Мәдени жайылымдар мен шалғындар жасау жолдары



1.Жайылымдар жасау және пайдалану ерекшеліктері
2.Суармалы жайылымдар жасау және пайдалану
3.Мәдени жайылымдарға тыңайтқыштар беру
4.Мәдени жайылымды суару
Шалғындық және жайылымдық шаруашылығында соңғы кездері мәдени жайылымдар даген түсінік кең тараған және ол негізінен жайылымдар құру мен тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық ерекшеліктерін қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізе отырып жайылымдық шөп жамылғысын жасау және оны тиімді пайдалану мал азықтық жердің жайылымдық өнімін 2-4 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны анықталды.
Ғылыми әдебиеттердн белгілі болғандай мәдени жайылымдар жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден кем түспейтін және ылғалы мол жерлерде (өзен алқаптары, көлтабандар,батпақты ойпаттар) құруға болады.
1. Мал азығын өндіру . Алматы 2011ж. Қ Әубәкіров, Т. Атақұлов, А.Ахмет.
2. Шалғындық жайылымдық мал азығы өндірісі. Алматы 2012ж. Ә.Оразбаев, Ә. Төреханов, И.Алимаев, А.Ысқақ

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Мәдени жайылымдар мен шалғындар жасау жолдары

Орындаған: Какенова Г
Тексерген: Сағындықов С
Тобы: АГ-313

Семей 2015
Жоспары
1.Жайылымдар жасау және пайдалану ерекшеліктері
2.Суармалы жайылымдар жасау және пайдалану
3.Мәдени жайылымдарға тыңайтқыштар беру
4.Мәдени жайылымды суару

Шалғындық және жайылымдық шаруашылығында соңғы кездері мәдени жайылымдар даген түсінік кең тараған және ол негізінен жайылымдар құру мен тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық ерекшеліктерін қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізе отырып жайылымдық шөп жамылғысын жасау және оны тиімді пайдалану мал азықтық жердің жайылымдық өнімін 2-4 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны анықталды.
Ғылыми әдебиеттердн белгілі болғандай мәдени жайылымдар жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден кем түспейтін және ылғалы мол жерлерде (өзен алқаптары, көлтабандар,батпақты ойпаттар) құруға болады. Жайылымдық кезеңде ылғалы жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерден жоғары жайылымдық өнім (әр гектардан 25-40 ц) алынады. Құрғақ далалық алқаптарда шөл және шөлейт жерлерде жоғары өнімді шөп түрлерін таңдап (еркекшөп, тарлау, изен т.б) себу арқылы мәдени жайылымдар жасауға болатыны белгілі.
Жоғары өнімді ұзақжылдық мәдени жайылымдар құрудың үш әдісі белгілі.
Құрамында бағалы азықтық шөптер бар табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту арқылы;
Өткен жылдардағы екпе шөптерді пайдалану арқылы;
Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартып жаңа шөптер мен шөп қоспаларын сеуіп пайдалану арқылы.
Мәдени жайылымдарды тиімді пайдалану міндеттеріне малды бағуды жүйелі түрде ұйымдастыру және уақытында оттылықты күтіп-баптау жұмыстары жатады.
Табиғи жайылымдардың бірқалыпты жақсы сақталуына және өнімі мен сапасын әрі қарай көтеру үшін жеңіл - желпі және түбегейлі жақсарту технологиясын қолдану, суармалы жайылымдар және басқа да істер атқарылады.
Түбегейлі жақсартылып екпе жайылымдар жасауға алдымен қала және ауыл маңындағы тозып кеткен жерлер қамтылуы тиісті.
Содан кейін су көздерінің маңайында орналасқан, оттылықтың ботаникалық құрамы малдың физиологиялық талаптарын қанағаттандырмайтын жайылымдық жерлер түбегейлі жақсартылып мәдени жайылымдар жасалады.
Мәдени жайылымдар жасау үшін кейбір жерлерге мәдени-техникалық жұмыстар: батпақты жерлерді құрғату, бұталар мен ұсақ ағаштардан тазалау, төмпешіктерді жою т.б жұмыстар жүргізіледі.
Жоғары өнім алу үшін мәдени жайылымдарды жыл сайын жүйелі түрде минерал тыңайтқыштарымен қоректендіріп отырады. Сиреп кеткен жайылымдарға үстеп астық-бұршақ тұқымдас шөптерді себеді. Жыл сайын міндетті түрде күтіп- баптау жұмыстары, қоршауларды пайдалану арқылы жайылым шөбін дұрыс малға жегізу технологиясы міндетті түрде орындалуы тиіс.
Осындай технологиялық жұмыстар жүргізудің нәтижесінде мәдени жайылымдардың өнімі қатты көтеріледі.
Бұрын себілген ескі екпе шөптерді мәдени жайылымға пайдалану қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай жайылымдарды жыл сайын минерал тыңайтқыштармен қоректендіріп, қоршап, мал бағуды дұрыс ұйымдастырып отырса 3-5 жылдан кейін шөп құрамында жайылымға төзімді-шалғындық қоңырбас, жатаған беде және т.б шөптер үлесі көбейіп жақсы оттылық түзіледі.
Өнімі төмендеп тозып кеткен жерлерді түбегейлі жақсарту арқылы екпе мәдени жайылымдар жасалады.
Екпе мәдени жайылымдар жасау ең тиімді, өйткені алғашқы жылдан бастап, қуатты жайылымдық оттылық түзіліп пайдаланылады.
Мәдени жайылымдарды республикалың барлық аймақтарында жасауға болады. Ол үшін:
а) табиғи азықтық жерлерде өсімдіктер өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау
б) жергілікті ауа райына бейімделген шөп түрлерін таңдап екпе шөптер жасау;
в) малды қоршауда бағуды және жайылымда 5-6 күннен артық бағылмайтын жүйені енгізу. Осы талаптарды орындаған жағдайда мәдени жайылымдардың өнімділігі ұзақ жыл сақталады.
Ылғалы жеткілікті жерлерде жайылым кезеңінде мәдени жайылымдардың әр гектарынан 2500-3000 а.ө алынады.
Шаруашылықта ауа райының жағдайына қарамай жем-шөптің берік қорын жасаудың кепілдік көзі суармалы мәдени жайылымдар жасап пайдалану.
Суармалы мәдени жайылымдардың әр гектарынан алынатын мал өнімі басқа жайылымдарға қарағанда 8-10 есеге дейін көп, және жайылымдық азық түсімі егістікте өсірілетін азық дақылдарынан 4-5 есеге жоғары.
Суармалы екпе мәдени жайылымдар жасау үшін, сол жерге бейімделген шөп түрлері мен сорттарынан шөп қоспаларын жасап пайдалану маңызды.
Жайылымдыққа арналған шөп қоспаларына астық тұқымдастары мен бұршақ тұқымдастарымен қатар жоңышқа, эспарцет, шалғындық беде оттылықта көпке шыдамайды, үшінші жылдан бастап үлесі қатты төмендеп, орнын егістік арамшөптер басып кетеді. Бұл жағдайда жайылымдыққа үстеп бұршақ тұқымдас шөптерді себу оң нәтижелер береді.
Мәдени жайылымдарға тыңайтқыштар беру оның өнімін көтеріп ұзақ жылдай ұстап тұруға әсрін тигізеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Үлкен Алматы шатқалы
Агроландшафттың биологиялық және технологиялық жер саласындағы салыстырмалылығы
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Жемнің қажеттілігін есептеу
Мәдени жайылымға күтім жасау
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Жерді экономикалық бағалау әдістері
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Пәндер