Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама


Жоспар:
Кіріспе. … 2
- Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани
мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама.
- 5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мен
жетілдірудің ерекшеліктері . . . 5
- Күнделікті тұрмыста тәрбиелеу . . . 12
- Еңбекте тәрбиелеу . . . 18
- Ойын кезінде тәрбиелеу . . . 22
Қорытынды . . . 28
Әдебиеттер тізімі . . . 33
КІРІСПЕ
Педагогика рухани мәдениетті қалыптастыруды бала өмірінің алғашқы жылынан бастап моральдық сананы, адамгершілік сезімдер мен әдеттерді, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырудың мақсатқа бағытталған белсенді процессі ретінде қарастырады.
Балалар бақшасында бұл процесс мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, рухани мәдениетті қалыптастыру принциптерінің рухында жүзеге асырылады. Рухани мәдениетті қалыптастыру нақты моральдық қасиеттер негіздерін қалыптастырудан көрінеді.
Адамның рухани мәдениет дамуында ұрпақтан ұрпаққа көшкен, дамыған, толықтырылған, адамдардың бірлесіп өмір сүру процесінде жасалған адамгершілік нормаларын игерудің елеулі маңызы бар.
Біздің адамгершілік ең саналы адамгершілік болып есептеледі, өйткені ол - эгоизмге қарама-қарсы, коллективизмді ұсынады және оны қолдайды. Коллективизм - коммунистік адамгершіліктің ең ерекше белгісі, ол адамның шындыққа қатынасының барлық жүйесін, оның бар мінез-құлқын анықтап береді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі гүлдене беруіне үлес қосу үшін әрбір адам адал еңбек етуге, тәртіпті болуға, халық байлығын сақтауға және арттыра беруге, мораль нормаларын бұзушылармен күресуге тиіс. Осындай позицияны қалыптастыру - рухани мәдениет тәрбие беру ісінің міндеті.
Осынау ортақ міндеттерге сәйкес мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстар да жетілдіріліп отырылуға тиіс. Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моральдық сана-сезім мен мінез-құлық барлық балалық іс-әрекеттер мен үлкендер арасындағы өзара қарым-қатынасы комплексіне шешуші ықпал жасайды.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін еске алу арқылы нақтыланады. Рухани мәдениетке, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендерің қолынан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Идеялық-саяси тәрбиенің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған классикалық және қазіргі заман әдебиетінің озық шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, колективизм мен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.
Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын айқындайды, оның өмірге белсенді позициясын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы - оның моралдық дамуы жөнінде қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Осыған орай баланың жеке басының қалыптасуы мен балалар коллективі міндеттері өзара ұштасып жатады.
Мектепке дейінгі мекемелер балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастыратын «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» бойынша жұмыс істейді.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасын» жүзеге асыруда басты рол педагогта жатады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі болған сайын, педагогтың ықпалы әсерлі болып, баланың жеке басы қалыптасады, оның ықпалы неғұрлым белсендірек болып, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, ал олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани мәдениетінің дамуы балалар бақшасы мен жанұя арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Балалардың рухани мәдениетінің дамуының тамаша нәтижелерін көбіне ата-аналары «Балалар бақшасындағы тәрбие программасын» білетін, тәрбиешілердің ақыл-кеңестерін таңғылықты тыңдайтын жанұялардан байқауға болады, ол тәрбиешілер жанұя тәрбиесінің жақсы тәжірибесін, жанұя өмірі жағдайларын зерттеп біледі.
Балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудегі педагогикалық процестерді ұйымдастыру мен методикалық басшылық ету ерекшеліктерін түсіндірудің алдында мектепке дейінгі балалық шақтың әр сатысының негізгі міндетін саралап шығуға мүмкіндік беретін балалардың жас ерекшеліктері сипаты ескеріледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде рухани мәдениет тәрбие комплексті түрде жүзеге асады, бірақ әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында - ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады; еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімі сияқты қасиеттер; сабақтарда идеялық бағытталудың бастамалары, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар.
«Іс-әрекетке тәрбиелеу» принципін қолдану - мектепке дейінгілерді рухани мәдениет жақтан дамытуда сөз және сөз жүзіндегі методтардың рөлін авторлар тарапынан бағаламау дегенді білдірмейді, бұл топтағы методтарды пайдалану - балаларға моралдық праволарды түсінуге мүмкіндік жасайды.
Рухани мәдениет жақтан дамыту методтары көбінесе балалардың рухани мәдениеттің, адагершіліктің шығар көзін түсінуіне негізделіп, оның сезімі мен еркіне бір уақытта әсер ету жағын қарастырады. Рухани мәдениетке тәрбиелеудің алуан түрлі методтарын қолдана отырып, ойын мен еңбектің, ойын мен оқудың, еңбек пен оқудың өзара байланысын көре білу қажет.
Зерттеу пәні : Мектеп жасына дейінгі педагогика.
Зерттеу обьектісі - Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты - Мектепке дейінгі кезеңіндегі рухани мәдениетке тәрбиелеу жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу болжамы - Рухани мәдениетке тәрбиелеу барысында жүргізілген әдістемесі оңтайлы жасалса, онда мектепке дейінгі естияр топтағы балаларды рухани мәденитке тәрбиелей отырып дүниетанымын кеңейтумен бірге басқалармен қарым-қатынасқа түсуге, рухани мәдениетті толық меңгеруге үмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері: - Мектеп жасына дейінгі естияр топ балаларына білім беру барысында жүргізілетін рухани мәдениетке тәрбиелеу жұмыстық көлемін, мазмұнын, мақсатын, жүйесін анықтау.
- сабақ кезеңінде рухани мәдениетке тәрбиелеу жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Ұлы философтар мен педагог, психолог ғалымдрдың рухани мәдениет туралы және оның қоғамдағы рөлі жайла қағидалары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибені қолдану.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, 1 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімін қамтиды.
- Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани
мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама.
- 5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мен
жетілдірудің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуді жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндіктерінің үш-төрт жастағы балдырғандарға қарағанда анағұрлым көп екендігін қатаң ескеру қажет. Балалар бақшасына барған балалар төрт жасында белгілі бір тәжірибе жинақтайды, онымен педагогтың санасқаны жөн. Ең алдымен ол: құрбыларымен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық балаларға ортақ нормалы педагогтық талапты орындау тәжірибесі. Бұл бірлескен толқулар тәжірибесі, ортақ қуаныш, ортақ қамқорлық ал кейде әр түрлі себептермен байланысты балдырғандардың реніштері. Бұл балалардан қимылдарын келісе білуді, бір-біріне көмектесуді (топ бөлмесін, учаскені тазалау, огородтағы мәдени дақылдарды күту) талап ететін бірлескен еңбектік іс-әрекет тәжірибесі. Төрт жасар бала бірге ойнауды, бір-бірінің ойындағы түпкі ойын қостауды, ойыншықты ортақ пайдалануды үйренеді.
Бес жасар баланың дамуы, салыстырмалы түрде ширақтығы, ептілігі және қимылының сенімділігі көптеген бірлескен іс-әрекетті жетілдіріп, олардың өзара түсінүсуіне алғы шарт жасайды.
Бес жасқа жаңа ғана толған баланың салыстырмалы түрдегі ширақтығы, ептілігі және қимылының сенімділігі көптеген бірлескен іс-әрекетті жетілдіріп, олардың өзара түсінуіне алғы шарт жасайды.
Бес жасқа жаңа толған баланың салыстыралы түрдегі өз бетімен істеуі балалар іс-әрекетіне педагогикалық басшылық сипатын өзгертуді, кейбір топ балаларына олардың өзара қарым-қатынасты өз беттерімен істейтініне, ойындардың мазұнынын дамытатына сене отырып, балаладың бұл мүмкіндіктерін, олрдың алғашқы жарты жылдағы өздерін өздері ұйымдастыру табыстары әлі де тұрақсыз және де балалардың іс-әрекетін тәрбиеші тарапынан үнемі зейін қоюды талап етеді, ойындар ойнауға материал береді.
Еріктік даму шегі мен ілгерілеуді ескерген жөн. Бұл жастағы балалар есту және көру белгілеріне өзінің іс-әрекетін бағындыра отырып, оларға тез жауап қайтарып (тоқтау, қимылды қайталау, сөзбен жауап қайтару т. б. ) бірте-бірте өзінің импульстік қозуын шектеуге, педагог пен құрбыларын ұстамдылықпен тыңдауға бірте-бірте үйренеді. Бұл - ұстамдылыққа, мінез-құлықты ұйымдастыруға тәрбиелеу үшін алғы шарт жасайды.
Бес жасар баланың көпшілігі фонетикалық дыбыс ырғағын дұрыс меңгеріп, дауыс ырғағы грамматикалық және синтаксистік тұрғыдан дұрыс болады, бұл - балалардың өзар жеңіл, еркін түсінісіп, ойынның түпкі мазмұны туралы келісіп, өз сөйлеміндегі ойдың дұрыстығын дәлеледейді.
Осы жастағы балалардың мінез-құлқы өте қарама-қайшы. Бұл балалардың өздеріне-өздерінің сенімсіздігінен және сонымен қатар өз бетімен істеуге тырысуынан, қиқарлық көрсетуінен, сонымен бірге тәрбиелік шараларға берілуінен көрінеді. Психологтар мен педагогтар балалардың дамуындағы өзгерістерді үлкендермен бірге жасаған іс-әрекеттен өз бетімен істейтін іс-әрекетке көшудің әсерінен деп есептейді.
Балалардың қылықтарынан олардың өзара қарым-қатынасынан жағымды қасиеттері аңғарылады, олар тұрақты бола отырып, мейірімділіктің, сыпайылықтың, шыншылдықтың, ұйымшылдықтың және балалар арасындағы достық қатынастың болуына кедергі келтірудің (өзгелермен санаспау, санасқысы келмеу, жолдастарын өзіне бағындыру) негізін жасайды.
Тұрақты моральдық мінез-құлықты дамыту және коллективтік өзара қарым-қатынастың бастамасын қалыптастырудың алғы шарты - балалар бақшасы мен жанұяның педагогикалық талаптарының тұрақтылығы, үлкендердің тұрақты жақсы үлгісінің әсері болып табылады. Баланың өзіне тән жеке дара қылығын және оның көңіл-күйін ол арқылы өз құрбыларымен тез қарым-қатынас жасайды, олармен бірге ойнағанда ойынды жеңісті түрде дамытады, үлкендердің еңбектегі тапсырмаларын орындайды. Жағымды өзара қарым-қатынасты дамыту үшін көп әрі мазмұнды ойнауға, күн сайын еңбектенуге, сабаққа ынтамен қатысуға, балаларға әр түрлі іс-әрекетте өзін белсенді көрсетуге мүмкіндік беру өте маңызды. Атап айтқанда, мазмұнды іс-әрекет мұнда балалардың біріне-бірінің кешірімді болуына өзінің пікір жөнінде басқалармен үнемі келісуіне болады. Коллективтік өзара қарым-қатынастың алғашқы тәжірибесін, баланың моральдық көрінісінің негізін, қалыптастырады.
Осы жастағы балаларға қызықты да сыйымды бірігіп жасаған іс-әрекеттер (бірге ойын ойнау, бірге жалпы сабақтар оқу, тұрмыстық процестерге қатысу еңбектік міндеттерді орындау) балалардың мейірімді өзара қарым-қатынастарын қалыптастыратын басты шарт. Іс-әрекет жағымды эмоциялық көрініс тудырады, ол көрініс әлеуметтік сезімнің дамуына негіз салады және құрбыларының арасында мінез-құлықтың тұрақты дағдылары мен әдеттерінің алғашқы пайда болуына мүмкіндік жасайды. Балалардың іс-әрекетіне басшылық ете отырып, олардың алдына жеке-дара істеуді, бірігіп күш жұмсауды талап ететін белгілі бір тапсырма қою керек.
Балалардың дұрыс өзара қарым-қатынастарын табысты түрде қалыптастыру көптеген себептереге: балалардың араласудағы тәжірибесі олардан алған жағымды және жағымсыз әсерлері жанұядағы тәрбиенің қолайлы немесе қолайсыз жағдайларынан тәрбиешінің әр баланың даму ерекшеліктерін көре, оның жағымды қасиеттеріне сүйене білуге байланысты.
Балалардың бір-біріне әсерін ескерудің де маңызы зор. Мұндай әсер бірге ойнаудан немесе еңбектенуден пайда болатын шағын ғана балалар бірлестігінде табысты түрде жүзеге асады. Тәрбиеші балалардың араласуын қолдауға, олардың өз бетімен еркін де шешімді, іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Кішкентай балалардың қолдауа бейімділігін ескере отырып, олардың жақсы істі үйренуге тырысуын жан-жақты мадақтау, жаман қылықтарға жирене қарауға тәрбиелеу.
Балалардың өзара қарым-қатынасы жаңадан қалыптаса келе жатқан кезеңде де тәрбиешінің белсенділік бет алысы қажет-ақ. Алғашқы бірге ойнаудан-ақ тұрақты достық ниеттің қалыптасуына, тәрбиелік тұрғыдан бағалы нәтижелерге жетуге қол жеткізу керек.
Қоғамдық мекемелердегі балалардың өмірі олардың бірге ойнауына, оқу мен еңбектік іс-әрекет процесіне жақсы жағдай туғызады және бірлесе отырып, күш жұмсаудың арқасында алға қойған мақсаттарға жетуге талаптану мен қол жеткізуге тәрбиеленеді. Балалардың бірлескен қоғамдық негізге бағытталған әрекеттерінің әуендері сол іс-әрекеттің өзін және оның нәтижесін жоғарырақ дәрежеге көтереді. Осы әуендерге сай әрекет ете отырып, балалар мақсатты және бірлесе еңбектенеді, бір-біріне көмектеседі, туындаған міндеттерді табысты шешеді.
Тәрбиеші әр баланың өз қалауына, ықыласына, бейімділігіне қарай істі таңдап алуына, белсенділік пен инициатива көрсетуі жөнінде қамқорлық жасауы маңызды, мақсатқа бағытталған тәрбиеде бала үш жастың өзінде-ақ белгілі бір ойындар мен сабақтарға мән береді, мұның өзі оның қызығушылығы, бейімділігі жөнінде мәліметтер береді.
Төрт жастағы балаларда құрбылармен бірге ойнау талаптары анық байқалады: бала бірге іс-әрекет жасайтын жолдастарды іздейді, ол тек бірге ойнаған ойындардың өзінен ғана емес, жолдастарымен араласудан да қуанышқа бөленеді. Балалардың өзара қарым-қатынасты бір-біріне деген мейрімділіктің көмек көрсете білудің қалыптасуының, ойын ережесін түсіндірудің, қуыршақтарды бірлесе жинаудың, топтағы тәртіптің сақталуын қадағалаудың дәрежесіне қарай беки түседі.
Балалардың өз құрбыларымен араласуына қойылатын талаптарды түсінуі, бұл талаптарды орындау тәсілдерін меңгеру балалардан тек өз бетімен істеуді дамытуды ғана қамтамасыз етеді. Құрбыларымен бірге ойнағысы келу ықыласымен қатар ол өзінің білетінін өзгеге уйретуге тырысуы, өзінің алған әсерлері жөнінде жолдастарымен пікірлесуі араласуға себеп болады.
Балалардың дамып келе жатқан өз бетімен істеуінің олардың үлкендермен арадағы қарым-қатынас сипатына да қатысы бар: балаларды киіндіру, шешіндіру т. б. жөнінде өтініштерді сирек айтады, бірігіп ойнауға белсене қатысады, ойын барысында өзін қызықтырған танымдық нәрселер туралы, тәрбиешіге сұрақ қояды, мұның жеке баста қалыптастыруда маңызды шарт екені белгілі. Мектепке дейінгі ересек балалар жасындағы балалардың танымдық ынталарының өсуі - олардың рухани мәдениет жақтан дамуының жетекші жүйесіне айналады.
Бес жасқа толғанда балалардың рухани мәдениет өзара қарым-қатынасының бастамасы педагогтың балалар белсенділігі мен өз бетімен істеуін дамытуға зейін қойған жағдайда ғана қалыптасады.
Осы жас сатысында балалар өз жеке басының және өз құрдастарының қылықтарын дұрыс та жеткілікті бағалай алады. Дұрыс және мақсатқа бағытталған тәрбиенің ықпалымен балалар тек қана бірге ойнауға, құрылыс салуға, қуыршақты орын-орнына қоюға көңіл аударып қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне көмек көрсетуге тырысудың да маңызы ерекше. Алайда балаларда бұл қасиеттердің осы жаста тым орнықсыз екенін ескеріп, педагог тарапынан жіті зейін қойылып, қолданылып отырылуын естен шығармау қажет.
Көпке ортақ ережелерді балалардың сақтауы, топта тәртіпті сақтай білуі, келесіде болатын ойын жөнінде құрбыларымен келісіп алуы, ойыншықтарды бөлісуі, қиыншылыққа кездескенде жолдасқа көмектесе білуі - осының бәрі коллективтік өзара қарым-қатынастың бастапқы көрінісі. Тәрбиешінің осыларды көруі, дамытуы, бекіте түсуі маңызды.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» анықталған ережелер балалардың өзара қарым-қатынасына жағымды бағыт беруге көмектеседі. Ережелерді меңгеру шамасына байланысты балалар оларға өздерінің іс-әрекеттері мен құрбыларының арасындағы өзара қарым-қатынас процесінде оларға сүйене бастайды.
Мінез-құлық нормаларын меңгеру - баланың еркінің дамуына әсерін тигізеді, импульсті ашуын тежеуге көмектеседі, өзінің қылығы мен қимылын, ережелерін белгіленген обьективтік талаптарға бағындырады.
Ойын процесінде балалардың үйренетін ережелерінің зор рөлі бар.
Балалар ойын барысында сол ереженің талаптарын орындауды бірте-бірте меңгеруді үйренеді, оларды ойынға қызықтыруға мүмкіндік жасайды.
Естияр жас тобында қимылды ойындардың ерекше маңызы бар. Бес жастағы бала жоғарыда көрсеткендей, жақсы қимылдайды, негізгі барлық қимылдарды жеңіл меңгереді. Сондықтан олар үшін ережелереді тежеуін дамытуға көзделген мынадай қимылды ойындарды тыңдап алу керек: бұл ойындар бес жасар балаға қиынға соғады, өйткені онда тежеу процесінен қозу процесі әлі де әлдеқайда басым болады.
Ойынның ережелерін меңгере отырып, бала өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен келістіруді үйренеді.
Мінез-құлық ережелері мен нормаларын басқалардан бұрын меңгерген балалар осы ережелер мен нормаларды бұзған өз меңгерген балалар осы ережелер мен нормаларды бұзған өз жолдастары жөнінде тәрбиешіге жиі шағым жасайтындығы байқалады. Мұндай шағымдардың нашар қылықтың көрінісі емес екендігін есте ұстау керек. Педагогқа тәртіптің бұзылғандығы туралы белгі бере отырып, бала өзінің ережені меңгерудегі білімін дәлеледейді. Бірақта балалардың бір-біріне жиі шағым жасауы - олардың өзара қарым-қатынаста тату еместікке әкеліп соғуы мүмкін екендігін ескеру қажет: өзінің құрбысы жөнінде шағым жасаған бала өзінің өзгеден артық екендігі жөнінде шағым жасаған бала өзінің өзгеден артық екендігі жөнінде түсінік болады. Ал үстінен арыз айтылған да зәбір шегеді, шағымшыға кектенеді. Тәрбиеші балалардың бір-біріне мінез-құлық ережелерінің бұзылғанда, бірден үлкендерге йтпай, әуелі өздері түсінісуіне әдеттендіріп, үйретеді. Мишаның құтыдағы гүл тұрған терезеге ойнағанын көріп, оған шағым айтқан Сашаға тәрбиеші: «Мишаға көмектесіп, қораптағы мозайканы терезеден столға қойып, столда ойнаған ыңғайлы болады», - деп ескертеді.
Жыл ортасында естияр жас тобындағы балалар шектен тыс жағдайда ғана жолдасы жөнінде шағым айтады. Ойыннан соң қуыршақтарды жиюды, жабыстырғаннан кейін клеенканы жууды ұмытқан балаға, қасықты орнына қоймаған кезекшіге, балалардың өздері ескертіп, кейде көмектеседі. Тек ережені орындаудан біреулер бас тартқанда ғана педагогқа айтады.
Жолдасқа ережелерді еске салу, қиын сәтте көмектесу, мейірімділікке негізделген балалардың қарым-қатынасын нығайтады, кейбір балалардың көзге түсуге тырысуы өзін басқаға қарсы қоюы, тәрбиешінің зейінін өзіне аудару дегендер болмайды. Олар өздерінің шағымының педагогтан қолдау таппайтынын біле бастайды.
Бес жастағы баланы тәрбиелеуде талап қоюдың маңызы ерекше. Осы жас басқышында баланың өз мінез-құлқын сапалы басқаруына арқа сүйеуге болмайды, өйткені ол көп нәрсені түсінбейді, мінез-құлықтың дұрыс үлгісін айыра алмайды, үлкендердің қойған талаптарының ішінен біреулерін ұмытады, енді біреулерін өзі үшін міндетті деп есептемейді де оған керісінше бірдемелерді жасайды. Балаларға қойылған талаптар әділ болуға тиіс, ал міндеттер орындай алатындай дәрежеде болуға тиіс.
Үлкендердің айтқанын орындамау бір балаларға реніш әкеледі, жасқаншақ болып, ұялады, ал екіншісі - тілазар болып, әдетте тәрбиелеуге көптеген қиындықтар жасайды.
Балаға бір нәрсеге рұқсат бергенде, немесе тыйым салғанда, шектеудің мақсатын ойластырған және тапсырманы орындай алатындығына назар салған жөн. Үнемі балаларға бір нәрсеге («тиіспе», «айғайлама», «жүгірме», «шықпа») тыйым салушы тәрбиешілерде тәртіп бұзушылар көп кездеседі. Неге? Өйткені ұсақ-түйектен аса алмаған педагог балаларды да сыйламайды, оларға сенбейді, өсіп келе жатқан жас ерекшеліктері ескерілмейді. Мұнан басқа осы шектеудің артында кішкене балалардың жас ерекшеліктерін білмеуді, олардың ықыластарын жоққа шығарып, артық іспен өздерін шұғылдандырудан аулақ ұстауды бәрінен де жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар шексіз тыйым салу зиянын тигізеді. Ол - баланың дұрыс дамуына кедергі жасайды, оның құнын кемітеді, осыдан барып, әсіресе өзімшіл, нәзік сезімді балалар қатты ренжиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz