Баға, баға белгілеу және баға жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Cала экономикасы» пәнінен
ОӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға жасау.
Орындаған: Даулетқанова
Оқу тобы: ТЭ-215
Тексерген: аға оқытушы Нуралина Қ. Т.
Семей, 2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Баға және баға белгілеу ұғымы. Бағаның түрлері 4
2 Баға жасау әдістері 8
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
Кіріспе
Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады. Айналым саласында (көтерме - өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.
Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.
Баға белгілеу - тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.
Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп көрсетуге болады:
- қандай да бір тауар нарығында сатып алушылар сұранысы мен сатушылар ұсынысы арасында өзара әрекет ету негізінде нарықтық баға белгілеу.
- орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу - шығындық баға белгілеу шеңберінде өндіріс пен айналым шығындары қойылу арқылы бағаларды мемлекеттік мекемелердің бағаны анықтауы.
Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне байланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.
Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсі порынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторлар:
- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады) ;
- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады) ;
- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды) ;
- өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған) ;
- өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
- өндірістік процестің жинақылығы;
- тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
- сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.
Бағаның құннан ауыткуына әсер ететін сыртқы факторлар:
- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;
- еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
- инфляцияның деңгейі және динамикасы;
- нарык көлемі;
- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі
Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;
- сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;
- бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ сатып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;
- смета құны - салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;
- халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері
- тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.
Айналым саласында (көтерме - өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.
Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейінебайланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:
Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) - осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
- сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
- ұсыныс бағасы - сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;
- өндіріс базасы - барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
- реттелетін бағалар - мемлекеттік басқару органдары орнататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:
- шектеулі бағалар - кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;
- бекітілген бағалар - белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.
Тағайындау және бекіту әдісі бойынша. Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
қатаң баға (тұрақты) - шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
- өнімді жедел жеткізу;
- өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
- ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
- жылжымалы баға - егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
- сырғымалы баға - ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
- тұрақты баға - әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.
- маусымдық баға - маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
- белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;
- сатылы баға - белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
- аныктамалық бағалар - каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
- ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;
- прейскуранттық баға - сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі.
- есеп айырысу бағасы - жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады;
- жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық және коммерциялыкқ жағдайына есептеп дәлелдейді.
Нарық түріне байланысты:
- аукциондық баға - тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
- биржалық баға белгіленімі - биржа арқылы сатылатын бір стандартталған тауарлардың (оның ішінде бағалы қағаздар бағасы;
- сауда-саттық бағасы - алдын-ала ерекше құжатта (тендер де) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орын мердігерлікті жеңіп алу, немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.
Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар - кәсіп (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастырылған санына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізуінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа, сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады.
Өнімді жеткізу және сату шарттары бойынша бөлінеді:
- нетто-баға - сатып алу - сату жеріндегі баға;
- брутто-баға (фактуралық баға) - сатып алу және сату шарттары (таура бойынша салықтардың түрлері мен мөлшері, жеңілдіктердің болуы мен деңгейі, франко түрі және сақтандыру шарттары) есепке алынып анықталады. «Франко» термині тауардың сатушыдан сатып алушыға дейінгі жеткізу кезінде тасымалдау шығындарын жеткізуші қай жерге дейін өз мойнына алатынын білдіреді.
-сатушының франко-қоймасы - тауарды жеткізу шығындарын толығымен сатып алушыны көтереді;
-сатып алушының франко-қоймасы - барлық шығынды сатушы төлейді.
Әлемдік бағалар - бұл нақты тауарларды сататын халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі топтарында келесідей болып анықталады:
1. Шикізат тауарлары бойынша олар экспорттаушы немесе импорттаушы елдердің бағалары деңгейімен, немесе аукциондар мен биржалар бағаларымен анықталады.
2. Өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша - жетекші әлемдік өндірушілер бағалары;
3. Тұтыну тауарлары бойынша - көш басындағы ірі сауда үйлерінің каталогтарында жарияланған бағалармен анықталады.
2 Баға жасау әдістері
Баға өзінің макро-микроэкономикалық мағынасында - объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі - барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.
Баға - нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы - тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және талғамына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады. Баға - шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту - кәсіпорынның баға саясатын жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.
Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бағаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқа, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау. Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өз мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектілердің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде ХВҚ-ның (Халықаралық валюта қоры) «естен тану терапиясы» ретіндегі бағаны еркіне жіберуде кіретін ортодоксалды-монетарлық ұсыныстарын қолдану нәтижесі елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан баға өзінің экономикалық міндеттерін атқармай, өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады. Бағаның құрылуы өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz