мг тироксин жіберсе, энергияның алмасуы екі есе жоғары болады. Безден мөлшерден артық гормон бөлінген жағдайда немесе гиперфункция кездінде безедова ауруы байқалады. Ондай жағдайда организм әлсіреп, нерв системасының қозымдылығы жоғарылайды. Ауырған адам ашуланшақ, қызба, тез шаршағыш болып, жүректің соғу жылдамдап, жиі-жиі температура көтеріліп, ентігу пайда болады. Бұл бездің гиперфункциясы балаларда уақытша байқалады, ол кезде қозымдылық және психикалық әрекет жоғарылайды. Қалқанша бездің гипофункциясы кезінде зат алмасу, нерв системасының қозымдылығы және жұмыс қабілеті кенет төмендейді, ісік байқалады, еске сақтау процесі нашарлайды, психикалық әрекеттің төмендеуі аңғарылады. Мұндай ауруды микседема (кілей ісік) деп атайды.
Балалық шақ кезінде қалқанша бездің гипофункциясы байқалған кезде баланың ақыл-ой дұрыс дамымайды, дененің өсу процесі біркелкі болмайды, жұмыс қабілеті төмендейді, ұйқыға мойын бұрып, сөздерді бұзып, жыныс мүшелерінің жетілу кешіге бастайды. Қалқанша без гормонының қалыпты мөлшерден аз бөлінуінің нәтижесінде пайда болған өзгерістерден кретинизм ауруы байқалады. Гипофункция жағдайы ертерек байқалса, тиісті ем қолданым, біршама қалыпқа келтіруге болады.
Егер ішетін су мен тамақтың құрамында йод жеткіліксіз болса, сонымен қатар инфекциялық аурумен ауырған жағдайда, санитариялық талаптар дұрыс орындалмаса, қалқанша бездің қызметі бұзылады да, гормондардың жасалуы жеткіліксіз болады. Ондай жағдайда без ұлғайып, соның есесіне гормондар жеткіліксіз бөлініп, адамда зоб ауруы байқалады. Ересек адамдарда кейде зобтың көлемі 5-6 кг-ға дейін жетеді. Мұндай аурумен ауыратын адамдар таулы жерде тұратындардың ішінде жиі кездеседі. Бұл жерлерде профилактикалық мақсатпен ас тұзына йод қосылады.
Ал кейде балалар мен жас өспірімдерге зоб ауруына қарсы антиструмент преператын береді.
Бүйрек үсті бездер. Бүйрек үсті бездері бүйректің үстіңгі жағында орналасқан. Жас спірім балаларда он төрт грамм мөлшерінде болса, ал ересек адамдарда жиырма граммға дейін жетеді. Бұл без екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртыс және ішкі - ми қабаты. Осы әрбір қабаттары белгілі гормондар жасап шығарады. Қыртысты қабатта ең маңызды гормондар - кортизон, гидрокортизон, альдостерон жасалады. Кортизон мен гидрокортизом белок, углевод алмасуына, иммунитетті жоғарылатуда ерекше маңызды роль атқарады, ал альдостерон су мен минеральдық тұздардың алмасуын реттейді. Қыртыс қабат гормондарының биологиялық әсері жағынан аталық және аналық жыныс гормондарына жақындау.
Бүйрек безінің ми қабатында адреналин және норадреналин гормондары жасалады. Адреналин симпатиялық нерв системасына әсер етіп, оның қозғыштығын жоғарылатады, сондай-ақ зат алмасуын, әсіресе углеводтың алмасуын реттейді. Бұл гормон жүректің жиырылуын жылдамдатып, жұмысын күшейтеді, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын жоғарылатады. Қорқу, ашулану сияқты эмоциялық өзгерістер кезінде, сондай-ақ терінің ауырту тітіркенуін сезіну кезінде қанға баратын адреналин мөлшері артады. Норадреналин қан қысымын жоғарылатады.
Балаларда бүйрек безінің қыртысты қабатының қызметі бұзылса, ауыр зардаптарға ұшырайды. Ондай балаларда жыныс бездерінің қызметі бұзылады: жыныстық даму ерте басталадв немесе қарама-қарсы қосымша жыныстық белгілері жетіле түседі. Сонымен қатар организм де әлсіздік байқалып, бүкіл дене ауыр тартады.
Жыныс бездері. Жыныс бездері ұйқы безі сияқты аралас бездерге жатады. Жыныс безі екі түрлі қызмет атқарады: жыныс клеткаларын бөліп шығару және аталық пен аналық жыныс гормондарын бөліп шығару. Ішкі екреторлық қызметі кезінде, көбею үшін қажет ұрыс клеткаларын жасап, сыртұа бөледі. Ішкі секреторлық қызметі кезінде андрогендер мен эстрогендер гормогдарф жасалады. Жыныс гормондары адамның өсіп-дамуына, оның психикасы мен мінез-құлқына әсер етеді. Жыныс гормондарының жыныстық пісіп жетілуі және жыныс клеткаларының өсіп-дамуы процестеріне қатысы бар.
Андрогендер аталық жыныс клеткаларында, ал эстрогендер аналық жыныс клеткаларында жасалады. Ер адамдарда жыныс гормондар аталық ұрық безінде және бүйрк безінің қыртыс қабатында, ал әйел адамдарда аналық безінде және бүйрек безінің қыртыс қабатында жасалады. Андрогендер жыныс аппаратының дамуын және жыныс мүшелерінің өсуін, қосымша жыныс белгілерінің дамуын қамтамасыз етеді: дауыстың, көмейдің, скелеттің, бұлшық еттердің дамуын, бетте және денеде түктердің өсуін.
Әйел адамдардың жыныс гормондары жыныс мүшелерінің өсіп-дамуына, аналық клеткалардың жасалуына әсер етеді, аналық клеткалардың ұрықтануын және болашақ сәбидің дүниеге қалыпты болып келуін дайындайды.
Жыныс гормондары барлық өмір бойы дененің қалыптасуна, зат алмасу процесіне, жыныс әрекеттеріне байланысты мінез-құлыққа үлкен әсер етеді.
Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие. Жыныстық жетілу кезінде адам организмі биологиялық жағынан көлеміне келеді. Жыныстық жетілудің басталу уақыты мен оның қарқыны түрліше және көптеген жағдайларға тәуелді: денсаулық жағдайына, тамақтанудың түріне, климатқа, тұрмыс және әлеуметтік-экономикалық жағдайға. Тұқым қуалау ерекшеліктерінің де айтарлықтай маңызы бар.
Организмнің жыныстық жетілуі төменгі класс оқушылары жасында басталады: бұлшық ет системасының дамуы күшейе түседі, ұл балалар мен қыз балалардың арасында психикалық және денелерінің өсу жағынан айырмашылықтар байқалады. Бала өмірінің бұл кезеңін жыныстық жетілудің алды, ал жетілу барысын - жыныстық жетілу кезеңі деп атайды.
Қыз балаларда жыныстық жетілу 12-13жаста, ал ұл балаларда 14-15 жаста басталады. Жыныстық жетілудің тоқталуы организмнің өсуі аяқталған кездерінде байқалады (әйел адамдарда 21-23 және ер адамдарда 23-25 жастарында)
Жыныс бнхдерінің гормондық қызметі организмнің басқа да бездерінің дұмысымен үйлесімді болады және ми қыртыстары қызметіне тәуелді. Жас өспірімдерде жыныстық қозу арқылы пайда болған шартты рефлекстер тұрақты болады деген ұғым бар. Егер олар жағымсыз әпекеттер болса, онда ондай әрекеттерді өзгерту қиынға соғады. Сондықтан сексуалды мәселе балалардың тіршілік өмірінде үлкен жағдай. Жас өспірім ұл бала немесе қыз бала болсын, өсіп келе жатқан организм үшін, жыныстық қарым-қатынасты ертерек жасау зиян екенін қатаң білгендері жөн. Дұрыс қарым-қатынас жасауға жәрдемдесу маңызды педагогикалық міндет. Негізгі мақсат - келешек жас өспірімдерді тек еңбекке және қоғамдық жұмысқа қана емес, жеке басы мен семья өміріне даярлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz