Шығыс Қазақстан - Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіптік, энергетикалық, транспорттық, мәдени аймақ


Жоспар
- Жалпы сипаттама
- Табиғаты
- Тарих
- Экономика
Жалпы сипаттама
Шығыс Қазақстан - Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіптік, энергетикалық, транспорттық, мәдени аймақ.
Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында Жоғары Ертіс алабына орналасқан. Шығысын Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Жер көлемі 283, 3 мың кв км. (Қазақстанның жер көлемінің 10, 2 проценті) . Солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында және оңтүстік шығысында Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.
Халқы
Халық саны 1455, 4 мың адам; оның ішінде қала халқы - 58, 9%; ауыл халқы - 41, 1 % .
Халықтың орташа тығыздығы:
1 кв. км - 5, 1 адам.
Көп таралған этностар- қазақтар мен орыстар (90% аса)
Әкімшілік бөліктері: шағын қалалар -9 (Өскемен қаласынан басқа), аудандар - 15.
Әкімшілік орталығы:
Өскемен қаласы (294, 5 мың адам)
Астанаға дейінгі қашықтық - 1038 км.
Жетекші өндіріс орындары: Түсті металлургия, машина жасау, прибор жасау, кен өндіру, энергетика, құрылыс, орман және ағаш өндірісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Аграрлық сектор бағыттары: Өсімдіктану ( дәнді дақылдар, азық-түлік, бау-бақша ) ; Мал шаруашылығы ( ірі-қара мал, жылқы, қой т. б. )
Транспорт түрлері:
Әуе, темір жол, автомобиль, су.
Облыста:
11 мұражай, 104 аурухана, 410 амбулаториялық - поликлиникалық мекеме. (Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша http://www. eastonline. kz )
Табиғаты
Табиғи - климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін -таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, ландшафт алып жатыр. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі- 800ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. (Мұзтау тауы-4506 метр) . Алтайдың Қазақстан бөлігінде 350 мұздық бар. Жалпы көлемі 99. 1 кв. км-ге орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазындыларға өте бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, кадмий, сурьма, мышьяк, темір, күкірт, висмут, индий, калий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір және т. б кездеседі. Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары - Лениногор, Зырян, Березовка, Белоусовка, Глубокое, Бұқтырма, Тишин рудниктері. Климаты тым континенттік, оңтүстік шығысына қарай континенттілігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалды. Қысы суық, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа, жазы ұзақ, ыстық. Қыста абсолюттік минимальдық температурасы -52 градус, максимальды температурасы жазда + 46 градус. Атмосферадағы жауын-шашын мөлшері барлық жерінде біркелкі емес. Жылына- тау бөктеріне 400-500 мм, таулы бөлігіне 1000-1500 мм., Зайсан қазан шұңқырына -130-200мм. ылғал түседі. Облыстың солтүстігінде вегатациялық кезеңнің ұзақтығы -176 сөтке, оңтүстігінде-198 сәтке.
Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40% -і шоғырланған. Кенді Алтай өңірі арқылы ұзындығы 10 000 км. асатын 800 өзен ағады.
Басты өзені Ертіс, және оның салалары Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Шар, Үлбі, Уба, Қызылсу. Ең үлкен көлдері- Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Ертіс өзені бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды. Көлемі 1га. - дан 528 кв. км. жететін 2000 нан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері - Марқакөл, Зайсан, Сібе, Рахман қайнары, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл. Таулы аймақтардың солтүстігінде (теңіз деңгейінен) 400ден- 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600ден -1300 ге дейін бозды -бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде - (тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында - тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат, шырмауық, бүлдірген) . Солтүстікте 800 ден -1700м. ге дейінгі және оңтүстікте 2300м-ге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр ( қайың, көк терек, терек, бал қарағай, шырша, самырсын, қарағай және алуан түрлі өсімдіктер) .
Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000м. -ден 3000м. аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр.
Облыс -республикамыздағы - дәрі - дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден - бір орны болып табылады. Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі жан- жануарлар мен аңдарға, жәндіктерге бай. ( бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар т. б. мекендейді. Өзендері мен көлдерінде балықтың 33 түрі бар( табан, сазан, шортан, ақ қайран, тұқы және т. б. ) . Құстардан: аққу, қара ләйлек, қаз, тырна, ақ шағала, үйрек т. б. мекендейді. Өлкенің ғажайып табиғатын қорғау мақсатында - Марқакөл, Батыс-Алтай, Тарбағатай, Алакөл, Төменгі Тұрғысын тәрізді т. б. қорықтар бар. Облыстың топырақ-өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Жазық бөлігінде негізінен қара, қоңыр, сұр топырақ қабаттары қалыптасқан. Солтүстік батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті далалық өсімдік өседі. Ертістің сол жағасында бозды-бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы қоңыр топырақта жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі. Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі, терісі бағалы аңдарға бай. Бұлғын, құндыз, тиын, күзен, түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы мекендейді.
Ертіс пен Зайсанда балықтың 33 түрі бар, табан, сазан, шортан, көксерке, аққайран, тұқы және т. б. Қазіргі кезеңде облыс аймақтарында Семей атом полигонының 40 жылдан бергі зардаптарын жою; облыс халқының денсаулығын жақсарту, ауа мен ауыз су тазалығы тәрізді мәселелер алаңдаушылық туғызып отыр. Өндіріс орындарының зиянды қалдықтарын жою, аймақтың су бассейнін тазарту және Батыстың жаңа технологиясын қабылдау; табиғат қорғау жұмыстарына кадрлар әзірлеу; халық арасында экологиялық - ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындауда.
Біз өз өлкеміздің әсем табиғатын сақтап қалу үшін, халқының жарқын өмір сүруін қалаймыз; сонымен бірге, жер бетінде таза экологиялық ахуалдың орнығуы үшін күресуші жандармен ниеттес екенімізді білдіре отырып, бірлесуге шақырамыз және қолдау күтеміз. Әлемнің алтын алқасы, інжу-маржаны атанған Кенді Алтай осындай жер.
Тарих
Бір сәт Шығыс өңірінің тарихына ой жүгіртіп көрелік. Шығыс Қазақстанның жер көлемі-Оңтүстік Сібір мен Жетісуды және Орталық Азияны бір-бірімен жалғастырып шектесіп жатыр. Бұл ғажап өлкенің таулы ормандары, аққан өзендері, аң құстары, қазба байлықтары адам баласын ежелден-ақ өзіне тартқан. Мұны алғашқы адамның мекен жайлары, қола дәуіріндегі кең шығару орындары, тастарға салынған суреттер мен таңба белгілері дәлелдеп отыр. Бұл кескіндер Қалба, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларында ертеде- ақ аң аулап, мал баққан елдердің бейнелеу өнері мен алғашқы жазу түрлері туралы аса маңызды, құнды деректер береді. Шығыс аймағы Алтайдың Түркі қағандығының алғашқы орталығы болғаны тарихтан белгілі.
Археологиялық қазба жұмыстары - бұл өлкенің ата-бабаларымыздың көне мәдениетінің қасиетті бесігі екендігін дәлелдейді. Мұны Ертіс бойынан табылған руникалық ойма жазулар дәлелдейді. Көне жазу мәдениетінің үлгілері облысымыздың көптеген аудандарынан табылған. 9-13 ғасырлар аралығында Ертістің жоғары сағасындағы кең алқапта Найман тайпаларының мемлекеті қалыптасты. Қимақтарға тиесілі ең ірі қала Қимақ қаласы болды. Бұл тайпалардың материалдық мәдениетін дамытуда "Жібек жолы " елшіліктің және сауда- саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқарған және Алтай, Зайсан, Тарбағатай, Семей өңірлері арқылы өткен. 15 ғасырда Қазақстанды мекендеген ру мен тайпалар бірігіп Қазақ хандығын құрып, үш жүзге бөлінді: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Орта жүздің құрамына Шығыс қазақстан жерін мекендеген қыпшақтар мен наймандар енді. Қазақ халқының басына қисапсыз қайғы қасірет әкелген "Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама " заманында Орта жүзден Абылай хан және Қаракерей Қабанбай батыр жат жұрттықтарға қарсы күресті. Олар Ертіс бойын, Тарбағатай жерін қалмақтан азат етіп, жауды Алтай тауларынан асыра қуды. Тарбағатай бөктерінде, Шорға даласында жаумен шайқасқан 80 күндік тарихқа "Шорға шайқасы " деген атпен кірген шайқастың куәгері де Шығыс Қазақстан жері. 17 ғасырдың аяғында Ресей мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті, Шығыс Қазақстан Ресейге қосылды. 1718 жылы жоңғар монастырь қамалы құлатылып, орнына Василий Чередовтың басшылығымен Семей қамалы орнатылды. 1720 жылы май айында майор Иван Лихарев бастамасымен Өскемен бекініс қамалы салынды. Ертіс бойын ұзына жайлаған Семей-Өскемен аймағы аттары әлемге әйгіленіп, көптеген шетелдік және орыс саяхатшыларының назарын аударды. Біздің өлкеге зерттеу жүргізген орыс саяхатшылары:П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н. Прежевальский, Г. Потанин, В. Сапожников, А. Обручев, П. Чихачев, Г. Шуровский, А, Гумбольт, атақты 6 томдық "Жизнь животных" энциклопедиясының авторы А. Брем, неміс ғалымы Отто Финш, американдық журналист Д. Кеннан. Шығыс халықтарының тарихын зерттеген этнографтар Г. Спасский, Н. Ядринцев, Н. Коншин. Шығыс Қазақстан 1917 жылға дейін Ресей патшасының үкімімен жер аударылған революционер-демократтар мен декабристердің саяси тұрағы болды. Өйткені, қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде біздің өлкенің қалалары мен ауыл- селолары шағын қоныстанған елді мекен еді. Айдауда болған тұңғыш орыс революционерлерінің есімдері халықтың есінде ұзақ сақталады. Көпшілігіне осы өлке екінші "Отаны" іспеттес. Олар : Өскемен қаласының бірінші МЭР-і О. Костюрин, Семей облыстық статистика басқармасының хатшысы-Н. Коншин, Абайдың досы, зерттеуші Е. Михаэлис. 20ғасыр тарихы Ресей және СССР тарихымен тығыз байланысты. Шығыс Қазақстан 1905-1907 жылғы, 1917 жылғы революцияны, азамат соғысын, 30-50 жылдардағы сталиндік репрессияны бастан өткерді. Кеңес Одағының басқа мемлекеттерімен бірге, Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Соғыс жылдарында өлке майданға қару- жарақ өндірісіне қажетті қорғасын, мыс, кадмий, қалайы, металлдық сурьма т. б. металл түрлерін жіберді. Осы жылдары түсті металл өндіру 2, 5 -дейін өсті.
1947 жылы ядролық сынақ полигонының құрылысы үшін қазақстанның кең байтақ даласындағы Семей қаласының маңайы таңдалып алынды: кең дала, тұрғын халықтың аздығы, орталықтан шет аймақта орналасуы; сонымен қатар, шалқыған Ертіс, теміржол және автокөлік жолдары, аэропорт. Міне, осындай және т. б. факторлар ядролық сынақ полигонын құруға қолайлы болды. 1949-1989 жылдары 40 жылдан астам ядролық сынақтың зардабын шекті. Осы жылдары 500 ден астам жарылыстың куәгері. . Қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына қаншама зиян келтірілді. 1991 жылы "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының Президенті Олжас Сүлейменовтың басшылығымен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz