Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Негізгі бөлім.
I. Қ.Мұхамедхановтың өмірі мен қызметі.
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы.
1.2. Қ. Мұхамедханов туралы зерттеулер.
II. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі.
2.2. Қ. Мұхамедханов . Абай дәстүрін жалғастырушы.
III. Тұжырым.
IV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымшалар.

Қайым Мұхамедханов – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановтың өз шығармашылық белестері туралы не білеміз? Ол үшін ең алдымен, ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы айта кеткен жөн болар.
2. Алла БЕЛЯКИНА,филолог, жорналшы.Орысша нұсқасынан еркін аударған Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ,жазушы, жорналшы.«Абай-ақпарат», «БІР ӨЗІ - БІР ИНСТИТУТ»
3. http://vko-memory.blogspot.ru/2014/10/blog-post_27.html
4. http://mercurschool.kz/load/dintanu_aza_debieti_ner_m_deniettanu/ajym_abdul_ajym_m_amedkhan_ly_1916_2004_zhzh/4-1-0-1803
5. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
6. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
7. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
8. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
9. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995
10. Мұхамедханов Қ. "Тағдыр және Қарлаг"/ құраст. Қ. Мұхамедхановтың балалары = Каюм Мухамедханов: "Судьба и Карлаг".- Алматы: Искандер, 2008.- 276, [2] б.
11. Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Текст] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел - шежіре. - (Алаш мұрасы). - 2008.
12. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
13. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
14. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
15. Тілеубекова У. Ғұмырын ғылымға арнаған адам // Семей таңы.-1996.-16 қаңтар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Топ: Қ - 319 с
Орындаған: Қайроллаев.Ә.Ж.
Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
I. Қ.Мұхамедхановтың өмірі мен қызметі.
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы.
1.2. Қ. Мұхамедханов туралы зерттеулер.
II. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.1. Қ. Мұхамедхановтың әдебиет тарихына қосқан үлесі.
2.2. Қ. Мұхамедханов - Абай дәстүрін жалғастырушы.
III. Тұжырым.
IV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымшалар.
Кіріспе.
Қайым Мұхамедханов - қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ.Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановтың өз шығармашылық белестері туралы не білеміз? Ол үшін ең алдымен, ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы айта кеткен жөн болар.
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл -- әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа - тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Ұлт рухының өзегін құрайтын осы аталған әдеби-мәдени-саяси құбылыстар Қайымды жарық дүниеге келген сәттен-ақ жөргектеген. Әкесі Мұхаметхан кезінде ілгерішіл көзқарасы мен әрекеті сайма-сай абзал азамат бейнесінде жұртқа кең танылған. Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. Оның шаңырағындағы меймандос көңіл құрметін Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды мәлімет беру
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
- Ғылыми - зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына қосқан үлесін қарастыру;
- Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.
0.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы.
Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым) (1916-2004) - 5 қаңтарда
Семей қаласында туған.Семей педагогика институтының филология факультетін 1941 жылы бітірген. Содан көп жыл әдебиет пәнінің мұғалімі, Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, Абайдың әдебиет мектебі тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған (1951). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930 жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең-жырлар, драматургия жанрында бірқатар шығармалар жазды, тәржіме жасаумен де көбірек шұғылдан ды. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер: Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер, көлемді мақалалар жазды. Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы, Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы силығының, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Абайдың ақын шәкірттері атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. Абай журналының қайта жарық көруіне көп еңбек сіңірді. Толқын, Майданнан майданға, Ер Білісбай пьесаларының авторы. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың Аршин мол алан, татар жазушысы Ш.Камалдың Қажы әпенді үйленеді пьесаларын қазақшалаған. Шығармалары: Абай шығармашылықтың текстологиясы. А., Қазақстан, 1959; Комиссар Ғаббасов. Пьесалар. А., Өнер, 1984
1996 жылы Абай энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған.[[1]]
0.2. Қ. Мұхамедханов туралы зерттеулер.
Жақсыда жаттық жоқ дегендей, Қайым аға бір көрген кісіні жылы шырайымен баурап алатын. Танысып, білісіп, әңгімелері жараса кеткенде көп жылғы дос-жолдастарша шүйіркелесетін. Оның үйінде кейде бірлі-жарымды, кейде топтап мейман болмаған күн сирек шығар. Қызметтестері, шәкірттері, оны-мұны шаруамен шалғайдан іздеп келгендер... Көбінесе бүгінде тарихта аты қалған жайсаңдар: атақты балуан Қажымұқан, жазушы Всеволод Иванов, ақын Естай жиі келетін. М. Әуезовпен қарым-қатнасы өз алдына, Жамбыл, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Марғұлан, А. Жұбанов, Ж. Саин, Е. Ысмайылов және басқалармен араласты. Алыс-жақын қалаларда, жазушылар қауымының Кавказ бен Қырымдағы, Мәскеу төңірегіндегі шығармашылық үйлерінде, санаторийлерде Фархинұр екеуі болғандарында қалмақ әдебиетінің классигі Д. Құғылтиновпен, әйгілі орыс әртистер Е. Моргунов, С. Мишулин, Е. Миронов және басқалармен небір көңілді сәттерді бірге өткізді. Көркемдеп жазылған тартымды, дәлме-дәл деректі хикаяға бергісіз естеліктерінде сол бір күндер жайында шерткен сыры бар.
***
1938-жылы бүкіл еліміз Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына 75 жыл толуын тойлауға әзірлікті бастады. Семейге Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Сәбит Мұқанов келді. Ол тойдың қашан өтетінін, оған жер-жерден кімдердің қатыса алатынын айтты. Бір жаңалық: Жамбылға арнаған әңгімелері, ән-күйлері, өлең-дастандары арнаулы комиссиядан жақсы баға алғандар шақырылады екен. Ол бәйгеге Семей мұғалімдер институтының соңғы курс студенті Қайым Мұхамедханұлы Жамбыл атты дастан-толғауымен қатысып, жүлде алды. Халық ақындары мен жыршыларының өнер жарысы 18-19-мамыр күндері болып, оған Мәскеуден, Ленинградтан меймандар қатысты. Мұхтар Әуезов баяндама жасап, Иса Байзақов пен Нүрпейіс Байғанин жырдан шашу шашты. Ол жиын ресми шара емес, халықтық тойға айналды.
19-мамырда Жамбылдың Ленин орденімен марапатталғаны хабарланды да, қарт жырауды құттықтауға Семейден Алматыға баратындардың тізімі жасалды. Ішінде Қайым бар. Олар қоңыр қаңылтыр шатырлы үлкен үйге ат басын тірегенде Жамбылдың әдеби хатшысы топ алдына шығып, сәл бөгеле тұруларын өтінді. Жәкең мен Орынбай Тайманов (ақын) намазға жығылған екен.
Сәбит Мұқанов Жамбылды жас ақындар атынан құттықтауды Қайымға тапсырыпты.
Сол күндер туралы Қайым Мұхамедхановтан естіген әңгімені Абай жорналының ғылыми қызметкері М. Сұлтанбеков былай баяндады:
Жамбылды идеологиялық және саяси насихаттың кейіпкері еткендері жарамады. Өкінішті болды. Ал Жамбылдың намаз оқығаны, өзі жайындағы желпінді сөзге елпілдемегені, жоғары награда алғанына мән бермегені мені таңдандырды, мен іштей қуандым. Ол ақын Орынбайға қарап: Осының бәрі о дүниеде маған қалай болар екен? деп басын шайқады. Өкімет Әулие-ата қаласын Жамбыл қаласы деп атау жөнінде қаулы шығарғанын естігенде бабаларына жыр арнап, кешірім сұрады. Ал Сталиннің құттықтағаны хабарланғанда уытты әжуамен жауап өлең айтты.
Сол тарихи кездесу күндерінде жас жазушылар қарт Жамбылды ортаға ала суретке түсті. Жазушылар одағының Жамбылға арналған салтанатты пленумы кезінде (20-22-мамырда) Қайым қазақ әдебиетіндегі қаламдас аға-інілерімен, құрбы-құрдастастарымен де суретке түсіп, жырауға арнаған дастанын биік мінберден оқыды. Мен дастанымды оқып болып, оны президиумда отырған Жамбылға апарып ұсындым. Ұлы ақын ерекше риза болып, қатты құшақтап, батасын берді, - деп еске алады Қайым аға. - Бұрылып кете бергенімде Сәбит Мұқанов тоқтатып, екеуіміз Семейде түскен фотоны қалтасынан алып, сыртына қолма-қол бір шумақ өлең жазып, залдағыларға оқып берді де, фотоны маған силады. Ол шумағындағы ой-тілек Жамбылдың шыншыл болу, өлеңнің қадір-қасиетін білу туралы жыр-тілегімен үндес еді, тегі Сәбит соны ескерген де болар.
Қайым одан кейінгі салтанаттарда: жазушылардың құрылтайларында, ақындар айтысында Жамбылмен бірнеше рет кездесті, жырларын тыңдады. 1945-жылы Жәкеңді ақтық сапарына аттандырысты.
***
Жамбылға арналып өткізілмек салтанатты жиынға аттанған Қайым онда тағы бір құрметті кісімен - ақын Жұмағали Саинмен танысамын, одан арыда дос болып кетеміз деп, әрине, ойлаған жоқ. 1938-жылдың мамырында семейліктердің делегациясын Алматыда Саин қарсы алып, әр жердегі кездесулерде, жиналыстарда - салтанатты шаралардың бәрінде бірге жүрді. Жай ғана таныстықтың ақыры екі ақынның өзара түсіністігіне, достығына ұласты. Ал бір жылдан соң, 1939-жылдың көкек айында, Жамбылдың ең дарынды шәкірті Саяділ Керімбеков пен Жұмағали Саин Семейге келді. Қуана табысқан сол күндердің бірінде Жұмағали мен Қайым қала сыртына шығып дем алып қайтуды ұйғарысты. Табиғат жаңа оянып келеді. Кең дала бусана керіліп жатыр. Тап-таза көгілдір аспан шексіз күмбез тәрізденіп көз тартады. Үйлесімді ғажап көрініс көңілді желпіп, қиялыңды тербейді. Бір сәтте Жұмағали қарындаш сұрап алды да, бірдізерлей қалып, ақ параққа әлдене жаза бастады. Сәлден соң көтеріліп, ол қағазын Қайымға ұсынды. Өлең екен. Қайым қастерлеп сақтаған ол өлең мінеки:
ҚАЙЫМҒА
Құлпырып жастық шақта жайнап тұрған,
Аспанда алтын күнге құлаш ұрған.
Қартайып жас жеткен соң талай жүйрік
Қайтадан келер ме деп арман қылған.
Біреулер өзі сүйген сұлуды айтқан,
Біреулер көппен ойнап-күлуді айтқан.
Біреулер құрыш қанат көк дауылдай,
Аспандап шарқ ұрып жүруді айтқан.
Балғындай балаусалы кезін айтқан,
Торғындай үлбіреген ақ маралдың
Гауһардай жалтылдаған көзін айтқан.
Ал, біз айтсақ қызыл гүлдей күнді айтамыз,
Жүректен ақтарылған сырды айтамыз.
Ақыннан Саяділдей толқып шыққан,
Балауыз, шырын дәмді жырды айтамыз.
Семейден Алматыға біз кеткенде,
Сағынар, сағынысар күн жеткенде,
Қайым-ау, сен де бізді еске аларсың,
Досыңмен жүрек сырын тербеткенде.
Өрен жүйрік Саяділ, ақын Қайым,
Өткізген біз бұл жерде жаздың айын
Әр кезде сағынышпен ойласын деп,
Өлең ғып бір-екі ауыз жазған - Саин.
Жұмағали САИН.
Семей, 28-көкек, 1939 ж.
***
1939-жылы маусымның 21-інде Қазақстан жазушыларының екінші құрылтайы ашылды. Оған республика жазушылары ғана емес, Кеңес Одағының шартабынан меймандар келді. Мұхтар Әуезов, Иван Шухов, Леонид Соболев қатысты.
Құрылтайға Семей облысы делегациясының құрамында барған Қайым Мұхамедханұлына повлодарлық ақын Естай Беркімбаев ерекше әсер етті. Кең маңдайлы, көзіне ой тұнған, қас-кірпігі қалың, қияқ мұртты, шоқша сақалды кісі екен, - деп жазыпты Қайым аға естелігінде. - Жанына жақын бару қиын болды. Делегаттар, ақсақал ақын-жазушылар, әнші-күйшілер, жорналшылар қоршалап ала қояды. Ол домбыраны келістіре тартып, ән шырқайды...
Біз үйге қайтқанда бір пойызда, бір вагонда болдық. Жолаушы жұрт жол бойы біздің вагонға жиналып, Есекеңді ортаға алып, әңгімелесіп, ән салғызып мәз-мәйрәм болысты. Ақын ақсақал, жасы 70-те болса да, жігітше көңілденіп, көріктеніп отырды. Мен одан Семейде түсіп, менің үйімде біраз уақыт мейман болуды өтіндім. Ол келісті.
Үйде оны сөзбен, әңгімемен мазалаған жоқпын. Дем алуына, тынығуына жағдай жасадым. Өте қарапайым кісі екен. Күй-күтім талғаған жоқ. Қоңыр үнді домбырасын анда-санда қолына алып, баяулата ән салады.
Әрине, екеуі сырласа әңгімелесті де. Жас ақын, ғалым Қайым өзіне ғажап ұнаған ағасының өмірі мен шығармашылық жолын білуге құмартты. Бірде ең алғашқы әні туралы айтып беруді өтінді. Естай сәл аңтарылып, содан кейін ойға шомып біраз отырды да, пәстеу қоңыр үнмен әңгімесін бастады. Қайымның естелігіне үңілелік: Алғашқы әнімнің аты - Хорлан. 20 жасымда шығардым. Ол ғашықтықтан туды. Сұңқар болысындағы Қыпшақ-өрік руы сұлтанның Хорлан деген қызы бар екен. Мен оны бір тойда байқап қалдым. Ән шырқап отырғанмын. Ынталана тыңдаған топтан ерек екі қызға көзім түсті. Көркемдеуінің аты Хорлан екен. Тойға сіңлісі екеуі келіпті. Мен бірден ғашық болып қалдым. Сол кеште таныстық, сөйлестік. Ол да мені ұнатып қалыпты. Сөйтіп... екеуіміз табыстық. Айрылмасқа серттестік. Келесі жылы қызды алып қашатын болдым, себебі менде айттырар мал жоқ. Бірақ алып қаша алмадым. Әкесі қалайда біліп қойып, басқа біреуге ұзатып жіберді....
Арада алты жыл өткенде Естай Хорланды әдейілеп іздеп барып, көріп қайтқан. Олар 1931-жылы, жастықпен хош айтысқан, кәрілікке аяқ басқан кездерінде, соңғы рет көрісіпті.
Естай Қайымның үйінде екі апта құрмет-қошемет көріп, үйіне кемемен қайтқан. Екеуі содан кейін 1945-жылы - Абайдың 100 жылдығына арналған салтанатты жүздесіпті. Тойды өткізу жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Қайым оны құрметті мейман ретінде әдейілеп шақырған. Естай сол жолы Қайыммен хоштасу өлеңін және фотосуретін кейін Ахмет Жұбановқа табыстап, олар сазгердің Замана бұлбұлдары кітабына енгізіліпті.
Қайым Естаймен кездесулерін, оның Хорлан әнінің тарихын дос-жолдастарына айтып беріп жүрген. Сол әңгімелері бір күні гәзетте жариялансын. Басқа біреу өзінің көріп-білгені етіп қымсынбастан жазыпты. Оны естіген Қайым аға ашу шақырмай, сәл жымиып: Е, мейлі. Әннің шығу тарихы жұртқа тарай берсе болды емес пе? дей салыпты.
**
1948-жылдың маусымы... Семейлік ақын-жазушылардың бір тобы ұшқыр қайыққа отырып, Ертісті өрлей әуежайға жол тартты. Көрнекті орыс жазушысы Всеволод Ивановты қарсы алмақшы. Қайықтың соңында қайнағандай бұрқырап қалып жатқан суға қызыға қарап тұрғандарында жолаушылардың бірі Всеволодтың Максим Горькийге оқып берген бірінші әңгімесі Ертісте деп аталғанын еске алды.
Олар кешіккен ұшақты әуежайда ұзақ күтсе де, құрметті мейманды қуана қарсы алды.
Оның сол алғашқы жүздесудегі әлпеті маған қалайда ерекше ұнап, өмір бойы көз алдымда тұрды. Дархан даланың баласына тән кесек тұлға, кең маңдай, сәл таңқыш мол мұрын, - деп жазыпты Қайым аға, Партизан хикаяларының авторын еске алуында. - Көзәйнегі қалың болса да, көзінің күлімдеп тұрғанын байқадым. Ол бізбен өзінің жиі кездесіп жүрген байырғы таныстарын көрген кісіше жайдары амандасты. Жасы 53-те болса да, жігітке тән шалт қимылды. Жайдары. Жүрісі ширақ.
Малды ауылды, ірі кәсіпорындарды аралағанда, жергілікті гәзеттердің редакцияларында болғанда, қысқасы: совет әдебиетінің ту ұстаушылары көруге тиіс жерлердегі кездесулердің бәрінде Қайым Мұхамедханұлы құрметті мейманмен бірге жүрді. Ол Семей қаласын аралағандарын, әсіресе мұражайларда, оның ішінде Абайдың мұражайында болғандарын ерекше ілтипатпен еске алатын еді. Өйтпегенде ше?! Абай мұражайын ашу үшін ұлы ақының киім-кешегін, бұйымдарын, қолжазбаларын іздестіруге қаншама уақыт, қаншалықты күш-жігер жұмсалды десеңізші! Мұражай шағын-шағын бес бөлмесі бар ағаш үйде орналасқан. Ол кезінде кемеңгер ақын Семейге келгенінде қонып жүрген үй болатын. Всеволод Иванов қызыға, құмарлана аралап көрді. Алған әсерін кейін М. Әуезовтің Абай романы хақында жазған мақаласында тұщына айтыпты.
Қадірлі мейманы мен екеуінің қаланың көрікті жерлерін аралап, көп әңгіме-дүкен құрғандарын Қайым ризашылықпен еске алып отыратын.
Достоевский тұрған үйде болғанымызда, - дейді Қайым, - Всеволод Вячеславұлы маған:
-Қайым, сен ғой Абай мұражайының директорысың. Олай болса, сен Федор Михайловичті ұмытпауға тиіссің. Ол Шоқан Уәлихановтың өмір бойғы досы болды емес пе? Қолжазбаларын Шоқан сиға тартқан, таңдаулы қайың тозынан жасалған жәшікте сақтағанын білесің, - деді. Мен ол жәйтті білмейтін едім, сәл абдырап қалдым да:
-Иә, екеуі шынайы дос болған, - дедім.
-Бұл үйді мұражайға айналдыру керек, мен облыс басшыларымен сөйлесейін, - деді Всеволод.
Қайың тозынан жасалған жәшік туралы мағлұматты кейін, Анна Григорийқызы Достоевскаяның естелігінен оқыдым. Болашақ әйелімен әңгіме сәттерінің бірінде Федор Михаилұлы: Мына ғажап жәшікті қарашы! Мұны маған сібірлік досым Шоқан Уәлиханов силады. Бұл - менің ең бағалы бұйымым. Қолжазбаларымды, хаттарды, өзге де қымбат нәрселерімді осы жәшікте сақтап жүрмін, депті.
Всеволод Вячеславұлының бір көргенін, бір оқығанын есінде сақтау қабілеті күшті екен. Достоевскийдің үйін, жераударылған петрашевшілердің үйлерін аралап шығып, телеграф ғимаратына бет алдық. Оған жақындай бергенімізде мейманым:
-Омбы мен Семейді жалғастырған телеграф сымы 1872-жылы тартылды, - деді...
Екі-үш күннен кейін Ертісті өрлеп, Өскемен қаласына барып қайтуды әңгімеледік. Всеволод сәл жымиып отырып:
-Семейден Өскеменге, одан ары Зайсанға пароход алғаш рет 1863-жылы жол тартқан болатын. Пароходтың аты Ура еді. Қызық, ә?! Ура, - деді де, қарқылдап күлді.
Всеволод Иванов Семейде болған күндерінде Қайымның үйінде жатты. Фархинұрдың қолынан дәм татып, алты жастағы Розамен бала мінездене сөйлесіп жүрді. Қайымның құлдыраңдаған қызы ақ-сұр костюм киген, жымиып отыратын мейманға: Міне, менің ауылым. Міне, менің үйім деп басталатын әңгімені оқып берген-ді.
Мейман мейлінше дем алды. Ал Қайым екеуінің әдебиет, тарих, көркем өнер жайындағы әңгімелері таусылмастай болатын. Қайым ол туралы да жазыпты:
...ол бір кеште қазақ әдебиетіне қатысты ойларын ортаға салды. Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов үшеуінің Аманкелді фильмінің сценарийін жазу жайында пікірлескендерін еске алды. Өзі туралы аздап айтты. Мен көзім жетпеген жәйтті мандытып жаса алмаймын... Осы Семей облысында туып-өстім. Қазақ ауылдарына жиі барып жүрдім, қазақ балаларымен бірге жүріп, бірге ойнадым. Ол кезде қазақша жап-жақсы сөйлейтінмін... 1916-жылғы көтерілісті білемін. Оған қатысқандармен сөйлестім. Ол турады кітап жазуға да кіріскенмін... деді.
Екеуінің одан кейінгі әңгімесі қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аудару жайына ойысты. Всеволод Вячеславұлы жолма-жол аударма дегенді ұнатпайтынын айтты. Ол аудармашы Маршакты ерекше құрметтейді екен. Маршак Шекспир мен Бернстен аударма жасағанда жолма-жол аударманы неге керек етпеді? Ал Абайдың туындылары, біразына ақынның өзі, кейбіріне басқалар ән шығарған ғажап дүниелері де, орыс тіліне аударылмай, кең тарамай жатыр...
Қайым Мұхамедұлының ақжарқын мінезді, білімпаз әңгімешіл Всеволод Ивановты керімсал кейіпкер еткен естелік-жазбалары мейлінше көркем тілмен көсілте жазылған, бас алмастан оқисың. Оны жазушының жары Тамара Владимирқызы Иванова жоғары бағалапты. Қайым ағаны туған күнімен құттықтаған жеделхатынан, Переделкиноға дем алуғы шақырған хатынан ризашылығы анық аңғарылады (Вс. Ивановтың семейлік досы жазушылардың Мәскеу маңындағы Переделкино шығармашылық үйіне бір барып қайтуға уақыт таба алмады). Айта отырар бір жәйт: Т. Иванованың Қайым Мұхамедханұлы еңбектеріне назар аударып жүргендігі (Қайым аға ондай ниетті жерлестерінен де көрмеген). Ыстық ілтипатқа бір куә мына үзінді:
"Пишу Вам второе письмо. Первое написала, когда дошла до меня "Звезда Прииртышья" с Вашей статьей "Всеволод Иванов в Семипалатинске". А теперь пишу, прочитав Вашу статью в газете "Иртыш" - "Одним дыханием со степью", - деп жазыпты Тамара Владимирқызы 1973-жылы. - Я Вас от всего сердца благодарю за обе эти статьи, и мне очень, очень бы хотелось, чтобы, объединив их в одну, Вы опубликовали бы свой труд в журнале... Такая статья была бы очень уместна на страницах журнала "Дружба народов". Я знакома с главным редактором и могла бы предложить ему Вашу статью, если Вы этого хотите и пришлете мне ее. Простите, коли мое предложение не к месту..."
Өзіміздің мәдениет қайраткерлерімізбен, әдебиетшілермен, тарихшы қауыммен әңгімелерінде, сұхбаттарында Қайым Мұхамедханұлы ортаға салған мәселелер, қамтыған тақырыптар қыруар. Әрқайсысы жеке-жеке зерттеу жұмыстарына арқау, өзек екені анық. Бәрі де көркем тілмен тұжырымды жазылған.
Төңірегіндегі көпшілік Қайымды ғалым деп қана емес, Қазынаны сақтаушы деп те бағалайтын. Басқалардың өзінде сақтаулы қолжазбаларын ғылыми зерттеулерге қажет қазына деп Қайымша күтіп ұстаған, ұқыптап сақтаған жан сирек шығар! Абай немересі Мәкеннің (Тұрағұлқызы) өздерінің ататегі жазылған көне дәптерді Қайым ағаға сеніп тапсырғаны сондықтан деп ойлаймын. Ол кісі Қайым Мұхамедханұлын кіршіксіз қадірлейтін. Жасы сексенге толғанда тойын әдейілеп шақырып, құрметтілерінің құрметтісі ете силап, қасына отырғызып, көпшілікке: Міне менің жанымда Қайым отыр, Гүлнәр Дәулетова отыр! деп масаттана жар салғаны бар.
...Арада жылжып жылдар өтті. Қайым аға естелік кейіпкеріне айналды. Онымен таныс-біліс, қызметтес, сапарлас болған адамдар ғажап қарапайым, кішіпейіл, ақ көңіл ғалым-жазушының жүріс-тұрысын, кісіге қарасын, жылы жымиысын, әдеппен ақырын ғана күлетін әсем әдетін, ойлана сөйлейтін әрбір сөзін еске түсіріп, сағынышты сезіммен жазып жүр. Қайым Мұхамедханұлының шағын да қарапайым бейнесі бүгінде таутұлғаға айналып, көптеген шәкіртеріне шапағатты үлгі-өнеге бола бастады. Бұл құбылыс - мәдениетіміздің, әдебиетіміздің кешегі мен бүгінгі, ертеңгі тарихын өзара жалғап, тоғыстырып тұратын сетінемес өрнек деу ләзім.
Қазіргі уақытта Қайым Мұхамедханов мұрасы жіті зерттелуді қажет ететін өзекті тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар:
- ЖҰРТБАЙ ТҰРСЫН ҚҰДАКЕЛДІҰЛЫ (1951 жылы, Семей қаласы, Абай ауданы, Шаған ауылында туған)-жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
- Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү-сініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт-теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс-қа-ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз-ды қағазға түсірген фольклорист, - деп ба-ға-лай-ды.
- Қайымның қағидалары мақаласы Қазақ әдебиеті, №3, 16 қаңтар 2006 жыл
- Абайдың інісі, Алаштың ірісі Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2005.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Алаш, 2006.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. V том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты редактор, баспаға дайындаған: Т.Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2007. - Т.5. - 344 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2008. - Т.6. - 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел -Шежіре, 2009. - Т.7. - 312 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. VІІІ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2009. - Т.8. - 320 б.
- Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. - Алматы: Ел-Шежіре, 2010.
- Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.10. - Алматы, Ел-шежіре. - 2012. - 384 б.
ЕСПЕНБЕТОВ АРАП СІЛӘМҰЛЫ (1945 жылы Семей қаласы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған) - ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық заң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz