Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік


Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Орындаушы: Темешова Ж. А.
Тексеруші: Сүлейменов Ш. Қ.
Топ: ВС-203
2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Еуропалық конвенция жайлы қышқаша мазмұны
- Бақылаудағы жануарларды Халықаралық Конвенция талабына сәйкес импорт және экспорт барысында жүретін ветеринариялық санитариялық бақылаудың өту тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жануарларды халықаралық тасымалдау үшін керек құжаттар
Орны ауыстырылатын объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізку кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылайды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленеді және ҚР Үкіметінің 2012, 09, 05 № 1146 Қаулысымен бекітілген.
Ветеринариялық бақылау бекетінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары орны ауыстырылатын, тасымалданатын объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде өткізу пунктінде құжаттамалық бақылауды, орны ауыстырылатын объектілерді тексеріп қарауды және зертханалық зерттеу үшін сынама алуды жүзеге асырады.
Құжаттамалық бақылауға келесі құжаттарды тексеру кіреді:
- орны ауыстырылатын, тасымалданатын объектілерге ветеринариялық ілеспе құжаттың ветеринариялық сертификаттың болуы;
- ветеринариялық сертификатты толтырудың дұрысты, толықты болуы;
- экспорттаушы елдің құзіретті органның қолдары мен мөр бедерінің болуы;
- ветеринариялық сертификатта орны ауыстырылатын, тасымалданатын объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтердің болуы;
- орны ауыстырылатын, тасымалдың нысан туралы мәліметтер мен импортқа, экспортқа, транзитке рұқсат нөмірінің тізілімінен алынған үзінді көшірме деректеріне сәйкестігі.
Сонымен қоса тағы да маңызды әрі керек құжаттар бұл: әрбір жануарлардың олардың жынысына, жасына, түріне байланысты анамнезінің болуы. Онда жануардың салмағы, жасы, түрі, тұқымы, жағдайы көрсетіледі. Тағыда мұнда вакцинацияланған күні, айы жылы жазылады. Сонымен қоса онда егер де қандай да бір ауруға, індетке шалдыққандығы жайлы мағлұмат та беріледі. Ауырған аурулары тізіліп жазылып тұрады.
Еуропалық конвенция мазмұны
Мемлекет - Европалық конвенцияның мүшелері барлығы заңды түрде жануарларды шетелдерге тасымалдау және тасымалдау қауіпсіздігі жайлы Конвенцияға қол қойған болатын. Осы Конвенция талаптарына сәйкес тасымалдау барысы жүргізіледі. Осыған орай Халықаралық Конвенцияда төмендегідей мәселелер талқыланды:
- Келісілген екі жақ Конвенциядағы талаптарды қатаң түрде сақтау керек.
- Халықаралық Тасымалдау Конвенциясының мақсаты болып шекарадан тасымалдауды Ветеринариялық-санитариялық Бақылау және Қадағалау талаптарына сәйкес жүзеге асыру.
- Тасымалдау кезінде келісілген Конвенциясына қарай алдын ала тасымалданатын жүкті, жануарларды арнайы тексерістен кейін ғана рұқсат беру - бермеу ісі талқыланады.
- Конвенция шартына орай келісілген Мемлекетке Шекарасына кіру барысында сол мемлекеттің заңына, Конвенция талабына сәйкес іс-әрекет ету керек. Ауыр жүк, жануарлар, асыл тұқымды жануарлар, құстар, жытқыш аңдар, жануарлар өнімі тасымалданып келе жатқаны жайлы бұл мемлекетпен шекара тексерісімен алдын ала ескертілуі керек. Тасымалдау барысы Конвенцияда көрсетілген талаптарына орай қадағаланылады.
- Нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орын ауыстырылатын, тасымалданатын объектілер тізімі:
- Жануарлардың барлық түрі (ауыл шаруашылығы, үй жануарлары, жабайы, хайуанаттар паркі, теңіз кәсіпшілік, терісі бағалы аңдар, цирктегі, зертханалық және тағы басқа) .
- Құстардың барлық түрі (үй құстары, жабайы, әсем) .
- Аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары.
- Әсемдік жәндіктер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилийлер.
- Балықтар (оның ішінде әсемдік), құрбақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және
- Омыртқасыздары және басқа гидробионттар, ұстауға және өсіруге арналған вина ұлулары.
- Ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлардың ұрықтары.
- Инкубациялық жұмыртқа.
- Балықтарға арналған тірі азықтар (соның ішінде гамарус, артемия салина) .
6. Тасымалданатын объектіні тексеріп қарау келесіні қамтиды:
- Тасымалданатын объект атауының, оның салмағының, жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәлеметтеріне сәйкестігін тексеруді;
- Көлік құралына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуың тексеруді;
- Тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық талаптардың сақталуын тексеруді;
- Ветеринариялық қарауды, ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
7. Тасымалданатын объектіні әкелуге тиым салу келесі жағдайларға қарай іске асырылады:
- Тасымалданатын объектінің ветеринариялық-санитариялық құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;
- Ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған және объектінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
- Объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған) ;
- Объектінің әкелінетін, әкілінетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда.
Бақылаудағы жануарларды Халықаралық Конвенция талабына сәйкес импорт және экспорт барысында жүретін ветеринариялық санитариялық бақылаудың өту тәртібі
Бақылаудағы тауарларды Еуропалық Конвенция талабына сәйкес жануарларды тасымалдау кезінде және ветеринариялық сертификаттың хаттануының іске асырылуы, орынмен уәкілеттілік етілуі, екіжақты заңдар яғни тасымалдаушы ел мен қабылдаушы елдің келісімге келген шарттары, заңдар сәйкестігі арқылы рұқсат етіп шығарылады.
Экспорттаушы ел - импорттер елінің ветеринарлық заңының талабын сақтауға міндетті.
- Тауарлардың әкелуге рұқсат болған жағдайда іске асады, берілген рұқсат күнтізбелік жылды құрайды.
- Әкелуге рұқсат бақылауды тауарлардың өндірісті орнының індет жағдайының есепке алуымен іске асады және кәсіпорынның біртұтас Реестрге кіргенін айқындайды. Енгізілінетін тауарларға, өнімдерге арнайы үлгідегі ветеринарлық сертификаттары болуы міндетті.
- Экспортер елінің ветеринариялық сертификатының көшірмесі рәсімделінеді. Мемлекеттік ветеринарлық сертификатының көшірмесінде:
- Жүк және жаңа көлік құралдардың ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкестігі
- артық тиелген жүктің саны
- көлік құралының нөмері, атауы және тауар алушының немесе қабылдаушының макен жайы.
- Бұл мәлеметтерді ветеринарлық сертификаттардың көшірмесін рәсімделген құзырлы органның уәкілетті лауазымды тұлғасының қол қоюымен, мөрлерімен куаландырады, көшірмені басқа жолдамалық құжаттарға қоса тіркейді. Ал ветеринариялық сертификаттың түп нұсқасы партияға бөлген ұйымда сақталады.
- Бақыланатын тасымалданатын жануарларға қарау құжаттық бақылау аяқталған соң жүргізіледі.
- Малдарды тенестіру мөлшері көрсетілген ветеринарлық сертификаттарда салыстырады.
- Ветеринарлық бақылаудың нәтижелері бойынша тиісті шешім және жолдама құжаттарда қабылданады: «Әкелуге рұқсат», «Әкелуге рұқсат етпеу» ШВББ-ның лауазымды тұлға кейін не өзінің аты-жөні, олардың мөрі және қол қоюымен сендіреді.
- Экспорттаушы елінің ветеринарлық сертификаты кеден одағының ветеринарлық сертификатына алмастырылады және жолдама құжаттарда «Шығаруға рұқсат» немесе «Шығаруға рұқсат емес» штамп қояды.
Жануарларды кеден аумағы арқылы транзиттік тасымалдауда транзитке рұқсат керек. Онда жүру маршруты көрсетіледі.
Құжаттық бақылауды аяқтағаннан соң малдардың ветеринарлық тексеруі іске асады: малдардың сәйкестендіру нөмірлері тексеріледі:
- Татуировка
- Чип
- Құлақтың сырғасы
- Таңба және т. б.
Ветеринарлық сертификат көрсетілген нөмірлермен тасымал шарттар салыстырылады, жануарлардың жай-күйі тексеріледі.
ШВБП-ның лауазымды тұлғасы бақылаудың нәтижелері бойынша және жолдама құжаттарда, ветеринарлық сертификатта, тауарда, шарттарда «Транзит рұқсат етілген» немесе « Транзитке тиым салынған», кеден одағының кеден аумағынан шақыру нүктесінде - «Транзит аяқталды» штампы қойылады, мөрі және қол қойылады.
Тасымалданатын объектілер яғни жануарларды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді және ҚР Үкіметінің 2012, 09, 05 №1146 Қаулысымен бекітілген.
Шекара арқылы тасымалданатын жануарлар міндетті түрде мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында уәкілетті орган шекара және кеден пунктерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін ұйымдастырады, бақылауды және қадағалауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Бегенова А. Б «шекара және көліктердегі ветеринариялық-санитариялық бақылау», Алматы 2014ж.
- Дүйсембаев С. Т. « ветеринариялық-санитариялық сараптау», Алматы 2013ж.
- Қ. Б. Бияшев «ветеринария ісін ұйымдастыру», Алматы 2000ж.
- С. А. Жарасбаев « Ветеринария ісі», Алматы 1999 ж.
- ҚР Ветеринария туралы Заңнамасы ІІІ том
- Жұмақаева А. Н. «көліктердегі және шекарадағы ветеринариялық-санитариялық бақылау», Алматы 2014ж.
Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Жануарларды айдап тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Орындаушы: Темешова Ж. А.
Тексеруші: Сүлейменов Ш. Қ.
Топ: ВС-203
2015 жыл
Жоспар
- Малдарды жайылымға айдау барысы
- Малдарды айдау барысындағы талаптармен танысу
Малдарды жайылымға айдау барысы
Малдарды жайылымға айдау барысында оларды шаруашылықтың ветеринарлық қызметкерлері немесе арнайы ветеринарлық мекеме мамандары бақылайды.
Малдарды айдау барысында ветеринарлық құжаттар арнайы бағыттағы облыс немесе республикалық шекараларында ветеринарлық-қарау бекеттерінде құрылады.
Олардың штатында ветеринар дәрігер немесе фелдшерлер жұмыс істейді. Оның міндеті - жануарларды қарау, ауру немесе жұқпалы ауруларға күмән туатын малдарды анықта, шара қолдану. Ветеринарлық құжаттар болмаған жағдайда бекет айдап жеткізуді ұстап қалуға құқылы, бұл жөнінде ауданның бас ветеринарлық дәрігеріне хабар береді.
Ветеринарлық-қарау бекеттерінде көп жануар саның болдырмау үшін маршрут пен графикті ұстанған жөн.
Бір күнде жануарлардың жол жүру қашықтығы:
- Жылқылар үшін - 40км;
- Қойлар үшін - 20 км;
- Ірі қара малды тасымалдау жылдамдығы тәулігіне 15-18 км;
- Шошқалар үшін - 8 км.
Малдарды арнайы маршрут, грунт жолдарымен айдап жеткізеді. Жолда қалып қойған малдарға көмек көрсетіліп, белгіленген орынға автокөлікпен жеткізеді.
Малдарды айдау барысындағы талаптармен танысу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz