Формациялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі



І.Кіріспе бөлім
Формациялық терминдер
ІІ.Қорытынды бөлім.
Фармация саласындағы терминдерге келетін болсақ, ол еліміздегі фармациялық өндірістермен дәрілік препараттардың айналымдарымен тікелей байланыста болғандықтан, аздап болса да қазіргі фармация жағдайына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Соңғы деректерге қарағанда еліміз шет елдерден жылына 900 млн. долларға дәрілік препараттарды сатып алады екен және сол препараттар халыққа қажетті дәрілердің тек 90 пайызын ғана құрап, ал қалған 10 пайызы елімізде өндіріледі екен. Қазақстанда негізінен өсімдіктерден өндірілетін дәрілік препараттар алынады және өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінен алынатын дәрілердің атаулары онша көп емес. Орыс тілінде олардың негізгілері отвары, настои, настойки, экстракты, мазь, линименты деп жалғасып кете береді. Енді осылардан қазақшаға аударылғаны бар ма дегенге келетін болсақ, тек қана отвар деген сөзі дұрыс аударылып қалғандары әр түрлі сөздермен бұрыс аталып жүр. Ең бір сорақылығы настой мен настойка сөзін тұнба және сығынды деп аударған. Бұл екі дәрілік препараттар тұнба да емес, сығынды да емес, физикалық табиғаты бойынша өздеріне тән иісі түсі болатын сұйық заттар. Енді тұнба сөзінің мағынасын талқылайтын болсақ, суда ерімейтін және меншікті салмағы судан ауыр болатын ұнтақты сумен қатты араластырып тұндырып қоятын болсақ, су тұнған кезде суда ерімейтін, меншікті салмағы судан ауыр ұнтақтар судың түбіне тұнбаға түсіп, лайланған су тұнып, мөлдір түске айналған болар еді.
1) Ш.Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі»
2)Ө.Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы», «Қазақ терминологиясының мәселелері»
3)Ә. Т. Қайдаридың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас»

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Формациялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі

Орындаған: Турсынова Диана
ВМ-501


Семей қаласы 2015 жыл

Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
Формациялық терминдер
ІІ.Қорытынды бөлім.

Фармация саласындағы терминдерге келетін болсақ, ол еліміздегі фармациялық өндірістермен дәрілік препараттардың айналымдарымен тікелей байланыста болғандықтан, аздап болса да қазіргі фармация жағдайына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Соңғы деректерге қарағанда еліміз шет елдерден жылына 900 млн. долларға дәрілік препараттарды сатып алады екен және сол препараттар халыққа қажетті дәрілердің тек 90 пайызын ғана құрап, ал қалған 10 пайызы елімізде өндіріледі екен. Қазақстанда негізінен өсімдіктерден өндірілетін дәрілік препараттар алынады және өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінен алынатын дәрілердің атаулары онша көп емес. Орыс тілінде олардың негізгілері отвары, настои, настойки, экстракты, мазь, линименты деп жалғасып кете береді. Енді осылардан қазақшаға аударылғаны бар ма дегенге келетін болсақ, тек қана отвар деген сөзі дұрыс аударылып қалғандары әр түрлі сөздермен бұрыс аталып жүр. Ең бір сорақылығы настой мен настойка сөзін тұнба және сығынды деп аударған. Бұл екі дәрілік препараттар тұнба да емес, сығынды да емес, физикалық табиғаты бойынша өздеріне тән иісі түсі болатын сұйық заттар. Енді тұнба сөзінің мағынасын талқылайтын болсақ, суда ерімейтін және меншікті салмағы судан ауыр болатын ұнтақты сумен қатты араластырып тұндырып қоятын болсақ, су тұнған кезде суда ерімейтін, меншікті салмағы судан ауыр ұнтақтар судың түбіне тұнбаға түсіп, лайланған су тұнып, мөлдір түске айналған болар еді. Осыдан судың астында жатқан ұнтақ шөгіндісін тұнба, ал судың мөлдір қабатын сол алғашқы лай судың тұнымы деп атар едік. Неліктен екені белгісіз дәрілерге жазылған аннотацияларда осындай қателіктер жиі жіберіледі. Енді медицина, фармация, тағамтану мен басқа ғылым салаларында кеңінен қолданылатын добавка сөзін қарастырайық. Бұл сөзді кейбір мамандар қазақ тіліне қоспа, қосынды, үстеме, үстеме қоспа деп аударған. Қоспа-смесь, қосынды-сумма, үстеме-добавочный, үстеме қоспа-добавочная смесь деп аударылып, добавка сөзінің нақтылы мағынасы анықталмаған. 1978 жылы жарық көрген орысша-қазақша сөздік добавить-қосу, үстеу, добавка-қосымша, үстеме, ал добавочный-қосымша, үстеме деп аударылған. Осыдан байқайтынымыз, добавить пен добавка екі ұғым, ал добавка мен добавочный сөздері сөздікте келтірілгендей бір ұғым бола алмайды. Сондықтан келесі сөздерді талдауды жөн көрдік. Бег. м. только. ед.- жүгіріс, жүгіру. Ал беглец м. - қашқын. Бұл сөздерге назар салсақ бег деген сөз іс қимылды білдірсе, ол сөздін беглецке айналуы қашқын адам деген ұғымды білдіреді. Қазақ тіліндегі қос деген сөз қосып ұлғайту және екеу деген ұғымын білдірсе, осы қос сөзіне қын жалғауын қосқанда қосқын деген зат есім сөзі түзеді. Осылай сөздерді өрнектеу қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы, қаш оған қын жалғауын қоссақ, қашқын деген зат есімді ұғым пайда болады. Тас - тасқын сөздері де осы мысалды толықтай түседі. Жоғарыда келтіріліп отырған қосқын сөзі халық арасында бұрыннан қолданылып келген, ал қазіргі уақытта ұмыт бола басталған сөздер қатарына жатады. Мәселен, бір үйір малға басқа жақтан келіп, саны қосылған малды қосқын малдар деп атаған Сондықтан орыс тіліндегі добавка сөзі қазақ тіліне қосқын деп аударылса, ол өте орынды болған болар еді.
Енді көзге арналған дәрілер туралы қысқаша талқылауды келтіре кеткенді жөн көрдім. Көзге арналған тамшылар орыс тілінің өзінде глазные капли деп дұрыс аталмаған, яғни орысшасы көз тамшылары деген ұғымды білдіріп, көзден таматын жасты меңзейді, ал қазақшаланған көз тамшылары деген сөз тіркесі, көзден шыққан жасты білдіреді. Дүние жүзінде алғаш рет көзілдірікті жасаған қытайлықтар екен. Сол көзгелдірік сөзі көз және ілдіру сөзінен алынғанын байқау кімге болас да қиынға түспейді, Сондықтан осы аталып отырған глазные капли сөзін көземдік тамшылар деп қолданса, орынды болар еді деп ойлаймын.
Еліміз егемендікке ие болғаннан бастап, біздер жаңа өмірге бет бұрдық. Қарапайым тұрмыста қолданылатын сөздерді нақты термин ретінде ғылымның барлық саласында қолдану қажетті мәселеге айналды. Осы қажеттілікке байланысты салалық терминологиялық сөздіктер әркімнің өз білгеніне қарай жазылып, көптеп жарық көрді. Шындығын айтқанда, көп сөздіктер арасынан оқырмандардың көңілінен шықпайтын аз да болса, бірең сараны кездесіп қалады. Сондай кемшілігі бар сөздіктерден байқалатыны басқа тілдегі терминдердің өзгеріссіз алынуы немесе сәтсіз жасалған баламасы болады. Әрине, осындай кемшіліктермен жарық көрген сөздіктер елімізде терминдердің жедел және дұрыс дамуына қолбайлау болып отыр. Қоғамның дамуына байланысты әр ғылым саласындағы терминдердің саны көбейіп, қолдану аясы кеңейе түсті. Сондықтан да белгілі бір түсінікті дәл белгілеп, сөз мәнін нақтылы көрсететін терминдерді жасау маңызды үрдіске айналды . Сондықтан авторлар сөздік жазбастан бұрын балама сөздерді газет, журналдарға шағын көлемде жиі-жиі шығарып, оқырман қауымның талдауынан өткізсе құба-құп болар еді. Осыған байланысты латынның Oleum және Unguentum деген сөздерін қарастыратын болсақ, осы сөздер медицина, фармация және биология ғылымдарында кеңінен қолданылады әрі осы сөздерді барлық фармацевтер, медицина саласындағы азаматтар біледі. Латынның Oleum сөзі орыс тіліне масло, қазақ тіліне май деп аударылған және Oleum сөзінің орыс тіліндегі әрі қазақ тіліндегі баламаларының нақтылығы еш талас тудырмайды. Ереже бойынша майлар деп глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады.
Қалыпты жағдайдағы майлар сұйық және қатты болады. Ал латынның Unguentum деген сөзін қарастыратын болсақ, бұл сөз латынның Unguere - жағу (мазать) сөзінен алынған. Мұндағы Unguentum сөзі зат есім де, Unguere сөзі - етістік. Сондықтан Unguentum сөзі латын тілінде термин ретінде қолданылған және орыс тіліне мазь деп аударылған. Осы сөздің қазақша аудармасын қарастыратын болсақ, Unguere -жағу етістігінің жақ түбірінің әсерінен қазақшаға бір сөзбен жағылма және екі сөзбен жақпа май деп аударылып, даулы мәселе қалыптасқан. Осындай теке-тірестің салдарынан аударушыларға, оқытушылар мен оқушыларға күні бүгінге дейін үлкен ыңғайсыздық туып отыр. Енді осы сөздің аудармасын келесідей жазып көрейік.
Латыншасы - Oleum, орысшасы - масло, қазақшасы - май.
Латыншасы - Unguentum, орысшасы - мазь, қазақшасы - жағылма.
Oleum және Unguentum деген латынша терминдер заттардың бір-біріне ұқсамайтындығын және екі зат екенін білдіреді, ал осы сөздердің орысша баламалары да заттардың екеу екенін көрсетеді. Енді қазақшаға Oleum - май, ал Unguentum - жақпа май деп аударылған нұсқасын қарастырайық. Oleum сөзінің қазақша баламасы май болса, онда май сөзі екінші рет тағы да Unguentum сөзіне балама бола алмайды. Бұл аударма (жақпа май) екі сөзден тұрғандықтан, термин болмай тек сөз тіркесі болады. Сондықтан латынның Unguentum деген сөзін жақпа май деп аударуды ғылым тіліне жатқызуға болмайды. Жақпа май сөзі тоң май, сұйық май, сары май, өсімдік майы, жануар майы, қарын майы деген атаулар қатарында болғаны орынды болар еді. Осыдан туындайтыны, Oleum терминінің - май, ал Unguentum терминінің баламасы ғылыми тұрғыдан жағылма болады. Сонымен жағылма деп сыртқа қолданылатын тұтқыр пластикалық қасиетті, бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Пәндер